Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:19, курс лекций
“Экономиканы мемлекеттік реттеу” пәні студенттерге оқу жоспарында көрсетілген сағат көлемінде оқытылады. Пәннің жалпы сипаттамасының негізі экономикалық ілім ғылымының әдістемелігін игеру арқылы мемлекеттің, кәсіпорындар мен ұйымдардың рыноктағы әрекетін болжау және бағалауға, талдауға үйрету. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелерін анықтау және экономикалық саясаттың әдістері мен құралдарын сипаттау арқылы студенттерді қоғам дамуының заңдылықтарына даярлау.
3. Өндіріс құралдары рыногінің мәні.
4. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуі.
Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне – қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне - оның материалдық емес сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады.
Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты. Кәсіпорындардың сыртқы жағдайлары біркелкі болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да біркелкі емес. Сол себепті, инфрақұрылымды төрт түрлі ірі салалар тобына бөлуге болады:
1. Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жук тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салаалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады. Іскерлік қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтік қызмет көрсетуді, жалға алу мен лизингті, басқару, инвестициялық саясат т.б. жөнінде консультациялық қызмет көрсетуді, инжирингті қамтиды.
2. Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б салалар.
3. Экологиялық инфрақұрылым
– адам тіршілігінің зиянды
жақтарынан қоршаған ортаны
Көлік кешенінің экономикалық
маңызы оның орындайтын қызметіне байланысты. Көлік кез келген
өндірістің айрылмас бөлігі болып саналады
және ол қоғамдық еңбек бөлінуінің негізгі
материалдық базасы боп есептеледі. Көлік
жүйесі тасымалдау жұмыстарын атқаруда
бірімен-бірі тығыз байланысты болатын
әр түрлі көлік түрлерінің кешені.
Республика көлік кешенін мемлекеттік реттеу жүк тасымалдау шығынының аз болуын тасымалдау шығынының неғұрлым жоғары болуын тасымалдаудың үздіксіз болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының көлік кешенін басқару Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникациялар Министрлігіне жүктелген Үкімет бекіткен ережеге сәйкес оның негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- көлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау;
- көлік саласында мемлекет аралық және халықаралық қатынастарды жүзеге асыру;
- көлік қызметін тұтынушылардың құқық сақтауын бақылау.
Автомобильдік жолдарды қаржыландыру мәселелері.
Жолдар – мемлекет инфрақұрылылымының негізгі элементі болып табылады. Жол жүйесінің дамуына байланысты елдің экономикалық жағдайы да өзгеріп отырады. Қазақстандағы көлік саласының негізгі мәселесі – жолдардың бұзылуы.
Каз ДОР НИИ ААҚ
зерттеулері бойынша
Осы жолдардың ішінде
20% қираған, 35% құлдырау жағдайында. 1992
жылға дейін жол құрылысына мемлекет
бюджетінен қаржы бөлінген. 1992 жылы
Қазақстан Республикасының “Жол
қоры жайлы” заңы жүзеге асты. Осы заң
бойынша жол құрылысын
Көлік саласының жалпы қаржысының көлемі Қазақстанда 1-1,3 млрд АҚШ $ төмен болмауы керек. 28 қараша, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік бюджеттен 1580,1 млн $ бөлінді. Соның ішінде :
1. Капиталды және орташа ремонтқа:
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
24.2 |
20.7 |
62.0 |
72.0 |
104.7 |
2. Құрылыс және реконструкцияға:
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
53.9 |
43.3 |
123.2 |
165.3 |
261.2 |
Жол саласын ғылыми тұрғыдан зерттеу:
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
0.3 |
0.4 |
0.4 |
0.4 |
0.4 |
Жол техникасын сатып алу – 12.9
Белоруссия мен Ресейде бұл көреткіштер 2-10 есеге дейін көп.
Қазақстан Республикасында 2002 жылы 1 км – 1.33 млн теңге.
Дамыған мемлекеттерде 1 км автомагистраль жөндеуге Франция – 16 мың $, Германияда – 27.2 мың $, АҚШ-да – 17.6 мың $.
Дүниежүзі елдері мен Қазақстан арасындағы аралық экономикалық қарым-қатынасты дамытудың негізгі құралы – теміржол көлігі болып табылады. Мұнда жүк тасымалдау жүзеге асырылады. Европа мен Азия арасындағы көліктік байланыс келесі халықаралық конференцияларда қаралды:
І. 1991 жылы Прага қаласында.
ІІ. 1994 жылы Крит аралында жалпыевропалық конференция.
ІІІ. 1997 жылдың 23-25 мауымында Хельсинки қаласында.
Крит келісімі бойынша
Европа террриториясы бойынша
Хельсинки – Евразияның көлік жүйесінің техникалық параметрлері мәселесі қарастырылды.
Қазақстан Республикасы үшін қажет мәселе: негізгі бағыттағы темір жолдарының модернизациясы, «Дружба» станциясының салынуын аяқтау.
Қазақстан Республикасы – Азия және Европаны байланыстыратын трансконтинент.
Дәріс № 9. Дәріс тақырыбы: Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу.
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік саясаттың мәні.
2. Халықтың табысы, оларды бөлу мәселелері.
3. Әлеуметтік теңдік
мәселесі және халықты
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік факторларын қарастырғанда әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні – қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғамдық мүліктерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық хал- ахуалмен тығыз байланыста болады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі қызметтері мынада: қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесін, тұрғындардың әл-ауқаты мен табыстарды өсуіне мүмкіндік жасау. Осы орындайтын қызметтеріне байланысты келесі талаптарды шешу керек: 1) Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру. 2) Тұрмысы нашар тұрғындарға әлеуметтік көмек жасау. 3) Тұрғындардың барлығы білім алуы, медициналық көмек, әлеуметтік сақтандыру мәселесін шешу.
Әлеуметтік саясаттың нәтижесі халықтың өмір деңгейі мен оның сапасына байланысты болады.
Өмір деңгейі – бұл материалды игіліктерді тұтыну деңгейі, азық-түлікпен, баспанамен және т.б. қамтылуы.
Көптеген елдердің тәжірибесі
көрсеткендей енгізілетін медициналық
сақтандыру жүйесі тек елдің тұрақты
экономикалық дамуы кезеңінде ғана
кең етек жаяды. Кері жағдайда бұл
жүйенің енгізілуі халыққа
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының тізбегіндегі проблема – халытың табысын құру болып табылады. Табыс – жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, оны өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді.
Табыс деп адамның бір жалда еңбегімен тапқан немесе басқа жақтан түскен ақшаның сомасын айтады. Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші. өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.
Жыл сайын материалдық игіліктерді өнідру саласында қоғамдық жиынтық өнім жасалады, ұлттық табыс құрылады. Халықтың табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды, қолдағы бар және нақтылы кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.
Номиналды табыс – жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны
Қолдағы бар табыс – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.
Нақтылы табыс – белгілі
бір уақытта қолдағы бар
Табыстың түсу көзінің негізгі жолдары:
Әлеуметтік теңдік деп жалпы адам, гуманитарлық өндірістің баы, яғни әлеуметтік экономикалық түрге байланыссыз адамдардың арасында болатын қатынастарды айтамыз.
Әлеуметтік теңдікке тұрғындардың оқуға, дәрігерлік көмекке, тұрғын үйді иеленуге, әлеуметтік қорғалуға тең құқылығы жатады. Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі адамдардың әлеуметтік тәуекелінің артуына алып барады. Нәтижесінде, адамдар өмір деңгейімен жіктеледі. Сондықтан да әлеуметтік сенімді механизм қажет.
Әлеуметтік қорғау дегеніміз
- мемлекет тарапынан халықтың материалдық
және әлеуметтік жағдайын бақылайтын
шаралар. Бұл жүйе тек халықтың табысы
аз топтары мен өндіріске
Халықты әлеуметтік қорғаудағы негізгі элемент – оның ақшалай табыстарын индексациялау. Мұның негізгі міндеті – инфляцияның келтірген шығындарын өтеу болып табылады.
Ең алдымен, әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі – қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім-жесірлерді, ауру-сырқауларды қорғауды көздейді, мысалы әлеуметтік көмек – зейнетақы, жәрдемақы, стипендия.
Әлеуметтік міндеткерлік – тегін орта білім беру, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмекті тегін көрсетут.б.
Дәріс № 10. Дәріс тақырыбы: Экономиканы реттеудің қаржы - несие механизмі
Дәріс жоспары:
1. Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі.
2.Ақша несие – саясатын қолдану ерекшеліктері.
3. Бюджеттік саясаттың экономикалық өсуді реттеудегі ролі
Қаржы жүйесі – мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге жалпы институцилоналдық тұрғыдан алғанда қаржа жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығғы.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
Мемлекеттңк қаржылар –мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс жасауы үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық байлықтың бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары.
Мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы саяси- экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаржыларды жинақтап пайдаланады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Несие жүйесі дегеніміз жеделдіктің, қайтарымдылықтың, төлемділіктің негізінде ақша құралдарын беру және тартумен айналысатын несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы. Ал несие дегеніміз қарыз капиталының қозғалысы. Ақша-несие жүйесінің орталығы болып банктік жүйе саналады, ол екі деңгейден құралады:
Ақша-несие саясатының құралдарын былай топтастыруға болады.