Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:48, реферат
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Стратегия түсінігі мен оның мәні
Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиясының экономикалық приоритеттері
Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудегі стратегияның маңызы
Қазақстан 2030 стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл
күш-жігерді осы бағыттарға
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиясының
экономикалық приоритеттері
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі
жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;
Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;
Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді. Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге, халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.
— әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар;
— ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он жылдық даму жоспары;
— мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық стратегиялық жоспар;
— 1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.
Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарлама құжаты:
І. 1998-2000 ж.ж. — Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау — 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.
ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу, экономикалық өсуді жеделдету, қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.
ІІІ. 2011-2020 ж.ж. Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр:
— интенсивті экономикалық өсу;
— қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;
— демографиялық саясатты белсендіру;
— инфрақұрылымды жаңарту;
— экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.
ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатардағы әскери күш қалыптасады. Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру. Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың экономикалық әу-ауқатын көтеру. Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты — еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.
Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктері
Қазақстанда қазіргі заманғы талапқа сәйкес келетін, халықаралық сапа стандарттарына жауап беретін және батыс компаниялармен ынтымақтастық тәжірибесіне ие тауарлар өндірісі жолға қойылған. Мәселен, “Петропавл ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ, “Шығыс мәшине зауыты” АҚ бұрғылау қондырғыларын шығарса, “Алматы ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ, “С.М. Киров атындағы мәшине жасау зауыты” АҚ, “Целингидромаш” ЖШС, “КаспийМұнайМаш” АҚ мұнай сораптарын шығарады. Сораптық-компрессорлық құбырлар “Белкамит” БК” АҚ, “ЗИКСТО” АҚ, “Ақтөбе мұнай жабдығы зауыты” ЖШС, “Батыс Қазақстан мәшине жасау компаниясы” АҚ-та, ұңғылық құрылғылар “КаспийМұнайМаш” АҚ, “Технологиялық жасақтау зауыты” ЖШС-да, құбырлы өткізгіштер, қазандықтар мен өзге сыйымдылықтар үшін крандар “Мұнайаспап” және басқа кәсіпорындарда шығарылады.
Инвестицияларды табысты салудың бір мысалы ағымдағы жылы Павлодар қаласында құбыр өнімдерін шығару жөніндегі жаңа металлургиялық зауыттың іске қосылуы болып табылады. “Паритет-ПВ” зауыты түрлі диаметрдегі 100 мың тонна құбыр шығарады. Тік жікті құбырлар өндірісі ұқсас шетелдік өнім импорты көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.
2007 жылдың басында мұнай-газ саласына әртүрлі диаметрдегі жіксіз болат құбырлар шығару жөнінен “KSP Steel” ЖШС іске қосылды. Бүгінгі күні компанияның өнімдерін мұнай-газ өндіру және геологиялық барлау компаниялары нысандарында Қазақстанның мәшине жасау және өнеркәсіптік кәсіпорындары құбырлы өткізгіштер жасауда табысты қолдануда.
Қазақстанда өнімдерді тек ішкі рынокқа жеткізіп қоймай, сонымен қатар экспортқа шығаруға қабілетті кәсіпорындар да бар. Олар— “Алматы ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ, “Белкамит” БК” АҚ, “Батысқазақстандық мәшине жасау компаниясы” АҚ, “Каспий маңы мәшине жасау кешені” ЖШС және басқалар.
Осылайша, жер қойнауын пайдаланушылар талап ететін өнімдерді Қазақстанда өндіруге мүмкіндік бар. Әрине, қазақстандық кәсіпорындарға MІ Swaco, Sсhlumberger, Hallіburton кәсіпорындарынан үлгі алып және сапа менеджментін енгізудің халықаралық стандарттарын игеру, жаңа технологиялар, озық ғылыми әзірлемелер, өндірістік сертификаттар, инженерлік-техникалық кадрларды дайындау және қайта оқыту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
– Оның мәні құқықтық кеңістік, іргетас қалай отырып, оның көмегімен экономиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша саяси басшылық белгілеп берген жоспарларды сенімді және тиімді іске асыру.
Қазақстандық қамтуға
қатысты мәселелерді
Бұл ретте Қазақстанда шығарылатын тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында оның шығу тегін растайтын, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаты берілген тауар болып табылады (“CT-KZ” үлгілі). Отандық тауар өндірушілерге “CT-KZ” үлгілі сертификаты беріліп конкурсқа қатысу кезінде шартты жеңілдік ұсынылады.
Заңның түсініктік аппаратына
сәйкес, қазақстандық тауарлар мен
қызметтерді ұсынушылардың
Үкімет негізгі тапсырыс берушілерге, мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларға, жер қойнауын пайдаланушыларға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық қамту бойынша белгіленген міндеттемелерді айқындайды. Сондықтан тапсырыс берушілер өнімді сертификатта көрсетілген қазақстандық қамту үлесі жоғары қазақстандық өнім жеткізушілерден сатып алуға ынталы.
– Заңнамада конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін өлшемдерді қолдану бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мұндай норманы қабылдау Қазақстанның заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы, оның ішінде, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық өндірушілерді қолдау шараларына қатысты сөзсіз қолдануға қатысты көптеген тапсырыс берушілерді ойлантуға мәжбүр етеді.
Бұдан өзге, жер қойнауын пайдаланушыларға конкурсты тек Қазақстан Республикасының аумағында өткізу жөнінде, сондай-ақ сатып алулар туралы барлық ақпаратты, “Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі және олардың өндірушілері пайдаланатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімі” мемлекеттік электронды жүйесінде орналастыру жөніндегі талаптар енгізілген. Аталған шара жоспарланатын, ағымдағы және өткізілген жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары туралы уақытылы және үздіксіз ақпараты негізінде талдау ақпаратын беру арқылы нақты отандық тауарларды өндірушілерді, жұмыстар мен қызметтерді шығарушыларды қолдауға бағытталған. Осылайша, заң ашықтық жүйесін енгізуді, сатып алу бойынша рәсімдердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Бұл өз кезегінде қазақстандық өндірушілерге және жеткізушілерге тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу конкурстарында шетелдік компаниялармен тең жағдайда қатысуға мүмкіндік береді. Құқықтық негізді құру арқасында қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайта отырып, отандық тауар өндірушілер санының өсуі және номенклатураны кеңейту үшін алғышарттар жасалатын болады.
– Қосымша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бәсекеге қабілетті өндірісін дамыту үшін барынша күш жұмсау қажет. Бұл үшін, қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде, мемлекет үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруды, салық және кедендік ынталандыру шараларын, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуге, тапсырыс беруші тарапынан сұранысқа кепілдік беруді қамтамасыз етуге дайын. Осындай жолмен, яғни мемлекеттің қолдауымен отандық өндірушілердің рынокты бәсекеге қабілетті сапалы өніммен толтыруларына нақты мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудегі стратегияның маңызы
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жаһандық дағдарысқа қарсы қолға алынған бағалы бастамалар жиынтығын өткен жылғы Жолдауда нақтылап, билік басындағыларға міндеттеген еді. Сонымен бірге, құнды құжатта инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруды жалғастыру мақсатындағы жұмыстардың жүйелілігіне де назар аударылған-ды.
Экономиканы жаңғырту мен халықты жұмыспен қамту стратегиясы негізінде қолға алынған жобалар бүгінде өз шешімін тауып отыр. Осыған орай Алматы облысында да жаңа ғасырдың құрылысы ретінде Мойнақ ГЭС-інің құрылысы тиянақты жүргізіліп, келесі жылы жетісулықтар оның алғашқы игілігін көретін болады. Ал, Алматы және Жамбыл облыстарының шекараларын жалғаған Үлкендегі Балқаш жылу электр стансасын салу арқылы тағы да энергетика сұранысына деген тұтынушы талабын қанағаттандыру көзделіп, аталған нысан Үкіметтің 2007 жылғы электр энергетикасы дамуының 2015 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде бекітіліп, Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі серпінді жобалар тізіміне енгізілген энергия өндіруші жобалардың алдыңғы қатарында саналатындығы. Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-нің құрылысы басталуына байланысты 1986 жылы Үлкен кентінің құрылысы басталып, оған 47399 гектар жер телімі бөлінген. Бүгінде мұндағы халық саны 2000-ға жуық. Олар баспанамен толық қамтылса, бір кездері көшіп кеткен отбасылары бес және тоғыз қабатты алты үйдегі пәтерлерді жөндеп, қайта қоныстануда. Олардың көбі энергетик мамандар.
Қазіргі кезде аталған елді мекенде жауапкершілігі шектеулі серіктестер құрылып, оның қатарында “Прибалхашское ТЭС” еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін қуат көзімен қамтамасыз етуде. Аталған мекемеде “ПС-500” қосалқы стансасы үлкейтіліп, 500 кв. жаңа электр қуатының жүйесі іске қосылған. Халықтың негізгі табысы мен күнкөрісі “Үлкен-балық”, “Фиш Маркет”, “Абулхайыр” кәсіпорындарында балық өнімдерін өңдеумен айналысу арқылы толығуда. ИСО сапа стандарты бойынша жұмыс істеген кәсіпорында ауланған балық өңделіп, Германия, Бельгия, Франция, тағы басқа шетелдерге жөнелтілуде. Жергілікті тұрғындардың еңбек етіп, мәдени демалуына мүмкіндігінше жағдай жасалған. Осыған қарамастан үлкендіктер Балқаш жылу электрстансасының құрылысының басталуына қызығушылық танытып, оны асыға күтуде.