Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Августа 2011 в 16:07, курсовая работа

Описание

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

Работа состоит из  1 файл

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.docx

— 55.05 Кб (Скачать документ)

      - Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.

      - Қоғамдык өндірістің жоғары тиімділігіне  және істің сапасына қол жеткізуді  ынталандыруы шарт.

      - Жоспар көрсеткіші дегеніміз  - баскару шешімінің нактылы бір  тапсырмасын санмен көрсету формасы.  Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сырткы белгісіне және аткарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.   Олар:   сандык  және  сапалық;   натуралдық  және  құндык; абсолюттік   және   салыстырмалык;   нормативтік   (директивтік)   және есептік көрсеткіштер. 

      Сандық  корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін  көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер , мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын  көрсетеді.

      Сапалық  көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).

      Натуралдық  көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.

      Құндық  корсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.

      Абсолюттік  көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салысшырмалық корсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы).

      Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.

      Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас  экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.

      Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық күшею  тенденциясы тән. Барлық елдерде  болжау және жоспарлау тәжірибиесі  кең таралғаны, осыған дәлел. Сонымен  қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.

      Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды  және күрделісі - индпкативтік жоспарлау болып табылады.

      Индикативтік  жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды  себептеріне төмендегілер жатады:

      1.Ұлттық   экономика   индикаторларында   (бюджет,   қаржы, пайыздық      ставка      және      т.б.)      мемлекеттің      ролі      артуда. Макроэкономикалық   балансты   орнатуға   және   қолдауға   мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару - ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.

      2.Нарықтык  қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе  шектелген экономика   салаларында   индикативтік   жоспарлауды   қолдану   қажет (қорғаныс жүйесінде,  ғылым  жіне білім  саласында).  Бұл салаларда ресурс үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.

      3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті - инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.

      4. Қазіргі     кезде      ұлттық     экономиканың     интеграциясы мемлекеттік немесе  макроэкономикалық жоспарлаудың  ролінің артуына себеп болып  тұр.

      5. Табиғи   ресурстар   азаю   және    экологиялық   қауіпсіздік  жүйесін     кұру     сияқты,     глобальды     мәселелерді     шешу     үшін макроэкономикалык жаспарлау қажет.

      Индикативтік  жоспар келесі бөлімдерден  құралады:

1.  Өткен  жылдың әлеуметтік-экономикалық  дамуына сараптама.

    2.  Жобаланған мерзімге  әлеуметтік-экономикалық  даму саясатының мақсаты және міндеттері.

3.  Макроэкономикалық  саясат

3.1.  Қаржылық-несиелік саясат;

3.2.  Салықтық-бюджеттік саясат; 

4. Құрылымдылық  саясат.

4.1.    Сауда саясаты;

4.2.    Бағасаясаты;

4.3.   Құнды қағаздар нарығының саясаты; 

4.4.   Инвестиция саясаты. 

5.       Экономика секторларын дамыту

5.1.    Өнеркәсіп;

5.2.    Ауыл шаруашылығы;

5.3.    Құрылыс;

5.4.    Көлік және бапланыс;

5.5.    Қаржы саласы;

5.6.    Сауда;

5.7.    Ғылым және технологиялар. 

6.       Әлеуметгік даму

6.1.    Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;

6.2.    Кедейшілікпен кұресу және халықты  әлеуметтік корғау;

6.3.    Әлеуметтік-экономикалық дамуда  әйелдердің қатысуы;

6.4.    Білім беру;

6.5.    Денсаулық сактау;

6.6.    Мәдениет, спорт және туризм; 

7. Қоршаған  ортаны қорғау.

      Әлеумеггік-экономикалык мақсатгарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар  жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалык деңгейді қамтиді.

      Республика  Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған "Қазақстан-2030" - жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялык жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика дамуының ұзак мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басынқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезендері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.

      Стратегиялык, жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар сонғы кездері кеңінен колданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол баскаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады. Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:

      1.  саланың ағымдағы қал-күйіне баға  беру;

      2.жоспарлы  кезеңдегі министрлік жұмысының  мақсатын  анықтау;

      3.  басынқылар;

      4.  SWOT - максаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;

      5.  мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;

      6.  стратегияларды    жүзеге    асыру    кезеңдері,    немесе    аралық мақсаттар.

      SWOT - ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазак тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданады. 

        

 
 
 

 
 
 
 

2 схема.  Жоспарлау мазмұның схемасы 

Оңтүстік-Қазақстан  облысының даму жоспарынын

SWOT-талдауы 

      Миссия    -   аумақтык    мүмкіндіктерді    іске    асыру    негізінде экономиканың нақты секторын өркендету

      Басты мақсат - облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен оның сапасын арттыру 

      Күшті жактар

1.  Ауыл  шаруашылығының дамуына ауа райының  колайлығы

2.  Облыстың  жоғарғы транзиттік әлеуеті

3. Көптеген  еңбек ресурстарының саны

4. Жекеменшіктің  көп үлесі

5. Эспортка  негізделген өндірістер (макта, талшығы)

6. Мәдени  және тарихи орталықтардың саны

      Әлсіз жактар

1. Өндірістік  базаның бәсекелестік қабілетсіздігі 

2. Облыстың  субвенциялық бюджеті

3.  Қаржы  ресурстарының жеке секторга  өту қабілетінің төмендігі

4.  Накты  жер нарығының болмауы

5.  Қоғамда  кылмыстық іс-әрекеттердің өсуі

6.  Экологиялық  және эпидемиологиялык жағдайдын  өршуі 
 

      Мүмкіндіктер

1. Үлкен  өкілеттіктердің, бюджеттік қарым-катынастарды қоса орталыктан аймақтарға таралуы

2.  Ауыл  шаруашылығы өнімдері мен кайта  өңдеу өнімдері үшін сыртқы  және ішкі нарықтар әлеуеті

3. Кіші  және орта кәсіпкерлікті дамыту

4. Дәстүрлі  емес секторға инвестицияларды  тарту

5. Шекаральщ  сауда мен кызмет түрлерінің ұлғаюы

6. Альтернативті  энергия көздерін пайдалану

      Катерлер

1. Облыстың  электр тарату және сумен қамтамасыз  ету жағынан баска мемлекеттен  тәуелділігі 

2. Халықтың  заңсыз көшіп қонуы және контрабандалық  қылмыспен айналысуы

3. Көрші  мемлекеттерден аймақта билікке бәсекелесуі

4. Сыртқы  және ішкі нарықтардың жоғалуы  импорттық тауарларға, сауда кедергілеріне  жол беруі 
 

      Күтілетін нәтижелер

      - Кірісті көбейтудіц және салык салу базасын кеңейтудің есебінен бюджетпіін субвеніщясыздыгына шыгу

      - Облыстың өндіріс әлсуетін диверсикацияіау уиіін негіз қалау

      - Ауыл шаруашылыгын сауықтыру және оны әрі қарай дамыту және    онын    базасында    бәсекелестікке    кабілетті    қайта    өңдеу өндірістерді қуру

      - Облыс өндірісі мен халкын эісумыспен каліту көлеліінде,  орта эісәне шагын кәсіпкерліктің үлесін арттыру

      - Ксізіргі  замангы   техпо.погияларды,   басқару  дагдыларып  және маркетингтік      қызмет      көрсетуді      енгізе      отырып      тікілей инвестициялардың агымына эісагдай эісасау

      - Облыстың   қурылымдық  экопомикалык, реформаларын   аяқтау және жергілікті өнімдердің экспортқа шыгуын кәбейту

      - Транзиттік   әлеуетін   эісузеге   асыру   жәие   облыстың   көлік жуйесінің біртутастыгын қамтамасыз ету

Информация о работе Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi