Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:52, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе?деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Нобел сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль –мемлекеттік реттеу . Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік дейді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе бастады

Работа состоит из  1 файл

business1_04.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

6. Банк кепiлдiк берудiң мүмкiндiктерiн  қарастыру мақсатында «Даму»  Қорына сiздiң құжаттарыңызды жібереді.

7. Оң шешім қабылданған жағдайда  «Даму» Қоры келісім алу мақсатында  Кепілдік шартын жасасуға даярлығы  жөнінде Экономикалық даму және  сауда министрлігіне хат жолдайды.

8. Экономикалық даму және сауда  министрлігімен келісілгеннен кейін  Қор банкке кепiлдiк берілерден бұрын жолданатын хатты жiбередi.

9. Кәсіпкер, Банк және Қор шартқа  отырғаннан кейін үш жақты Кепілдік шартын жасасады.

 

 

Үшжақты Кепілдік шарты

 


 




 

Кепiлдiк алу үшiн  қандай құжаттар қажет?

 

Құжат атауы

нысаны

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар пакетіндегі барлық құжаттар немесе құжаттарды қабылдап алу-тапсыру  тізімдемесі

Банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және Банк мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Банктен кредит алу өтінімі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

4

Кредитті Қаржы агентінің Кепілдігімен беру туралы Банктің уәкілетті органының шешімі, экспертные заключения кредит, кепілзат және заң және Банк тәуекелдерін басқару басқармасының сараптамалық қорытындысы

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

5

ЖКС жыл басына шаққандағы қаржы  құжаттары және өтінім берген (расшифровка кредиторлық және дебиторлық берешек соңғы есепті күнге және берешек туындаған күнді,жоспарлы өтеу күні мен берешек затын көрсете отырып, Жоба ұсылатын күнге жіктеу,негізгі қаражатты жіктеу) кезге ЖКС мөрімен расталған келесі есебі

Банк мөрімен расталған көшірме

6

ЖКС қаржы жағдайы, несие берешегінің  бар-жоғы, сонымен қатар қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, құжаттарды қарастыру кезіне шаққандағы мезгілде (№ 2 картотека) төленбеген есеп-айырысу құжаттары туралы қызмет көрсететін банктен берілетін анықтама

Банк нысаны бойынша түпнұсқа

7

Екінші деңгейдегі банктердегі  барлық шоттар туралы мәлімет

түпнұсқа

8

Лицензия – егер қызмет түрi лицензияланатын  болса, (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

Нотариалды куәландырылған көшірме

9

Жобаны іске асыруға қатысты  құжаттар (бар болса)

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

10

Бизнес-жоспар

түпнұсқа

11

Банк атынан Банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар

Банк мөрімен расталған көшірме (Банк Кепілдік шартын жасасу кезінде ұсынуы мүмкін)


 

ЖКС құқықтық мәртебесі  мен өкілеттілігін анықтайтын құжаттар  

 

Егер ЖКС жеке кәсіпкер болған жағдайда:  

 

Құжат атауы

нысаны

1

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

2

Қазақстан Республикасы салықтөлеушісінің куәлігі немесе ЖКС салықтөлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

3

Жеке кәсіпкердің мемлекеттік  тіркелгені туралы куәлігі немесе Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылған патенті

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен  салыстырып тексерген көшірмесі 

4

Қойылған қолының үлгісі және мөр бедері бар құжат

Нотариалды куәландырылған көшірме

5

ЖКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредитті есеп алуға келісімі

түпнұсқа


 

 

Егер ЖКС Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес тіркелген заңды тұлға  болған жағдайда. 

 

Құжат атауы

нысаны

1

Жарғы, құрылтайшылық келiсiм (құрылтайшы бiреу болса, құрылтайшылық келiсiм  қажет емес). Акционерлiк қоғаммен келiсiм жасауда акциялар эмиссияларының анықтамасы мен акционерлердiң реестрлерiнен көшiрме қосымша берiледi (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

Нотариалды куәландырылған көшірме

2

Кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

Нотариалды куәландырылған көшірме

3

Қазақстан Республикасы салықтөлеушісінің куәлігі;

Нотариалды куәландырылған көшірме

4

ЖКС уәкілетті органыныңбірінші басшыны  тағайындау туралы шешімі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген түпнұсқасы немесе көшірмесі;

5

Банкте және Қаржы агентінде  құжаттарға ЖКС атынан қол қоюға  уәкілеттік берілген тұлғаны жеке куәландыратын  құжат, сонымен қатар оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

6

Кепілдік тарту туралы шешім  қабылдаған ЖКС уәкілетті органының  шешімі

Нысан бойынша Қаржы агенті бекіткен түпнұсқа

7

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Нысан бойынша банк  бекіткен түпнұсқа

8

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар және ЖКС мөр бедері бар құжат

Нотариалды куәландырылған көшірме

9

ЖКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредиттік есепті алуға келісім

түпнұсқа


 

 

 

 

 

 

Екінші бағыт: Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

 
Субсидиялау

 

 

Бағдарламаның бiрiншi бағытына арналған бөлiмде бiз банктiк несиелердiң  пайыздық ставкаларын субсидиялаудың тетiктерiн қарастырдық. Дәл осы  жағдайда да қолданылатын тетiк бiр. Айырмашылығы, субсидиялар кәсiпорынның бұрын алған несиесiн арзандату мақсатында берiледi. Экономикалық өрлеу кезеңiнде кәсiпорындар өндiрiстi дамыту үшiн аса iрi көлемде кредит алды. Олар түсетiн табыстың есебiнен қайтаруға үмiттi едi. Бiрақ дағдарыс кезiнде кәсiпорын кiрiсi күрт төмендеп кеткендiктен, бүгiнде кәсiпорындардың бiразы банктер алдындағы борышын өтеуге қауқарсыз. Мемлекет келешегi жарқын компанияларға көмек қолын созуға ниеттi. Сондықтан несие бойынша сыйақы ставкаларының бiр бөлiгiн төлеуге мемлекет дайын.

 

Қандай несиелер бойынша субсидия алуға мүмкiндiк бар?

Бағдарлама аясындағы субсидияны бұған дейiн алынған несиелер бойынша алуға болады:

  • стандартты
  • 1-санаттағы күмәнді
  • 2- санаттағы күмәнді
  • 3- санаттағы күмәнді
  • 4- санаттағы күмәнді
  • 5- санаттағы күмәнді
  • үмiтсiз.

Несиелердi топқа бөлудi Қаржылық бақылау агенттiгi тарапынан бекiтiлген ережелерге сәйкес банктер жүзеге асырады.

Сонымен қатар, егер кәсiпкердің қолында  жұмыс iстеп тұрған кредит жүйесi болса, субсидиялау жоба мақұлданғаннан кейiн  де аталған кредиттік жүйе аясындағы жаңа борышты да қамтиды.

Несиенiң ең жоғарғы  сомасы қай мөлшерде болуы мүмкiн?

Субсидияланған кредит көлемi кәсiпкер-борышкердiң  жекелеген жобасы бойынша 3 млрд теңгеден аспауы тиiс. Несие сомасы әр жоба бойынша  борышкермен бiрiккен тұлға/компанияның несиесiне қатысты қарыздар қаперге алынбай, жеке есептеледi.

Тек ерекше жағдайда ғана Экономиканы  модернизациялау жөнiндегi мемлекеттiк  комиссия борышкер-кәсiпкерге Бағдарламаның 3 млрд теңгеден астам несие алуына мүмкiндiк беретiн екiншi бағытына қатыстыруға шешiм қабылдауы мүмкiн.   

Субсидиялар қанша мерзiмге  берiледi?

Субсидиялау мерзiмi 3 жылдан аспайды.

Қаржылық көмек алуға  қанша уақыт кетедi?

Жобаны қарастыруға және бекiтуге қатысты шараларға шамамен екi ай уақыт қажет. Жұмыс iстеп тұрған несиеге қатысты кредиторлық қарыз көлемi кредиторлар комитетiне өтiнiш бiлдiрiлген күннен бастап жазылады. Сауықтыруға қатысты көмек осы сомаға байланысты берiледi.

 

Пайыздық мөлшерлеменің қандай бөлігін мемлекет жабады?

кредит бойынша сыйақының  номиналды мөлшерлемесі жылдығы кемінде 12%  (теңгемен берілген кредит) және жылдығы кемінде 10% (валютамен берілген кредит) кредиттерге ғана субсидия бөлінеді, оның:

  • 7% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) Борышкер төлейді;
  • 5% (теңгемен және валютамен берілген кредит болса) мемлекет өтейді.

Соның өзінде Банк:

  • Борышкер бастамашылық ететін кредиттеу шарттарының өзгеруімен байланысты;
  • Борышкердің кредит бойынша міндеттемені бузуына байланысты өндіріп алынатын кредитке байланысты комиссия, алым немесе өзге төлемдерден бөлек, ешқандай комиссия, алым немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.

 

Бағдарламаға кiмдер қатыса алмайды?

 

  • минералдық шикiзаттарды өңдеумен айналысатын металлургиялық өндiрiс кәсiпорындары және iрi салық төлеушiлер тiзiмiне енгендер;
  • өзiнiң қаржылық-экономикалық ахуалы, несиелiк немесе басқа да қарыздары туралы ақпаратты толық көрсетуге келiспейтiн кәсiпорындар;
  • кредиторлық комитетте қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспарын мақұлдатпаған кәсiпкерлер Бағдарламаға қатыса алмайды.

 

 

Сауда саласындағы кәсіпкерлер  Бағдарламаға қатыса алады ма?

Жоқ, қатыса алмайды, тек сауда желілерін салуға және пайдалануға бағытталған кредиті бар, қазақстандық тауарөндірушілердің мынадай қолдау бағдарламалары бар кәсіпкерлер болмаса:

- тауар жеткізуді жүзеге асырушы қазақстандық өндірушілермен кемінде 2 жылға шарт жасасу;

- қазақстандық өндірушілердің тауарларын іске асыру - кемінде 30% тауар ассортименті;

- қазақстандық тауарлардың тауарайналымы – өткен есепті жылдағы жалпы тауарайналымында кемінде 60% ;

- азық-түлік тауарларын, оның ішінде азық-түлік кәрзеңкесіне кіретіндерін, бөлшектеп сатуды жүзеге асыру;

- қызметін сауда нысаны аумағында жүзеге асырушы қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы сауда көлемінің кемінде 60% көлемін беру;

- қазақстандық өндірушілер және/немесе өндірушілермен үлестес қазақстан өндірушілерінің тауарларын жеткізуді жүзеге асырушы кәсіпкерлер алдындағы тауарларды қабылдап алған күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді жүзеге асыру;

- қазақстан тауарларын сату сөрелерінде орналастыру бойынша барынша тиімді талаптар ұсыну

- қазақстандық өндірушілер үшін кіріс боеустарының күшін жою;

- сауда желілері есебінен сауда желілері өткізетін қазақстандық өндірушілердің жарнамалық  акцияларын жүзеге асыру;

- жергілікті атқару органдары мен сауда кәсіпорындары арасында негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу.

Банктердің бұрынғы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін сауда желілерін іріктеу критерийі:

- негізгі қызмет түрі бойынша кемінде құрамында 100 адам жұмыс істейтін бөлшек сауданы жүзеге асырушы;

- дүкендерінің жалпы көлемі - кемінде 2 000 шаршы.м;

- акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының резидентіне (резиденттеріне) не болмаса Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлерге тиесілі заңды тұлғаның меншік құқығында болуы;

Кәсіпорынның сол салада жұмыс  істеу кезеңі - кемінде 2 жыл;

2 және одан көбірек сауда объектілерінің болуы.

 

 

 

 

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша  басқа да мемлекеттiк қолдау шаралары

 

Сауықтыру бойынша мемлекеттiк  қолдаудың басқа да шаралары Мемлекеттiк  комиссияның арнайы жұмыс тобы ұсынған  кеңестердi ескере отырып, жеке-жеке қолданылады. Аталған жұмыс тобы кәсiпорындарды  Бағдарлама талаптары мен жалпы мемлекеттiк саясат басымдықтарына қаншалықты сәйкес келетiнiне қарай iрiктеп алады. Сонымен қатар, кәсiпорындар қызметiнiң аймақтар үшiн қаншалықты маңызы екiндiгi де қаперге алынады.

 

Кәсiпорынды сауықтыру  бағдарламасына қалай қатысуға болады?

 

1. Алдымен қарызыңыз көп банкке (егер бiрнеше банк-кредиторлардан  алған борышыңыздың көлемi бiрдей  болса, бiр банктi өз қалауыңыз  бойынша таңдауыңызға болады) сауықтыру  туралы өтiнiшпен барасыз.

Өтiнiшке:

а) үш жылға арналған сауықтыру  жоспары, онда келесідей мәлімет  көрсетілуі тиіс:

Жоба бойынша кредит сомасы (негіз борыш бойынша қалдық) 750,0 млн. теңгеге дейін:

 

Тарау І. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

  • Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;
  • Борышкер жобасының қысқаша мазмұны (несиенің міндетті түрде Бағдарлама бойынша басым бағыт саласына сәйкестігі);
  • - қызмет түрі, сонымен қатар борышкер қызметі саласының тармағын көрсету (ЭҚЖС кодын көрсету);
  • - борышкердің кредитті өтеу міндеттемесін орындамауының себебін ашып көрсету.

Информация о работе Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері