Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 06:46, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың мақсаты «меншік» ұғымын кешенді түрде талдау болып табылады. Жұмыс жасау барысында оқулықтар тақырыптың теориялық жағын ашу, экономикалық газет-журналдар экономиа дамуындағы рөлін анықтау үшін қолданылды.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1. Меншік экономикалық категория ретінде
1.1 Меншіктің экономикалық және заңды аспектілері
1.2 Меншік қатынасы
1.3 Меншік түрінің көптігі және олардың ерекшеліктері
2. Қазіргі таңдағы меншік формаларының дамуының тенденциялары
2.1 Қазақстан Республикасындағы жеке және мемлекеттік меншіктің даму жолдары
2.2 Біріккен басқару әдісін құрастыру
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Іс-әрекеті, меншік формасы, оның өлшеміне байланысты тіркелген заңды тұлғалар:
| Барлығы | Меншік формалары және түрлеріне қатысты | ||||||
|
|
|
| Ішінен |
| |||
|
| Мемлекеттік | Жеке | Мемлекет қатысуымен | Біріккен кәсіпорындар қатысуымен (шетел компанияларының қатысуы мүмкін) |
Шетелдік | ||
Ауыл шаруашылығы | 9592 | 379 | 9197 | 170 | 39 | 16 | ||
Шағын | 6855 | 229 | 6612 | 57 | 38 | 14 | ||
Орта | 1876 | 119 | 1756 | 66 | 1 | 1 | ||
Ірі | 861 | 31 | 829 | 47 | - | 1 | ||
Тау-кен өндірісі | 724 | 14 | 685 | 55 | 80 | 25 | ||
Шағын | 550 | 6 | 524 | 11 | 48 | 20 | ||
Орта | 98 | 4 | 94 | 19 | 20 | - | ||
Ірі
| 76 | 4 | 67 | 25 | 12 | 5 | ||
Өндеу өнеркәсібі | 10609 | 427 | 9915 | 399 | 487 | 267
| ||
Шағын | 9319 | 333 | 8742 | 131 | 404 | 24 | ||
Орта | 956 | 66 | 875 | 180 | 49 | 15 | ||
Ірі | 334 | 28 | 298 | 88 | 34 | 8 | ||
Газ, су, электр энергисын өндіру және тарату | 1285 | 329 | 944 | 96 | 24 | 12
| ||
Шағын | 893 | 165 | 721 | 31 | 14 | 7 | ||
Орта | 244 | 144 | 130 | 30 | 3 | - | ||
Ірі | 148 | 50 | 93 | 35 | 7 | 5 | ||
Құрылыс | 8193 | 175 | 7896 | 209 | 192 | 122 | ||
Шағын | 7415 | 113 | 7187 | 95 | 179 | 115 | ||
Орта | 648 | 49 | 594 | 81 | 13 | 5 | ||
Ірі | 130 | 13 | 115 | 33 | - | 2 | ||
Сауда, жөндеу қызметі | 32208 | 213 | 30749 | 293 | 984 | 1246
| ||
Шағын | 31483 | 184 | 30057 | 214 | 959 | 1242 | ||
Орта | 665 | 24 | 638 | 72 | 23 | 3 | ||
Ірі | 60 | 5 | 54 | 7 | 2 | 1 | ||
Мейраханалар және қонақ үйлер | 1623 | 49 | 1518 | 20 | 72 | 56 | ||
Шағын | 1518 | 31 | 1437 | 17 | 63 | 50 | ||
Орта | 93 | 15 | 72 | 3 | 6 | 6 | ||
Ірі | 12 | 3 | 9 | - | 3 | - | ||
|
|
|
|
|
|
|
Транспорт және байланыс | 4665 | 291 | 4245 | 269 | 186 | 129 |
Шағын | 3874 | 120 | 3531 | 93 | 171 | 123 |
Орта | 658 | 132 | 523 | 127 | 12 | 3 |
Ірі | 133 | 39 | 91 | 49 | 3 | 3 |
Қаржылық | 3077 | 105 | 2899 | 32 | 68 | 73 |
Шағын | 3006 | 92 | 2846 | 22 | 59 | 68 |
Ірі | 12 | 2 | 10 | 1 | - | - |
|
|
|
|
|
|
|
3 бөлім. Меншіктің қазіргі кездегі дамуының тенденциялары
3.1 Қазақстан Республикасындағы жеке және мемлекеттік меншіктің формаларының дамуының перспективалары.
Нарықтық қатынастардың құрылуы процесі барысында мемлекеттік меншік үлесі біртіңдеп қысқарды. Бірақ, жеке және ұжымдық меншіктердің түрлері дамыды. Оларға жеке мекемелер, жабық және ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, кооперативтер, ассоциациялар және тағы басқалары да жатады. Әр түрлі экономикалық оқшауланған жалпы жүйелік қатынастарда құрылған меншік түрлері бір-бірінен шектелмейді. Өздерінің мамандануын жеңе отырып, олар бір-бірімен байланысып жатады. Осы байланыс негзінде меншіктің аралас түрлері пайда болуы мүмкін. Байланыстың обьективті негізі – шаруашылықтың әрбір нақты түріне маманданған мүмкіндіктерді толықтыру және пайдалану. Осылай, Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдар қазіргі таңда әрбір азаматтың, ұжымның және мемлекеттің меншігіне бірігіп, акционерлік қоғамдардың пайда болуы және дамуы меншікті мемлекет игілігіне берудің басты жолы болып табылады. Жерді және өнеркәсіптің белгілі-бір бөлігін мұрагерлікке алған ауыл шаруашылық саласы көптеген жағдайларда колхоз және совхоздармен өндірістік және экономикалық байланыстарын жоғалтпайды. Қазіргі кезде еліміз нарықтық экономика жолын таңдап алған. Қазақстан Республикасында және басқа да ТМД елдерінде жеке мемлекеттік және аралас өндіріс шикізаты меншіктік жүйесіне өтуі анықталып, бағытталған. Ол нарыққа өту бағдарымен толығымен ұштасады. Егер нарық өндірістік және коммерциялық қатынастарда өндірушілер арасындағы бәсекелестікке жол берілсе, онда белгілі бір меншік түрін басқару мүмкіндігі болмас еді. Мемлекеттік меншік өзінің мәнін және барлық шаруашылықтағы рөлін сақтап қалатын еді.
3.2 Ұжымдық басқаруды құру моделі
Ұжымдық басқаруды құру жүйесі көптеген факторлармен анықталады, соның ішіне қаржы нарығы, құқықтық құрылымдар конъюнктура, өндірістік ресурстар, меншік иегерлері және менеджерлер арасындағы қарым-қатынастар кіреді. Құрылым меншігінің айырмашылығы акционерлік қаржы нарығында, компанияларды қаржыландыру формасы, сонымен қатар ұжымдық заңда және нормативі актілерде бағалы қағаздарды айналымға түсіретін ұжымдық басқарудың ұлттық моделінің алуан түрлілігін туғызады. Күнделікті өмірде екі негізгі жүйе – аутсайдерлік және инсайдерлік жүйелер түрлерін қарастырамыз.
Аутсайдерлік жүйе. Осы модельдің ерекше белгілері: акция «диперсиясы», компания талаптарын ашу үшін қолданылатын салыстырмалы қатаң талаптар. Аутсайдерлік жүйе қолданылатын елдерде акционерлік капитал, жеке және институттық инвесторлар топтары арасында орналастырылған, яғни зейнеткерлік қорларымен сақтандыру компаниялары арасындағы үлес салмағы тұрақты түрде өсіп келуде.
АҚШ және Ұлыбритания елдерінде институттік инвесторлар меншік иегерлері арасында кең таралған. Осы жүйеде акциялардың негізгі пакеті жоқ. Заңдық шектер акционерлердің компанияны бақылау құқығын ашық түрде қорғайды.
Ұжымдық механизмі инвесторларды толық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында және осы ақпаратқа толығымен өту мүмкіндігін тудыру үшін бұл банк жүйесінде несие беру қысқа мерзімді болып табылады. Акционерлік қаржеландыру экономикада маңызды рөл атқарады. Басты инвесторлармен менеджерлер арасында байланысты нарық арқылы акцияларды сату және сатып алу басты мәселе болып табылады.
Инсайдерлік жүйе. Ұжымдық басқарудың тәртібі секілді басты банк айналасында құрылады. Ұжымдық қаржыландыру моделі банк капиталымен меншік капиталына қарағанда, қарыздардың жоғары коэффиценттерінің болуымен байқалады. Банктер бәсекелестік несие институттарының міндетін атқарудың орнына, олар ұжымдық клиенттермен күрделі және ұзақ мерзімді қарым-қатынастар жасап отыр.
Қорытынды
Меншікке ие болу құқығы азаматтық құқықпен тәуеліздіктің кепілдігі емес. Бірақ, тарихта кездескен қорғану тәсілдерінің ішінен ең қолайлысы осы меншікке ие болу болды, себебі ол өзіндік ерекше кеңістік құрады. Ал, бұл кеңістікке келісім бойынша қоғамның да, мемлекеттің те себепсіз басып кіруге құқығы жоқ. Осылай меншік иегері жоғары биліктің кішкене бөлігін басқаруға мүмкіндік алады. Осы іс-әрекеттерді жасай отырып меншікті иемдену құқығы деңгейінің азаюы ең дамыған демократиялық мемлекеттерде де тәуелсіздікке зиян тигізеді (Мәселен, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатымен белгілі бір қаражат бөлу, «азаматтық құқықты сақтау» үшін келісімдік қатынастарға кірісу).
Сонымен, меншікті экономикалық категория ретінде қарастыра отырып, мынадай қорытындығы келуге болады: экономиканың қазіргі таңдағы дамуының кезеңінде меншік - әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуында айрықша рөлге ие. Меншік қатынастарымен ғана қазіргі таңдағы меншік формаларының түрлілігінің бейнесінде бөлек субьектілердің арасындағы байланыс анықталып отырады.
Меншік формаларын ауыстыруға қажеттілік өндіргіш күшетрдің даму деңгейіне тәуелді. Егер меншіктің бастапқы формасы өндіргіш күштердің дамуын тежеп отырып, жаңа технологиялық прогреске бағытталған субьектілерді ауысуын қажет етсе, онда меншік формасын өзгертуге экономикалық қажеттілік туындайды. Меншік формаларын ауыстырудың үлкен құрылымдық және қайта құрушы күші бар.
Біздің елімізде меншік жүйесін реформалау кең етек жайды. Жекешелендіру процестері және мемлекетсіздендіру өте жылдам екпінде жүріп жатыр, ал оның нәтижелері арқылы біз жеке меншіктің дамуының перспективасының молдығын және оның мемлекеттік меншік үлесіне шаққандағы үлесінің ұлғаюының байқаймыз.
Ғалымдар болашаққа белгіленген тенденцияларды зерттей отырып, болашақтағы 4-5 жылда мемлекеттік меншікте 5-6 ірі кәсіпорын қалады деп болжап отыр. Олар стратегиялық маңызы жоғары мекемелер, ғылымды көп қажет ететін салалар, денсаулық сақтау, білім беру, фармокология болады. Жылпы алғанда, экономикалық іс-әрекет болған жерде меншік мәселесі де болады.
«Меншік» категориясы зерттей келе, қазіргі таңда оның әлеуметтік-экономикалық қатынастардың құрылуында және субьектілердің игіліктерді иемдену, қолдану, басқару қатынастарында маңыздылығы өте жоғары екенін атап кеткен жөн. Меншік категориясын толығымен сипаттайтын кейбір жайттарды атап кетейік.
Меншік экономикалық және заң аспектілерінде қарастырылады. Бұл осы құбылыстың құрылымының күрделілігін айқын көрсетеді. Экономикалық мағынада меншікті анықтайтын элемент – меншік қатынастары болып табылады. Ол меншік обьектісімен субьектіні де анықтайды. Меншік қатынастарының 4 негізгі түрі бар – иелік ету, қолдану, басқару және жауапкершілік қатынастары. Меншіктің толық иегері жоғарыда аталған қатынастардың барлығын иемденуі қажет. Адамзат қоғамның тарихында түрлі меншік формалары болған, олардың арасындағы ең жоғарғы маңызға ие – жеке және мемлекеттік меншік болды. Сонымен қатар, экономикада маңызы жоғары болған муниципальді және біріккен меншік формаларын да атап кету керек.
Алайда, жылдам екпінмен дамып келе жатқан жекешелндіру процесі мемлекеттік меншікті толығымен жояды деп айтуға болмайды. Шаруашылықтың кейбір салаларын бөлек элементтерге бөлу дұрыс емес болады. Ол ірі, маңызды кешендер бүкіл мемлекет мүддесін қорғайды. Сондықтан, оларды мемлекет қарамағында қалдырады. Біздің елімізде қорғаныс өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, энергетика, транспорт және т.б. салалар мемлекет меншігінде қалуы тиіс
Меншік елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі фактор болады және бүкіл экономикалық жүйеге толығымен, әрі шешуші әсерін тигізеді.