Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:48, реферат
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Стратегия түсінігі мен оның мәні
Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиясының экономикалық приоритеттері
Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудегі стратегияның маңызы
Қазақстан 2030 стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;
7. Кәсіпқой мемлекет құру.
Сондай-ақ даму стратегиясын жүзеге асыру негізгі қабылданған үш жылдық, бес жылдық, он жылдық даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Қазақстанның дамуы үшін маңызды саналатын 2030 жылға дейін даму сратегиясын талдау арқылы оның негізгі экономикалық мақсаттарын ашу және танып білу. Қазақстанның қазіргі күнде атқарып жатқан қызметтері осы даму стратегиясына негізделіп жүргізіледі. Мемлекеттің дамуындағы бұл стратегияның орны ерекше және маңызды болып саналуы тақырыптың бүгінгі таңдағы маңыздылығын арттыра түседі.
Қазақстанның дамуы үшін бұл қабылданған стратегияның менің ойымша маңызы зор. Себебі біздің әсем мемлекетіміздің дамуына және мақсаттарын айқындауына ең қажетті осы стратегия болып табылады. Себебі бұл стартегияда қарастырылған әрбір басымдылыққа ие бағыттар экономиканың өсуіне, халықты өркениеттілікке жеткізуге, жалпы Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көруімізге зор ықпалын тигізеді.
Қазақстанда "Қазақстан-2030" Стратегиясын
жүзеге асырудың аралық қорытындылары
шығарылуда.
Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің 30 жылдан
астам уакыт алға озатын даму бағдарламасын
бекіте отырып 1997 жылы айтарлықтай батыл
қадамға барды. "Қазақстан-2030" Стратегиясы
шенберінде реформалаудың ұзак мерзімді
бағдарламасының негізгі жеті басымдықтары
белгіленді, олар — ұлттык қауіпсіздік,
ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастыру,
экономикалық өсу, азаматтардың денсаулығын
сақтау, білім алуы және жақсы тұрмысы,
энергетикалык ресурстар, инфрақұрылым,
кәсіби мемлекет. 12 казанда Астанада "Қазақстан-2030"
Стратегиясының кабылдануының 10 жылдығына
орай конференция өтеді. Қазақстан басшылығы
бағдарламаны жүзеге асырудың аралық
қорытындыларын шығармақ, расында да олардың
мақтанарлықтай реті бар.
"Алдымен экономика, содан кейін саясат
"— Президент Назарбаев дамудың басты
принципін осылайша мәлімдеді. Өткен он
жылдық Қазақстан үшін ең жаңа тарихтағы
барынша кең ауқымды өзгерістер уақытына
айналды. Оны салыстырмалы түрде алғанда
экономикалық тұрғыда әлсіз елдің демократиялық
құндылықтар мәні арта, түскен және өмір
сүрудің нарықтық принциптері басым өңірлік
көшбастаушы мәртебесіне секіруі ретінде
сипаттауға болады. Ел қажетті нарықтық
реформалардың нәтижесінде 1997-1998 жылдардағы
азиялық дағдарыс, әлемдік экономикалық
рецессия сынақтарынан толық сеніммен
етті.
Қазақстанның экономикалық
табыстарына шетелдік институттар мен
сарапшылар шынайы баға беруде. Бүкіләлемдік
банктің бағалауы бойынша, Қазақстан реформалар
жүргізуде ТМД-ның бүкіл елдері ішінде
көшбастаушы болып табылады, 2002 жылдың
өзінде-ақ АҚШ-тың сауда министрлігі осынау
орталықазиялық елге "нарықтық экономикадағы
ел" мәртебесін берді. Қазақстан 2003
жылдың өзінде дағдарысты 1991 жылға дейін
болған өнеркәсіп өндірісін қайта қалпына
келтірген Достастықтағы бірден бір ел.
Республика бүкіл соңғы он жыл бойына
экономикалык, өсудің жоғары қарқынымен
ерекшеленеді. "Қазақстандағы прогресс
шынымен де таңқаларлық- Қазақстан көптеген
озық белгілері бар ырғақты экономика
құрды... Мұндағы экономика мен азаматтық
қоғамдағы прогресс орасан " деп атап
көрсетті 2004 жылдың мамыр айының өзінде-ақ
Мооdу s рейтинг агенттігінің басшысы Джон
Резерфорд.
"Қазақстан-2030" Стратегиясы
Қазақстан үшін кезекті даму жоспарынан
гөрі үлкенірек маңызға ие болды. Нәтижелерге
қарай отырып, оған аталған құжатта көрініс
тапқан тұжырымдардың деркезділігі мен
сәйкестілігі арқылы алғышарттар жасалған
деуге болады. Стратегияның іс-әрекеті
жаңа талаптарға сәйкес Қайта құрылуға
мәжбүр болған мемлекеттік. органдар жумысы
сипатының әзгеруі аркылы көрініс тапты.
Мемлекеттің кызметі, соның ішінде Қазақстанның
әріптестері үшін де, анағұрлым мөлдір
бола түсті, ал ол оның халықара ұйымдармен
өзара іс-қимылдарының белсенділ айтарлыктай
арттырды.
"Қазакстан-2030"
Стратегиясының ТМД ел үшін алғашқы тәжірибе
болғанын атап көрсі кажет. Нұрсұлтан
Назарбаевқа дейін бірде посткеңестік
лидер мемлекеттің модернизацияланған
моделін құру үшін ұзақ мерзімді стратегия
жасауға барған емес. Бәлкім, саясаткерлер
кеңес дәуірдің жоспарлы экономикасымен
астаі кетуінен сақтанған болуы мүмкін.
Бәлкім, әншейін өздерінің бағдарламалық
уәделерінің ең құрығанда бір бәлігін
жүзеге асыруға өз күштерін қабілеттерінің
жетеріне сенбегендей болуы мүмкін, Ресейде
де іс-қимылдардың жалпы мемлекетт жоспарын
жасауға талпыныс болды — 2003ж Ресей президенті
2010 жылы ІЖӨ-ні екі есе ұлғайту жөнінде
бастама көтерді. Әлеуметтік сала, ауыл
шаруашылығында ұлттық жобалар қосылды.
Стратегия түсінігі мен оның мәні
Стратегия грек тілінен аударғанда strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі. Стратегия кәсіпорынның (фирманың, компанияның, партияның, т.б.) ұзақ кезең бойына алдына қойылған міндетгерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды ұзақ мерзімді жоспарлауға қатысты қолданылады.. Мұнда сыртқы ортаның әсері және тұрлаусыздық, кездейсоқтык, тәуекел сияқты факторлар ескеріледі. Операцияларды зерттеуде түйінді ұғымдардың бірі болып табылады. Сондықтан стратегия әрбір кезеңде үдерістің барысы және ортадағы өзгерістер туралы ақпарат алу негізінде шешімдер қабылдау жүйесі ретінде ұғынылады. Операцияларды зертгеу міндеті, әдетте, белгілі бір критерийдің негізінде ықтимал стратегиялардың қатарынан нақ оңтайлысын тандаудан тұрады. Әлеуметтік басқаруға қатысты тұрғыда. Стратегия дегенімі макроэкономика мен микроэкономика мүдделерін ұштастыру негізінде міндетгер мен тетіктерді және оларды іске асыру шарттарын белгілеу. Стратегияның аса маңызды сипаттамалары — баламалы көзкарас және түзету жасау мүмкіндігі. Экономикалық болжам – экономиканың келешек кезеңдердегі даму үрдістерін – экономикалық даму қарқынын, экономика құрылымы мен бағаның нарықтық жағдаятын, экономикалық басқару жүйесінің, т.б. өзгеруі үрдістерін алдын ала болжап, көре білу. Экономикалық болжам экономикалық жоспарлаудың белгілі бір уақыт кезеңі бойына жалпы ішкі тепе-теңдік шарттарын алдын ала болжап, көре білуге мүмкіндік беретін негізгі құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық болжамның көмегімен бағыттарды айқындап, экономикалық саясаттың нақты шешімдерін дайындауға, сондай-ақ олардың ықтимал нәтижелерін бағалауға болады[1].
Экономикалық болжам, әдетте, өткен кезеңдердегі есептік деректерге негізделіп құрылады және белгіленген номенклатуралар мен ұлттық шоттарды жүргізу ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Болжау – нарықтық стратегияны әзірлеудің, мақсатты бағдарламаларды негіздеудің, шаруашылық шешімдер қабылдаудың негізгі элементі. Нарықтық экономикада болжау негізгі үш атқарымды орындайды, Олар: болашақта шаруашылықты жүргізу нысандарының және қоршаған ортаның өзгеруі үрдістерін болжай білу; қабылданатын шаруашылық шешімдердің (тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, бағалы қағаздар шығару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, баға белгілеу, т.б.) ықтимал салдарларын бағалау; қабылданған шешімді, қажет болса, дер кезінде түзету үшін оны орындау нәтижелерін күнделікті болжап отыру. Нарықтық экономикадағы болжамдар жүйесі олардың мынадай түрлерін қамтиды:
Микродеңгейдегі экономикалық болжам барлық дәуірлерде шаруашылық қызметтің ажырағысыз элементі болды. Елдің экономикасын және әлемдік шаруашылықты қамтитын макроэкономикалық болжау 20 ғасырдан әзірлене бастады. Мысалы, 1920 – 30 ж. КСРО-да экономикалық болжам қарқынды түрде әзірленді. Бірақ батыс елдері 1930 – 40 ж. экономикалық болжамды теріске шығарды. Соған қарамастан соғыстан кейінгі кезеңде дүние жүзінде соның ішінде КСРО-да кеңінен таралды. 1970 – 80-жылдардан бастап ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық болжамдар – ғылыми-техникалық үдерістің 15 – 20 жылға арналған кешенді бағдарламасы, көптеген салалық, аймақтық және проблемалық болжамдар жасалды. Егеменді елімізде “Қазақстан – 2030” (1997) стратегия даму бағдарламасы ұзақ мерзімді экономикалық болжамның үлгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.