Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:19, курс лекций
“Экономиканы мемлекеттік реттеу” пәні студенттерге оқу жоспарында көрсетілген сағат көлемінде оқытылады. Пәннің жалпы сипаттамасының негізі экономикалық ілім ғылымының әдістемелігін игеру арқылы мемлекеттің, кәсіпорындар мен ұйымдардың рыноктағы әрекетін болжау және бағалауға, талдауға үйрету. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелерін анықтау және экономикалық саясаттың әдістері мен құралдарын сипаттау арқылы студенттерді қоғам дамуының заңдылықтарына даярлау.
Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым
министрлігі
Д.Серікбаев атындағы
ШКМТУ
Окасов Д.Е., Абылайханова Т.А.
050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050511 «Маркетинг» мамандықтағы студенттерге арналған
дәріс конспектісі
ГОСУДАРСТВЕННОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ ЭКОНОМИКИ
Конспект лекций
для студентов специальности 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Учет және аудит», 050509 «Финансы», 050511 «Маркетинг»
Өскемен, 2013 жыл
Дәріс №1. Дәріс тақырыбы Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері және объектілері.
Дәріс жоспары:
а) экономикалық ілімдегі мемлекеттің ролі жайлы мәселе (классиктер, маржиналистер, Стокгольм мектебінің өкілдері, Кейнс және оның ілімін жалғастырушылар, неолибералдар, Фрайбург мектебінің өкілдері концепциясында).
б) экономиканы мемлекеттік
реттеу эволюциясының негізгі
2. Экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігі. Реттеу
3. Мемлекеттік реттеудің
административтік және
4. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты: халық шаруашылығындағы мемлекеттік реттеуге баға беру.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңажүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – нарық механизмінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері болып табылады.
Сонымен қатар, экономиканы
мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық
процестеріне олардың тиімді теңгерілмеушілігі
мен макроэкономикалық
Социалистік қоғам ыдырап, нарықтық қатынастар қалыптасып, мемлекеттің экономикадағы ролі өзгерді: біріншіден, мемлекет нарықтың тең құқықты субъектісі болып табылады, екіншіден, мемлекеттің экономикадағы ролі шектелді. Мұндай өзгерістер барлық ТМД мемлекеттеріне тән, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасының жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық – аралас экономика типімен сипатталады.
Нарықтық шаруашылық өз бетінше халық шаруашылығының тиімді дамуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да нарықтық шаруашылықтың іс-әрекетін реттеп отыратын – мемлекет. Сонымен, экономиканы мемлекетік реттеу дегеніміз – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
Мемлекеттің экономикалық ілімдегі ролі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет.
Экономикалық ілімде мемлекеттің ролі жайлы мәселелерді мынадай экономикалық бағыттар қарастырған:
Мемлекет экономиканың дамуына араласпайды, нарыққа экономикалық либерализм принциптері тән (еріктілік): баға құру, таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу еріктілігі.
Капиталдың орталықтануы мен шорғырлануы, орта пайда, өндіріс бағасы, жер рентасы, процент, сауда және қарыз капиталы, ұдайы және ұлғаймалы өндіріс, акционерлік капитал, мемлекет туралы,әлемдік рынок және сол кездегі экономикалық ой-пікірлерге сын мәселелері талданған.
Өкілдері: Т. Веблен, Дж. Гэлбрейт. Мемлекеттің экономикадағы толық араласуын құптады. Экономиканың дамуында әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, техникалық факторларды ескере отырып, мемлекет экономиканың дамуын қалыпты реттеуі қажет деген.
6) Неолиберализм ілімі. Өкілі В.Ойкен болды. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының орталық бағыты – шаруашылық тәртібін құру деп санады.
В. Ойкеннің экономикалық идеалы ерікті нарық шаруашылығы және оның негізгі принциптері: жеке индивид, сауда, кәсіпкерлік еріктілігі, ерікті бәсеке және баға құру жүйесі.
7) 20 ғасырдың 60-жылдары
Америкада неоклассикалық
Монетаризм рыноктық
экономика теңгерілген
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
Экономиканы мемлекеттік реттеудің зерттеу пәні, объектілері – қоғамдағы экономикалық құбылыстар, процестер, әр түрлі шаруашылық салалары.
Субъектісі – мемлекет, мемлекеттік органдар.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері:
2-ге бөлінеді – административті.
Административтік әдіс мыналарға негізделеді:
а) тура әдістер:
ә) жанама әдістер:
Яғни ақша-несие саясаты және фискалды саясат арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің атқаратын қызметі:
Дәріс №2. Дәріс тақырыбы: Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
Дәріс жоспары:
1. Өтпелі кезең, өтпелі
экономика жайлы түсінік.
2.Өтпелі экономиканың типтері.
3Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
4.Советтік экономиканың дағдарысының спецификасы
а) экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы
б) жоспарлы жүйенің дағдарысының себептері,мәні, кезеңдері
Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік –экономикалық дамуын өзгертетін экономика. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл). Қазақстандағы өтпелі кезеңді постсоциалистік немесе институционалдық трансформация деп сипаттауға болады.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікке, меншіктің негізгі түрлерін араластыра отырып өзара іс әрекетке негізделеді.
Нарықтық экономикаға өту модельдері: «жұмсақ революция», нарықтық социализм, «есінен тандыру терапиясы», градуализм.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға 1992 жылы қаңтарда аяқ басты.
Жекешелендіру – баға либерализация (ерітілік) қатар келіп – гиперинфляцияға әкелді. Ауыл шаруашылығын акционерлік қоғам десек, мүмкін. Нарықтық экономиканы қаллыптастырдық.
Өтпелі кезең дегеніміз – ескі экономикалық жүйе құлдырап, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын уақыт мерзімі (10-15 жыл).
Өтпелі экономика дегеніміз - өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуын өзгертетін экономика, бір жүйе құлап, екінші жүйе қалыптасады.
Қазақстандағы өтпелі кезеңді біріншіден постсоциалистік трансформация деп атауға болады, себебі: социализмнен кейінгі – капиталистік қатынастарға көшу процессі, екіншіден өтпелі кезең – бұл институционалдық трансформация, себебі: жаңа нарықтық экономикалық инфрақұрылым қалыптасты.
Өтпелі кезеңнің себептері:
Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезеңдері мынадай кезеңдерге бөлінді: