Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:52, курсовая работа
Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе?деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Нобел сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль –мемлекеттік реттеу . Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік дейді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе бастады
Қазақстан Кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Біз елімізде неғұрлым көп және алуан түрлі тауар өндіретін болсақ, соғұрлым ел экономикасы да мықты бола бермек. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі мұнай, газ, металл, жоғары сапалы бидай өндіруші алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі. Алайда, көптеген тауарларды біз әлі де өзге мемлекеттерден сатып алуға мәжбүрміз, өйткені біз мұндай өнім түрін өз елімізде шығарып отырған жоқпыз.
Импорттан түскен тауарды сатып алғанда, біз өзге елдердің экономикасына қолдау жасап отырмыз, сөйтіп, шет мемлекеттерге сол елдің азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашып беруге ықпал етудеміз. Әлбетте, біздің нарыққа өзге елдерден тауар жеткізуші әріптес-серіктестерімізге айтар алғысымыз мол, дегенмен, бүгінгі таңда біз ең алдымен өз еліміздің, өз халқымыздың және өзіміздің отандық өнім өндірушінің мүддесін алға қоюымыз керек.
Өндіріс саласын дамыта отырып біздің
еліміз мемлекеттік бюджеттің
2010 жылдан бастап отандық бизнесті қолдау бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 19 наурыз 2010 жылғы №958 Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасы аясында жүзеге асатын болады. Яғни, бұл бағыттағы бар жұмыс жеделдетілген және нығайтылған түрде жүргізіледі деген сөз.
«Бизнестің жол картасы 2020» - бұл – Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасын жүзеге асырудың бір жолы, бір тетігі. Аталған бағдарлама аясында қолданылатын шаралар әлемнің көптеген елдерінде тиімді жолмен жүзеге асып жатыр. Мәселен, пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдік беру, өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту және сервистік қолдау, салықтық жеңілдіктер, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және тағы басқалары. Мұндай тәжірибе түрлері Қазақстанда да бар. Дегенмен, бұл шаралар бізде алғаш рет кешенді түрде қолға алынып отыр. Ал, оларды жүзеге асыру үшін алдағы 10 жылда мемлекеттік қаржыландыру жоспарланған.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасындағы процедуралар тым бюрократиялық болып көрінуі де мүмкін. Дегенмен, біз бұл арада мәселе мемлекеттік ақша жөнінде болып отырғанын ұмытпағанымыз абзал, ал мемлекеттік қаржының жұмсалуына жан-жақты бақылау болуы тиіс.
Сіздердің қолдарыңыздағы осы кітапша «Бизнестің жол картасы 2020» дегеніміздің не жоба екенін, мемлекеттің кәсіпкерлікті қалай қолдап отырғанын және де аталған Бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек екенін түсінуге септік етеді деген үміттеміз.
Ел экономикасын бірлесіп гүлдендірейік!!!
Бағдарламаға қатысушылар
Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым
секторларының тізбесі
ЭКТЖЖ коды |
Атауы |
Аграроөнеркәсіп кешені | |
01 |
Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтер, 01.11 Дәндідақылдар (күрішті қоспағанда) бұршақ дақылдар және май тұқымдарын өсіру |
02 |
Орман шаруашылығы және ағаш дайындау |
03 |
Балық шаруашылығы және аквадақылдары |
10 |
Тамақ өнімдерін өндіру |
11.06 |
Ашытқы өндіру |
11.07 |
Минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі | |
09 |
Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер |
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру | |
13 |
Тоқыма өнімдерін өндіру |
14 |
Киім өндіру |
15 |
Теріден тігілген және оған сәйкес өнімдер өндіру |
16 |
Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
18 |
Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру |
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру |
21 |
Негізгі фармацевтік өнімдер мен препараттар өндіру |
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру |
31 |
Жиһаз өндіру |
Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру | |
23 |
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру |
Металлургия, металл өңдеу, машинажасау өнеркәсібі | |
24 |
Металлургия өнеркәсібі |
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру |
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдарын өндіру |
27 |
Электр жабдықтарын өндіру |
28 |
Басқа санаттарға қамтылмаған машиналар мен жабдықтар, өндіру |
29 |
Автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру |
30 |
Басқа да көлік құралдарын өндіру |
33 |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
Өнеркәсіптің басқа да секторлары | |
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
35 |
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу |
36 |
Суды жинау, өңдеу және бөлу |
37 |
Кәріз жүйесі |
38 |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату |
39 |
Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер |
Көлік және жинақтау | |
49 |
Құрылық көлігі және құбырмен тасымалдау |
50 |
Су көлігі |
51 |
Әуе көлігі |
52 |
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
Туризм | |
55 |
Тұруды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету |
Ақпарат және байланыс | |
61 |
Байланыс |
62 |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар беру және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | |
71 |
Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
72 |
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
75 |
Ветеринариялық қызмет |
Білім беру | |
85 |
Білім беру |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер | |
86 |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
87 |
Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып әлеуметтік қызмет ұсыну |
88 |
Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | |
91 |
Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі |
93.1 |
Спорт саласындағы қызмет |
Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну | |
95 |
Компьютерлерді, жеке пайдалану заттарын және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу |
Бағдарлама бағыттары
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау
Бірінші бағыт: Жаңа жобаларды қолдау |
Екінші бағыт: Кәсіпкерлік секторды сауықтыру |
Үшінші бағыт: Кәсіперлердің валюталық тәуекелдіктерін төмендету |
«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыт |
Жаңа несиелер бойынша пайыздық
мөлшерлеменің бір бөлігін : кәсiпкерлердiң инвестициялық жобалары, сонымен бiрге кәсiпкерлердiң жаңғыртуды және басты экономика секторларындағы өндiрiсiнiң кеңейту бағытталған жобалар. |
Борышкерге оның қолында бұрыннан бар (мақұлдап жатқан сәтте) банк кредиттері бойынша және жобаны мақұлдағаннан кейінгі кредиттік бір желі аясындағы жаңа қарызы бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Субсидиялау басты экономика секторларындағы кәсiпкерлердiң инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын толықтыру жобаларына беріледі |
Экспорттаушылардың несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау Субсидиялау басты экономика секторларындағы кәсiпкерлердiң инвестициялық мақсаттар мен айналым қаражатын толықтыру жобаларына беріледі |
Кәсібін жаңадан бастайтын шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне (старт-ап жобалар); Жұмыс істеп жатқан бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету; Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту; Өндірісті шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату арқылы жаңғырту және ұлғайту; Кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
|
Жаңа қарыздарға жартылай кепiлдiк
беру: кепілдеме көбіне өндірісті
жаңартып модернизациялауға, кеңейтуге
бағытталған жобалар мен
|
Борышкердің бюджет алдындағы салық түріндегі қарызын (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқасын) өсімпұлсыз өтеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін беру |
Бағдарламаға «Даму» Қорының қатысуы
«Бизнестің жол картасы» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Даму» Қоры қаржылық агент қызметін атқаратын болады. Ол:
Қордың басты міндеті – Бағдарлама аясында ақшаның айқын жолмен және жедел түрде айналымға түсуін қамтамасыз ету және мақсатты түрде тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізу.
Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары аясында кешендік қолдау көрсетілуі мүмкін.
Енді осы құралдардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.
Бірінші бағыт: Жаңа жобаларды қолдау
Субсидиялау
Кәсіпкерлерден, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін не деп сұрасаңыз, көп жағдайда олар: «Банктік ставкалар тым жоғары» деп жауап береді. Десек те, мемлекет банктерден сыйақы ставкаларын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді, сондықтан өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Атап айтқанда, банктік ставка, яғни, банктік мөлшерлеме – инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің кредиттеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткішінен тұрады. Бірақ мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және де қазіргі күні әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда субсидиялар қазір ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін бөлініп отыр. Енді кредит құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.
Субсидия дегеніміз не?
Айталық, сіз, жылына 14%-дық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7%-ын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7%-ын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы.
Субсидияны қандай кредиттер бойынша алуға болады?
Субсидияны өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жаңа және қолданыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа банктік кредиттер бойынша алуға болады. Сонымен қатар бірінші бағыт бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілген банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін, алайда жобаның кемінде 30 % сомасын субсидиялауға рұқсат етіледі.
Информация о работе Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері