Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 06:46, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты «меншік» ұғымын кешенді түрде талдау болып табылады. Жұмыс жасау барысында оқулықтар тақырыптың теориялық жағын ашу, экономикалық газет-журналдар экономиа дамуындағы рөлін анықтау үшін қолданылды.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1. Меншік экономикалық категория ретінде
1.1 Меншіктің экономикалық және заңды аспектілері
1.2 Меншік қатынасы
1.3 Меншік түрінің көптігі және олардың ерекшеліктері
2. Қазіргі таңдағы меншік формаларының дамуының тенденциялары
2.1 Қазақстан Республикасындағы жеке және мемлекеттік меншіктің даму жолдары
2.2 Біріккен басқару әдісін құрастыру
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бірақ, басқару және қолдану функциялары обьект иесімен басқа қолдарға берілсе, осы қатынастар мүлдем басқаша болып өзгеруі мүмкін. Меншіктік функцияларды басқа біреуге берер алдында оған обьектіге байланысты экономикалық жауапкершілік қатынастарын заңды түрде толтырылған құжат ретінде беруі керек.
Енді меншік иегерлері арасында болатын қатынастарды, яғни субьект-обьект қатынастарын, оларды түрлі топтарға бөле отырып қарастырайық.
Қатынастардың алғашқы тобы белгілі бір меншікті бөлгендегі шарттарға байланысты пайда болады. Меншік обьектісін оның өзіндік міндетіне сәйкес қолдану және пайдалану көптеген жағдайларда бірнеше субьект арасында меншік функцияларын, құқықтарын, міндеттерін бөлу немесе қайтадан бөлуге алып келеді.
Субьектілер арасындағы қатынастардың екінші тобы меншік иегерлерінің олардың қайтадан құрып жатырған игіліктері, яғни болашақта жаңа меншік обьектілері туралы қатынастарын анықтайды. Жаңа меншікке арыздар және құқықтар обьектіні құрастыруда ешқандай қатынасы жоқ субьектілерге де беріуге мүмкіндік бар. Мемлекеттік органдардың да жаңа меншіктен өз үлесін салық, төлемдер ретінде алуға құқығы бар.
Бірінші топтағы меншік қатынастарының бастапқы қалпы құралып болған, меншік обьектісі бар болғандықтан мәселе тек обьектіні бірігіп қолдауну, меншік функцияларын бөлгенде ғана пайда болуы мүмкін
Екінші топта жаңа меншік обьектісін меншіктендіру жайында айтылады. Бұл обьектіні үміткерлер арасында бөлу өте қиын және шешілмеген мәселе болып табылады.
1.3 Меншік түрлері және олардың қасиеттері.
Көптеген адамдар нарықтық экономиканың негзін тек қана жеке меншік құрай алады деп есептейді. Нарық негізін бәсеклестік құрайды, ол көп нарықтық субьектілердің болғанын қажет етеді. Адамзат тарихында менщіктің көптеген түрлері кездеседі. Олардың ішінде ең негзігілері және маңыздылары – жеке және мемлекттік меншік болып келеді.
№1 схема Меншіктің негзгі түрлері
Қазіргі уақытта шаруашылықпен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Батыс елдерінде негзгі қорлардағы мемлекет үлесі 7-ден 30-ға дейінгі пайызды құрайды. Мемлекеттік меншік формасының базасына орталықталған басқару, мемлекеттік инвестиция қажет экономика салалары жатады. (егер табыс қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыздандыралмаса) Мемлекеттік меншіктің негізгі функциялары мыналар:
макробағдарлау жасау мүмкіндігі бар;
жалпы қоғамның экономикалық дамуының стратегиясын құру мүмкіндігі;
ұлттық экономиканың құрылмын максимальді табыс алып келетіндей, адам іс-әрекетіне бағытталған етіп реттей алу мүмкіндігі;
Мемлекеттік меншік экономикалық және әлеуметтік қоғамға қарамастан, көптеген жағдайларда басқа меншік формаларымен салыстырғанда аз табыстылығымен жұмыс істейді. Бір жағынан, оның негізгі себебі, осы салада нарық мүмкіндігі шектелгендіктен еңбек етуге ниет азаяды. Екінші жағынан, жақсы жұмыс істейтін нарық болса да, мекеменің нарыққа ұмтылысының уақыт өткен соң жоғалып кетуі себеп болады. Мемлекеттік мекеме монополист ретінде нарыққа шығады
Жалпыхалықтық, республикалық және муниципальді түріндегі мемлекеттік меншіктің экономикадағы рөлі өте жоғары.
Муниципализациялау мемлекеттік биліктің жер, құрылыс, мекеме, жергілікті шарушылықтағы меншік құқығын қалалық өзін-өзі басқару органдарына беру дегенде білдіреді.
Қалада муниципальді меншіктің обьектілері болып қаланың өмір сүруін қамтамасыз ететін су құбырлары, газ шаруашылығы, электрмен жабдықтау мекемелері, транспорт құралдары жатады. Бұл қызмет түрлерінің қалалық биліктің қолында болуы қалаға да, оның халқына да экономикалық жағынан артықшылық береді. Қаражат жинақталғаннан кейін қалалық шаруашылық және муниципальді меншікті ұстап тұру мемлекет бюджетіне арзанға түседі. Батыс Еуропаның көптеген қалаларында муниципальді меншікті құру халыққа үлкен материальді табыс, сонымен қатар аз мөлшерде салық алу арқылы да пайда алып келеді.
Қазіргі таңда жеке меншікке мыналарды жатқызуға болады:
1) экономикалық бірлік ретінде қарастырылатын өз қажеттілігі үшін өнім шығаратын және қызмет көрсететін үй шаруашылығы;
2) заңға сәйкес жұмыс істейтін заңды жеке мекемелер;
3) «көлеңкелі экономика» құрамындағы заңсыз жеке мекемелер;
4) жеке меншікті өз табысы үшін қалай-да болсын қолдану (пәтерлерді жалға беру, жеке тұлғалар арасында ақша операцияларын жүзеге асыру және т.б.);
Жеке меншік саласы орталықтың еш қатысуынсыз кенеттен тез дамып кетті. Бұл оның өмірге бейімділігін көрсетеді. Жеке меншік саласының дамуының негізгі шарттары:
өндіріс іс-әрекетін бастау және мекеме құрастырудағы толық тәуелсіздік;
жеке келісім бойынша заңға итісті міндеттерді орындау;
несие саясатының жеке қаражат салымының қалпына келтірілуі;
қоғамның жеке меншікке құрмет көрсетуі;
Жеке меншік өз жұмысы барысында қоғамдық ерекшеліктердің бөлек қалпын өзіне жинақтайды. Бұл әлеуметтік сақтандыруға міндетті төлемдер, жергілікті және мемлекеттік бюджетке салық төленгенде байқалады. Жеке меншік обьектілеріне алдымен, кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейін, үйлесімділікті, кәсіпкерлікке бейімделгендікті талап ететін өндіріс салалары айналады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкердің бастамасы тұтынушыға жақынырақ келуді, оның әрдайым өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қамтамасыздандыру міндеттерін өз қолына алады. Кіші бизнесте, қызмет көрсету салалырында жеке меншік өзінің басқа формаларымен салыстырғанда тез бейімделеді, дамиды. Көптеген адамдардың ойынша, жеке меншік – еш бөлінбеген, ештеңемен шектелмеген (иесінің еркінен басқа) меншік деп есептейді. Шынына келгенде, жеке кәсіпкер өз меншігі обьектілермен өзі дұрыс санаған қандай-да болсын операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Тек бұл операциялар басқа біреудің меншігінің мүддесіне кедергі келтірмесе болғаны. Өркениетті қоғамда меншік иелерінің арнайы ережелері анықталған. Статистикаға сүйенсек, 2000 жылдың 1 қаңтарында елімізде 2 млн. жуық мекеме жұмысын атқарған. Өзінің меншік формаларына байланысты, олар осылай бөлінген:
Меншік формаларының өзара қатынасы
Меншік формалары | Жалпыға шаққандағы % |
Жеке меншік | 78,3 |
Мемлекеттік меншік | 4,8 |
Муниципальді меншік | 6,1 |
Қоғамдық ұйысдардың меншігі | 5
|
Басқа | 5,8 |
Осыдан біз Қазақстанның өндіріс меншігі құрамына жеке, мемлекеттік және аралас меншік формалары жүйесін негіз етіп қабылдағаны анық байқалады.
Сондай-ақ Қазақстанда топтық меншік түрі де кездеседі. Оған ауыл шаруашылық серіктестіктерін, кооперацияның тұтынушылық және басқа да формалары, акционерлік қоғам және біріккен, аралас мекемелердің меншігі мысал бола алады.
Меншіктің кооперативті түрі әлемнің көптеген елдерінде кең таралған. Олардың әлемде 1 млн. түрі жұмыс істейтіні анықталған. Кооперативті меншік – меншіктің біріккен формасы әлі де жекелікті жоғалтқан жоқ.
Меншіктің біріккен формасының бір түрі – акционерлік меншік. Акционерлік меншік құрылу әдісіне, жұмыс істеуіне және пайдалануының экономикалық формаларына байланысты біріккен болып аталады. Акционерлік меншік халықтың түрлі бөліктерінің ерікті түрде біріктіруінен пайда болады. Меншік обьектісі болып өндіріс әдістері, заттары емес, ал оларды анықтайтын бағалы қағаздар болады. Меншікті түгелімен басқару үшін өз қолында акцияның негзгі пакетін сақтап қалса ғана болады.
Сонымен, меншіктің ешқандай формасы әмбебап болуы мүмкін емес. Әрбір меншік формасы өзіне сәйкес өндіріс түрінде тиімді пайдаланылады. Мемлекеттік меншік нарықтық реттеу мүмкіндігі шектелген салаларында жақсы жұмыс атқарса, акционерлік және біріккен белгілі бір өндіріс саласына қаражатты жинақтағанды қажет етеді. Экономикалық әдебиеттерде меншіктің негізгі формаларынан басқа өндірітік формасын да келтіреді. Ол қоғамдық мекемелердің меншігі ретінде жұмыс істейді. Ерекше орынды интеллектуальді меншік алады, ол арқылы ғылыми ақпаратпен, мәдениетпен, жаңа ашылған жаңалықтармен алмасу жүзеге асырылады. Қазіргі таңда меншік формаларының дамуы меншік қатынастарының интернационализациясы процесімен қатар жүреді. Нәтижесінде, біріккен, аралас мекемелер, трансұлттық корпорациялар пайда болып жатыр. Мұның барлығы меншіктің формаларының түрлілігін және экономикада тұрақтанғанын айқын көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы меншік.
2.1 Меншік түрлері.
Жеке меншік – республика азаматтарының немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар және бірлестіктердің бөлек меншігі.
Мемлекеттік меншік – мемлекеттік және коммунальді меншігі.
Мемлекеттік меншік мемлекетпен бекітілген заңды, республикалық тұлғалардың заңды актілерге байланысты қазынасы және меншігі.
Коммунальді меншік белгілі бір заңды актілермен бекітілген заңды тұлғаларға берілген жергілікті қазына және меншіктен құралған.
Мемлекеттік меншік қарамағындағы иелік жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығымен заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.
Шаруашылық басқарудағы заңды тұлға заң актілеріне байланысты мекеме құру мәселелерін шешеді, оның стратегиясын және мақсатын анықтайды, оны қайтадан құру, өзіндік міндетіне байланысты қолдануын қадағалайды. Ол меншікті қолданудан келетін табыстың белгілі бір мөлшерін алуға толық құқығы бар.
1999 ж. 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикаында меншік формаларына байланысты тіркелген заңды тұлғалар:
| Барлығы | Меншік формалары және түрлеріне қатысты | ||||
|
|
|
| Ішінен |
| |
|
| Мемлекеттік | Жеке | Мемлекет қатысуымен | Біріккен кәсіпорындар қатысуымен (шетел компанияларының қатысуы мүмкін) | Шетелдік |
Елімізде | 114889 | 21400 | 91299 | 1769 | 2567 | 2190 |
Шағын | 101058 | 14784 | 84154 | 820 | 2342 | 2120 |
Орта | 11255 | 5744 | 5467 | 646 | 159 | 44 |
Ірі | 2576 | 872 | 1678 | 303 | 66
| 26 |
|
|
|
|
|
|
|