Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:19, курс лекций
“Экономиканы мемлекеттік реттеу” пәні студенттерге оқу жоспарында көрсетілген сағат көлемінде оқытылады. Пәннің жалпы сипаттамасының негізі экономикалық ілім ғылымының әдістемелігін игеру арқылы мемлекеттің, кәсіпорындар мен ұйымдардың рыноктағы әрекетін болжау және бағалауға, талдауға үйрету. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелерін анықтау және экономикалық саясаттың әдістері мен құралдарын сипаттау арқылы студенттерді қоғам дамуының заңдылықтарына даярлау.
Өтпелі экономиканың сипаты.
Құлиеленуші – феодализм - капитализм
Спецификасы – кері процесс
Социализм – капитализм
3) Альтернативтік даму.
Белгілі бір мақсат қойып, таңдау. Қай жолмен даму керек?
Нарықтық экономиканың 2 моделі:
Қазақстан әлеуметтік моделін таңдады.
Өтпелі экономиканың типтері.
1. Масштабына (ауқымына) байланысты:
2. Сипатына байланысты.
феодализм – капитализм – социализм. Қоғамдық эволюцияның дамуына сәйкес бір формация екінші формацияның орнын басады. Өндіргіш күштерін жетілдіруге сәйкес.
Саналы түрде реформаларды жүзеге асыру арқылы өтпелі кезеңді жүзеге асыру. Қазақстанда осы сипатта жүзеге асырылады.
Өтпелі экономика заңдылықтары:
Нарықтық экономикаға көшу мақсатында жүргізіліп жатқан өзгерістерді өтпелі экономика заңдылықтары деп атайды.
Олар:
Дәріс № 3 Дәріс тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Дәріс жоспары:
1. Шетел экономикасын
мемлекеттік реттеудің мәні
2. Нарықтық экономикасы
дамыған әртүрлі елдердегі
Шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттілігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік –экономикалық
прцестерге мемлекеттің араласу
тәжірибесін үйренуден шығатын
қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы
елдерде экономиканы
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды.Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы халықаралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияныә міндетті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұшл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық дау және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасунының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде. Шаруашылық жүргізуде мыналарға назар аудару керек:
Біріншіден, бұл жерде тиімді макроэкономикалық саясатты дұрыс негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге асыру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы сауда үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа жүргізуден басталды.
Екіншіден, ұлттық капиталмен салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай:
а) шетел капиталы ақыр аяғывнда белгілі бір ел үшін екі есе қымбатқа түседі;
ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.
Үшіншіден, “қалған дүниеден көмек емес, сауда мен айырбас керек” деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.
Қытай Халық Республикасында
экономиканы мемлекеттік реттеу
тәжірибесі белгілі бір қызығушылық
туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР-да
басталған экономикалық реформалардың
алғашқы қорытындыларына
Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңідікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.
Дәріс № 4. Дәріс тақырыбы: Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау.
Дәріс жоспары:
1. Экономиканың дамуын
болжау қажеттілігі. Болжау
2. Өтпелі экономикадағы
жоспарлаудың мақсаты және
3. Экономиканың дамуын
бағдарламалау. Бағдарлама түрл
Мемлекет экономиканың дамуын реттеу барысында мынадай құралдарды қолданады:
Болжам дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Экономикалық болжау процесі экономиканың даму перспективасын анықтайды, ойланып жасалынған стратегия, анықталған болашақ мақсаттар. Болжаудың екі түрі бар: жеке және комплексті экономикалық болжау.
Жеке экономикалық болжау – халықө шаруашылығының жеке салаларының дамуын болжау. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы құрылыс, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, т.с.с.
Комплексті экономикалық
болжау – макроэконономикалық
Уақыт интервалына байланысты:
Қазақстандағы экономикалық болжаудың негізі – “2030 стратегиясы”. Осы стратегия негізінде әр түрлі уақыт интервалына негізделген жоспарлар, бағдарламалар жасалынады. 2003 жылы Қазақстанда инновациялық-индустриалдық даму стратегиясы жасалды – 2015 жылға дейін.
Мақсаты: елдің ұлттық экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттыру, жаңа технология енгізу, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту.
Экономикалық болжауды
нақты жүзеге асыратын жоспарлау
дегеніміз – белгілі бір
Жоспарлау түрлері:
Индикативті жоспарлау - нарықтық экономиканың тиімділігін арттыратын негізгі құрал болып саналады.
Жоспарлау нарық кезеңінде
индикативті жоспарлау
Бағдарлама дегеніміз – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылатын ресурстары, мерзімі шектелген нақты және комплексті шаралар жиынтығы. Бағдарлама – дегеніміз белгілі бір іс-әрекетке тура әсер ететін құрал болып табылады. Бағдарлама түрлері:
Бағдарламалардың қалыптасу процессі:
Дәріс № 5 Дәріс тақырыбы: Экономикалық өсудің мәні және нарықтық экономикадағы негізгі мәселелері.
Дәріс жоспары:
1. Экономикалық өсудің мәні және қарқыны, түрлері мен факторлары.
2. Экономикалық өсудің үлгілері.
3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.
Экономикалық өсу дегеніміз - қоғамдық өндірістің ұлғайып , дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың көбеюі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы.
Экономикалық өсудің көрсеткіштері:
Экономикалық өсудің жалпы тарихта белгілі үш түрі бар:
1. Экстенсивті өсу
дегеніміз қосымша өндіріс
Оң жақтары: