Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 14:57, реферат

Описание

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

Содержание

Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.
2.2 Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
2.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.
2.4 Индикативтік жоспарлау-экономиканы дамытудың құралы ретінде
2.5 Жоспарсыз экономика – жобаның соры
3.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

әлеуметтік экономикалық жоспар.doc

— 119.00 Кб (Скачать документ)

Реферат

Тақырыбы:«ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ» 

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1   Мемлекеттік  экономикалық бағдарламалау. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің әдістері  мен нысаны.

2.2 Болжамдау  мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.

2.3.  Мемлекеттік  реттеудің теориясы мен тәжірибесі  және шет елдердегі индикативтік  жоспарлау.

2.4 Индикативтік  жоспарлау-экономиканы дамытудың  құралы ретінде

2.5  Жоспарсыз  экономика – жобаның соры 

3.Қорытынды 

      Кіріспе

      Кез келген коғам, өзінің болашақтағы  даму перспективасың анықтап,  болжаусыз өмір сүре алмайды.  Экономикалык болжамдар қоғамның  даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге  қажетті экономикалық ресурстар  көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік  жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

       Жоспарлау - экономиканың объективті  заңдары мен заңдылықтарын зерттеп   түсіне білу және оларды саналы  тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык  дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.

        Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.

Экономикалык  пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген  әрекеттері нәтижесінде құрылуы  мүмкін.

        Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.

          Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.

        Осы жағдайда экономикалық пропорциялар  жүйесін, пропорционалдықты саналы  түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык - жоспарлылык болып табылады.

Жосларлау төменде  көрсетілген міндеттерді атқарады:

1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі бағыттарын  анықтау;

2. жоспарлы кезең  экономикасыпың сандык жәңе сапалык  сиппатамаларын белгілеу;

3. материалдық,  еңбек және қаржы ресурстарын  орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық  мәселелерді шешудің тиімді жолдарын  таңдау;

4. жекелеген  салалар мен аумақтардың даму  қаркыны мен пропорцияларын аныктау.

Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:

Жоспарлаудың  деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).

Жоспарлау мерзіміне  байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау). 

Негізгі бөлім

2.1   Мемлекеттік  экономикалық бағдарламалау. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің әдістері  мен нысаны.

        Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы ьолжамды баға ьолатын баяндама ұсынады. Жопонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.

    Мемлекеттік  экономиканы бағдарламалау –  елдің әлеументтік-экономикалық  дамуын мемлекеттік реттеудің  ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

    Бағдарламалау  – жоспарлаудың ең көп тараған  нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық  даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

    Жоспарлау,  болжау және бағдарламалау –  бүл ЭМР-дің құралдары.

    Бағдарлама  – директивтіктің белгілі бір  дәрежесіне тән нақты құжат.

    Бағдарламада  анықталатындар:

реттеу мақсаты;

мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;

жобаларды, олардың  бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық  жабу;

экономикалық  саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.

    Бағдарламаға  ұлттық экономика дамуының ішкі және сыртқы шарттарының төтенше өзгерістері жағдайында реттеудің резервтік нұсқасын жиі қосады.

    Бағдарламалар  бір және көп мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық және интернационалдық  сипатта болуы мүмкін.

    Экономиканы  жоспарлау мен болжпуда жүйелі-кешенді және бағдарламалы-мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

    Жүелі-кешенді  тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу  және тиәмді бақару қағидасы  бойынша құрылады.

    ЖКТ-нің  мәні жалпы теориялар жүйесінің  талаптарымен қортындыланады: әр  объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері ретінде қарастырылады (4-сурет). 

Жүйелі-кешенді   тәсілдеме 

[pic] 

4-сурет. Жүйелік-кешенді  тәсілдеменің мәні 

    Бағдарламалық-мақсатты  тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.

    Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы  тиісті:

Мақсат.

Кешенді тәсіл.

Мекен-жайы.

Орындалу міндеттілігі.

Шараларды жүзеге асыру мерзімі.

ресурстардың  негіздері. 

    Бағдарламалық-мақсатты  тәсілдеменің ерешеліктері:

бағдарламалық тәсілдеме жүйелі-кешендімен тығыз  байланысты, оны көбінесе жеке мәселелерді  шешуде кешендіге қосымша ретінде  қарастырады;

бағдарламалау үдерісінде өткізіледі;

мақсатты кешенді  бағдарламаны құрастыру үшін пайдаланылады.

    Бағдарламалық  әдіскке талаптар:

проблемаларды нақты анықтау;

мақсатты бір  жақты қалыптастыру;

қойылған мақсатқа жету үшін қажетті, ресурстар мен  мерзімнің жан-жақты кешенді байланысын қамтамасыз ету.

    Тәсілді  өткізу үдерісі:

мақсатты ғылыми анықтау;

мақсатқа жету нұсқасын әзірлеу;

қойылған мақсатта өткізу үшін талап етілетін құрлымның  ресурстары мен көлемін анықтау;

жүйенің қызмет ету моделін әзірлеу;

бірнеше баламалар  арасынан базистік шешімді таңдап алу  үшін критерийді табу.

    Біз  атап өткендей, экономиканы реттеуде  қоғамның экономикалық өмірінде  мемлекеттің қатысуы маңызды  нысан болып табылады.

    Реттеу  – мемлекеттің экономикаға оның  қызмет тәртібін қолдауға бағытталған ықпалы.

    Қазіргі  заманғы нарық шаруашылығы экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей)  әдістермен реттеледі.

    Экономикалық  реттеушілердің басымдық мәні  болады. Олар нарықтың қызмет  ету тетіктеріне айтарлықтай  оралымды кірігеді және мемлекетке экономикалық үдеріске елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

    Әңгіме  мемлекеттік реттеу туралы болғандықтан, деңгейлі анықталған экономикалық  және әкімшілік әдістерді шектеу  шартты сипатта болады: кез келген  экономикалық реттеуші әкімшілік ету элементтеріне ие, өйткені ол әкімшілік шешімі арқылы жүзеге асады және соған сәйкесті мемлекеттік органның бақылауында болады. Екінші жағынан, әкімшілік реттеушіде, оның іс-әрекеті экономикалық қатнастарға қатысушылардың тәртібіне жанама әсер еткендіктен, экономикалық реттеудің бір сәті бар. Мысалы, егер мемлекет ресурстар бағасына бақылау жасауға тырысса, ол өдірушінің қызмет тәртібін өзгертеді және өндірістік бағдарламасын қайта құруға, инвестицияны қаржыландыруға жаңа көдерін пайдалануға мәжбірлейді және т.б.

    Алайда, кейбір ұқсастыққа қаоамастан, эеономикалық  және әкімшілік әдістер, дегенмен  өзінің әсері бойынша қарама-қайшы  болып табылады. Әкімшілік реттеуші  таңдау еркіндігін елеулі шектейді. Экономикалық керсінше, экономикалық  қатнастарға қатысушылар үшін қосымша ынталандыру жасап, оны кеңейтуі мүмкін.

    Мемлекеттік  реттеудің экономикалық әдістері  екі негізгі нысанда көрінеді: кредиттік және бюжеттік-салықтық. Бұл нысандардың өз бетінше  мәні бар, оның әрқайсысы өзіндік  құралдар иеленеді.

    Кредиттік-қаржылық  саясаттың басты құралдары міндетті  резервтердің мөлшері, банкаралық  кредит мөлшері, бағалы қағаздар  рыногында Орталық банктің мемлекеттік  облигацияларымен операциялар болып  табылады.

    Бюжет-салық  саясатының жан-жақты және қолданбалы құралы салық жеңілдіктері болып табылады. Салықтық реттеуге мемлекеттік шығындар мен мемлекеттік борыштарды басқару әдістері (пайыз мөлшері мен облегацияны шығару мерзімі) қосылады.

    Экономикалық  әдістер нарық экономикасының  қарқынды дамуы мен тиімді қызмет тәртібі қолданумен байланысты, шешуші міндеттерді шешу үшін қолданылады. Мұндай міндеттерге кезеңге қарсы, құрылымдық реттеу, аймақтық саясатты жүзеге асыру; экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ету; елдің сыртқы экономикалық қызметін дамыту жатады.

    Кредит-қаржы  саясатының құралдарын пайдалану  мемлекетке инфляцияға қарсы  тұруға, ппайыздық мөлшернемені  реттеуге, солар арқылы – инвестициялық  үдерісті, өндірісті және жұмыспен  қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға  мүмкіндік береді.

   Сабура Окита былай деп жазған: «Шенеунік даналығы, телефон арқылы немесе ведомстволық нұсқау арқылы экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез келген әс жойылып кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады».

    Салық  саясаты барлығынан бұрын, табыстарды  қайта бөлуді және өндірістің  дамуын ынталандыруды ұйымдастыруға  бағытталады. Салық қызметтері  – қазыналық және экономикалық.

    Әкімшілік  әдістер бес бағытта қолданылады:

Монополиялық  рынокты тікелей мемлекеттік  бақылау. Рынокты әкімшілік реттеу – қатаң мөлшерлемелі акциздік салықты  енгізу, бағаны жоспарлауды қолдану, мемлекеттік монополияға қатысты, рыноктағы үйлесім икемсіз сұраныс тауарларын әкімшілік реттеу.

Информация о работе Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны