Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:08, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда нан өндіретін кәсіпорындардың ішінде ЖШС «Меркур-Нан» жоғарғы сұранысқа ие болып табылады. Нан зауытының негізгі мақсаты - сапалы өнім шығару, шикізат пен дайын өнімнің сапасының ГОСТ талабына сай екенін анықтау үшін, нан зауытында қазіргі заманғы технологиялық зертханалар бар. Жұмыс тәжірибесі және соған сай білімі бар кәсіби мамандардың аркасында, зауытта тұрақты түрде жоғары сапалы өнім шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................5
1.1 Табыс ұғымыны экономикалық мәні мен мазмұны, түрлері......................................................................................................................5
1.2 Кәсіпорында табысты тарату мен оны пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі...............................................................................................................16

2. «МЕРКУР НАН» ЖШС-ң ТАБЫСЫНЫҢ БӨЛІНУІН ТАЛДАУ........21
2.1 Кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлатудың жолдары..................21
2.2 «Меркур нан» кәсіпорнының табысының бөлінуі………………………...25

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

Работа состоит из  1 файл

Айка курсовой.doc

— 203.00 Кб (Скачать документ)

 

 



                                                     ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................5

1.1 Табыс ұғымыны экономикалық мәні мен мазмұны, түрлері......................................................................................................................5

1.2 Кәсіпорында табысты тарату мен оны пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі...............................................................................................................16

 

2. «МЕРКУР НАН» ЖШС-ң ТАБЫСЫНЫҢ БӨЛІНУІН ТАЛДАУ........21

2.1 Кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлатудың жолдары..................21

2.2 «Меркур нан» кәсіпорнының табысының бөлінуі………………………...25

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................28

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанды үздiксiз жоғары сапалы өнiмдермен қамтамасыз ету, бiздің егемендi мемлекетiмiздің даму бағдарламасында жүзеге асыратын маңызды бiр бөлiмi болып табылады.

Сондықтан да нарықтық экономиканың алға басуының нәтижесiнде Қазақстанда тамақ өнеркәсiбiндегi нан өндiрiсiне аса зор көңіл бөлiнедi. Нан өнеркәсiбi кәсiпорын сандары, өнiм көлемi мен маңыздылықы бойынша және механизациялау деңгейi жағынан тамақ өнеркәсiбiнің жетекшi салаларының бiрi болып табылады.

Қазiргi кезде республикадағы iрi тамақ өндiрiс орындарының бiрi –  «Меркур нан» ЖШС. Ол тек Қазақстанды ғана емес дұние жүзiне мәлiм, дәлiрек айтқанда 100 елге танымал. Оның өнiмi өте сапалы халықаралық стандартқа сай болып табылады.

Сонымен қатар «Меркур нан» ЖШС-гi нан өнiмдерiнің бiрнеше түрiн өндiредi және күнделiктi түтынады. Кәсiпорынның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлар ғана емес, iшкi факторлар да әсер етедi. Iшкi факторлардың ең бiр маңызды көрсеткiштерi – табыс және өткiзу көлемi мен бiрге пайда болып табылады.

Нарық жағдайында меншiктер мен менеджерлер, табыс көлемiне сүйене отырып, кәсiпорынның дивиденттерi мен инвестициялары, саясат туралы мәселелердi қарастырып, оныі әрi қарай дамуын шешiп отырады.

Нарық жағдайындағы табыс дегенiмiз, жылжымалы күш әрi өндiрiс қоры мен шығарылатын өнiмдердi жаңартып отыратын бастау.

Табыс – жұмыс ұжымы  мүшелерiнің әлеуметтiк жағдайының бұлағы. Табыс арқылы кәсiпорын алдымен салық пен дивиденттер, сонымен қатар резерв қорларын құруды шешкеннен кейiн, қызыметкерлердi ақшалай ынталандырып, оларға әлеуметтiк жағдайлар жасау мен басқа да шараларды iске асырады.

Қазіргі таңда нан  өндіретін кәсіпорындардың ішінде ЖШС «Меркур-Нан» жоғарғы сұранысқа ие болып табылады. Нан зауытының негізгі мақсаты - сапалы өнім шығару, шикізат пен дайын өнімнің сапасының ГОСТ талабына сай екенін анықтау үшін, нан зауытында қазіргі заманғы технологиялық зертханалар бар. Жұмыс тәжірибесі және соған сай білімі бар кәсіби мамандардың аркасында, зауытта тұрақты түрде жоғары сапалы өнім шығарылады. Жарты жыл ішінде «Меркур-Нан» өнімі тұрақты тұтынушылардың сенімінен шыга алды, бұл туралы өндіріс көлемі, сондай-ақ жоғары сапалы өнім үшін алған жүлделері куә бола алады.2005 жылы Алматы қаласының әкімі И. Тасмағамбетов ЖШС «Меркур-Нан» өнімін «Жоғары сапалы өнім үшін» дипломмен марапаттады, сондай-ақ                2004-2005 ж.ж. сәуір айында «Қазақстанның азық-түлік нарығы» атты халықаралық көрмесінде алтын медальдармен марапатталды.

Курстык жұмыстың мақсаты – iрi кәсiпорындардың  бiрi  «Меркур нан» ЖШС-нің табыстылықына толық талдау жүргізу, кәсiпорынның басқару құрылымын зерттеу, кәсiпорындағы табыстылықты тиiмдi пайдалану бойынша iс-шаралар жобасын жасау.

Бiрiншi бөлiмде «Кәсiпорында табыстылықты пайдаланудың экономикалық мәнi мен маңызы» - табыстылықтың мәнi мен маңызы, табыстылықты есептеу тәсiлдерi және оған әсер ететiн факторлар және оны жақсарту жолдары сипатталады.

Екiншi бөлiмде  «Меркур нан» ЖШС-нің қызметiне талдау, кәсiпорынның шаруашылық - өндiрiстiк қызметiне сипаттама берiледi және табыстылықты пайдалану мөлшерiне әсер ететiн факторлар мен көрсеткiштерге талдау жүргізiледi.

 

 

 

 

 

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

 

1 1. Кәсiпорын табысының экономикалық мәнi мен мазмұны, түрлері

 

Нарықта  негiзгi шаруашылық субъектiлерi болып, жеке кәсiпкерлер (жеке түлғалар), мен кәсiпорын (заңды түлға) саналады. Осы айырмашылықтар шаруашылық түрiнде, табыстың негiзгi ерекшiлiктерiнің құрылуын және орналасу жүйесiн қамтамасыз етедi. Берiлiп отырған жұмыс кәсiпорын табысының мәселелерiне арналады. Негiзгi сүраққа тоқталсақ, ол шаруашылық субъектiсiнің табысын сипаттау. Экономикалық нарық жағдайындағы, осы кәсiпорын табысының рөлiн қарастырайық:

Кәсiпорын табысы, кәсiпкер iс-әрекетiнің негiзгi мақсаты болып табылады. Негiзгi бизнестің ерекше құрылуынан бастап, оның басты мақсаты, кәсiпорын меншiгiнің жоғарғы сатыға өсу қарқындылығы. Бұл өсiмдiлiктің сипаттамасы ағымдағы және кейiнге қалдырылған табыстың күрделi қаржы түрiндегi мөлшерi болып табылады. Егер кәсiпорын меншiгiне жоғарғы көлемдегi табыс қажет болса, кәсiпкерлiк iс-әрекетiне толықтай қарқындылық ағымы қажет болады. Сол жағдайда мынандай сұрақ туындауы мүмкiн. Жоғары табысқа жету үшін осындай қарқынмен кәсiпорынның менеджерлерi және басқа да қызметкерлердің iс-әрекетi қажет болып табыла ма?

Кәсiпорын меншiгi болып табылмайтын менеджерлер үшін олардың басқаруындағы, табыс түрi iс-әрекетiнің негiзгi өлшем табысы болып есептелмейдi. Кәсiпорын табысының өсу қарқыны осы менеджерлердің нарықтық бағасына өсiредi, яғни олардың жалақысын өсiру жайлы сөз қозғалып отыр, немесе керiсiнше, егер олардың басқаруындағы кәсiпорын табысының жүйелi түрде күрт төмендеуi, олардың жеке қызметiнің өсуi мен келесi жұмысқа тұру мүмкiншiлiгiне  керi әсерiн тигiзiп, керi жағдайдағы нәтижеге әкелiп соқтырады.

Ал, қалған қызметкерлер үшін кәсiпорын табысының мөлшерi дәл осы сияқты iс-әрекеттің нәтижесi болып табылады, әсiресе кәсiпорын бағдарламасындағы жалдамалы жұмысшылардың қатысуымен болған табыс түрi. Кәсiпорын табысы тек ғана олардың iс-әрекетi нәтижесiнің кепiлдемесi ғана емес, сонымен қатар, белгiленген мөлшерде, еңбектерiне қарай қосымша марапаттау және әлеуметтiк қажеттiлiктер қатарын қамтамасыз етедi.

  1. Кәсiпорын табысы мемлекеттің экономикасын толықтай дамытудың базасын құрайды. Орналасу механизмi, кәсiпорын табысының алдын-ала салық жүйесi арқылы мемлекеттiк бюджеттің табыс бөлiгiн  толықтыруға мүмкiндiк бередi. Табыс, барлық сатыда (жалпымемлекеттің жергiлiктi) мемлекетке сәттi түрдегi күрделi салымдағы функцияларды мен құрастырылған бағдарламаларды экономикалық дамуда iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, әйгiлi принциптi жүзеге асыру мемлекет байлығы, оның азаматтарының байлық деңгейiмен сипатталады және де кәсiпорын табысының өсiмдiлiгiмен тығыз байланысты, яғни оның тұтынушылары мен қызметкерлерiнің табыс өсiмiн қамтамасыз етедi.
  2. Кәсiпорын табысы, нақты өндiрiс iс-әрекетiнің жүйелi белесi болып саналады. Кәсiпорын табысының жеке деңгейi өндiрiстің жеке саласымен салыстырғанда, бейiмдiлiк әрекетiмен сипатталады. Ол нарықтың экономикадағы басқарушыларын сәттi түрде шаруашылық әрекеттерiн қалыптастырады. Орташа өндiрiс саласының табыс деңгейi нарықпен және басқа да сыртқы факторлармен сипатталады, Ол өндiрiстің тиiмдiлiгiн анықтайды және негiзгi бастамасы болады. Сондықтан табысты тиiмдi салада пайдалану қажет болып табылады. Құн, нарық ережесi бойынша сәйкестендiрiлiп,қанағаттандырылмаған сұраныстарды белгiлi көлемiмен толықтырып, ортақ және жекеше қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
  3. Табыс, кәсiпорын қорының құрылуының негiзгi iшкi көзi болып табылады. Жүйедегi iшкi қорлардың құрылымы табыстың басты рөлiне жатады. Кәсiпорын табысының шаруашылық әрекетiнің деңгейi жоғары болған сайын, сыртқы өнiм көздерiнің қаржылай табысы төмендейдi немесе басқалай шарттармен салыстырғанда, оның дамуындағы өзiндiк қаржыландыру деңгейi жоғары болған сайын, дамудың стратегиялық мақсаты қамтамасыздандырылады. Нарық кезiнде кәсiпорынның бәсекелестiгi артады. Сондықтан, кейбiр iшкi кәсiпорынның қаржы қорларының құрылуындағы табыс, тұрақты өнiм көзi болғандықтан, ол өте кең ауқымдағы шаруашылық өндiрiсi болып табылады.
  4. Табыс – кәсiпорынның нарықтық құн өсiмiнің басты көзi болып табылады. Капитал құнының өзiндiк өсу құнының ерекшелiгi, активтердің өсу бағытына қарай, кәсiпорынның күрделi құны бөлiгiнің табысы арқылы қамтамасыз етiледi. Капитализация деңгейiнің құны жоғарылаған сайын, оның таза актив құндары жоғары қарқынмен өсiп отырады (өзiндiк капитал құрылымдарының есебiндегi актив).  Кәсiпорынның нарықтағы құны, оның сатылу, пайда түсу, өнiмнің өтелуi және басқа жағдайлар арқылы анықталады.
  5. Кәсiпорын табысы, қоғамның әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру көзi болып табылады. Табыстың әлеуметтiк рөлi – алдымен әртүрлi процесстерге бюджет арқылы бөлiнген салық салымына байланысты әртүрлi ортақ мемлекеттiк және жергiлiктi бағдарламалар. Ол тұрғылықты әлеуметтiк қорғауға алынбаған қоғамдағы мүшелердi қанағаттандырып, оларға қызмет көрсетедi. Одан басқа, мұндағы басты рөл кәсiпорын табысының пайдасын қанағаттандыруға арналады да оның қызметкерлерiнің әлеуметтiк мәселелерiнің бiр бөлiгiн қамтиды (әлеуметтiк бағдарламалар, қызметтiк келiсiм-шарттар мен колективтiк құрам бөлiгi). Табыстың белгiлi әлеуметтiк рөлi былай анықталады: ол кәсiпорынның қайырымдылық iс-шараларына қызмет көрсетедi, яғни жекешелендiрiлген мекемелердi қаржыландыруға, әлеуметтiк орталықтарды, азаматтарға материалды көмек көрсетуге бағытталады.
  6. Табыс – кәсiпорынды қауiп-қатерден, банкротқа ұшыраудан сақтайтын негiзгi қорғаушы механизм болып табылады. Бiрақ мұндай қауiп-қатерлер кәсiпорынның шаруашылық әрекеттерiнің шарттарынан туындауы мүмкiн. Капиталдың үлкен көлемдегi үлес қарызы әсiресе қысқа мерзiмдi, активтердің ликвидтi басқару нәтижелерi және де басқа жағдайлар. Басқа тең дәрежедегi шарттар нәтижесiнде, кәсiпорын табыстың ауқымды потенциалы арқылы дағдарысқа ұшырау жағдайынан сәттi түрде алып шыға алады. Табыстың капитализациясы есебiнен бөлiнген активтердің үлесi тез көтерiледi (төлемдердің қайта құрылуы), капиталдың жеке үлесi жоғарылайды, пайдаланылған қарыз көлемiнің төмендеуi салдарынан, (қаржы тұрақтылығы жоғарылайды), резервтiк қаржы қорлары құрылады.

Нарық экономикасындағы табыстың ролiн сипаттай келе көптеген экономистердің ойына сүйенсек, бұл рөл әрқашан позитивтi емес, яғни табыстың жекелеген түрлерi жеке азаматтардың тұрақтануына қызмет көрсетедi, қоғамға толықтай пайда келтiрмейдi. Бұндай табыстың бiрнеше түрлерi бар: 

          • арбитраждар арқылы жасалынған табыс
          • монополиялық әрекеттерден тыс табыс
          • кәсiпорынның тендр арқылы табысы

    Осы көсетiлген  функциялардан, маңызды экономикалық  категорияларды түжырымдауға болады. Олар 3-ке бөлiнедi: 

1) Табыс кәсiпорынның бегiлi критериясы және тиiмдi әрекетiнің көрсеткiшi болып табылады. Басқаша айтсақ табыстың өзiндiк фактiлерi кәсiпорынның тиiмдi әрекеттiнің өзiндiк куәсi болып есептеледi. Бiрақ ол өзiндiк тұлғалар  және несие берушi жеке адамдар үшін, кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiне куәгер бола  алмайды, өйткенi кәсiпорынға анау-мынау табыс емес, тұрақты болуы керек. Оның өсiмi барлық қызығушы тұлғаларды қанағаттандыра алатын, яғни кәсiпорынның меншiктерiн, олардың жұмысшыларының және несие берушiлерiнің көңілiнен шыға алатын табыс болуы қажет.

2) Табыс стимуляциялық  функцияларды басқарады. Ол кәсiпорынның тұрақты қаржы нәтижелерiн көрсете отырып, нарық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Осының нәтижесiнде алға қойылған мақсат шаруашылықтағы субъектiнің экономикалық ерекшелiгiн айғақтайды, табыс өсiмiнен туындайтын пайда өнiмi, яғни ұлттық экономикалық алгоритмнен қабылданғандықтан, оған салық салымы да қосылады.

Табыс – бұл капитал меншiгiнің негiзгi өсу көзi болып табылады. Нарықтық қатынас шарттарында жекеменшiктер және менеджерлер назары табыс көлемiне бағытталған, яғни кәсiпорынның орналасу тәртiбiне қалдырылып, дивидентi және инвестициялық саясат жайлы шешiмi қабылданып, кәсiпорынның даму жолын тiркеуге алады.

Табыс нарықтық экономикада  қорғаушы күш, әрi өндiрiстiк қор және шығарылатын өнiм көзi болып табылады. Табыс әлеуметтiк жұмысшы ұжым мүшелерiнің негiзгi көзi. Табыс есебiнен кәсiпорын ережесiндегi салық және дивиденттiк өтемдер төленгеннен кейiн басқа да есептен тыс (мысалы, резевтi қорларды құрайтын) жұмысшылардың материалды мұқтаждықтарын қанағаттандырады, оларға әлеуметтiк жеңілдiктер жасалады.

3. Табыс – әртүрлi саладағы бюджет қорларын құру көзi. Ол бюджетке салық түрiнде енедi де, экономикалық санкцияларды әртүрлi мақсаттарда қолданады, яғни заңды түрде қаралатын бюджеттiк шығынды анықтайды. Сондықтан, кейбiр iшкi кәсiпорынның қаржы қорларының қалыптасуындағы табыс, тұрақты өнiм көздерi және өте кең, ауқымды көлемдегi шаруашылық өндiрiсi болып табылады.

Осылайша кәсiпорынның табысы, оның негiзгi экономикалық және әлеуметтiк дамуының негiзгi факторы болып табылып, кәсiпкер әрекетiнің мақсатынан туындалады. Қазiргi заманда батыс экономистерi кәсiпорын мақсатын былайша орналастырады:

  1. кәсiпорын меншiгiнің максимизациясы;
  2. табыс максимизациясы;
  3. басқару марапаттамасының максимизациясы;
  4. бижевиористi мақсат;
  5. әлеуметтiк жауапкершiлiк;

Қазiргi заманғы батыстың басқару теориясы мынандай түжырымдамалар бойынша iс жүргізедi, яғни бизнестің басты мақсаты, меншiктердің өзiндiк өсiмiнің материалды қызығушылығын арттыру. Жоғарыда көрсетiлген басқа мақсаттар компанияның саясатына әсер етедi, бiрақ олар бастапқы мәселелермен салыстырғанда өте маңызды емес.

Осындай мақсатпен iстелiнген жұмыс, батыс экономикасының даму деңгейiн толық қанағаттандыруға өте қолайлы. Табыс максимизациясы қысқа мерзiмдi сауалдардың шешiмiн қабылдайды, ал сол уақытта меншiк максимизациясы   ұзақ мерзiмдi сауалдардың шешiмiн қабылдайды. Өйткенi, меншiк иелерiн көбiне дәл сол уақыттағы және болашақтағы табыс мөлшерi көп қызықтырады.

 Бiздің Қазақстандағы қазiргi жағдайда, кәсiпорындардағы экономикалық дағдарысқа, табыс мөлшерiнің төмендiгiне байланысты қысқа мерзiмдi сауалдарды шешуге тура келедi. Сондықтан, Қазақстандық кәсiпорындардың шетел компанияларынан өзгешелiгi бiзде меншiк мәселесiнен бұрын табыс максимизациясымен айналысады.

Кәсiпорын табысы - өте қарапайым, әрi  нарық экономикасында күрделi категория. Оның қарапайымдылығы былай анықталады. Табыс – нарық экономикасында басты қорғаушы күш пен оны туындататын саладағы кәсiпкерлер. Ал оның күрделiлiгi әртүрлi жағдайлармен анықталады. Мысалы, негiзiнен табыс түрлерi оның абсолюттi және қарама-қарсы көрсеткiштерi арқылы анықталады.

Қазiргi экономикалық теорияда табыстың мәнi өте маңызды әрi толғандыратын мәселе.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, табыс – бұл ақшалай төлемдер мен қаржы түсiмдерi арасындағы ерекшелiк. Шаруашылық тұрғысынан алып қарасақ, табыс – бұл кәсiпорын мүлкiнің бастапқы және соңғы кезеңiндегi айырмашылығы.

Табыс мәнiн қарастыра отырып мынандай сипаттамаларға тоқталамыз.

1) Табыс – бұл кәсiпкердің табыс формасы және де оның әрекет түрiнің нақты iске асуы. Бұл табыстың сыртқы өте қарапайым түрi болғандықтан оның толық сипаттамасы болып табылады. Сондықтан қалайда бiр кеңiстiкте белсендi әрекеттер  табыс алымына байланысты болмайды. Мысалы, саяси, қайырымдылық және т.б. әрекеттер.

2) Табыс – кәсiпорын пайдасының формасы ретiнде өзiндiк капиталдың салым мақсаты мен нақты коммерциялық табыстың жетiстiгi. Табыс категориясы – капитал категориясымен тықыз байланысты болады. өндiрiстің ерекше факторы капитал функцияларының құндары арқылы сипатталады.

              3) Кәсiпкердің  бизнеске жұмсаған капиталдық салымынан толықтай пайда табатынына кепiлдiк жоқ. Табыс сол бизнес түрiнің сәттi де дұрыс жолмен iске асуының нәтижесi. Бiрақ сол бизнестi жүргізу кезiнде кәсiпкер өзiнің сәтсiз әрекетiнің нәтижесiнде немесе объективтi сырт сипаттау есебiнен жоспарлап отырған табысынан тек айырылып ғана қоймай, сонымен қатар бiртiндеп немесе толық салымдағы қаржысын түгелдей жоғалтып алуы мүмкiн. Сол себептi табыс белгiлi бiр мөлшердегi және кәсiпкерлiк әрекеттің өтiмi болып табылады.

Информация о работе Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы