Курс меж банк кредит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 09:22, реферат

Описание

Мақсаты: Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Работа состоит из  1 файл

курсовая межбанк кредит.doc

— 245.00 Кб (Скачать документ)

 

 


ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Банкаралық несиелеу қаржы нарығының аса ірі сегменттеріне жатады, мұнда қысқа мерзімді несиелік ресурстар банкаралық несие мен банкаралық депозит түрінде сатылып алынады және сатылады.

     Ақша нарықтары валюталық нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді. Несие нарықтарында кәсіпорындар мен бактер мерзімді қарыздарды ала алады. Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде несиеленеді.

   Банкаралық несие ретінде бір банктің басқа банкке береген несиесі немесе басқа банкте орналастырылған банк депозиті бола алады. Берілген жағдайда несиелік қатынастардың субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып табылады.

   Банкаралық несие – банктердің несиелік мекемелердің бос ақша ресурстарын уақытша өзара тарату мен орналдастыру. Бір банктердің өз клиенттерін несиелеу үшін тапшылықты басынан кешіп отырған, басқаларына бос несиелік ресурстарды қайтарымдылық негізінде қайта үлестіру кезінде пайдаланады.

   Банкаралық қарыздар нарығы – коммерциялық банктердің өз несие ресурстарын толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін оперативті реттеудің маңызды құралы.

   Қазіргі уақытта банкаралық несие жетерліктей кең таралған. Ол банктер арасында несиелік ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан кезде пайда болады.

   Банк өтімділігінің мәселесі, дәлірек айтқанда өтімділік пен табыстылықтың тиімді қиылыстырылуы - әрбір банк үшін, жүйеқұрушы ірі банк болсын немесе корпоративті клиенттерге қызмет көрсететін кіші банк болсын, бұл маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе банкаралық несие бойынша мәміле жасасатын банктерге де тиісті.

   Несиелік ресурстар нарығы қаржылық нарықтың басқа сегменттерінен коммерциялық банктердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді, өйткені ол түрлі банктік операциялармен байланысты банкаралық қатынастарды қарапайым етеді. Оған қоса, ол коомерциялық банктер балансының өтімділігін қалыпты ұстауға, корреспонденттік шоттарды толықтыруға және нарықтың басқа көбірек табысты сегменттерінде активті операциялар жүргізуге қажетті құралдардың көзі болып табылады.

             

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.      Айманова В.К. ҚР банкілік несиелендіру, //«Бухучет в банке», 2001. - 22б.

2.      Алимбаева Л.Д. «Коммерциялық банктер меншікті қаражаттарының жеткіліктігі»//Финансовый бизнес 2003, №11

3.      Бабичева Ю.А. “Банк ісі” М, 1993 ж.

4.      Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі, Абдулина Н.К. ред.аст. А., 2002. –. 110б.

5.      Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі,. Абдулина Н.К. ред.аст А., 2001ж.

6.      Банк ісі / В И Колесников, Л П Кроливецкая ред.аст. – М., Финансы и статистика, 2002ж.

7.      Вестник АРБ, Москва, 23.02.2001.

8.      2001ж. 2 наурыз «Банк қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы» 

9.      2005ж. 5 наурыз «Қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы»

10. 1995ж. 30 наурыз «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңды күшке ие президент жарлығы

11. 07. 2003ж. «ҚР банктер мен банк қызметі туралы» Заңы.

12. 30.03.1995ж «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заң, толықтырулармен 1.03.2004.

13. 2003ж. 4 шілде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау туралы» Заң N 474-II

14. «Минималды резервті талаптар туралы Ережелерді бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банктің Ережелері 2002 жылдың 3 тамызынан.

15. «Экономикалық көрсеткіштерді болжам, экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банктің Өтініші туралы» ҚР ҰБ төрағасының Бұйрығы 2006 жылдың 12.07.2005 бастап.

16. Васильева Е., Пономаренко А., Поршаков А. Краткосрочные процентные ставки и состояние ликвидности денежного рынка в России на фоне мирового финансового кризиса //Вопросы экономики. - 2009. - N8.

 

 

32

 



Информация о работе Курс меж банк кредит