Меншік түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 20:46, реферат

Описание

Бірнеше ғасырлар бойы Ресей империясының бодандығына түсіп, табанына тапталуымыз еркіндік сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық психологиямызды өзгертіп жібергені сондай, біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық өмірге көніп, амалсыздығымызды мойындап тіршілік кештік.Рас, халық болған соң арасынан намыс отына өртеніп елдік езгіге қарсы бас көтеретіндер шықпай қоймайды.

Работа состоит из  1 файл

меншік түрлері.docx

— 51.17 Кб (Скачать документ)

  

         

 

    Бірнеше ғасырлар  бойы Ресей  империясының  бодандығына  түсіп,  табанына тапталуымыз еркіндік сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық психологиямызды өзгертіп жібергені сондай, біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық өмірге көніп, амалсыздығымызды  мойындап тіршілік кештік.Рас, халық болған соң арасынан намыс отына өртеніп елдік езгіге қарсы бас көтеретіндер шықпай қоймайды.Алайда, алып империя Сырым батыр, Исатай Махамбет, Кенесары хан сияқты әлгіндей көзсіз ерлерді, кешегі  «Желтоқсан» көтерілісіндегі Қайрат, Ләззат сияқты әпке ағаларымызды мерт қылып отырды.Ең сорақысы сол отаршылдар азатты аңсаушыларға билікқұмар сатқын қазақтардың өздерін қарсы айдап салып , амалын асырды.

          Сондықтан да, бұдан  12 жыл бұрын КСРО таралып,тәуелсіздік,еркіндік  қолымызға тигенде Алланың бұл қайырымдылығына  тәубе демеген, жүрегі жарыла қуанбаған қазақ аз болған шығар.

         Біз сол  бір социалистік дәуірден уақыт  жағынан қаншалықты қашықтаған  сайын мемлекеттік  әкімшіл  экономиканың қандайлық тиімсіз  болғанын ,еліміз кенжелеп қалудың  қандай тұңғиығына түскенін және  Қазақстан экономика мен меншікке  қатысты қандай маңызды да  орасан бетбұрыс жасағанын түсіну соншалықты тереңдей береді.

         Жетпіс  жылдан астам мемлекет үшін  жұмыс істеп және кейін сол  бағыт  қағады, асырайды деп  масылдық әдетке үйреніп қалған  халқымыз нарықтың  алғашқы кезеңінде  қатты абдырағаны мәлім.

       

 

        

 

 

 

             Сол себептен , Қазақстан экономикасын терең қаржылық және құрылымдық дағдарыстан алып шығу үшін, нарықтық шаруашылық жүргізудін биімделген жетіктерін , қарқын алып отырған елдің жаңа халықаралық   икемді , тиісті жағдай жасауды талап етті.

            Республика экономикасының перспективалық болашағы , меншік қатынастары  барлық нысанының сан алуандылығы және тең құқықтық дамуы жағдайында шаруашылық жүргізудің бағдарлары қаншалықты дәйекті және қатаң сақталатындығы көбіне көп байланысты болады.Меншік қатынастарын қайта өзгертудің негізгі әдісі осы қатынастардың субъектілерін дербестендіруге апаратын жекешелендіру , демек  ол жеке меншікті қалыптастырудың  факторы болып табылады.

         Жекешелендіру     бұл меншік құқығын  мемлекеттен фирмаларға және жекелеген тұлғаларға беруін жеке секторға мемлекеттік қызмет көрсетуді шектейтін немесе жеке бастамаға неғұрлым кең мүмкіндіктер беру мақсатында мемлекеттің қызмет аясын тарылтуды қамтитын кең ұғым.

         Жекешелендіру  деп    кеңейтілген мағынасында    мынандай процестерді ұғынған  жөн :

                           Компаниялардың мемлекетке тиесілі акцияларын сату;

                           Мемлекеттік кәсіпорындарды акциониерлеу, кейінірек акцияларды толық немесе ішінара сату;

                           Кәсіпорынға жаңа жекеменшіктік  күрделі қаржы жұмсау;

                           Мемлекеттік активтерді саудаластық  немесе 

 

 

 

 

 

 

аукциондар арқылы сату                                                                                                                          Кәсіпорындарды кішірейту немесе еншілес кәсіпорындары          бар холдингтік компаниялар құру.

                           Кәсіпорындарды олардың менеджерлерін    директорларының және әкімшілігінің немесе оның қызметкерлерінің,оның ішінде несиелерді пайдалана отырып сатып алу;

                           Мемлекеттік мүлікке бақылау жасауды жеке тұлғаларға беру жалгерлік,мердігерлік,мемлекеттік кәсіпорындарды жеке менеджерлердің басқаруына беру.

              Сонымен, жекешелендіру экономиканы  қайта құрудың түпкі мақсаты  болып табылмайды, бұл тек қана  меншік қатынастарын қайта құрудың  тәсілі, жаңа экономикалық жүйеге көшу тұжырымдамасының құрамдас бір бөлігі.

              Қорыта айтқанда, республика тұрғындары жетпіс жылдам астам уақыт бойы жекеменшік иелері бола алмай келді.Олардың қолдында іс жүзінде айлық жалақыдан басқа ешнәрсе болмады.Күні бүгін ел байлығын халық шын мәнінде өз қолына алатын мезгіл жетті.Нақ сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаев бүкіл инициативаны оз қолына алып,елді жаңа жол    нарықтық озгерістер жолымен алға бастады.Экономиканың барлық салаларын ғана емес, сондай ақ саяси және әлеуметтік проблемаларды қамтитын бұл жол күрделі сан қырлы                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншік : мәні және түрлері.

                           

          Қай ел болсын , оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз:  экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі         материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні        өндіріс құрал   жабдықтарына және  оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынатары болып табылады

          Ендігі  бұл тараудағы басты мәселе  меншіқтің мәні және сипаты  туралы.Жалпы, меншік дегеніміз  не? Міне , осы сұраққа жауап іздеу   қажет.

          «Меншік»  ұғымы әрбір экономикалық  жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері , мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені  меншіктің аса маңыздылығы  жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.

        Меншік қатынастарының  ерекшелігі , ол , бір жағынан өте  қарапайым, ал екінші жағынан  , өте күрделі де. Қарапайымдылығы  әр адам онымен күнделікті  кездеседі 

 

 

 

 

 

 

және оны жиі сезіне отырып , ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.Күрделігі оның тасасында  тұрған адамдар арасындағы өзара  қарым қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны .Бұл қарым қатынастар әлеуметтік экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым қатынастары.

        Күнделікті тәжірибеде меншік қатынастарының экономикалық мазмұны мен оның құқықтық мазмұны арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.

        Экономикалық  мағынасында меншік бүкіл шаруашылық  процесін қамтып,пайдалы игіліктер  мен  қызметтерді  өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын  білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс  процесіндегі адамдар арасындағы  күрделі шаруашылық өндіру   адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену  бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.

         б/материалдық   ресурстарды тиімді пайдалану   мүліктен оның пайдалы қасиеттерін  алу, сондай ақ  одан пайда  табу.

         в/ материалдық   ресурстарды тұтыну, яғни  өз игіліктеріне  байланысты жүзеге асырудың экономикалық  сипатын анықтау процесіндегі  қарым  қатынастарды қамтиды.  Міне, осылардың барлығы да өндшріс  сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді.

        Сонымен қатар,  меншіктің экономикалық мазмұны 

 

 

 

 

 

 

 

мынадай түсініктермен де сипатталады:

        а/екі  жұп категорияларының  өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету;

        ә/жекелену  қоғамдастыру сияқты  жұп категориялардың   өзара байланысы ;

        б/өндірістің жеке және  заттық факторларын біріктіру тәсілі ;

        в/ табыстарды  уйлестіру тәсілі

 

        г/субъектілік  обектілік  талдау 

1. Иемдену    деген  қандай  да бір  қатынас субъектісін   осы қатынастардың   тұтас   қоғам   өміріндегі  атқаратын   қызметтеріне  сәйкес ,  субъектінің   өзінің  өмір  сүруіне  айналдыруы  дегенді  білдіреді. Ал  шеттету  қандай  да бір  объектіні  субъектінің  өзіндік  қызметіне  айналдырудың  мүмкін  еместігін  білдіреді.

2. Оқшауландыру  деген  әрбІр   тауар  өндіруші  белгілі   бір  тауарды  өндіруге  мамандануын  білдіреді. Еңбек  бөлінісі  неғұрлым  терең  болса,  оқшауланған  тауар  өндірушілер  арасындағы  өзара  тәуелділік  те  соғұрлым  күшті. Жеке  оқшауланған  тауар  өндірушілердің  айырбастауы  арқылы  жүзеге  асырылады. 

3. Меншік  қатынастарының  ауқымды   негізін  өндіріс  факторларын   біріктіру  тәсілі  құрайды.  Біріктірудің  екі тәсілі  ажыратылып  жүр: тікелей  және  сатылы.

          Өндіріс   құралдарын  материалдық  игіліктерді   тікелей  өндірушілермен  өндіріс   процесінде,  айналым  саласын   айналып  өтіп  қосылуын  өндіріс   факторларының  тікелей  қосылу  тәсілдерін  сипаттайды.  Бұл  жағдайда , бір

 

 

 

 

 

 

адам  бейнесінде  екі  қызмет  жүзеге  асырылады.  Өндіріс  құралдарын  меншіКтеуші  қызметі. Кейде  басқа  нұсқалары  да болуы  мүмкін , бұл  жағдайда  екі қызмет  ажыратылып,  түрлі субъектілерге  бекітіледі: бірінде   өндіріс  құралдарын  меншіктеуші  қызметі, бірінде  жұмыс  күші  қызметі. Бұл  жағдайда  жұмысшы  өндіріс  құралдарынан  шеттетілген.  Өндіріс  факторлары  бірігуі  үшін , өндіріс  құралдарын  меншіктеушінің  жұмыс  нарығында  жұмыс  күшін  жалдауы  қажет.  Сондықтан  да, өндіріс  саласында  жүзеге  асатын  заттық  және  жеке  факторлардың бірігуі  жұмыс  күшін  сату  сатып  алу  актісінен  кейін , яғни  тауар  ақша  қатынастары  арқылы  жүреді. Өндіріс  факторлары  бірігуінің   бұл  нұсқасы  сатылы  деп  аталады.

4.Табыстарды  үлестіру  өндіріс  құралдарын  меншіктеушілер  мүддесі  үшін жүзеге  асырылад          

5.Меншік субъектілері   жеке  тұлғалар, отбасы, әлеуметтік  топ,  өндірістік  ұжым, халық,  басқару   органдары  бола  алады. Меншік  объектілері : өндіріс  құралдары, мүлік, ақша, құнды  қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс  күші  болып  табылады.

Меншік  тек  экономикалық  мағынада  емес, құқылық  формада  да  дами  алады. Меншіктің  заңдық  мазмұны  құқықтық  өкілдіктермен  сипатталады . Меншік  құқықтары  бұл  адамдар  арасындағы  экономикалық  пайдалануына  байланысты  қалыптасатын  билік  ету  құқықтарының  санкцияланған  тәртіп  қатынастарының  жиынтығы.

          Меншік  құқығының  теориясына  сүбелі  үлесті  батыстың  қазіргі   экономикалық  мектебінің  өкілдері 

 

 

 

 

 

 

американ  экономистері    Рональд  Коуз (1910жыл)  және Армен  Алчиан(1914жыл) қосты.  Осы  ғалымдардың  тұжырымдамасына  сәйкес , ресурс өзінен  өзі  меншік  бола  алмайды , тек  ресурстарды  қолдану  арқылы  тұтас  кешенді  құқық      міне  осы  меншіктің  құқықтық  мазмұнын  құрайды .Бұл  процеске  қатынасатындардың  барлығы  меншік  құқығын   өткеру  кезінде “ойын  ережесін ”білуі қажет . Меншік кімге   жатады, және  өзара  іс  әрекетті  ұштастыруға  қол  жеткізу  үшін  олармен  келісу  керек  пе?

          Батыстың  экономикалық және  заң  әдебиеттерінде  пайдаланылып  жүрген  анықтамалардың  ойынша  меншік  құқығы  төмендегідей  11 бөлімнен  тұрады:

                           1.Иелену  құқығы , яғни  игіліктерге  міндеттелген  денелік ( күш   қуаттылық ) бақылау құқығы ;

                           2. Пайдалану құқығы , яғни игіліктің   пайдалы  қасиетін  өзі  үшін  қолдану  құқығы  ;

                           3.Басқару  құқығы, яғни  игіліктерді   қолдануды  кім  және  қашан  қамтамасыз  етуді  шешу құқығы;

                           4.Табысқа  деген  құқық , яғни  игіліктерді  қолдану   нәтижесінде  ие  болу  құқығы;

                           5.Егеменділік құқығы , яғни  бейтараптандыру  , тұтыну , игілікті  жою  немесе  өзгерту  құқығы;

                           6.Қауіпсіздік  құқығы , яғни  игілікті  қанаудан  және  сыртқы  ортаның  зияндылығынан  қорғау 

құқығы;

 

 

 

 

 

 

 

                           7.Игілікті  мұрагерге  беру  құқығы;

                            8.Игілікті  иеленудегі  мерзімсіздік  құқығы;

                             9.Сыртқы  ортаға  зиян  келтіретін  әдістерді  қолдануға   қарсылық  жасау  құқығы;

                            10.Жауапкершілікке  жазалау   түрін қолдану  құқығы, яғни  қарызды төлеуге  игіліктермен  жазалау  мүмкіндігі;

                           11.Қалдықты  сипат  құқығы, яғни  процедура  мен  институттардың  өмір  сүру  құқығы , бұзылған құқық  шараларын  қалпына  келтіруді  қамтамасыз  ету;

              Айтылғандардан  мынадай  қорытынды шығаруға  болады:

меншіктің  экономикалық  және  құқықтық  мазмұны  өзара  байланысты, олардың  арасында  бір  сөзбен  айтқанда  “тамырлар  қатынасының  заңы ” әрекет  етеді .Осы тұрғыдан  алғанда  меншік бір  мезгілде  әрі  экономика, әрі  заң  категориясына  жатады.Осы бірлікте  анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық  жағы  атқарады.  Егер, меншік  экономикалық  форманы қабылдамайтын

болса, яғни өндірісте  пайдаланбаса, иесіне табыс  келтірмесе , ол “заңдылық, функциялық” түрде қалады.

               Меншіктің   экономикалық  тұрғыдан  дами  алуы  өндірістік  қатынастар  арқылы, нақтылап  айтқанда  алуан   түрлі  шаруашылық  кәсіпкерлік   қызмет  арқылы  жүзеге асады.

                Меншік    тарихи  категория.  Яғни, меншік 

 

 

 

 

 

 

қашанда  белгілі бір  тарихи  қалыптасқан  формаларда  пайда  болып  дамиды. Нақты  бір  өндіріс  тәсіліне  тән өндірістік  қатынастар  сипатына  сәйкес, айрықша  қасиеттеріне  ие  меншіктің  тарихи  типтері  ажыратылып жүр.

                Адамзат  қоғамының  тарихи  дамуы  барысында  құрал   жабдық  меншіктерінің  әр  түрлі  формалары  белгілі.  Алдымен олардың  біріне  бірі қарсы : жалпы  және  жеке  меншік  деп аталатын  2 формасы  бар.

Информация о работе Меншік түрлері