Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 18:14, реферат
Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ тілі
мен әдебиеті кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Оқу және оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор
____________________Б.Каленова
«_____»_______________2011 ж.
6М020500 «Филология: қазақ филологиясы»
мамандығы
бойынша оқуға тапсыруға арналған емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ
Өскемен, 2011
Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті әзірлеген магистратураның
мамандықтарына арналған мемлекеттік
стандарт пен әл-Фараби атындағы ҚҰУ
әзірлеген магистратураның
Бағдарлама қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының отырысында талқыланды.
«____» _________
2011 ж. № ______ хаттама
Кафедра
меңгерушісі: ________________
Бағдарлама филология факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды.
«____» ____________2011
ж. №____хаттама
Келісілді:
Филология факультетінің
деканның
міндетін атқарушы
ҚАЗАҚ
ТІЛІ
Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика.
Тарихи
тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым.
Зерттеу нысанасы - бүкіл тіл жүйесіндегі
тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика.
Сипаттамалы лингвистика-
Жалпы
тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ,
универсалды мәселелерді
Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.
Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті, белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.
Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1) еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз - бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын, олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі. Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық құбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық құбылыстар, инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар. Фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Бағдарламада қазақ тілінің дыбыс жүйесінен берілген теориялық ұғымдар мен практикалық дағдылар жоғарғы оқу орнындағы оқытудың талаптарына сай жасалды. Фонетиканың қарастыратын негізгі нысанасы - дыбыс, әріп, фонема, тіл дыбыстарының пайда болуы, іштей жіктелуі, бір-біріне әсері, ықпалы, буын құрамы, тілдің айтылу және жазылу нормалары т.б. болып келеді.
Лексикологияның
зерттеу нысаны - сөздік құрам, яғни
лексика. Семасиология сөздер мен сөз
тіркестерінің мағыналарын
Ономасиология - атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Лексикография - сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы.
Грамматика - тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы. Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис.
Морфология
- сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым.
Қазақ тілі морфоогиясының зерттелу
жайы. Грамматиканың зерттеу
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады. Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып бөлінеді. Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі. Аналитикалық байланыс тәсілінің бір түрі – сөздердің орын тәртібі апқылы байланысуы. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс деп есептеледі. Сөз тіркесінің құрылымдық типологиясын жасауда зат есім мен етістіктің алатын орны ерекше. Өйткені сөз тіркесінің құрылымдық ерекшеліктері осы екі сөз табына негізделеді.
Жай сөйлем синтаксистің ең негізгі нысаны болып табылады. Синтаксис, оның ішінде жай сөйлемнің синтаксисі, тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық деңгейлерінің тоғысатын орны. Сөйлем – тілдің ең маңызды қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Сөйлемнің өзіне тән белгілері болады. Олардың бірі – құрылымдық белгі. Сөйлемнің екінші белгісі – семантикалық белгі. Бұл семантикалық белгіні предикативтілік деп атайды. Предикативтілік туралы тұжырымның екі түрі бар: Біріншісі – жоғарыда айтылған мазмұнның шындық болмысқа теңестірілуі, екіншісі – сөйлемді құраушы құрақтар ( компонент) арасындағы арнайы қатынас.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыим ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулурден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем- пікірге, бастауыш – субьектіге, баяндауыш – предикатқа негізделеді. Сөйлемнің негізі - предикативтілік каегориясы. Ал предикативтіліктің негізі - бастауыш. Предикативтілік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Тіл білімінде тұрлаусыз мүшелерді үш топқа – анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөліп қарау ертеден қалыптасқан. Апықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синтаксистік категория. Толықтауыш субьект қимылының жүзеге асуына себепші , оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты болып, субьект әректін толықтырып, нақтыоай түсетін обьектіні білдіреді. Пысықтауыш сөйлемде, негізінен, етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап анықтап тұрады. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер деп топталады.
Құрмалас сөйлем синтаксисі құрмалас сөйлемнің құрылу заңдылықтарын зерттейлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысының екі түрі бар: салаластық байланыс, сабақтастық байланыс. Салаластық байланыс - грам матикалық тұрғыдан өзара тең дәрежедегі тілдік тұлғалардвң арасындағы байланыс. Құрмалас сөйлемдегі салаластық байланыс предикатив сыңарларының баяндауыш тұлғаларының тиянақтылығымен сипатталады. Сабақтастық байланыс - тілдік тұлғалардың бірінің екіншісіне тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да бағынышты қатынаста тұруы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылысында басқаш бір түзілім болатындығы оны жақын тарта келе тануға болады. Аралас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз-тиянақты-тиянақсыз тұлғаларындағы түрі бір қарағанда көп басыңқылы сабақтастық құрылыммен бірдей. Басты өзгешелігі – синтаксистік байланысында болып табылады.
Информация о работе Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері