Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:52, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе?деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Нобел сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль –мемлекеттік реттеу . Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік дейді.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе бастады

Работа состоит из  1 файл

business1_04.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Борышкерді сауықтыру бойынша  шаралар (өндіріс жоспары):

  • Борышкер тарпынан қолданылатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша шаралар.
  • Жұмыс орындарының санын, соның ішінде әйелдердің санын 3 жыл ішінде арттыру бойынша жоспар (әр жылға бөле отырып).
  • Бюджетке салықтық аударымдарды арттыру.
  • Мероприятия по оздоровлению должника со стороны Банка:
  • списание штрафов и пени;
  • предоставление отсрочки по погашению основного долга;
  • снижение ставки вознаграждения.
  • Прогнозная оценка результатов проекта:
  • - планируемые показатели роста в результате выполнения плана оздоровления (мощность, объем выпускаемой продукции, прибыль, отчисления в бюджет и т.д.);
  • прогнозный отчет о движении денежных средств (поквартально) на срок субсидирования;
  • размер и срок субсидирования на 2011 год и на 3 года.

 

Кредит сомасы 750,0 млн. теңгеден асатын жобалар бойынша:

Тарау І. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

1.1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

  • Борышкер жобасының қысқаша мазмұны (несиенің міндетті түрде Бағдарламаға бойынша басым бағыт саласына сәйкестігі);
  • Борышкер мәртебесі – кіші не орта кәсіпкерліктің субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі;
  • Борышкердің акционерлері/мүшелері жөніндегі мәлімет (үлестерін көрсете отырып);
  • Борышкердің бірінші басшысы туралы мәлімет;
  • Сауықтыру өтінішін берген күнге дейінгі Борышкердің активтері туралы мәлімет.

1.2. Бағдарлама басымдықтарына сәйкестігі. Қызмет түрлерінің қысқаша мазмұны (ЭҚЖЖ сәйкес Борышкердің қызмет түрін және саласын көрсете отырып).

    1. Қолданыстағы несие туралы ақпарат:
  • несиені беру мерзімі, несие сомасы, негізгі борыш бойынша қалдық қарыз, несие мерзімі, несие бойынша қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесі;
  • Сауықтыру өтінішін берген күнге дейінгі несиені өтеу бойынша өткізіп алған күндер саны (болған жағдайда);
  • өтінішті берген күнге дейінгі айыппұл, өсімпұл мөлшері (болған жағдайда);
  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №296 қаулысымен бекітілген «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережелеріне» сәйкес өтініш бергенге дейінгі соңғы есепті күндегі несиенің жіктемесі;
  • несиенің мақсаты туралы ақпарат;
  • айналым қаражатын толықтыру үшін берілген несиелерді қоспағанда, несиенің мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын құжаттар көшірмелері (несиені мақсатқа сай қолдану актісі);
  • Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізімін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы №1344 Қаулысына сәйкес қарыз алушының атауы Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізімінде жоқтығын растайтын құжат;
  • несиенің акцизделетін тауарларды өндіруді көздемейтін жобаны жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын растайтын құжат;
  • ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуге берілген несие бойынша субсидиялаудың болуын/болмауын растау (бар болған жағдайда);
  • тікелей несие беруші болып мемлекеттік даму институттары табылатын несиенің болу/болмауы туралы ақпарат. 

Несие бойынша міндеттемелерді  Борышкердің өтемеу себептерінің сипаттамасы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы:

  • еңбекақы бойынша қарыздарды қоса алғанда, үшінші тұлғалар (контрагенттер, басқа банктер мен қаржылық мекемелер, бағалы қағаз ұстаушылары және т.б.) алдындағы қарызы туралы ақпарат;
  • алдыңғы қаржылық жыл мен ағымдағы қаржылық жылдың есептік кезеңдегі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да мінетті төлемдер туралы ақпарат;
  • Борышкердің несие бойынша кепілзатпен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат. . Борышкерді сауықтыру бойынша шаралар (өндіріс жоспары).
  • Борышкер тарпынан қолданылатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша шаралар.
  • Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы.
  • Борышкердің өз қаражаты есебінен жобаны қосымша қаржыландыруға даярлығы.
  • Жоспарланған ұйымдастырушылық және құрылымдық өзгерістер.
  • табыстылықты арттырудың әдіс-тәсілдері.
  • Ұйым шығындарын қысқарту әдістері (әкімшілік шығыстарды қысқарту, операциялық шығыстарды оңтайландыру және т.б.).
  • Сауықтыру жоспарын орындаудың болжамды мерзімдері.
  • Жұмыс орындарының санын, соның ішінде әйелдердің санын 3 жыл ішінде арттыру бойынша жоспар (әр жылға бөле отырып).
  • Бюджетке салықтық аударымдарды арттыру.
  • Борышкер тарпынан талап етілетін сауықтыру шарлары.
  • Мерзімі мен көлемін көрсете отырып сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
  • Бюджетке салықты төлеу мерзімін ұзарту (егер қаласа).
  • Мемлекеттік қолдаудың өзге шаралары (егер қаласа).

Борышкерді Банк тарапынан сауықтыру шаралары:

- айыппұлдар мен төлемақы өсімін есептен шығару;

- негізгі борышты өтеу мерзімін кейінге қалдыру;

- сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

- өзге шаралар.

Жоба нәтижесін болжамды бағалау  :

- сауықтыру жоспарын орындау нәтижесіндегі жоспарлы өсу көрсеткіштері (шығарылатын өнімнің қуаттылығы, көлемі, пайда, бюджетке аудару және т.б.);

- ақша қаражатының субсидиялау мерзіміне жылжуы (тоқсан бойынша) туралы болжамды есеп;

- 2011 жылға және 3 жылға субсидиялау мөлшері мен мерзімі.

 

 

б) Сауықтыруға арналған қосымша құжаттар тізімі:

- Борышкердің құрылтай құжаттарының  көшірмелері (Жарғы, Статистикалық  карта, Заңды тұлғаны мемлекеттік  тіркеу туралы куәлік, ҚР салық  төлеушісі ретінде мемлекеттік  тіркеу туралы куәлік);

  • алдыңғы есептік жылдағы статистикалық есептілік бойынша құжаттар көшірмелері;
  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық борыштың бар-жоғы туралы салық органымен Сауықтыру өтінішін бергенге дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде берілетін анықтама көшірмесі;
  • алдыңғы 12 күнтізбелік ай ішіндегі басқару есебінің көшірмесі; 
  • Бухгалтерлік баланс, пайда және шығын туралы есеп пен ақша қаражатының алдыңғы есептік жылдағы айналымы туралы салық органымен расталған есептің көшірмесі (салықтық заңнамаға сәйкес бар болса);

- Сiздiң өтiнiшiңiз қолына тиген  банк үш күннiң iшiнде өтiнiшiңiздiң  келiп түскенi туралы Қазақстан  қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА)  мен «Даму» Қорына хабарлауы  тиiс. 

2. ҚҚА сiздiң кәсiпорныңыздың  барлық кредиторларынан комитет  құрады (егер кәсiпорынның несиелер бойынша 100%-дық қарызы болса).

3. Кредиторлар комитетi сiздiң  кәсiпорныңыздың қаржылық-экономикалық  жағдайы және оның Бағдарлама  талаптарына қаншалықты сай келетiндiгi  туралы сараптама жасайды. Сондай-ақ, комитет сiзбен кәсiпорныңызға қатысты шынайы және толық ақпарат беру туралы келiсiмге отырады.

 

Қалауыңызға қарай, комитет құрамына сәйкес келетiн салалық ассоциация өкiлi мүшелiкке өте алады.

 

Егер сiздiң тек бiр ғана кредиторыңыз болса, жағдай әлдеқайда жеңiлдейдi. Комитет құру мұқтаждығы жойылады және кәсiпорныңыздың қаржылық-экономикалық ахуалы туралы толық ақпарат беру келiсiмi тек бiр банкпен ғана бекiтiледi. Кәсiпорныңызды сауықтыру жоспары да сол банк-кредитормен бiрге келiсiледi.

 

4. Сiздiң құжаттарыңыз қаралып  бiткен соң, кредиторлар комитетi сiздiң Бағдарламаға қатысатындығыңыз (немесе қатыспайтындығыңыз) туралы шешiм қабылдайды да, қабылданған шешiмдi хаттама түрiнде рәсiмдейдi.

5. ҚКА (кредиторлар комитетi) хаттама  мен сiздiң кәсiпорныңыз туралы  барлық ақпаратты «Даму» Қорына жолдайды.

 

 

                                                           1


                                                         


 


 12


                                                                     2  11


2

                                                         

                                                           6


                                                         

         


                                   3                   7   10

 

                                                                                                                   8


  


      


 

 

 


  1. Қор, өз кезегінде, субсидиялау бойынша кепілдеме береді және материалдарды одан әрі ҚР ЭДСМ-не жолдайды.
  2. ЭДСМ де өз кепілдемесін береді және материалды жедел түрде Жұмыс тобының қарауына шығарады.
  3. Жұмыс тобы, дұрыс шешім қабылданған жағдайда, Сіздің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуыңыз туралы хаттамаға қол қояды:
  • Банктер-кредиторларкредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
  • салық пен бюджетке өзге міндетті төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру (төлеушіден ұсталып қалынатын ЖТС бөлек);
  • жоспар аясындағы өзе шаралар бойынша.

Жұмыс тобы хаттаманы  ЭДСМ-не жолдайды.

  1. ЭДСМ хаттаманы назарға алады да оны Қорға жібереді.
  2. Қор қабылданған шешім туралы ҚҚА (Кредиторлар комитеті) мен Борышкерді хабардар етеді.  
  3. Жұмыс тобының хаттамасын қолыңызға алғаннан кейін, Сіз әрбір Банкпен- кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша қайта шарт жасай аласыз. Жаңа шарттардағы кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме Бағдарламамен осы бағыт үшін белгіленген деңгейде тіркелуі тиіс, оның 7% сіз төлейсіз, ал қалған бөлігін мемлекет төлейді.
  4. Енді соңғы кезең: Сіз, Банк және Қор арасында Субсидиялау шарты жасалынады, соның шеңберінде Сіз және Қор Банкке сыйақы мөлшерінің тиісті бөлігін төлейсіздер.

 

 

Үшжақты субсидиялау  шарты

 


 




 

Кәсiпорынды сауықтыру  бағдарламасы бойынша көрсетiлетiн  мемлекеттiк көмектi алу үшiн қандай құжаттар қажет?

1) Кредиторлар комитетiнiң хаттамасы;

2) үш жылға арналған сауықтыру жоспары. Онда даму мен өзгерудiң негiзгi бағыттарының жоспары (оның iшiнде болжанып отырған ұйымдастырушылық және құрылымдық өзгерiстер, табысты ұлғайтудың әдiс-тәсiлдерi, мекеменiң шығындарын қысқарту, өзгертудi/қайта қалпына келтiрудi жүзеге асырудың жоспарланып отырған мерзiмi, т.б.), жоспарланған өндiрiстiк бағдарлама (егер бар болса); қаржылық жоспар (инвестициялау мен қаржы көздерiн қалыптастыруға, т.б. деген мұқтаждық);

 

 

 

 

 

 

Үшінші бағыт:

Кәсіперлердің валюталық  тәуекелдіктерін төмендету

 

Бүгiнде мұнай мен металл экспорты Қазақстанға келетiн валюталық кiрiстердiң тұрақты ағынын қамтамсыз етiп отыр. Ал бiз ертең сыртқы нарыққа не бере аламыз? Бұл шикiзаттық емес сала кәсiпорындарының қалай дамитындығына байланысты. Дамудың мемлекеттiк бағдарламалары осындай өнiдiрiстердi қолдаудың саналуан шараларын қарастыруда. Атап айтқанда, «Бизнестiң жол картасы 2020» экспортшыларға банк кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды қаржыландыруды ұсынады.

 

Көмек алуға қандай кәсiпорындардың  мүмкiндiгi бар?

 

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

    • тау-кен өнеркәсібі;
    • минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.

 

Кредит сомасы қай  көлемде болуы тиiс?

Қаржыландыру бiр немесе бiрнеше  кредит бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бiрақ соманың жалпы көлемi 3 млрд теңгеден аспауы керек.

 

Субсидиялар қанша мерзiмге  берiледi?

Қаржыландыру мерзiмi бiр жылдан үш жылға дейiн. Сондай-ақ, алдағы уақытта  мерзiмдi 10 жылға дейiн ұзартуға мүмкiндiк  бар.

 

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі қандай болуы тиіс?

14% (теңгемен берілген кредит болса) аспайтын және 12% аспайтын (валютамен берілген кредит болса) мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия беріледі

Сонымен мемлекет 8% (теңгемен берілген кредит болса) және 7% (валютамен берілген кредит болса) төлейді, ал кәсіпкер Банкке-кредиторға қалған 6% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) төлейді.

 

Банктердің комиссиясы қандай?

 

Банк несиеге қатысты ешқандай комиссия, алым немесе төлемдердi талап етпейдi. Тек:

Информация о работе Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері