Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 14:57, реферат

Описание

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.

Содержание

Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.
2.2 Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
2.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.
2.4 Индикативтік жоспарлау-экономиканы дамытудың құралы ретінде
2.5 Жоспарсыз экономика – жобаның соры
3.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

әлеуметтік экономикалық жоспар.doc

— 119.00 Кб (Скачать документ)

Бізде өндірісті, өнеркәсіпті жасап отырғандар –  кәсіпкерлер, іскерлер. Мемлекеттік  жоспарлау кәсіп иелері үшін тиімді, пайдалы. Жалпы, өзін-өзі сыйлайтын  кез келген кәсіпкер есеп-қисапсыз тіршілік етпеуі тиіс. Осы жерде біздің елге мемлекеттік жоспарлау саясатының қандай тәсілдері тиімді екенін айта кету орынды. Кезінде кеңестік дәуірде оның жоғарыдан төменге қарай бағытталған нұсқаушыл (директивті) түрі болды. Қазір бұл тәсілді қолданғымыз келген күннің өзінде де оны жасай алмаймыз. Өйткені жүйе де, құрылым да басқа. Біреу білер, біреу білмес, жоспарлаудың екінші бір амал-тәсілі «индикативті» деп аталады. Бізге осы түрін қолдану тиімді. Себебі бұл көрсеткіштерге қарай құрылады. Жалпы, нарықтың, бағаның өзгеруіне байланысты индекстік, инфляциялық өзгерістерді енгізуге мүмкіндік бар. Демек, осы күнгі мемлекеттік басқарудың басты буынының бірі – түр-мазмұны жаңарған индикативті жоспар болуы тиіс. Индикативті жоспарлаудың директивті жоспарлаудан (кеңес дәуіріндегі) айырмашылығы – ол, негізінен, ұсынушылық және бағыттаушы сипатта көрінбек. Соның өзінде стратегиялық маңызы бар немесе күшті мемлекеттік ықпал-әсерді талап ететін жекелеген бағыттарда оның қалыптасуы мен жүзеге асуы үшін қатаң талап жолы да ойластырылуы ықтимал. Мысалы, кезінде АҚШ қорғаныс саласына арналған бюджетті жоспарлау тәсілін пайдаланды. Оны көптеген елдер қолданды. Ал еліміз осы мемлекеттік жоспарлаудың қандай тәсілін таңдай алады? Басқарудың әлгі индикативті түрін таңдап алған күннің өзінде оның дұрыс жүзеге асатынына күмәнім бар. ҚР Министрлер кабинеті екі рет – 1994 жылы 29 сәуірде және 1996 жылы 14 мамырда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасау туралы қаулы қабылдаған. Бұған Ә.Қажыгелдин (сол тұстағы премьер-министр) қол қойған. Бірақ бұл қаулы іс жүзінде жүзеге асқан жоқ. Қажыгелдиннен кейінгі болған премьер-министрлердің бірде-біреуі бұл мәселеге қатысты жақ ашқан жоқ.

Индикативті  бесжылдық жоспарлау – мемлекет деңгейінде өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Оны екі деңгейге бөліп қарастыру керек. Өнеркәсіп деңгейінде іскер қауымның бизнес-жоспары болады. Ал мыңдаған ұсақ шаруалар, шағын кәсіпкерлер қайтпек? Олардың басын біріктіретін бизнес-жоба қажет. Жалпы, біздің мемлекетте бюджеттен басқа тиянақты жоспарланып отырған дүние жоқтың қасы.

       Артық ақша да – жау

       Жалпы, ғылымда экономиканың негізі  ақша деп есептелмейді, экономиканың  түп-тамыры шаруашылықта. Әккі экономистер  бұл туралы айтып кеткен. Өкінішке  қарай, бүгінгі басшылар, бизнесмендер  бұл қағиданы естен шығарып алды. Шаруашылықтың құндылығы – өндіріс пен ақшаның тепе-теңділігінде. Осы күні дүниежүзілік экономиканы тығырыққа тіреп отырған қаржы дағдарысы неге жалпы экономикалық тоқырауға ұласып кетті? Өйткені АҚШ-та басылатын доллар көлемі өнім мөлшерінен асып кетіп, экономика заңдылықтарын бұзды. Мысалы, доллардың 4-ақ пайызы өндіріске қызмет етеді, қалғаны бос ақша. Басқа елдерге жіберіп, тек валюта айырбастау арқылы ғана Америка 2 триллион кіріс тауып отырған. Жалпы, ақша мен нарықты дұрыс игермесе, адамзаттың жауы боп шыға келеді. Қоғам бай мен кедейге бөлініп, жіктеледі, одан наразылық туады, кейін оның  соңы зорлық-зомбылыққа апарады.

       Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін шаруашылықты қалпына келтіру  жолында еңбектенген, Нобель сыйлығын  алған В.Леонтьев деген петерборлық ғалым өмір сүрді. «Шығын және пайда» деген еңбек жазған. Біздің елде шаруашылықты басқаруға, мемлекеттік жоспарлауға ғалымдар араластырылмайды. Олардың еңбегін өндіріске пайдаланбаймыз. Сонда бізге ғылым мен ғалым не үшін керек?

       Есепсіздің есесі кетеді

«Өнеркәсіпті  қалай жоспарлау керек?» деген  мәселеге келер болсақ, біздің елімізде әр сала өз бетінше дамуда. Осы орайда мен салааралық баланысты жетілдіру  жағын айтар ем. Мұны жапон халқы  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ жасаған, бізге неге жасамасқа? Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ел мен жердің негізгі байлығын мемлекеттің қолына беру керек. Мәселен, соғыстан кейінгі Жапониядағы бірінші бесжылдық «бей-берекетсіздік (хаос) және қалпына келтіру кезеңі» деп аталды. Экономиканы қалпына келтірудің үкіметтік саясаты әу баста соғыстан кейінгі тауар бағасы қатынастарының базисті бағдарламасына негізделді. Осыған орай, күріш, еңбекақы және көмір бағасына негізделген жүйе құрылды. Күріш халықтың қарнын тойдырса, металл – өнеркәсіп, нан пісіретін – энергетика. Осы үш салаға аралас баланс жасап, кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік берді. Демек, бесжылдық жоспар жасау – профессионалдың ісі.

         Бұлай дейтін себебім, біржылдық  жоспар жасайтын адам табу  оңай болар, ал бесжылдықтың  тамырына терең бойлау үшін білім мен тәжірибе керек. Осы күні жекеменшікте не бар, не жоқ екенін ешкім білмейді. Экономикада инвентаризация (есепке алу) деген болады. Біз бесжылдық жоспар жасай аламыз ба, жоқ па, оны жүзеге асырамыз ба, жоқ әлде бастамай жатып, «құлдық» дейміз бе? Жалпы, бесжылдық жоспарды іске асыра алатындай бізде күш-қауқар бар ма? Міне, осылар есеп-қисапқа алынбай тұрып, біз ешқандай жоба жасай алмаймыз. Жекеменшіктің жай-күйін, базасын анықтау жоспарлауға жол ашады. Осыны есте ұстаған жөн. Өткеннің бәрін мансұқ етуге даяр тұратын әдетіміз бар ғой, кезінде мемлекеттік жоспарлау саласында қандай білікті мамандар отырды. Олардың біліміне, іс-тәжірибесіне адам қызығатын еді. Сондай кадрлардан айырылып қалдық. Кадр даярлау ісін қолға алған абзал. Ал осы жерде мынадай сауал өзінен-өзі туындайды: Дәл қазіргі Қазақстан экономикасы салааралық байланыс пен балансты жетілдіре ала ма?  Біз мұнай мен темірді, астықты  шетелдіктерге беріп қойдық. Қазақстандағы ең үлкен, ең ірі қиыншылық осы. Мына терістік көршіңізде мұның бәрі ресейліктердің қолында. Бізге енді ешкім мұнайыңды да, металыңды да қайтадан ала ғой демейді.

     Нарықты  да жоспарлай білу керек?

     Біз  тіпті науқан кезінде жанар-жағармайдың  бағасын түсіріп бере алмай  отырмыз ғой. Сонда не істемек керек? Әу бастағы «шатақ келісімшартты» қайта қараудан бастау керек. Басқа амал жоқ. Ол үшін мемлекет  әлгі компаниялардың акциясын сатып алу керек немесе Үкімет 50+1 пайыздық акция үлесіне иелік етуі тиіс. Ал ең тиімдісі – мемлекеттің өз байлығын меншігіне алуы. Экономиканы, шаруашылық атаулыны мемлекеттендіруден қашпау да керек, қорықпаған да жөн. Осыған талпыну керек, ұмтылу керек. Біз осы мәселені қолға алған кезде толыққанды жоспар жасай аламыз.

Басқару – жоспарлаудың ең үлкен, ең күрелі саласы. Бейнелеп айтқанда, «жоспарлау – басқарудың жүрегі» деген түсінік қалыптасқан. Міне, бүгінгі жоғарғы оқу орындарында осы салаға арналған факультет жоқ. Демек, осы мәселеге орай арнайы факультет ашып, пән сабағын енгізу керек. Өте қиын сала болғандықтан, мұны екінің бірі меңгере алмайды. Кез келгеннің қолынан келе беретін жеңіл-желпі іс емес. Күні бүгінге дейін жоспарлау мен нарықтың басы бір қазанға сыймайды, бір қазанда қайнамайды деп келді.

Біле білсеңіздер, АҚШ-тың құрылып, дамып, қазіргі деңгейіне  жетуіне 233 жыл қажет болса, КСРО бұған небәрі 70 жылдың ішінде дүниежүзілік соғысты жеңе отырып қол жеткізді. Бүгінгі таңда әлем елдері дағдарыстан қиналып жатқанда, Қытай экономикалық өсімді еңсеріп тастады. Неге? Себебі бұл елде мемлекеттік басқару тетіктері мықты. Нағыз басқарушылық қабілет-қарым бар. Кеңес Одағы тұсында жоспарлаудың күшті, мығым болғанын ешкім жоққа шығара алмас. Халықтың да, мемлекеттің де жағдайын жасап, жақсылық әкелген жоба болды. Ал асыра сілтеушілік – сіз бен біздің ойлап тапқанымыз. Ал осы күні мемлекеттік жоспарлаумен қандай министрлік, қай ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр? Бұл іске ғылыми-зерттеу институттарын араластырып, жаңа жоба жасауға құзырлы мекемелер, бәрі ат салысуы керек. Меніңше, бұл – тікелей экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің шаруасы.

Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін жоспарлаудың жаңа идеологиясы жасалмады. Өмірге енгізілмеді. КСРО-дағы жоспарлау жүйесі Одақпен бірге, бәлкім, одан да ертерек  күйреген болуы мүмкін. Жалпы, экономика  заңы –  қатал заң. Сол қатал заң бұзылып, бұрмаланғаннан кейін осындай халге душар боп отырмыз. Жоспарлаудың бір аты – тәртіп. Тәртіп болмаған жерде шаруашылықты өрге сүйреймін деу – бекершілік. 

Қорытынды

       Жоғарыда айтылғандарға байланысты  қазіргі экономикадағы мемлекеттің  ролі туралы мәселе туындайды.

         Мемлекеттің экономикадағы ролі  мен орны туралы өзекті мәселе  төңірегінде ұзақ жылдар бойы (ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан  бері) жүйелі теориялық ізденістер  жүргізіліп келеді. Бұл мәселе  ХХ-ғасырдың соңы мен ХХI-ғасырдың бас кезінде ҒТР-ң үдеуіне, жаһандану процесстерінің екпінді жүруіне, ұлттық шаруашылықтардың интернационализациялануына, әлемдік бәсекенің күш алуына, постсоциалистік мемлекеттерде рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуына байланысты даму үлгілерін таңдау себептерінен теориядағы және тәжірибедегі аса маңызды сипатқа ие болды.

        Мемлекеттің экономикаға араласу  дәрежесі туралы методологиялық  экономикалық ғылымның өкілдері  қарама-қарсы пікірлер ұсынуда.

        Классикалық мектептің «либералды экономика» қағидасын ұстанушылар мемлекеттің экономикаға араласуын барынша шектеуге мүдделі. Олардың қатарында ТМД ғалымдары мен саясаткерлері баршылық. Әсіресе, рыноктық реформалардың бас кезінде мұндай көзқарас басым болып, өздігінен реттеуші рыноктық тұтқалардың қасиетін асыра мақтаушылық жиі кездесті. Экономикалық саясатта да либерализм орнап, рыноктық реформалаудың тәжірибесінің жетіспеушілігінен мемлекетіміз экономиканы шамадан тыс ырықтандырып жіберіп, экономикалық құлдырау мен гиперинфляцияға жол беріп алды.

       Кемелденген экономикасы бар  Батыс елдерінде экономикалық  демократияның елеулі шектелгенін,  көптеген маңызды мәселелерді  мемлекет өзі тікелей шешетінін  аңғару қиын емес. Тіпті негізгі  рыноктық тұтқа болып табылатын  баға белгілеу ісіне де мемлекет өзінің заңнамашылық қызметімен араласып отыр. Мысалы, А.Амосов Батыс елдерінде мемлекеттерінің баға белгілеу ісіне араласуының жоғары деңгейін айта отырып, былай дейді: «АҚШ пен Еуропалық Қауымдастық елдерінің ішкі азық-түлік рыноктарының реттелетіндігі соншалық, бұл жерде рыноктық өздігінен реттеудің ізін де таппайсың».[11] А. Амосов баға белгілеу ісін мемлекетік реттеу қажеттілігін қысқаша былай түсіндірген: «егер мемлекет баға белгілеу ісіне араласып, оны реттемесе, онда рынок еркін болудан қалады, өйткені мемлекеттің орнын монополиялық, алып-сатарлық құрылымдар немесе криминалды топтар басады».[12] Автордың ойының дұрыстығын  ТМД елдеріндегі болған немесе кейбірінде орнаған жағдай дәлелдеп отыр. Ресей Федерациясы экономикалық демократияны жүзеге асыру барысында абайсызда монополисттік және криминалды капиталдың  ықпалына жол ашып алды.. Ал Қырғыз Республикасында «түсті революциядан» кейін криминалды құрылымдардың билікті қолдарына алу қауіпі төніп, арандатушылардың әрекеттері барысында бүкіл ел азамат соғысы қарсаңына жақындады. Қазақстанда мемлекет ондай қауіпті құбылысқа жол бермеді.

        Батыс елдері бірнеше ғасырлар  бойы даму үлгілерін шыңдап, эволюциялық  дамытып келеді. Теоретик –экономисттердің  басым көпшілігі ұстанатын бүгінгі  таңдағы ақиқат – капиталисттік рыноктық жүйе ешқашан абсолютті еркіндікке ие болған емес. Азды-көпті болса да мемлекет экономикалық процесстерді реттеуге әрқашан қатысып отырған, бірақ оның араласу деңгейі әр кезеңде және де әртүрлі даму үлгілерін ұстанған мемлекеттерде әрқалай болған. Ал, жаһандану және ҒТР процестері мен әлемдік бәсеке күресі күш алған қазіргі заманда мемлекет экономикаға кең көлемде және пәрменді араласуы керек. Мұндай ойды ұсынған К.Поппер: «Егер біз еркіндікті қорғағымыз келсе, онда шексіз еркіндік саясатын мемлекеттің экономикаға жоспарлы араласуы саясатымен алмастырылуын талап етуіміз керек»-деп жазған болатын. Өмір оның ойының дұрыстығын дәлелдеп отыр. Қазіргі өркениетті елдерге тән сипаттар, ол- әлеуметтік өмір мен қатар экономикалық өмірді де мемлекеттің ауқымды реттеушілік қызметі; жеке меншіктің біртіндеп жоққа шығарылуы, әртүрлі серіктестіктер түріндегі, солардың ішінде корпоративті және мемлекеттік меншіктің нығаюы, олардың шешуші рольге ие болуы; еркін рыноктық реттеудің жоспарлы-бағдарламалы реттеумен толықтырылуы.

        В. Осипенко және тағы  біраз  оқымыстылар  адамзат қоғамының  болашағы «жоспарлы экономика»  деп ұйғарым жасап отыр. Ал, жоспар   (индикативті немесе директивалы)  мемлекеттік араласудың айқын  белгісі болып табылады. Егер  болашақта мұндай қоғам орнайтын болса, онда бүгіннен бастап шаруашылық субъетілерінің мүдделерін жүзеге асыру және оларды үйлестіру мәселелері теориялық зерттеулердің пәніне айналуы керек. Себебі қазіргі қалыптасқан ойдың стереотипі- жоспар (директивалы) бар жерде шаруашылық егеменділік пен жеке мүддеге орын жоқ. Сонымен қатар меншік, ақшалы-рыноктық қатынастар, менеджмент, мемлекеттік басқару сияқты көптеген мәселелердің теориялық аспектілерін түбегейлі қарастыру қажет болады. 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан  Республикасының Президенті Н.  Ә. Назарбаев “Қазақстан –  2030” бағдарламасы. 1997 жыл.

2. Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә  Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауы “Қазақстан халқының  әл-ауқатын арттыру мемлекеттік  саясаттың басты мақсаты.” 2007 жыл.

3. Әлеуметтік-экономикалық  дамуды болжау және жоспарлау  – Алматы 2002жыл.

4. Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә  Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауы “Дағдарыстан жаңару  мен дамуға” 2007 жыл. 

Информация о работе Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны