Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 09:22, реферат
Мақсаты: Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Кесте 1 - Несие ұйымдары топтары бойынша банкаралық несие көлемі
2009 ж. 1 желтоқсан (млн. теңге.) ҚР Ұлттық банкі мәліметтері бойынша есептелген:, 2009.
Коммерциялық банк басқа банк несиесін тікелей немесе делдал арқылы (басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе және т.б.) тарта алады. Банкаралық несие едәуір қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге сияқты оларға резервтік талаптар қойылмайды, сондықтан банкаралық несиенің сомасы түгелімен табысты салым ретінде қолданылуы мүмкін.
Банкаралық несие нарығындағы операциялар Банктің ағымдағы өтімділігін реттеудің дәстүрлі негізгі құралы болып табылады. Сондықтан ҚР екінші деңгейлі банктері бұл нарықта жұмыс істегенде салмақты саясатты ұстанады. Мұндай операцияларды жүргізудегі тәжірибе негізінде көптеген банктерде бұл сегментпен байланысты тәуекелдерді бағалаудың формалар мен әдістер жүйесі қалыптасты. Банк банкаралық несие нарығындағы контрагент-банктердің қаржылық жағдайын қатаң бақылайды және олармен жасалатын операцияларды несиеленетін потенциалды төлем қабілетсіз банктерді тізімнен алып тастау арқылы өз уақытында реттеп отырады.
Мұндай шаралар банк секторының өтімділік проблемасын туғызатын дағдарыс кезеңдегі банк қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді қажет етеді. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2010 ж. ортасында банкаралық несие көлемі (кесте 4) төмендегенің көреміз.
Мерзімі | Теңгеде | Валютада | ||
млн. теңге. | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған жалпы несие сомасына қатысты % | млн. теңге. | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған жалпы несие сомасына қатысты % | |
1.08.2009 | 22095 | 13,12 | 29805 | 17,56 |
1.12.2009 | 18263 | 12,63 | 15870 | 12,52 |
1.04.2010 | 11751 | 9,72 | 23587 | 15,21 |
1.08.2010 | 12836 | 10,42 | 25321 | 15,19 |
1.12.2010 | 17068 | 10,45 | 16872 | 16,78 |
Кесте 2 - Ұсынылған банкаралық несие көлемі бойынша мәліметтер. Банк статистикасының бюллетені мәліметтері бойынша есептелген, 2010, № 6, 76б.
Несиелік ресурстардың бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым – ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. Банкаралық несие нарығының жағдайын келесі көрсеткіштер арқылы білуге болады:
MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сатуға ұсыныстар бойынша орташа қойылым,
MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алуға ұсыныстар бойынша орташа қойылым,
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) – банкаралық несие бойынша орташа есептелген нақты пайыздық қойылым.
Жоғарыда берілген көрсеткіштер банкаралық несие нарығының қатысушылары - ірі банктер бойынша есептеледі.
Банкаралық несие нарығындағы пайыздық қойылымдардың деңгейі несиелендіру мерзіміне қатысты өзгеріп отырады. Оны 3 кестеден көруге болады.
Банкаралық несие нарығында контрагенттерді таңдағанда болашақтағы қарыз алушы-банктің баланстар мен экономикалық нормативтер бойынша мәліметтер негізінде анықталатын құқықтық және қаржылық жағдайы есепке алынады. Рейтингтер бойынша ақпаратар да пайдаланылады. Бұл мәліметтер негізінде контрагент үшін несиелік тәуекелдің мүмкін болатын мөлшерін – белгілі бір қарыз алушы-банкке берілетін несиенің максималды көлемін есептеуге болады.
Коммерциялық банк банкаралық несие нарығында контрагентпен лимитті есептеп алмай жұмыс істемейді. Кез келген банктің жағдайын баланс, экономикалық нормативтер мәліметтерін талдау, динамикада алынған бөлек баланс шоттарының мағынасын ашу негізінде адекватты бағалауға мүмкіндік беретін контрагент-банк үшін лимит белгілеудің арнайы есептеу әдістері қалыптасқан. Лимит, әдетте, контрагент-банкің меншікті капиталы жөніндегі мәліметтер негізінде банктің қаржылық жағдайын көрсететін арнайы синтетикалық коэфициенті көмегімен есептеледі. Бұл коэфициентті контрагент-банктің өзі өңдейді.
| өтеу мерзімі бойынша пайыздық қойылымдар | ||||||
Мерзімі | 30 күнге дейін | Соның ішінде 1 күнге | 31-ден 90 күнге дейін | 91-ден 1жылға дейін | 181-ден 1 жылға дейін | 1 жылдан 3 жылға дейін | З жылдан жоғары |
2009ж. |
|
|
|
|
|
|
|
Қаңтар | 22,7 | 25,1 | 25,4 | 17,1 | 16,8 | 29,4 | 3,2 |
Мамыр | 44,5 | 46,6 | 45,3 | 8,7 | 11,7 | 10,9 | 4,5 |
Тамыз | 51,4 | 50,8 | 35,5 | 50,7 | 28,8 | 12,5 | 27,2 |
Желтоқсан | 28,3 | 28,3 | 20,0 | 6,2 | 8,5 | 28,3 | 2,8 |
2010ж. |
|
|
|
|
|
|
|
Қаңтар | 23,7 | 24,0 | 43,9 | 41,9 | 30,8 | 3,0 | 30,0 |
Сәуір | 18,3 | 18,4 | 20,6 | 13,7 | 3,2 | - | 19,7 |
Кесте 3 - Банкпен ұсынылған несиелер бойынша орташа есептелген пайыздық қойылымдар, теңгемен (жылдық % ). Банк статистикасының бюллетені мәліметтері бойынша есептелген:, 2010, № 6, 78б. (орташа)
Банктер әріптес-банктердің қызметін олардың рейтингі бойынша бағалай алады. Рейтинг негізінде коммерциялық банктерді белгілерінің кемуіне байланысты топтастыруға мүмкіндік беретін осы белгілері бойынша жалпыланған сипаттама жатыр. Рейтингтер банктің есеп беру мәліметтерін талдау мен жұмыс орнында тікелей тексеру мәліметтері негізінде құрастырылуы мүмкін. Мұндай рейтингтер баспасөз бетінде жарияланбайды. Мысалы, ҚР Ұлттық банкі банктерді олардың қаржылық жағдайына байланысты түрлі топтарға жіктейді, бірақ бұл мәліметтер құпия болып саналады да, тек банкке және банк иелеріне беріледі.
Тәуелсіз рейтингтік агенттіктермен жасалатын рейтингтер баспасөз бетінде жарияланған банктің ресми есеп беру мәліметтерін зерттеуге негізделеді. мұндай әдісті мамандар (банк, биржа, аудиторлық фирмалар мамандары) да, маман еместер (салымшылар, акционерлер) де қолданады. Жарияланған рейтингтер банктерге алдағы уақытта корреспонденттік қатынас орнатылатын, банкаралық несие нарығында мәміле жасалатын банк-контрагенттердің қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Көптеген банктер өз штатында жоғары маманданған сараптаушыларды ұстайды, сол себептен қабылданған ақпаратты тиімді пайдалана алады.
Банкаралық несиелеу корреспонденттік шоттарды өзара несиелеу түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Корреспондент-банктің «ЛОРО» есеп айырысу шотында қаражаттардың уақытша жетіспеуі кезінде оған корреспонденттік келісімде шарттары ескерілген овердрафт несиесі ұсынылады. Егер күнішілік овердрафт ұсынылса, онда несие үшін сыйақы несиені пайдалану мерзіміне қатысты минут бойынша есептеледі. Сонымен қатар, ақша қаражаттарын бір күн бойы пайдаланғаны үшінтұрақты сома есептелуі мүмкін. Қарыз алушы-банк овердрафтты пайдаланғаны үшін сыйақы бойынша қарызын «НОСТРО» корреспонденттік шотынан алынған көшірме негізінде өтейді.
ҚР Ұлттық банкі «банктердің банкісі» болып табылады және коммерциялық банктерге несиелерді ұсынып, коммерциялық банктердің депозиттерін тартады. 2009ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша ҚР ҰБ резидент-несиелік ұйымдарға 19 347 млн. теңге немесе ҰБ активтер сомасының 2,67 %, 2009ж. 1 мамырында сәйкесінше 22 277 млн. теңге немесе 3,02 % несие берді.
Қайта құрылған коммерциялық банк қызметінің алғашқы бір жылы ішінде ҚР Ұлттық банкі несиелерін тартуға құқығы жоқ. Келесі жылдары ол төменде көрсетілген несие түрлерін ала алады:
– біркүндік несиелер;
– мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы несие алу (күнішілік, овернайт, ломбардтық).
Біркүнді есептік несиелер «ҚР ҰБ банктерге біркүнді есептік несие беру ережесіне» сәйкес ұсынылады. Есептік несие біртұтас мемлекеттік ақша-несие саясаты шегінде ҰБ беретін жалпы несие көлемінде ҚР валютасында бір операциялық күнге ұсынылады. Банкке біркүнді есептік несие ұсыну шоттағы ақша қаражаттарының уақытша жоқ болуына немесе жетіспеуіне қарамастан, банктің корреспонденттік шотынан жүзеге асырылады. Банктің коршотын несиелеу келісімде қарастырылған лимит шегінде орын алады. Есептік несие бойынша пайыздық қойылымның мөлшері ҚР Ұлттық банкі директорлар Кеңесімен тағайындалады және келісімде көрсетіледі.
Біркүнді есептік несиені пайдаланғаны үшін банктер ай сайын айдың 15 дейін несиелеу лимиті көлемінің 0,1% міндетті төлеуі керек. Есептік несие ағымдағы операциялық күн соңында ұсынылады және пролонгацияға жатпайды. Есептік несиені қатарынан екі жұмыс күніне алуға тиым салынады. Есептік несиені қайтару мен сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау (толық емес орындау) кезінде банктен негізгі қарызды толығымен қайтаруға дейін әр кешіктірген күн үшін қайта есепке алу қойылымының 0,5 мөлшерінде айыппұл алынады. Несиені қайтару мерзімін кешіктіргені үшін банк біркүнді есептік несиені 3 айға дейін алуға құқығын жоғалтады, сонымен қатар, байланыс арналары бойынша есеп беру құжаттарын жіберу желісіне қатыса алмайды.
Біркүнді есептік несие алу үшін коммерциялық банк келесі талаптарға сай болуы керек:
– міндетті резервтік талаптарды уақытымен және толық көлемде орындауы;
– ҚР Ұлттық банкі несиелері мен сыйақы бойынша және заңмен бекітілген міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен қарыздардың жоқ болуы;
– ағымдағы күн соңында төленуі тиіс барлық есеп беру құжаттарын төлеу үшін қосымша қаражаттарға деген жалпы қажеттілік банкке орнатылған несие лимитінен 1,5 есе аспауы;
– біркүнді есептік несие алу құқығын пайдалану үшін төлемді уақытымен және толық көлемде өтеуі.
ҚР Ұлттық банкімен есептік несие бергенін куәландыратын құжаттарға: банк коршотынан және сәйкесінше баланстық шоттан алынған көшірмелер; ҚР ҰБ-пен рәсімделген және қол қойылған хабарлама-міндеттеме. Коммерциялық банк өз кезегінде, хабарлама-міндеттемені рәсімдейді де, оны өзінің коршотынан қарыз бен сыйақыны өтеуге қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасымен бірге ҚР ҰБ жібереді.
Біркүнді есептік несиені пайдаланғаны үшін сыйақы негізгі қарызбен бірге өтеледі. Егер несие мерзімі кешіктірілсе, бірінші кезекте сыйақы, одан кейін негізгі қарыздың сомасы, соңғы кезекте есептелген айыппұл сомасы өндіріп алынады.
Бағалы қағаздарды кепілге алу арқылы берілетін несие «Мемлекеттік бағалы қағаздардың кепілі негізінде банктерге ҚР ҰБ несиесін беру тәртібі туралы» ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл несие ҚР резидент-банктерге мемлекеттің ақша-несие саясатының бағытына сәйкес ҚР Ұлттық банкі белгілейтін несие көлемінің шегінде банк жүйесін қолдау және өтімділігін реттеу мақсатымен ҚР валютасында беріледі.
Несиені қамтамасыз ету құралына ҚР ҰБ ломбардтық тізіміне енгізілген мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілі жатады. Ломбардтық тізімге мемлекеттік мерзімсіз облигациялар (ММО), ауыспалы купондық табысты мемлекеттік несие облигациялары (МНО-АК), тұрақты купондық табысты мемлекеттік несие облигациялары (МНО-ТК) кіреді.
Коммерциялық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге қоя отырып несие алған кезде келесі талаптарға сай болуы керек:
а) несие бойынша жеткілікті қамтамасыз ету құралының болуы;
ә) міндетті резервтік талаптарды толығымен орындау;
б) ҚР ҰБ ұсынған несие және сыйақы бойынша мерзімі өткен қарыздардың және ҰБ алдындағы басқа да мерзімі өткен міндеттемелердің жоқ болуы.
ҚР ҰБ мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, коммеррциялық банктерге келесі несие түрлерін ұсынады:
– күнішілік несиелер;
– біркүнді есептік несиелер ( овернайт несиесі);
– ломбардтық несиелер (мерзімі 3-тен 30 қоса дейінгі күнтізбелік күн аралығында). Қарыз алушы-банктердің ҚР ҰБ несиесін қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу белгіленген мерзімде жүзеге асырылады және қайтару мерзімін ұзартуға тиым салынады.
ҚР Ұлттық банкі берілетін несие түріне қатысты пайыздық қойылымдарды несие беру мерзімі мен жиілігін ескере отырып, әртүрлі етіп орната алады.
Егер банк несиені толығымен қамтамасыз ете отырып, барлық қойылатын талаптарды орындайтын болса, несиенің бірнеше түрін, соның ішінде бір немесе әртүрлі мерзімге бірнеше ломбардтық несиені және/немесе бірнеше күнішілік несиені бір күн ішінде ала алады.
Банк пайдаланатын несие түрлерін таңдайды да, ҚР Ұлттық банкімен бас несиелік келісімшартқа отырады. Коммерциялық банктің корреспонденттік шоты жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім рәсімделеді, онда ҚР ҰБ ұсынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыз көлемінде ақша қаражаттарын аудару құқығы және күнішілік несиені банк-коршот иесінің келісімінсіз пайдалану құқығы үшін төлемдер белгіленеді.
Коммерциялық банктің өз депо шотында «ҚР Ұлттық банкімен блоктау» бөлімін ашу туралы қосымша келісімі бар өкілетті депозитарийде депо шоты болуы керек.