Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:08, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда нан өндіретін кәсіпорындардың ішінде ЖШС «Меркур-Нан» жоғарғы сұранысқа ие болып табылады. Нан зауытының негізгі мақсаты - сапалы өнім шығару, шикізат пен дайын өнімнің сапасының ГОСТ талабына сай екенін анықтау үшін, нан зауытында қазіргі заманғы технологиялық зертханалар бар. Жұмыс тәжірибесі және соған сай білімі бар кәсіби мамандардың аркасында, зауытта тұрақты түрде жоғары сапалы өнім шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................5
1.1 Табыс ұғымыны экономикалық мәні мен мазмұны, түрлері......................................................................................................................5
1.2 Кәсіпорында табысты тарату мен оны пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі...............................................................................................................16

2. «МЕРКУР НАН» ЖШС-ң ТАБЫСЫНЫҢ БӨЛІНУІН ТАЛДАУ........21
2.1 Кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлатудың жолдары..................21
2.2 «Меркур нан» кәсіпорнының табысының бөлінуі………………………...25

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

Работа состоит из  1 файл

Айка курсовой.doc

— 203.00 Кб (Скачать документ)

Кәсiпорынның пайдасы әр түрлi қызмет есебiнен алынуы мүмкiн. Барлық пайданың жиынтық деңгейi – кәсiпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негiзгi жиынтық элементтерi болатындар:

  • өнiмдi сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетiн пайда;
  • негiзгi қорларды, сол сияқты басқа да кәсiпорынның мүліктерiн сатудан түсетiн пайда;
  • өткiзуден тыс операциялардың қаржы нәтижелерi.

Кәсiпорынның пайдасы екi көрсеткiшке байланысты: өнiм бағасы және оны өндiруге кететiн шығындар. Нарықтағы өнiм бағасы – сұраныс пен ұсыныстың   өзере iс-қимылының нәтижесi. Еркiн бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңның әсерiнен өнiм бағасы не жоғары, не төмен болуы өндiрушiнің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкiн емес, ол автоматты түрде теңеседi.

 

Пайданың түрлерi және оны есептеудің әдiстерi

   

Жалпы пайда = жалпы табыс - өндiрiс шығындары

Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық ресурстардың экономикалық шығындары

Бухгалтерлiк пайда = жалпы  табыс – оның шығындары

Таза экономикалық пайда = бухгалтерлiк пайда - өндiрiстің анық шығындыры

Таза пайда = жалпы  пайда – салықтар, мiндеттi төлемдер

Қалыпты пайда = капиталға нормативтi қайтарым – кәсiпкерлiк табыстың мөлшерi

Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда 

Шектi пайда = шектi табыс  – шектi шығындар

П а й д а

  • өндiрiстi үлғайтудың көзi болып табылады;
  • ресурстарды пайдалану деңгейiн және оларды үлестірудің оңтайлығын сипаттайды;
  • инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру

 

 

 

2.  «МЕРКУР НАН» ЖШС-ң ТАБЫСЫНЫҢ БӨЛІНУІН ТАЛДАУ

 

2.1 Кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлатудың жолдары

 

 Шаруашылыққа қаржының әсер ету механизмi, оның экономикалық әсерiнде емес, оны дүрыс үлестіруiнде.

Қаржының шаруашылыққа әсерi оның нақты орналасу жүйесi мен әдiсiне, өндiрiс күшінің өркендеу деңгейiне, мемлекеттің кәсiпорын мен жұмысшы күшіне экономикалық қызықушылықына тiкелей тәуелдi.  Жоғарыда аталған процесстердің бүзылуы өндiрiстің өркендеу әсерiнің бәсеңдеуiне әкеледi.

Табысты үлестіру, ортақ жүйенің әсiресе, жеке түлғалардың бөлiнбейтiн басты  iсi.

Табыстың түрлерi мен әдiстерiнің орналасу тәртiбi түрлi өзгерiстерге ұшырап, ортақ өндiрiс арқылы тапсырыстардың өзгеру салдарынан өсiп, дамып отырады. Табысты бюджет пен кәсiпорын арасында бөлу таратудың жаңа формалары мен әдiстерiн туғызады.

Кәсiпорынның қарым-қатынасын тарату объектiсi болып, соңғы жалпы табыс есептеледi. Бюджетке табыс салық және басқа да мiндеттi төлемдер арқылы түседi. Кәсiпорын құзырында қалған табыс шығынының жұмсалу бағытын сол кәсiпорынның өзi шешедi.

 

Табысты үлестіру негiзгi үш бағытпен жүргізiледi.

 

 

Кәсiпорынның жалпы табысы

   
           

бюджет

 

Кәсiпорын

 

жекеменшiктер




 

Сурет1. Табыстың бөлiну бағыттары 

Табыс, мемлекет, кәсiпорын меншiктерi мен кәсiпорын арасында бөлiнедi. Табысты бөлуге кәсiпорынның позетивтi және негативтi жұмысы Үлкен әсер етедi. Табыстың кәсiпорында бөлiнуiн былай көрсетуге болады.

а) өндiрiстi-шаруашылық және қаржылық iс-әрекеттер нәтижесiнде кәсiпорынға түскен табыс мемлекет пен кәсiпорын арасында иегер объект ретiнде бөлiнедi;

        ә) табыс мемлекетке салым-салық арқылы түсiп отырады және де ол өз еркiнше бейтарап өзгертiлмейдi, сонымен қатар, салықтың төлемi мен жарна мөлшерiн аудару ережесi заңды түрде  белгiленедi. Салық төлемдерiнің мөлшерi кәсiпорынның жалпы табысының Үштен бiр бөлiгiнен аспайды, ал қарама-қарсы жағдайда кәсiпорын табысы мен оның жұмысының iлгеру ынтасы әлсiрей бастайды. Қалған үштен екi бөлiгi меншiктер мен кәсiпорын арасында бөлiнедi. Бұл бөлуге бiрнеше факторлар әсер етедi. Мысалы алғанда өндiрiс техникасын қайта жабдықтау мен жаңарту. Кәсiпорынды қайта жабдықтау көп қаражат қажет ететiндiктен, иегерлер Бұл мәселеге алдымен мән беру керек. Мұндай жағдайларда меншiктер өз Үлестерiне түскен табыстар мен Үмiттерден бас тартуы қажет деген сөз емес, бiрақ меншiктер кәсiпорын толық күшіне енiп, пайда түсiре бастағаннан кейiн өз (дивиденттерiн) Үлес пайдаларын ала алады. үлес пайдалары несие пайыздарынан төмен болғанымен банктiк салым пайыздарынан төмен болмауы қажет;

б) кәсiпорын табыс көлемiнен, салық төлемдерiн өтегеннен кейiн, ол өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық iс-әрекеттің жақсаруын және де өндiрiс өнiмi көлемiнің жоғарлауына қызықушылықын төмендетпеуi керек;

в) кәсiпорын құзырында қалған табыс ең алдымен сол кәсiпорынның әрi қарай дамуын қамтамасыз етуге арналып бағытталуы керек те одан қалғаны басқа сұраныстарға қалдырылуы кажет;

Кәсiпорындағы салық пен үлесшiлер сұраныстарын өтеп болғаннан қалған пайда  сол кәсiпорынның таза табысы болып табылады. Осы таза табыстан жергiлiктi бюджеттің кейбiр салықтары мен қаражат санкциялары өтеледi.

Нарық жағдайында мемлекет кәсiпорынның салық төлемдерiн өтегеннен қалған табысын қалай жүмсалуына араласпағанымен, қаржыны өндiрiстiк бағытта мысалы алғанда түрғын үй салуға, қайырымдылық қорларына, табиңат қорғау шараларынына, объектiлер мен мекемелердің әлеуметтiк салаларының шығындарын өтеуге, Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүмсауға бағыттайды. Кәсiпорынның резервтi қорының көлемiн сонымен қатар, күрделi қарыздар резевтерiнің құрылуын реттеп отырады.

Таза табысты үлестіру кәсiпорынның iшкi жобасының негiзгi бағыттарының бiрi. Кәсiпорын табысының жүмсалуы мен бөлiнуi кәсiпорын жарғысы мен ережелерi арқылы жүзеге асырылады.  Ол қаржы бөлiмiнің қызметкерлерi мен кәсiпорын басқармасының мақұлдауы арқылы жүзеге асырылады. Жарғы бойынша кәсiпорын таза табыс қаржылайтын шығындарының сметасын жасайды, әлеуметтiк жағдайлар қорын құрайды.

Жинақ қорлары:

1) өндiрiстiк өркендеу  қоры немесе өндiрiстiк қор мен  Ғылыми-техникалық өркендеу;

2) кәсiпорын ұжымының әлеуметтiк өркендеу қоры;

3) Тұтыну қоры немесе материалды марапаттау қоры;

Кәсiпорын табысы қаржылайтын шығын сметасына өндiрiстi өркендету, еңбек ұжымдарының әлеуметтік мүқтаждықтары мен жұмысшыларды материалды ынталандыру, қайырымды шараларды үйыдастыруға арналған шығындар жатады.

Кәсiпорын тыбысы арқылы өндiрiстi өркендету мен қаржыландыру шығынына мыналар жатады:

а) Ғылыми-зерттеу, жобалау, тәжiрбие – күрастырушылық және технологиялық жұмыстар;

ә) жаңа өнiм түрлерiн меңгеруумен оны iске асыру мен технологиялық iстердi қаржыландыру;

б) өндiрiстi ұйымдастыру  мен технологиялық жетiлдiруге кеткен шығындар;

в) кәсiпорынды кеңейту мен жаңа объектердi салу;

г) табиғатты қорғау шараларын өткiзу;

д) үзақ мерзiмдiк несие пайыздарын төлеу;

Жинақталған табыс басқа  кәсiпорындардың жарғылық капиталына, қысқа және үзақ мерзiмдiк салымдық қаржыларына, жоғарғы ұйымдарға, ұжымдарға, концерндерге, ассоциациялар және т.б. бағытталуы мүмкiн. Бұл бағыттардың барлығына табыстан өркендеуге арналған табыс болып саналады.

Әлеуметтiк мүқтаждықтарға жүмсалатын табыс шығындары:

а) кәсiпорын балансына кiретiн әлеуметтiк-түрмыстық объектiлерiн жөндеу;

ә) өндiрiске байланысты құрылыс объектiлерiн қаржыландыру;

б) мәдени-сауықтыру және т.б. шаралар;

Материалды ынталандыруға  жүмсалатын шығындар:

а) еңбектегi жетiстiктерi үшін ақшалай сыйлық;

ә) материалдық көмек көрсету;

б) зейнеткерлер мен ардагерлерге бiр рет берiлетiн жәрдем ақы;

в) асхана тамағамдарының бағасының қымбаттауын реттейдi;

          г) мәдени-сауықтыру шараларын өткiзу.

Жинақтау мен пайдалану  қорларын бөлу өте үлкен маңызды спектрлардың бiрi. Бұл жерде нақты шешiм кәсiпорын мүқтаждықтары, жұмысшылар мен қаржы менеджерлерiнің творчествалық ой-туындыларына байланысты.

Кәсіпорынға қарасты  барлық табыс екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi, кәсiпорынға қатысты мүліктердің өсуi сонымен қатар, жинақтау процесстерiн назарға алады. Екiншiсi, тұтынуға пайдаланылып, қалғаны сол кәсiпорынның резервiнде түрады да алдағы жылдардың қаржылық немесе басқа да шығындарына жұмсалу үшін жинақталып тұра береді.

2.2 «Меркур нан» кәсіпорнының табысының бөлінуі

 

«Меркур нан»  ЖШС-нің заңды ұйымдастыру формасына қарай табысының бөлiнуiн қарастырайық.  «Меркур нан» ЖШС-нің қаржы қорының құрылуы мен оны үлестіру Жарғы арқылы жүзеге асырылады. Бұл табыстың тек кәсiпорынға тиiстi бөлiгi ғана. Алайда кәсiпорынның шаруашылық қызметiнен түскен табысы алдымен бюджет төлемi мен салықтарын өтеуге, басқалай айтқанда акционерлiк қоғам мен мемлекет арасында бөлiнедi.

ЖШС-тің табысына заңды  түлға ережесi бойынша салық салынады. Акционерлiк қоғамның шаруашылық қызыметiнің  нәтижесiн қарай отырып мынандай қорытынды жасауға болады. Акционерлiк қоғам бюджет салықтары мен төлемдерiн өтеп болғаннан соң қалған табысты қосқан үлесiне қарай әрбiр пай иесiне әр жыл сайын табыс пайдасын төлеп, қалғанын жұмысшыларды материалды ынталандыру үшін   жүмсайды.

Кәсiпорын Жарғысында басқа да жағдай көрсетiлуi мүмкiн. Мысалы, егерде таза табыс жеткiлiксiз болса онда кәсiпорынның пай иелерiне табыс пайдасы төленбеуi мүмкiн.

Тиiмдiлiк деп кәсiпорын қызметi тиiмдiлiгiнің ең басты экономикалық көрсеткiшi аталады. Оның екi түрi бар:

- кәсiпорынның тапған пайдасының өндiрiстің негiзгi және айналмалы қорларының құнына қатысты;

- кәсiпорынның тапған пайдасының сатылған өнiмiнің өзiндiк құнына қатысты.

Кәсiпорын қызметiнің тиiмдiлiк деңгейiн бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады.  Пайданың шығындармен өлшемдестiгi рентабельдiлiктi немесе толықынан пайдалылық мөлшерiн бiлдiредi.

Практикада рентабельдiк  мөлшерiн өлшеу екi нұскада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсiпорын шығындары, өзiндiк құн) немесе аванстық жұмсау (негiзгi өндiрiстiк қорлар және айналым қаражаты). Бұл екi өлшеушi аванстық жүмсау айналымы жиынтықының көрсеткiшiне өзара байланысты. Кәсiпорынның рентабельдiк мөлшерiн мына төмендегi формуламен есептеуге болады:

Пм =  Ө (Б-Қ) ,

         Нққ

 

мұнда:   Ө - өнiм көлемi;

              Б - өнiм өлшемiнің бағасы;

              Қ - өзiндiк құн;

             Нқ –негiзгi өндiрiстiк қорлардың құны;

             Ақ – айналмалы қаражаттың көлемi.

Практикада кәсiпорын қызметiнің бiрнеше рентабельдiк көрсеткiштерi қолданылады.

   1. Өнiмнің рентабельдiлiгiн  барлық сатылған өнiмнің және оның жеке түрлерiн есептегенде ғана мүмкiн болады. Бiрiншi  жағдайда ол өнiмдi сатғандағы пайданың және оны өндiруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнiмнің рентабельдiгi тауарлы өнiмдi сатудан алынған пайданың өткiзуден алынған түсiмнің қатынасына есептеп шығарады. Баланстық пайда жөнiнде - өнiмдi сатудан алынған түсiм; таза пайда жөнiнде -  өнiмдi сатудан алынған түсiм. Барлық өнiмдi сатудағы рентабельдi көрсеткiштерi кәсiпорынның ағымдағы шығындарының тиiмдiлiгi және өтiмдi сату табысы жөнiнде түсiнiк бередi.

                      2. Өндiрiс қорларының рентабельдiлiгi  баланстық пайданың негiзгi өндiрiстiк  қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткiштi таза пайда арқылы да есептеуге болады.

                     3. Кәсiпорынның жүмсалым рентабельдiлiгi оның қарауындағы      мүліктердің құны арқылы есептелiнедi. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткiштерiн пайдаланады.

 Кәсiпорынның жеке қаржысының рентабельдiлiгi таза пайданың  баланс арқылы есептелiнетiн оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.

 Пайданы қалыптастыруға  ықпал ететiн несие бойынша  пайыз   мөлшерлемесi:

    -   басқа  кәсiпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;

    -   құнды  қағаздардан түскен табыстар;

  - алынған айыппұлдардан асып түсу, өсiмақы, төлемнің тұрақсыздығы.

         Шығынның белгiлi бiр мөлшерiн  мейлiнше тиiмдету – шаруашылықты  жүргізудің әр түрлi мәселелерiн шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнiм өндiрiлгендiгiнің ғана емес, оны өндiруге ғанша еңбек жүмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикiзаттың әрбiр өлшемiне неғұрлым көп өнiм алуға, шығарылған бұйымдардың өзiмдiк құнын төмендетiп, кәсiпорындардың пайдасын көбейтуге, өндiрiстің тиiмдiлiгiн арттыруға жету керек.

Егер кәсiпорын iшкi шаруашылық резервтерiн тауып, пайдаланудың негiзгi бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндiрiс тиiмдiлiгi, бiрiншiден, негiзгi өндiрiстiк қорлардың пайдаланылуын жақсартудың, екiншiден, айналмалы өндiрiстiк қорларды неғұрлым тиiмдi пайдаланудың және үшіншiден, қазiргi еңбек шығындарының нәтижелiлiгiн жақсартудың есебiнен арттырылады.

Кәсiпорын қызметiнің экономикалық тиiмдiлiгiн молайтудың басты шарты – еңбек өнiмдiлiгiн барынша арттыру және өзiндiк құнды арзандату.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

            ЖШС «Меркур нан» нан зауыты нан өнімдерін және кондитерлік өнімдерді шығаратын Алматы қаласындағы қазіргі заман талаптарына сайкес келетін жаңа және ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Кәсіпорын түрлі өнімдерді шығаратын құрамында ірі автоматтандырылған желілері бар қазіргі уақыттағы нан пісіретін құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Информация о работе Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы