Экономикалық цикл және дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:31, курсовая работа

Описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Қазақстандағы дағдарыстардың және дағдарыстан кейінгі экономика дамуының ерекшеліктері туралы мағлұматтар алу;
-мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды, артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;
- дағдарыс кезеңде экономика саласына тигізетін зиянымен алатын орны туралы;
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына дағдарыстың әсер ететін мәселелерді кешенді түрде қарастыру.

Работа состоит из  1 файл

экономикалық цикл және дағдарыс.doc

— 180.00 Кб (Скачать документ)

         2-тәсіл - ішкі фактормен;

          3-тәсіл - синтезді көзқараспен түсіндіреді. Міне, енді осы көзқарастарға толығырақ тоқталайық.

Сыртқы факторлар. Сыртқы факторларға экономикалық жүйеден  сырт болатын факторлар жатқызылады. Олар халық санының өзгеруі, соғыс, революция және басқа саяси күйзелістер мен қақтығыстар, жаңа аумақты игеру, алтынның, уранның, мұнайдың және басқа да жаңа кен байлық көздерінің ашылуы, технология мен инновациядағы жаңалықтар. Сыртқы факторлардың әсерінен болатын экономикалық циклді түсіндіретін теорияны экстриалды деп атайды.

Ішкі факторлар. Ішкі факторлар ішкі жүйеде болатын  құбылыстар. Оған жататындар: тұтыну, инвестициялау  және үкімет саясаты. Экономикалық жүйенің өзіне тән ішкі факторлардың әсерінен болатын экономикалық циклді түсіндіретін теорияны интериалды теория деп атайды.

Синтездік көзқарас - бұл цикл негізінде сыртқы және ішкі факторлар жинақталып қаралады.[2]

 

 

1.3 Циклді даму және кедейшілік-әлеуметтік құбылыс ретінде

 

Кедейшілік  мәселесі бүкіл әлемдік дәрежедегі көңіл аударатын мәселеге айналуда. Мұндағы таңқаларлық жайыт - әлем дәрежесінде адамдардың өмір сүру жағдайы жақсарған сайын кедейшілік пен қайыршылық өсу бет алуда. Жер шарында алты миллиард халық санының жартысына жақыны күніне 2 доллардың шамасында өмір сүреді, ал халықтың бестен бір бөлігі - 1 доллардың шамасында өмір сүруде.

Әлемде өте  бай елдердің бірі - АҚШ. Бұл елдің байлығы соншалық, тіпті өте кедей делінетін отбасылар басқа елдер тұрғындарына қарағанда жақсы тұратын болуы мүмкін. Соған қарамастан, американдықтардың да ішінде, егер олар сырттан көмек алмаса, аш, жалаңаш жүретіндер болады. Тұрмыс жағдайы нашар отбасылары да кездеседі. Көшеде тұрып өмір кешетін, басында панасы жоқтар да табылып қалады.

АҚШ халқының 1990 жылы 14%-ы, яғни, шамамен әрбір жетінші тұрғыны кедейшілікте өмір сүріпті, 1979 жылғы американың бұрынғы тұрғындарының деңгейінен төмен табыс тапқан. Көптеген адамдар жұмыссыз болғандықтан, пәтерақы төлей алмай әлде тұрғын үйді жалдап алуға ақшасы болмай, үйсіздер қатарына қосылуда. АҚШ-та жалпы есептеулер бойынша, 600 мыңнан 1 млн. айналасындағыдай адамдар үйсіз жүрген көрінеді.

Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан халқының 32 пайызы күн көру минимумының нормасынан (айына4,5 мың теңге) төмен күнкерісте. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстан халқының әрбір үшіншісі жоқшылықтың зардабын, қиыншылығын көруде.

Қазіргі кезде  кедейшіліктің деңгейін анықтауда  біздің республикада біржақтылық байқалады, ол кедейшіл деңгейін тек табыс деңгейі  арқылы анықтайды. Әлемдік дәрежеде бұл көрсеткіштен біртіндеп бас тартып, кешенді көзқарасқа көшу байқалады. Табыс деңгейінен басқа кедейшілік деңгейін анықтау үшін білім дәрежесін, денсаулығын, экология жағдайын ескеру қолданылуда.[4]

Кедейлік дегеніміз - "қалыпты өмір сүру үшін материалдық  ресурстардың жетіспеушілігінен пайда болған, қоғамның маңызды бір бөлігіне тән болып табылатын жағдай". Әлеуметтік құбылыс ретінде өндіріс тәсіліне қарамастан кедейлік барлық экономикалық жүйеге тән. Алайда, ЮНИСЕФ-тің бағалауы бойынша социализмнің экономикалық жүйесі құлағаннан кейін экономикасы рыноктық қатынастарға бағыт алған елдердің есебінен кедейлік кең өріс алды. Кедейліктің таралу өрісі бір елдерде 5-30%-дан 25-60%- ға өссе, тағы бір елдерде жоқшылықтың ең төменгі шегіне жетіп, ол 60%-ға бағаланды. Кедейліктің кең өріс алып, тоқыраушылыққа ұшыратуы БҰҰ-ның кедейлікті жою үшін күрес жөніндегі онжылдықты жариялауына негіз болды.

Қайта құру жылдарында бұл мәселе Қазакстанда да туындады.

Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 850 мың қазақстандықтар әлеуметтік көмек алады, бірақ, бұл кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдардың санына сәйкес келмейді, яғни, соңғыларының саны өте көп.

Кедейлікті  бағалаудың түрлі жолдары, критерийлері және көрсеткіштері бар. Кедейліктің жалпы критерийі ретінде жан басына шаққандағы табыс пен төменгі өмір сүру деңгейінің арақатынасы алынады.             Сонымен бірге жан басына шаққандағы табыс пен елдегі орташа еңбекақының арақатынасы да алынады: жан басына шаққандағы табыс елдегі орташа еңбекақының үштен бір бөлігінен төмен болған жағдайда, мұндай табыс иесі кедейлер қатарына жатқызылады. Сол сияқты, еңбекақының отбасы шығындарының ішіндегі тамаққа жұмсалатын бөлігі бойынша да кедейлікті анықтайды: шығынының 70%-ы тамаққа жұмсалатын отбасы да кедейге жатқызылады. Халықаралық салыстырулар бойынша кедейлік бөлінген шығындардың белгілі бір пайыздық үлесі бойынша анықталады. Көбінесе, барлық орташа табыстың 50%-ын құрайтын екі ересек адамнан тұрғын үй шаруашылығы кедейліктің бастапқы деңгейіне жатқызылады.[3]

Алайда бұл анықтағыштар кедейлікті түпкілікті бейнелей алмайды. Оның табиғи көрінісі жан-жақты. Оған халықтың сатып алу қабілетінің төменгі, оқудан тыс қалған балалардың саны, денсаулық деңгейі, білімділігі, орташа өмір сүру ұзақтығы, (өкінішке орай қарқынды өсіп келе жатқан ішкілікке, нашақорлықка салыну, жүзекшелік, қылмыс сияқты) әлеуметтік жағдайдың төменгі шегі, көші-қон, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстанның ең үлкен қаласы Алматыда 2001 жылы кедейліктің деңгейі мен құрылымы төмендегідей мәліметтермен сипатталған: халықтың 12,1%-ның табысы күнкөріс деңгейінің төменгі мөлшерінен де аз болған, ал жан басына шаққандағы табысы 10%- дан жоғары және 10%-дан төмен топты халықтың 7,5%-ын құраған, жұмысшылардың еңбекақысын төлеудегі салааралық айырмашылықтар 8,2 есеге, жұмыссыздық деңгейі 10,8%-ға жетсе, әр 100 адамның қырығы өкпе қабынуы ауруымен ауырған, жүкті әйелдерінің 52,2% анемиямен ауырған, жаңа туған нәрестелердің әрбір төртіншісі түрлі аурулармен дүниеге келген.

Кедейлік  тұрғысынан алғанда, халықтың әлеуметтік жағдайы аса төмен тобының құрамында оқитын және жұмыс істейтін жастар емес, балалар мен көп балалы отбасылар, ұзақ мерзім жұмыссыз болғандар, жалғызбасты қарт адамдар, мүгедектер, маргиналды топтар, үйсіздер, түзету мекемелерінен босағандар, ауылдан ауылға қоныс аударғандар бар. Маргиналды топтардың саны қала өміріне бейімделуі қиын болған, ауылдан қоныс аударушылардың, жұмыссыздардың, заңды және заңсыз қоныс аударушылардың, қайыршылардың, ішкіштердін, нашақорлардың, т.б. есебінен көбейіп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы жолдауында елімізде кедейшілікті болдырмау жолын анықтай келіп, былай деген: "Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда, күнкөрісі кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі есе азаюы тиіс".[5]

Әрине, кедейлік мәселесін шешу - өте күрделі әрі ұзақ мерзімді іс. Адам өздігінен рыноктық жағдайларға бейімделе алмайды. Қазіргі жағдайда, кәсіпорындар шарт пен әлеуметтік серіктестік қарастырған шаралар негізінде ғана әлеуметтік қызмет атқарады. Жұмысшыларды әлеуметтік қорғауды күшейту шығаратын өнімнің бәсекеге кабілеттілігін төмендетеді, сондықтан халыққа әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шығындардын айтарлықтай бөлігін мемлекеттік органдар, сонымен бірге жергілікті органдар көтереді. Бұл мәселелерді шешу барысында негізгі құрал ретінде әлеуметтік-экономикалық бағдарлмаларды пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның әкономикасына әсері

 

2.1 Қазақстандағы дағдарыс салдары,құрылымы

 

      Дағдарыс сөзі грекше «krisis», қазақшаға аударғанда «қиындык кезең» деп түсіндіріледі. Дағдарыс өнеркәсіптік айналымнын бір кезенін сипаттайды және ол кезенде, өндіріс тоқтайды немесе қысқарады және жұмыссыздық көбейеді. Аумақтық белгісіне қарай, экономикалық дағдарыстың екі түрі болады: локальдық (аумақтық) және глобальдық (дүниежүзілік). Экономикалык дағдарысты ішінара мынадай түрлерге: ақша, қаржы, банктік, төлем, өтімділік дағдарыстар және т.б. ретінде бөліп карайды.

Локальдық дағдарысқа мысалға, Мексикада, Оңтүстік Азияда, ТМД  елдерінде, соның ішінде біздің елімізде болған дағдарыстар жатады.

Айталық, Қазақстанда мұндай дағдарыстар 1995-1996 жылдар аралығында орын алды, сонын ішінде, төлем дағдарысы қатты көрініс тапты. Бұл дағдарыстың басты себебіне, КСРО-ның ыдырап, отандық өндіріс саласынын өзге одақтас республикалармен өзара экономикалық байланыстарының үзілуін жатқызды. Шынында: КСРО-нын мемлекеттік бюджет ажырап, дербес түрде кірісін қару мәселесі және бюджет тапшылығын қаржыландыру мәселелері орын алды. Ол кездері халық шаруашылығы жұмыс істейтін шаруашылық  субъектілерінің барлығы дерлік мемлекеттік кәсіпорын ретінде, сонын ішінде ауыл шаруашылығы толығымен мемлекеттік  бюджетке тікелей тәуелді болған. 1937- 1997 жылдары республикалық бюджеттің тапшылығының 80 пайызға жуық бөлігі ҚР Ұлттық банкінін ақша массасы есебінен қаржылаңдырылғаны емес, нәтижесінде экономикамызда массасы бірнеше есе артып жылына 2050 пайызға дейін жетті. Өндіріс тоқтап қалғандықтан жұмыссыздық мәселесі артты және бюджетке түсетін салықтық түсімдер қысқарды. Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде мемлекеттік шығыстарды қысқарту шаралары қолданылып, нәтижесінде 1999 жылдын республикалық бюджеті қатарынан үш рет секвестрлеуді, яғни шығыстары бойынша қысқартуды басынан кешкен болатын және  оның әлеуметтік салаға тигізген салдары да белгілі. Мұндай дағдарыс- мезімге созылуы себебіне 1998 түстік Азия елдерінде болған дағдарыстын да өзіндік ықпалы болды. Ал енді бүгінгі дағдарысқа келетін  болсақ ғаламдық қаржы дағдарысы әлемдік экономикалық дағдарыстың құрамдас бөлшегі ретінде экономиканың қаржы секторынын дамуындағы келеңсіздіктерден туындайтын құбылыстардың біріне жатады. Ғаламдық   қаржы дағдарысының пайда болуының ең басты себебі бұл АҚШ- ғы ипотекалық дағдарыс. АҚШ-тың экономикасы өзінің тарихында осыған дейін  екі ірі дағдарысты басынан кешкен:

Біріншісі, 1929 ж. Дағдарыс (Ұлы Депрессия) оның салдары  барлық әлемде көрініс тапты, өсуіне, инфляция деңгейінін жоғарылауына және доллардын кұнсыздануына жол  берген болатын. Сонымен катар АҚШ-та 1987 жылы биржалық дағдарыс болды. [6]

Шын мәнісінде, бүгінгі дағдарыстың кешегі 1929 ж. депрессиядай болуы мүмкін деген сияқты сарапшылары мен инвесторлар арасында қауіп бар. АҚШ-тың экономикасының осындай жағдайға түсуін әр сарапшы әр түрлі жоруда.

   Бүгінгі күнге дейін АҚШ-тың үлесіне әлемнің өндірісінің шамамен 20 пайызға жуық бөлігі келеді десек, алайда онын экономикасының тұтынатын бөлігі одан жоғары немесе 35 пайызға жуық мөлшерді құрайды екен. Доллардың күштілігі өз кезегінде, ішкі тұтынуды сыртқы федеральдық қарыздар есебінен өсіріп, 2006 жылғы статистикалық мәлімет бойынша  66  ЖІӨ-ның пайызға немесе 13 трлн. доллар ЖІӨ-нің 8,7 трлн. доллары сыртқы қарызды құрады. Бірақ, АҚШ-ғы соңғы жылдары орын алған бюджет және төлем балансы дағдарысынын өсу қарқыны тұсында қарызды қайта қаржыландыруды қолдау қиынға түскен.[7]

   Сонымен қатар, соңғы жылдары Қытайдан келетін тауарлардың импортының артуының салдарынан АҚШ-тың бірқатар өнеркәсіптік секторларында жұмыссыздык мәселелері орын ала бастаған. АҚШ экономикасының тиімділігінін төмендеуіне, сондай-ақ Ирактағы соғысқа байланысты Пентагоннын әскери шығыстарынын артуы да себеп болды. Демек, әскери өнеркәсіпті күшейтуге көңіл бөлу, өз кезегінде азаматтық өнеркәсіптік сектордан капиталдын кетуіне, сондай-ақ ондағы кызмет ететін жұмысшылардын дамушы елдерге кетуіне ықпал еткендігі белгілі болды. Нәтижесінде АҚШ көптеген азаматтык өнімдердін түрлерін өндіруден артта қала бастады.

 Кейбір зерттеушілердің  мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Пентагонның жалпы бюджеті, қосымша  шығыстарды қоса алғанда 1 трлн. долларға дейін жетеді екен. Яғни, бұл АҚШ-тың жалпы әскери шығыстары, әлемнін барлық елдерінің жиынтық әскери шығыстарынан асатындығын көрсетеді.

Өзге себептер ретінде мұнай өнімдерінің бағасының өсуі де АҚШ-тың азаматтарының өзге тауарларды тұтыну шығыстарын азайтқан. Ең бастысы, АҚШ экономикасының жасаңды ынталандырылуы ақша эмиссиясының есебінен, бюджеттің үздіксіз тапшылығынан және сыртқы қарыздың өсуінен жүзеге асырылып келгендігі де белгілі болды.

Сөйтіп, 2001 жылы АҚШ-тың экономикасы рецессияға бетбұрыс жасаған тұста, 2001-2003 жылдары Федеральды резерв жүйесін басқарған А. Гринс қайта қаржыландыру мөлшерлемесін сол уақыт аралығында 6-дан 1 пайызға дейін түсірді. АҚШ-тың үкіметі де өз кезегінде салық түсімдерінің қысқаруын есепке алмай, керісінше мемлекеттің шығыстарын бірнеше, нақтырақ айтсақ, 2001 жылы 158 млрд. доллардан 2004 жылы 412 млрд. долларға дейін 2,6 есе, төлем балансының тапшылығынын көлемін 2000 жылы 415 млрд. доллардан 2006 жылы 850 млрд. долларға дейін 2 есеге жуық, сондай-ақ сыртқы қарызды 3, 865 трлн. доллардан 2007 жылы 9 трлн. долларға дейін 2,3 есеге арттырды. Мұнын бәрі Дж. Буш әкімшілігі тұсында орын алған шаралар.[8]

АҚШ-тың экономикасындағы арзан ақшалардың пайда болуы, қор  нарығындағы қор индекстерінің 2003 жылдан 2007 жыл аралығында 60 пайыздан жоғары мөлшерде  өсуіне, сол сияқты жылжымайтын мүлік нарығындағы алып-сатарлық операциялардың 2002-2005 жылдары жылына ондаған пайыз қарқынмен өсуіне жол берді. Тұрғын үйлерді сатып алуға байланысты операциялардың біршама бөлігі нақты сұраныстан асып түсіп, тұрғын үйге деген бағаның өсуінен пайда табуға итермеледі.

Коммерциялық банктер бастапқы төлемдерді кейінге қалдыра отырып, яғни төлем қабілетінсіз халықты несиелеуді асырды. Қарыз алушылар өзгермелі пайыздык мөлшерлемеде несие алды. Ол кезде пайыз мөлшерлемесі төмен болатын. Нәтижесінде АҚШ-тың экономикасының өсуі 2005-2006 жылдары 3,2 пайызды құрады. [9]

Сонымен, пайыздық тәуекелдің қыспағына түскен қарыз  алушылар, пайыздық шығыстары 2003-2006 жылдар аралығында 35 пайызға өсіп орташа есеппен 840 пайыз доллардан дейін көтерілді.

2007 жылдын басында  қайтарым несиелердің өсуі салдарынан жылжымайтын мүлік нарығы тоқырауға ұшырап банктер ақшаларын жоғалта бастады. Ипотекалық облигациялардың бағалары да құлдырады, жаналары өзінің алушыларын таппады. Нәтижесінде нарықта өтімділік тапшылығы орын алды. Ипотекалық дағдарыстың мазмұнына қатысты мынадай екі сауал әркім де ойландырмай қоймайтыны белгілі: біріншісі- неге рейтингтік агенттіктер ипотекалық қағаздарға қатысты жоғары сенімділік рейтингін берді, екіншісі- қаржыгерлер деривативалардың тәуекелде беттерінше неге дұрыс бағалай алмағандығын туралы. Әрине, бұл сауал әлі өз шешімін тапқан жоқ.

2007 жылдың қазан  айына басқа мәліметтер бойынша  соңғы 16 жыл жылжымайтын мүліктің бағасы  АҚШ-тың бірқатар штаттарында 8-12 пайызға, ал 20 ірі қалаларда орташа есеппен 20  пайызға дейін төмендеген.

Өткен рецессияға қарағанда бүгінгінің өзіндік айырмашылығына келсек 2001-2002 жылы қор нарығы құлдырағанымен, банктік сектордын басыңда проблемалар болған жоқ, ал қазіргі жылжымайтын нарық дағдарысқа ұшырағанмен де АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыстың басты себебіне тұрғын үй  бағасының төмендеуінің ықпал еткендігі белгілі.

Қазақстанның  несиелік қабілеттігінің деңгейі мынадай факторлардың есебінен тежелгендігі алға тартылады: меншік құрылымдарының жеткіліксіз айқындылығы, несиелік операциялардың жоғарғы деңгейде шоғырлануы, тез арада қалыптасқан несиелік қоржындардың сапасыздығы, операциялардың жоғары дәрежеде долларлануы, банк секторының капиталдану деңгейінін төмендігі, тәуекел-менеджменті жүйесінің жетімсіздігі.

Бүгінгі күні ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің тарапынан  әзірге төрт ірі екінші деңгейлі банктердің тізімі анықталды, оларға: «Қазақстан халық банкі», «Қазкоммерцбанкі», «БТА» банкі және Альянс банкі жатады. Мұндай банктерді таңдауда мынадай екі критерий негізге алынған:

Информация о работе Экономикалық цикл және дағдарыс