Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 17:48, реферат
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы белді мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Стратегия түсінігі мен оның мәні
Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиясының экономикалық приоритеттері
Қазақстанның экономикалық өсу мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының экономикасын көтерудегі стратегияның маңызы
Қазақстан 2030 стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Серпінді жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі еліміздегі алдыңғы қатарлы “КазНИПИэнергопром” жобалау институтында жасалып, Балқаш көлінің оңтүстік батыс жағалауынан бой көтереді деп жоспарланған. Қазіргі кезде құрылыс жүргізілетін 6566 гектар жер телімі бөлініп, заңдастырылып, ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.
Жобаның мақсаты – “Солтүстік-Оңтүстік” электр энергиясы транзитінің ортасында болғандықтан жұмыс істеп тұрған электр желілерінің өткізу мүмкіндігін арттырып, қуат көзіне деген сенімділікті нығайту. Құнды жобаны іске асыру үшін өткен жылы Корея Республикасының SAMSUNG және KEPCO компаниялары және кореялық консорциуммен негіздемелік келісімге қол қою арқылы жол ашылды. Осылайша, Үкіметтің мемлекеттік жобаға қатысу үлесі 25 пайыз болып белгіленді. Оны қаржылай айтқанда 180 млн. АҚШ доллары (27 млрд. теңге). Ал, Корея консорциумы жобаның 70 пайызын 1,7 млрд. доллар көлемінде қаржыландыруды көздеп отыр.
Аталған алып құрылыстың қуаты 1320 МВт. жалпы құны 2405 млн. долларды құрайды. Жылу электр стансасының бірінші блогын (660 МВт) 2009-2014 жылдары пайдалануға беру көзделсе, екінші блогын іске қосу 2015 жылдың еншісінде. Өткен жылдың соңғы айларында серпінді жобаны іске асыру мақсатында “Балқаш ЖЭС” акционерлік қоғамы негізгі құжаттарға қол қойып, оны бастау үшін құрылыс алаңын таза ауыз сумен, электр энергиясымен, құрылыс материалдарымен және технологиялық жабдықтарды тасымалдау үшін темір жолмен қамтамасыз ету қажеттігі анықталып, осы аталған нысандардағы жұмысты бастау жоспарланды. Тендер өткізіліп, жұмысты жүргізуші мердігерлер анықталған. Қазіргі кезде Балқаш көлінен ауыз су құбырын тарту, Қайраткөл темір жол стансасын кеңейту және кіреберіс темір жолды реконструкциялаумен қатар, кенттегі шаруашылық-тұрмыстық канализацияларын, Балқаш көлінен сужинағышты қайта жаңғырту, буландырғыш тоған салу, тағы басқа жұмыстар жалғасуда. Ал, стансаның негізгі құрылысы биылғы жылдың маусым айында толық жалғасып, келісім бойынша мердігерлердің тең жартысын қазақстандық мамандармен толықтыру көзделген.
Құрылыс басталған кезде 3500 адам, ал толық қызғанда 7500 әртүрлі мамандықтағы сәулетшілер жұмысқа тартылса, ол іске қосылғанда 800-ге тарта инженер-техниктер, тағы басқа әртүрлі мамандық иелері тұрақты жұмыс істейтін болады.
Үлкен кентінің – келешегі де үлкен. Бүгінде тұтынушы талғамын қанағаттандыратын орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары да өсе түскен. Үлкен кентінің әкімі Болатай Рахимов Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда өзіне міндеттелген жұмысты тиянақты атқарып келеді. Ауылдың көркеюіне Дүйсебай Боранбаев, Мейрамқұл Қашқынбеков, Татьяна Ступак, тағы басқа кәсіпкерлердің қосқан үлестері қомақты. Мұнда орта мектеп, емхана тұрғындардың денсаулығы мен білімге деген құштарлығын шыңдауда талап тұрғысынан көрініп келеді. Өткен оқу жылында “Алтын белгі” алған түлектер мен мектеп бітірушілер мемлекеттік грантты иеленіп, білімдерін жоғары оқу орнында жалғастыруда. Жоғары оқу орнын бітіріп, туған ауылына қайтып келген ағайынды Мұсатаевтар, Игорь Руфин, Денис Косьянов, Андрей Котов және басқа энергетиктер осында еңбек жолдарын бастап, ғасыр құрылысына жастық жалындарын жұмсауды көздеп отыр.
Серпінді жобаның келешегінен үміт күткен халық өмірлерін онымен тығыз байланыстыруда. Өйткені, жылу электр стансасы халықты жұмыспен қамтуымен бірге олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру мәселесін шешеді, жаңа инфрақұрылымдар пайда болып, жастар есебінен мамандар даярлауға мүмкіндік туатынын көрсетеді.
Қазақстан 2030 стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты “Қазақстан-2030” бағдарламасы қабылданғаннан бері біз 10 жылдан астам уақытты артқа тастадық. Осы 10 жылдың ішінде бүкіл әлем өзгерді, біз де өзгердік. Кешегі мен бүгінгіні салыстырсақ, арамызда үлкен айырмашылық бар. Мұны заман ағымына көзі жіті, көңілі жүйрік маманданған экономикалық сарапшылар ғана емес, бүкіл халық сезеді. Осы 10 жыл бізге не берді? Бұл сұраққа жауап беру үшін 2000 жылдың картинасын көзге елестетіп көрейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған республикалар арасында абдырап қалған республикалардың бірі біздің Қазақстан болғаны ақиқат. Алдымызда енді қалай ел боламыз, кімге сүйенеміз, кімге сенеміз деген сұрақ көтерілді. Өйткені бұрынғы Одақтағы экономикалық байланыстардың үзілуіне, шаруашылық жүргізу формаларының бұзылып, жаңасының әлі толық қалыптасып үлгірмеуіне байланысты бүкіл ел құрдымға құлап бара жатқандай әсерде болған кезең еді бұл. Міне, қоғамды осындай көңіл-күй кернеп алған кезде тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы ел халқына жария еткен “Қазақстан-2030” Стратегиясының құрғақ қиялдай көрінгені рас. Ел жоқшылықтың қамытына бас кіргізген тұста осындай тәтті түсті көзге елестетуге көбіміздің жүрегіміздің дауаламағандығы ақиқат.
Бірақ, уақыт өз дегенін істеді. “Қазақстан-2030” Стратегиясындағы болжамдар ақиқатқа айнала бастады. Мұны енді қазақстандықтар ғана емес, басқа елдер де көріп отыр. Өйткені біз басқа жетістіктерімізді былай қойғанда, айналамыздағы халықтардың бәріне сыйлы болып шықтық. Біз Еуропа төріне дейін көтерілдік.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болатын:
“Өткен күнде белгі жоқ” дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа енгеннен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені, бейнеттен кейін – зейнет, адамның жақсылыққа тез үйреніп, тез бауыр басатыны белгілі.
Алайда, зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нартәуекел қажет болғанына көз жеткізер едік. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық салада дағдарыс болғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Экономиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселелерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз. Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қажет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып “Қазақстан-2030” Стратегиясы дүниеге келді.
Одан бері он жыл өтті. Он жылда өзге елдер бірнеше он жылда жетпеген биіктерге қол жеткіздік. Стратегия бізге жарқын жеңістер мен тамаша табыстар әкелді. Қазақстан тәуелсіздік тарихын қатар бастаған өзге ТМД елдерінің алдына шықты. Әлемдік деңгейдегі өркениетті елдермен бой теңестіре бастадық.
Біздің экономикалық жетістіктеріміз бен саяси реформаларымызды шетел сарапшылары да жоғары бағалауда.
Ендеше “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығы біз үшін шын мәнінде тарихи кезең болып табылмақ”.
Иә, Елбасы сөзінде айтылған осы табыстар қазіргі күні Қазақстанның беделі мен абыройын әлем халқының алдында көтере түсуде. Бұған қосып айтарымыз қазір Қазақстан ТМД кеңістігіндегі ең бай елдердің бірі. Басқа елдермен салыстырғанда бізде жалақы мен зейнетақы жоғары. Қазір Қазақстан азаматының бір айлық жалақысы көршілес кейбір елдер азаматтарының 10 айлық жалақысына тең. Қазақстанның жастары мемлекет қаржысымен дамыған елдерде жоғары білім алуда. Оның үстіне Қазақстан Республикасының азаматы деген мәртебенің өзі адамға көптеген артық мүмкіншіліктер береді. Осындай мәртебеге ие азаматтар тегін орта білім ала алады. Білім қабілетіне байланысты еліміздегі жоғары оқу орнында және шетелдерде тегін оқи алады. Астана мен Алматы секілді тұрғын үй бағалары қымбат қалалардан мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан үй ала алады. Арзан несиелер алу мүмкіндігі бар. Қысқасы, Қазақстан Республикасының азаматы деген мәртебенің өзі бәсекеге қабілетті адам үшін үлкен мүмкіндік пен байлық көзі.
Оның үстіне 16 миллион халқы бар Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімі 40 миллионнан астам халқы бар Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің жиынтық табысынан асып түсіп, 50 миллионнан астам халқы бар Украинаның табысымен теңесті.
Қазір дүние жүзін кернеп алған дағдарыс жағдайында өзін өзі қаржыландыруға қол жеткізіп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан, жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан мемлекеттер тым сирек. 200-ге тарта елдің арасынан оларды саусақпен санауға болады. Соның бірі – біздің Қазақстан. Шет мемлекеттерден қандастарын шақырып, басына үй тігіп, алдындағы шаруасын қамдап жатқан үш елдің бірі де біздің Қазақстан.
Міне, осының бәріне біз
“Қазақстан-2030”
Біздің білетініміз, бұл он жыл Қазақстан үшін жаңа бір белес болмақ. Алдымыздан жаңа бір көкжиек бой көтермек. Осы мәселе жөнінде ел басшылығы қамсыз емес. Үкімет Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын негіз етіп алмақ. Біз осыған дейінгі онжылдықта елдің шикізат байлығын, табиғи ресурстарын қалай іске қосамыз, қалай өткіземіз деген мәселені ойластырып келсек, ендігі міндет сол шикізатты қалай өңдейміз, бір өнімнен бірнеше өнімді қалай туындатамыз деген сұраққа қарай ойыспақ. Осы үшін елімізде ірі инвестициялық жобалар жасалынды. Жаңа инфрақұрылымдар іске қосылуда. Былайша айтқанда, етек-жеңді жинадық. Ел болдық, ел екенімізді басқа халықтарға таныттық. Енді дамудың жаңа кезеңіне, атап айтқанда, сапалы даму кезеңіне қадам баспақпыз. Міне, осынысымен де өткен онжылдықпен салыстырғанда бұл онжылдық күрделі бола түспек.
Өткен жылдың соңында “Егемен Қазақстан” газетінің жаңа ғимаратында “Арна-медиа” холдингінің құрамындағы БАҚ басшыларына берген сұхбатында Елбасы осы қозғалып отырған мәселе туралы былай деп толғаған еді:
“Қазір Үкімет 2020 жылға дейінгі еліміздің дамуы туралы маңызды құжатты әзірледі. 2010 жылдан бастап соның алғашқы бесжылдық жоспарын жүзеге асыруға кіріспекпіз. Басқа мемлекеттерден біздің ерекшелігіміз қазіргідей дағдарыспен күрес мәселесімен қатар, еліміздің болашағын көксеген осындай перспективалық мәселелерге мән беруіміз болып отыр. Әлі ешбір ел нақ осы мәселеге көп көңіл аудара қойған жоқ. Жуықта біз осы құжатты жариялайтын боламыз.
Екі ауыз сөзбен айтсақ, ол бағдарлама белгіленіп отырған мерзім ішінде ел экономикасын тағы да 50 пайызға өсіру мақсатын көздейді. Ал экономика дамыса, халықтың әл-ауқаты да соған сай алға басатындығы түсінікті.
Қорытынды
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет., металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен Атырау обл-нда. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды. Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау обл-ндағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат. Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).
Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды.
Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы
Лондондағы Уран ин-тының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда.
Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы — Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комб-тары, Үлбi металлургия, Ертiс химия-металлургия з-ттары сирек металдармен олардың қосылыстарын, т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру з-ты, сары фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты, Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңт. аймақта Станок жасау з-ты, Алматыда Ауыр машина жасау з-ты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солт. аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атынд. зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар а. ш. машиналары үшiн босалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелi электр ст-ларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр энергиясының шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады. Қазақстанда құрылыс индустриясының дамуына ел ордасының Астана қ-на көшiрiлуi жаңа серпiн бердi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4%-ға жуық.