Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Августа 2011 в 16:07, курсовая работа

Описание

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

Работа состоит из  1 файл

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.docx

— 55.05 Кб (Скачать документ)

I БӨЛІМ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері
 

      Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз  өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

      Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.

      Экономикалык  пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.

      Экономикалык  пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.

      Капиталистік  экономикалық формацияның калыптаса  бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.

      Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі  де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.

      Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін,       пропорционалдықты саналы түрде  құру қажеттілігі туындайды.             Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.

      Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді  атқарады:

      1.   қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

      2.   жоспарлы     кезең     экономикасыпың     сандык     жәңе     сапалык сиппатамаларын  белгілеу;

      3.   материалдық, еңбек және қаржы  ресурстарын орынды пайдалану  арқылы    ғылыми-техникалык,    әлеуметтік    және    экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

      4.   жекелеген    салалар    мен    аумақтардың    даму    қаркыны    мен пропорцияларын  аныктау.

Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға  сәйкес жіктеледі:

Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).

      Жоспарлау  мерзіміне  байланысты:   ұзақ  мерзімге  жоспарлау  (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму  жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      

      

        

        
 
 
 

 
 

 

 
 

      1 схема. Жоспарлау түрлерінің жіктеуі 

      Сонымен,   жоспарлаудың   негізігі   мақсаттарына  төмендегілерді жатқызуға болады:

-    мемлекеттік     экономика     саясатын     және     экономиканы мемлекеттік реттеу  шараларын жасау;

-    экономиканың өсу қарқынын, қажетті  сапасын қамту және қолдау;

-    ұлттық   экономиканың   циклдік   тепе-теңдігін   орнату   және  қолдау;

-    барлық экономикалық шешімдердің  үйлестілігін қамту;

-    ұлттық экономиканың тұрақты  дамуын қамту.

      Қазіргі кездегі басқару теориясы мен  тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық  жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.

      Стратегия - ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.

      Стратегиялык  жоспарлау - Үкіметтің, аумақ әкімшіліктерінің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.

      Стратегиялық  жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.

      Индикативті жоспарлау - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.

      Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты - ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың  ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:

      - республика экономикасын мемлекеттік  реттеуде қолданылатын құралдардың  тиімді болуына қол жеткізу;

      -    нарық механизмдерінің әрекеті  негізінде экономиканың өзін-өзі  реттеу   деңгейінің   жоғары   болуын   қамтамасыз   ету   және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;

      -   әлемдік    тәжірибеде    кеңінен    қолданылып    жүрген    және тиімділігі   дәлелденген   экономикалық   талдау,   болжау   мен реттеу әдістерін пайдалану;

      - аумақтық экономикалық саясаттың  тиімділігін камтамасыз ету. 
 

1.2 Аумақтың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын жоспарлаудың  мазмұны, көрсеткіштері  мен құрылымы 

      Жоспарлау - басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

      Жоспарлау - белгілі мерзімге есептелген басқару  объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін  күйі бар жоспар - жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.

Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:

      1. Жоспарлау алдын ала қабылданған  шешім және келешекте белгілі  нәтижеге жетуге бағыттылған.

      2. Әр-түрлі    жағдайларға    байланысты    жоспарға    тұракты түзетулер   енгізіледі,   сондықтан   жоспарлау   жүйесі   икемді   және өзгерістерге бейімделуі қажет.

      3. Жоспарлау    процессі    қате    істерді    болдырмауға    және қолданбаған мүмкіндіктерді  азайтуға бағыттылған.

      Жоспарлау процесінің негізгі элементтері  төменде көрсетілген. 

ЖОСПАРЛАУ НӘТИЖЕЛЕР
 
АМАЛДАРЫ
 
РЕСУРСТАР
 
ЕНГІЗУ
 
БАҚЫЛАУ

          1 сурет. Жоспарлау процесінің негізгі  элементтері. 
     

Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:

• ЖҮЙЕЛІЛІК;

• ЖИНАҚТЫЛЫҚ;

• ҮЙЛЕСІМДІЛІК;

• ИКЕМДІЛІК:

• РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІП.

      ЖҮЙЕЛІЛІК - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.

      ЖИНАҚТЫЛЫҚ  - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.

      ҮЙЛЕСІМДІЛІК  - жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.

      ИКЕМДІЛІК - жоспар шеші.мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.

      РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІГІ - колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.

      Экономикалык  және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты  мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:

      - Эконо.микалык және әлеуметтік  даму процессінің заңдылықтары  мен мұқтаждығын ескеруі керек.

      - Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.

      -Атаулы  негізде. ягни жоспарлардағы көрсеткішті  орындаушыны анық, нақты көрсетуі  керек.

      - Кешенді  негізде,  яғни ұдайы   өндіріс пен әлеуметтік дамудың  барлық жақтарын қамтуы қажет.

Информация о работе Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi