Экономикалық цикл және дағдарыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:31, курсовая работа

Описание

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Қазақстандағы дағдарыстардың және дағдарыстан кейінгі экономика дамуының ерекшеліктері туралы мағлұматтар алу;
-мәселенің тұтастай табыстылығын қамтамасыз ететін басымды, артықшылықты мәселелерді алғашқы кезекте шешу;
- дағдарыс кезеңде экономика саласына тигізетін зиянымен алатын орны туралы;
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына дағдарыстың әсер ететін мәселелерді кешенді түрде қарастыру.

Работа состоит из  1 файл

экономикалық цикл және дағдарыс.doc

— 180.00 Кб (Скачать документ)

-экономиканы  одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;

- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;

- индустриялық-инноваңиялық даму страгегиясын жүзеге асыру;

- инфрақүрылымдарды дамыту.

  Ендігі міндет еліміздің алдына қойылған осындай басты багыттарын іс жүзіне асыру. Бұл үшін республикамыздың күш- қуатын, халқымыздың бойындағы барлық жақсы қасиеттерін, парасат пен зият күшін бір бағытқа жұмылдырып, оның күллі әлеуетін барынша пайдалану қажет. Еліміздің ұзақ мерзімдік стратегиясында (2030) тынбай алға баса беру бүкіл халықтық, үлкен мемлекеттік саясатқа айналуда.

 

 

3.2 Ел экономикасындаы инновациялы-стратегиялық дамыту басымдықтары

 

Өмірге қабілетті  және икемді экономика жасау үшін біз дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттік-деп атап көрсетті Елбасы өзінің  олдауында. [9,12].  Нақ сондықтан да бүгінде біздің айтарлықтай мүмкіндігіміз бар және ойластырылған әрі тиімді дағдарысқа қарсы саясат жүргізуге жағдайымыз жетеді. Көптеген мемлекеттердің пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетін қабылдау болды.[9,23] Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды. Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшылық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағытталған.[10,20]Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды.  
Бұл әлемдік дағдарыс салдарын еңсеру үшін қуатты ынталандыру екенімен келісерсіз. Біз табанды да жедел әрекет етеміз, өйткені әлемдік дағдарыстың біздің экономикамыз бен қоғамымызға соққы күшін әлсірету үшін қашан және не істеу керектігін білеміз. Бұған ел Үкіметі мен Парламентінің бірлескен жедел жұмысы жәрдемдесті.

 

 

                             

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Кеңес Одағы  тараған соң саяси тәуелсіздікке  ие болған Қазақстан Республикасы жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына  мүше болып қабылданып, әміршіл-әкімшілдік жүйеден экономикалық реформалар жолына түсті де ,нарықтық қатынастар арқылы демократиялық ел болуға бет бұрып, бұрын соңды болмаған кешпеген процестерді жүзеге асыруда. Осыған байланысты Қазақстанды жаңа заманға  лайықты экономикалық үлгіде көптеген өзгерістер болды. Нарықтық экономиканы қалыптастыруға бел байлағаннан кейін енді, көп нәрсені үйренуімізге тура келеді. Оны әр жердің өз ерекшелігін ескере отырып, нақты жағдайға қарай ұтымды енгізген жөн. Сонымен қатар әлемнің өркениетті елдерінде қалыптасқан нарықтық үрдіске бет бұрған жағдайда өзіміздің ұлттық және психологиялық ерекшеліктерімізді де естен шығарып алмауымыз керек. Қазіргі заманның экономикалық ой-тағылымына көз жіберіп, оны ұғыну үшін, бізге ең алдымен экономикалық теорияның оқып, үйренудің өте ерекше маңыздылығы туып отыр.. Экономика – бұл өзінің заңдары мен проблемалары, драмалары мен қайшылықтары бар өзгеше бір әлем. Экономика әлемі өзі өте күрделі және жұмбақты, ал ең бастысы - белсенді түрде кіремін дегендерге есігінің ашықтығы. Қазіргі экономика - таусылмайтын, шегі жоқ детектив: мұнда кездейсоқтық заңға сыйымды болып қалады. Экономикадан тыс болу мүмкін емес: көзге көрінбейтін сәулелер секілді, экономикалық қатынастар әр бір адамның өмір тіршілігінде  бар нәрсе. Қоғамның экономикалық қозғалысы қаншалықты «абстрактылық» түрде болғанымен , адамдардың күнделікті бақыты соған тәуелді болады.

Экономикалық  ғылым кейде нақтылы бір оқиғаның дамуын болжай алмайды, бірақ оның экономикалық логикасын ашып бере алады да және осы логиканы ұғынып білуге оның практикалық құндылығы.[7,5] Экономикалық білім-әлеуметтік ырымшылдықтан жоқшылыққа ұшырататын білімсіздіктен сақтайтын және жіберілген қателерді қайталамау құралы. Экономикалық ғылымды үйренудің маңыздылығының өзі қазіргі кездегі бізге қажетті болатын зиялылылықтың  негізін қалыптастырушы білімді интеллигенттілік.  Әлемді дағдарыстан кейінгі дамудың мынадай трендтері барынша айқын болып табылады. Бірінші-әлемдік валюта жүйесінің трансформациясы.  Жаһандық дағдарыс себептерінің бірі-қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің ақаулығы болып табылады.. Жаһандық дағдарыстан шығу- жаңа қаржы құралдарына міндетті түрде көшуде екендігінде. Дағдарыстан кейінгі сценарийлердің бір бойынша әлемдік  экономика энергетикалық байланыстар мен туризді ғана сақтай отырып, өңіпшлідік соққысынан ыдырап түсуі мүмкін. Жаһандық басқару дағдарысы қазіргі экономикалық сілкіністердің зардаптарының біріне айналып отыр. Белгілі тарихшы Чарльз Киндлбергер Ұлы депрессия себептеріне талдау жасай отырп, шиленісті маңызды әлемдік қолбасшылықтың болмауын-солардың бірі ретінде атады. Дағдарысқа қарсы шаралардын бірі ретінде, Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын сактандыру (кепілдендіру) қорынын кепілдік беретін сомасын 700 мың тенгеден 5 млн. теңгеге дейін өсіру туралы шешім қабылданды. [10,8].  Мұндай шара көршілес Ресейде де жүзеге асты, бірақ, ондағы сақтандыру сомасының мөлшері 700 мың рубльді немесе біздіңше 3,5 млн теңге құрайды.

2020 жылға дейінгі кезең  дағдарыстан кейінгі қазақстан  үшін ерекше маңызды, өйткені  қазіргі қауымдастықтың жаңа геосаяси және экономикалық координаттарында біздің бәсекеге қаншалықты қабілеттілігіміз осы кезеңде айқындалады. Бұл бәсекеге қабілеттілік индустриалды-инновациялық даму стратегиясын практикалық тұрғыда енгізуге негізделген экономикалық серпінге ғана байланысты емес, сонымен қатар адам капиталының дамуы үшін қажетті барынша жағдайларды қалыптастыруға да, біздің көпэтносты және көпділді қоғамымыздың дамуының тұрақтылығын сақтауға да тәуелді болып отыр. Біздің тәуелсіз мемлекетіміз бен халқымыздың алдында аймақтық және әлемдік өлшемдерде ұлттық бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру міндеті тұр және бұл ғылыми-технологиялық дамуды жеделдету арқылы, тиісінше білікті даярлау арқылы, отансүйгіш қазақстандықтардың буынын тәрбиелеу, дарынды жастарды қолдау және оларды дербес өмірге тиімді тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Алдағы онжылдықта экономиканы диверсификациялаудың жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдалану барысында инвестициялар тартып, жаңа экономикалық белеске өту, саяси жаңартуды одан әрі жүргізу, демократияны дамытып, азаматтық қоғамды қалыптастыру, білім беру саласы мен зияткерлік ұлтты қалыптастыруда алға қарай серпін керек.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, біз «тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстанды құрамыз» және елдің одан арғы дағдарыстан кейінгі дамуы өмір қамының барлық салаларында инновациялық дамудың негізгі факторы ретіндегі ғылымның жетістіктерін, әсіресе, қоғамдық гуманитарлық ғылымның жетістіктерін кеңінен қолданумен байланысты. Егемен Қазақстанда адам мен оның рухани-мәдени дамуы қоғамдық дамудың ең басты байлығы мен мақсаты екендігін атап өту қажет. [15,6]

Ғылым саласының дағдарыстан  кейінгі дамуына келер болсақ, онда мен тек қолданбалы зерттеулердің ғана емес, іргелі зерттеулердің де болашағы зор деп есептеймін. Өйткені іргелі ғылымның тек қазіргі кездегі зияткерлік әлеуеттің өндірісін жасап қана қоймай, қоғамның болшағын да айқындайтыны бәріне белгілі. Өз бойына саясаттанулық, тарихи, филологиялық, философиялық, әлеуметтанулық, экономикалық, заңнамалық және басқа да пәндерді енгізетін қоғамдық гуманитарлық ғылымдардың даму деңгейі – бұл қоғамдық ділдің қалыптасуына негіздеме болады, өйткені танымның бұл салаларында қазіргі қоғамда жүріп жатқан үдерістерді түсіну өңделеді.

 Курстық жұмыста  ғылыми жұмыстар, оқулықтар , басылым  беттеріне жарияланған материалдар  пайдаланылды.

 

 

 

 

                           Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Н.Назарбаев «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»Жолдаудан. Өскемен,2009
  2. Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ КСР Заңы. - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ КСР Заңы бойынша ҚР Еңбек министрлігінін нормативтік актілер жинагы. Алматы, 1992 ж.
  3. "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңы. /Казахстанская правда, 5 каңтар, 1999 ж.
  4. "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңы. //Казахстанская правда, 30 қаңтар, 2001 ж.
  5. Назарбаев Н. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілеті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Астана. //Егемен Қазақстан 2004 жыл 19 наурыз. 3 бет.
  6. Назарбаев Н. Стратегия развития Республики Казахстан на период до 2030 года. (Қазақстан - 2030). Алматы. //Казахстанская правда. 1997 г.
  7. Әубәкіров Я Экономикалық теория негіздері.-А, 1998
  8. Мақыш  С. Ғаламдық қаржы дағдарысының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына тигізер ықпалы// Ақиқат №12,2008
  9. Ашимбаев Т.А. Казахстан на пути рынку.-А, 1994
  10. Әбдразаков Т.Орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық   қатынастарға өтудің негізгі мәселелері.-А, 1994
  11. Баймуратов У. Экономикалық теория негіздері.-А, 2000
  12. Дугалова Г.Н. и др. Современное состояние, проблемы и перспективы  развития внешне экономической деятельности Республики Казахстан// Экономика қазахстана.-1997. №1
  13. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс// Дала мен қала 19 қазан,2009, 4-бет
  14. Есенгулев А. Рыночная экономика.-А, 1995
  15. Калдыбаев О. Экономика предприятия.-А, 1997
  16. Нарибаев К.Н. Экономика менеджмент сферы услуг.-А, 1999
  17. Нурсейт А. Өндірістік құрылымын қайта құру және оны дамытуды инвестициялау туралы.-А, 1997
  18. Шеденов Ө.Қ Жалпы экономикалық теория.-А, 2004
  19. Абсалямов Н Экономикалық теория негіздері оқулық.-А, 1999
  20. Ибрагимова Қ. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның тұрақты дамуының инвестициялық басымдылықтары// Саясат,№6,2010
  21. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли в Казахстанев конце ХІХ в  начале ХХ века.Алматы,1978
  22. Камалова Г.К Әлемдік қаржылық дағдарыстың ІТ корпорацияларына әсері// Аль-Пари,2009,№1-2
  23. Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник. - М.: Юристь,. 1997. - гл.14, с.382-394, гл.15, с.395-411, гл.16, с. 413-445.
  24. Белгібаев Қ.М. Экономикалық теория (оку кұралы). Алматм 2005 ж Есполов Т.И. Экономикалық терия/Оқу құралы, 2009

 



Информация о работе Экономикалық цикл және дағдарыс