Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 18:14, реферат

Описание

Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика.

Работа состоит из  1 файл

kaz_filol.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

    Моногенез теориясы - тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.

    Тілдің  дамуы туралы Н.Я.Маррдың - сатылық  даму теориясы  тілдің дамуын әр түрлі  сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.

    Тілдің  сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын - жалпы заңдарға жатқызамыз. Тіл  дамуының жеке заңдары тіл білімінің  құрылысы мен салаларының заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық саласында кездеседі. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі - тоғысу, екіншісі - тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат. Тілдің тоғысуы дегеніміз - этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.

    Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу. Жазудың түрлері: шумер жазуы, көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері, протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жазуы, кункум жазуы, кана жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы, көне семит жазуы, финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, угарит жазуы, арамей, манихей жазулары, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын жазуы, кирилица жазуы және т.б.

    Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы - генеологиялық классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ. Семья деген  термин – шығу тегі бір, біртектес  тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы. Ал топ деген – бір семьяға  жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді.

    Типологиялық  классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип, инкорпоративті тип. Ареалдық топтастыру - географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек диалектология, ареалдық лингвистикада сөз болады.

    Алтай тілдері туралы теория, түркі тілдерінің генеологиясы. Көне түркі жазба ескерткіштерінің табылуы және зерттелуі. Көрнекті түркітанушылар және олардың еңбектері. Көне түркі ескерткіштерінің түрлері. Көне түркі жазуының шығу тегі туралы даулы мәселелер. Көне мәтіндерде кездесетін жалқы есімдер. Көне түркі руникалық алфавиті. Дауыстылар, дауыссыздар. Көне мәтіндерді транскрипциялау, аудару мәселелері. Көне ұйғыр (манихей) жазуы. Көне ұйғыр тілінен тараған жазба тілдер. Қазақ жазуының тарихы және болашағы. Қазіргі түркітану ғылымының бағыттары. 

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 

  1. Аралбаев  Ж.А. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. - Алматы, 1988.
  2. Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы. - А., 1995.
  3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А., 1973,1978,1993,2002.
  4. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. - М.,1996
  5. Абаев В.И. О языковом субстрате. - Алматы,1956
  6. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы А.,1996
  7. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы, 1957
  8. А.Әбілқаев. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. Алматы, 1963
  9. Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992
  10. Байтұрсынов А. Тіл-құрал. 1-бөлім. Фонетика. Қызылорда, 1926.
  11. Базарбаева З.М. Қазақ тілінің интонациялық жүйесі. Алматы, 1996.
  12. Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясы негіздері. –Алматы.,2002
  13. Б.де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1963.
  14. Болғанбаев. Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988
  15. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 1970
  16. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1976
  17. Балақаев М., Т. Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.
  18. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1973
  19. Балақаев М., Сыздықов Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1968
  20. Бейсенбаева Қ.. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы . - Алматы: РБЖ, 1995.
  21. Бияров Б. Өр Алтайдың жер-су аттары. - Алматы, 2002
  22. Болғанбаев Ә.. Қазақ тілінің лексикологиясы.  -  Алматы, 1988
  23. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.А.,1998
  24. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. - Алма-Ата, 1980.
  25. Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. - Алма-Ата, 1987.
  26. Досмұхаметұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. А., 1992.
  27. Джунисбеков А. Глассные казахского языка. 1972
  28. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
  29. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (Лексика, фонетика). А.,1962.
  30. Кеңесбаев І., Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. – А., 1975
  31. Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
  32. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.
  33. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы, 2001.
  34. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002
  35. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.- Алматы, 1989
  36. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. - А, 1995
  37. Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. - А.,1997
  38. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың редукциясы. - А., 1986.
  39. Қазақ тілінің грамматикасы (синтаксис). Алматы, 1967
  40. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957
  41. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 1977
  42. Қасабек Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. Алматы, 1996
  43. Маманов И. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1965
  44. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімдердің шырайлары. Алматы, 1951
  45. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 1999.
  46. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991
  47. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1982
  48. Радлов В.В. Фонетика северных тюркских языков. - Лейпциг, 1882.
  49. Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1983.
  50. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана, Елорда, 2000
  51. Серғалиев М. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі. А., 1996.
  52. Сарыбаев Ш. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер. - Алматы, 1960
  53. Төлеуов Ә.Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім категориясы. - Алматы,
  54. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - Алматы, 1982
  55. Оралбаева Н., Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі. - Алматы, 1993
  56. Оразақынова Н. Сатылай комплексті талдау. - Алматы, 1997
  57. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі.  - А., 1985.
  58. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. - А., 1991.
  59. Хасенова А. Етістіктің  лексика-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971
  60. Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. - Алматы, 1959
  61. Хасенов. Ә.  Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. - Алматы, 1957
  62. Хасенов Ә. Тіл білімі. - А., 1996, 2002

    ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 

      Халықтың  ауызша шығарған сөз өнерін, оның  табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылым фольклортану /фольклористика/. Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің түрлері, олардың ішінде фольклордың алатын орны және фольклортанудың басқа ғылымдарға (әдебиеттану, өнертану, этнография, тіл-тарих, философия) қатысты. Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты: шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен формулалығы, стильдік өзгешелігі мен шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері. Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері. Фольклордағы сюжет пен мотив, қайталаулар мен оның түрлері. Образдардың жасалу жолдары. Фольклордың пайда болу туралы пікірлер және оны зерттеудегі историзм принципі. Рулық қоғамдағы фольклор. Шаманизм, бақсылар қызметі. Қазақ фольклорының және жанрлары: мифтер, аңшылық, төрт түлік туралы әңгімелер мен жырлар, бақсы сарыны, арбау бәдік, алғыс, қарғыс, түрлері рәсімге байланысты өлеңдер, ертегілер, көне эпостар.

      Феодалдық қоғамдағы фольклор. Түрі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Ислам дінінің әсері. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға қатысты. Эпостық жырлар, ертегілер мен аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер мен жырлардың қалыптасуы дамуы. Кеңес дәуіріндегі фольклордағы өзгерістер, көне жанрладың тағдыры. Ш.Уалиханов, В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі. Қазіргі зерттелу жайы және классификациялаудың проблемалары, жанрдың сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салты жырларының үй іші, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт-ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.

    Абай  – қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар.  Абай –  қазақ әдебиетінің классигі. Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Ақынның саяси әлеуметтік лирикасы. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» атты шығармаларының мазмұны. Абайдың оқу, білім тақырыбындағы лирикасы. Абайдың ағартушылық қызметі.

    ХХ  ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес. Оның көркем әдебиетке тигізген ықпал-әсері. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық, ағартушы-демократтық және туған топырақтан нәр алған ұлттық қасиет бағыттардың өріс алуы. Осындай прогресшіл бағыттардың алдыңғы сапында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев және т.б. болуы.Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылған арман-тілектері азатшылдық идеясын насихаттаған «Оян, қазақ!» (М.Дулатов), «Тілек батам», «Жұбату» (А.Байтұрсынов), «Бостандық» (М.Жұмабаев), «Алаш ұраны» (С.Торайғыров), т.б. авторлардың шығармаларынан көрініс табуы. Сонымен бірге, қазақ жұртшылығының кежегесінен кейін тартқан жалқаулықты, алаауыздықты сынап, оларды ерінбей еңбек етуге, оқу-білімге, әртүрлі өнердің түрлерін үйренуге шақырған ағартушылық бағыттағы өлеңдердің де тууы. Мысалы, аталмыш авторлардың «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Қазағым», «Қарағым», «Шәкірт ойы», «Неге жасаймын», т.б. туындылары.   Сондай-ақ, қазаққа тән суырыпсалмалық өнерді Ж.Жабаев, Н.Байғанин, О.Шипин, Н.Бекежанов, Ш.Қошқарбаев, т.б. ақындардың одан әрі дамытуы. Әсіресе олардың айтыстарында тарихи дерек, драмалық тартыс, психологизм элементтері, әлеуметтік құбылыстардың да жымдасып жатуы.

    1917 жылғы Қазан төңкерісі. Тұңғыш рет Қазақстан  автономиялық советтік социалистік республикасының құрылуы. С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, С,Шәріпов сияқты қаламгерлердің кеңес өкіметінің идеясын, төңкерістің жетістік-жемісін қабыл алуы. Атап айтқанда, С.Сейфуллинің «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер», «Тергеген болсаң айтайын» (1917), «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар», «Қашқынның ауылы» (1918-1920) өлеңдеріндегі төңкеріс дүрбелеңі, сол кезеңдегі өмір шындықтарының көрініс беруі. Кеңес өкіметінің халықты жаппай сауаттандыру мақсатында мектептер ашып, ұлт тілінде газет-журналдар шығара бастауы. Мәселен, «Қазақ тілі» (Семей, 1919), «Дұрыстық жолы» (Орда, 1919), «Жаңа өріс» (Ташент, 1920), «Тіршілік» (Ақмола, 1918-1919) және т.б. басылымдар. Қазақстанның әр жерінде саясат майданы қызып, қазақтың ұлттық, халықтық сезімінің оянуына көмектескен «Бірлік туы» (Ташкент), «Сарыарқа» (Семей), «Ұран» (Орда) газеттерінің шығуы.

    1925 жылдан бастап «Жаңа мектеп»  (қазіргі «Қазақстан мектебі»), «Әйел  теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері»), 1928 жылдан «Жас әдебиет» (кейіннен «Әдебиет майданы», «Әдебиет және искусство», «Жұлдыз») журналының шыға бастауы. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында қазақ поэзиясында сюжетті поэмалардың үлгілері туып, онда бүгінгі өмір мен өткен феодалдық қоғамның келеңсіз көріністерінің орын алуы. Қазақ ауылын колхоздастырып, ұжымдық еңбекке ұйымдастыру бағытында Б.Майлиннің «Қара шелек», «Ұлбосын», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Қырманда», Ғ.Мүсіреповтың «Шұғыла», «Қос шалқар», т.б., Ғ.Мұстафиннің «Кек», «Қан», «Қашқын», т.б. әңгіме, повестерінің жариялануы. Қазақ кеңес әдебиетіндегі роман жанрының алғашқы қарлығашы «Адасқандардың» (С.Мұқанов) дүниеге келуі. Роман оқиғасының дайын штамп-схемаға құрылуы, көркемдік, идеялық кемшіліктері. Қоғамдағы қайта құру, жариялылық, демократиялық процестерге байланысты қатарға қайта келіп қосылған дарынды жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1927-1928) романдары. Олардағы тақырып үндестігі. Осы романдардың басты қаһармандары Қартқожаның («Қартқожа» романы), Ақбілектің («Ақбілек»романы) феодалдық қоғамның қарым-қатынасы қалыптастырған надандықтың, етекбастылықтың, ескі салт-сананың бұғауын бұзып, оқуға, білімге ұмтылуы. Олардың өмірден өз жолын, өз бақытын табуы.

          Қазақ кеңес әдебиетінде  драматургиялық шығармалардың пайда  болып, С.Сейфуллиннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар»(1920), М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» (1917) трагедиясы мен Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Неке қияр» пьесаларының қала, ауыл сахналарында қойылып, ел арасында кең таралуы.  Бұл жылдары қоғамдық өмірдің даму барысында бірталай өзгерістердің болуы. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын колхоздастыру республикада ауыр өнеркәсіпті дамыту, КСРО Конституциясының қабылдануы. Қазақстанда бірталай рухани, мәдени өзгерістер болып, Қазақ мемлекеттік университетінің, КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалының, опера және балет театрының ашылуы.

    Поэзияда  ән-күй, өнер тақырыбына кең құлашты  эпикалық дастандардың жазыла бастауы. Олар І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» (1935), «Құлагер» (1935), «Құлагер» (1936), Ә.Тәжібаевтың  «Оркестр» (1935), «Абыл» (1940) поэмалары. Лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өз шығармашылығында халық өмірінің шындығына бет бұрып, «Тоқсанның тобы» дастанын, махаббат, табиғат көріністері, балаларға арналған бірталай өлеңдер жазуы. Қазақ әдебиеті үшін тың тақырып - өндірістің әр саласына арналып Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Слановтың «Арман ағысы» романдарының жазылуы.  Проза жанрында өмірбаяндық шығармалардың жазыла бастауы. Олар: «Тар жол, тайғақ кешу (С.Сейфуллин), «Менің мектептерім» (С.Мұқанов).  Б.Майлиннің проза жанрында өнімді еңбек етуі. Оның замана шындығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін зерттеуден туған, сөйтіп суреткерлік күш-қуатын танытқан «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Колхоз қорасында», «Он бес үй», «Қырманда» тәрізді әңгіме, повестерінде сол кезеңдегі ауыл өмірін суреттеуі. С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботагөз») романының қазақ прозасындағы жаңа сөз екендігі. Оған себеп романның идеялық-көркемдік деңгейінің жоғары болғандығы.

    Жазушы  Сабыр Шәріповтың Иран жұртының салт-сана, тұрмыс-тірлігі негізінде «Рузы Иран»(1935), «Ләйлә»(1936) повестерін жазуы. «Бекболат» (1937) повесінде қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын сипаттауы. М.Әуезовтың ауылдық жердегі тап жауларының іс-әрекетін, оларға қарсы бұрын жалшы, малшы болған адал азаматтардың күресін суреттеген «Құм мен Асқар» (1934), «Іздер»(1932), «Шатқалаң»(1935), «Бүркітші»(1937) әңгімелерін жазуы. Автордың жаңа өмір құруға талаптанған замандас бейнесін сомдауға ұмтылыс жасауы. Ғ.Мүсіреповтың әңгіме жанрындағы алғашқы сәтті қадамдары. Оның қазақ ауылдарын колхоздастыру мәселесіне арнап «Талпақ танау», «Күсен», «Шұғыла», «Бір адым кейін, екі адым ілгері» әңгімелері.

    1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысының  басталуы. Қазақ жазушыларының қаламын  қаруға айырбастап майданға аттануы. А.Жұмағалиевтың, Б.Бұлқышевтың соғыста қаза табуы. Осы кезеңдегі қазақ поэзиясының басты тақырыбы – Ұлы Отанды қатыгез, зұлым жаудан қорғау, бүкіл елді майдандағы сарбаздарды жеңіске деген сезімге жігерлендіру болғандығы. Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград», Ж.Саинның «Айтылмай кеткен аманат», «Партизандар», «Жаралы партизан жырлары», Қ.Аманжоловтың «Байкал», «Ақын өлімі туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары. Халық поэзиясының дәстүрлі жанры – айтыстың қайтадан жандануы.

    Осы жылдары туған бірсыпыра поэмалардың  Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен  батырлар өмірінен алынып жазылуы. Жаңа герой жасауға талпыныс Н.Баймұратов («Ер Төлеген»), Н.Байғанин («Ер туралы жыр»), Қ.Жапсарбаев («Сеңгірбаев Мұсабек»), М.Хакімжанова («Мәншүк»), Д.Әбілев («Майданбек»), Қ.Сатыбалдин («Әлия») және т.б. Осы тақырыпқа жазылған өлең-жырлардың елде қалың тылда жанқиярлықпен еңбек еткендердің ерлігіне арналуы. Ж.Жабаевтың «Темір тұлпар мінген қыз», А.Тоқмағанбетовтың «Мұнай бер», «Қызыл Тулы жайлау», Ә.Тәжібаевтың «Қарағанды шахтерлеріне», Ғ.Ормановтың «Жар жалауы», «Жылқышы» шығармалары.

Информация о работе Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері