Меншік түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 20:46, реферат

Описание

Бірнеше ғасырлар бойы Ресей империясының бодандығына түсіп, табанына тапталуымыз еркіндік сүйгіш халықтық өр мінезімізді, ұлттық психологиямызды өзгертіп жібергені сондай, біз ұзақ жылдар сол тәуелділік , бағыныштылық өмірге көніп, амалсыздығымызды мойындап тіршілік кештік.Рас, халық болған соң арасынан намыс отына өртеніп елдік езгіге қарсы бас көтеретіндер шықпай қоймайды.

Работа состоит из  1 файл

меншік түрлері.docx

— 51.17 Кб (Скачать документ)

                 Жалпы  меншік  ұжым  ретінде  бірлескен  адамдарға  берілген  құрал  жабдықтар, яғни бұл   олардың  барлығына  ортақ   меншік  деген  сөз. Мұндай  иеленушілік  әр  түрлі  қоғамдарға  тән. Ол  рулық  қоғамның  даму кезеңінде  алғашқы   қауымдық  меншік,

Отбасы  меншігі  деп  бөлінгені  белгілі.

                 Меншіктің  басты  формасының  бірі   ұжымдық  кәсіпорынның  меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік  кәсіпорынның барлық  мүлкі  еңбек  ұжымының  меншігіне  көшкен, жалға  алынған  мүлікті  сатып  алған  немесе  заңда  көзделген  басқа  да  тәсілдер  арқылы  ие  болған  мүлік  жағдайында  пайда  болады. Сонымен  бірге, ұжымдық  кәсіпорынның  мүлкі, оның  ішінде өндірілген  өнім, алынған  табыс   олардың  ортақ  игілігі  болып  табылады.

                   Ұжымдық  меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық  қоғамы  мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық  ассоцияцияларының

бірлестіктерінің /, қоғамдық  ұйымдар  мен  қорлардың  және  діни  ұйымдарының  меншіктері  деп  аталатын  бірнеше  түрі  болады.

 

 

 

 

 

 

                   Жеке  меншік   жеке  адамдарының  өндірістің  заттық  факторларына  және  оның  нәтижесіне  өз  меншігі  ретінде  қарауы. Оның  өз еңбегіне  және  өзгенің  еңбегіне  негізделген  екі  түрі  бар.

                   Өз  еңбегіне  негізделген   жеке  меншіктің  субъектілері   жеке  шаруа  қожалығы, қолөнершілер  және  басқа  адамдар. Бұлар  өз  еңбегімен  өмір  сүреді. Олар, бір  жағынан, өз  меншігінің  иесі, екінші  жағынан, тікелей   жұмыскер  болып  табылады.

                    Өзге  адамның  еңбегіне  негізделген  жеке  меншік  өзгенің  еңбегі  есебінен  баюға  бейімделеді.  Сөйтіп, негізгі  өндіріс  құрал   жабдықтары  аздаған  адамдардың  қолына  түседі  де, қоғамның  басқа   мүшелері  бұл  игіліктерден сырт  қалады. Міне,  тап осы  жағдайда  теңсіздік  пайда  болады: қоғам  топтарға /қоғамдық  топтарға  бөлініп, олардың  бір  тобы  өндіріс  құрал  жабдықтарын иемденсе,  басқа  топтары  олардан айырылады.

                            2. Жекешелендіру   баршаға берілген  тең мүмкіндік.

        Жекшелендіру    нарықтық  экономиканың  құрамдас  бөлігі. Оның  мағынасы  кең.  Жалпы   алып  қарайтын  болсақ, мемлекеттің  экономикаға  араласуын  шектеп, өнім  өндірушілердің  шаруашылық  және  технологиялық  бастамасына  жол  ашу, жеке   сеторларды  дамыту  саясатын  жүргізу  дегенге  саяды.Бір  сөзбен  айтқанда   

экономиканы  мемлект  иелігінен  алу. Бұл  жердегі  басты  міндет     меншікті әркімге  жеке  жеке  таратып  беру  емес,ол  жаңа  нағыз  меншік  иелерін  қалыптастыру,

 

 

 

 

 

 

экономиканың  нарық  арналарына  көшуін  қамтамасыз  ету. Жекешелендіру  бағдарламасы  сайып  келгенде  өндіріс  көлемінің  ұлғаюына, материалдық  құндылықтардың  молаюына, республиканы мекендейтін  барлық  халықтардың  әл  ауқатының жақсаруына  қол  жеткізетін  болуға тиіс.

          Елбасының   темірдей  ерік  жігері  мен   табандылығы, оның  істің  жағдайын  божап, алдын  ала жұмыс   бастау  қабілеті ғана. Қазақстанда   меншіктің  ұлан  ғайыр  реформасын  қысқа  мерзімде  жүзеге  асыруға  мүмкіндік берді.                          

          Еліміздегі  ахуал  оңтайлы  бола  қоймаған  1991жылы  Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Жоғарғы Кеңеске  “Мемлекет  иелігінен  алу  және  жекешелендіру  туралы ” заңды  енгізіп, оның  қабылдануына қол  жеткізді.

           Жекешелендіру   меншікті  мемлекет қарамағынан   алудың  бағыттарының бірі, оның  мәні  меншікті  жеке  және  заңды  тұлғалардың  жеке  меншігіне  беруде. Мемлекеттік   және муниципалдық  кәсіпорындарды  жекешелендіру :

                  азаматтар  мен  акционерлік   қоғамдардың  мемлекеттен және  жергілікті  билік   органдарынан ;

                  кәсіпорындарды  және  олардың   кәсіпорындар 

ретінде  бөліп  шығаратын  бөлімшелерін;

                  кәсіпорындардың  материалдық  және  материалдық  емес  активтерін;

 

 

 

 

 

 

 

 

                  акционерлік  қоғамдардың  /серіктестіктердің / капиталындағы   мемлекет  пен  жергілікті  билік органдарының  үлестерін / пай, акциялар /;

                  Жекешелендірілетін  кәсіпорындардың  басқа кәсіпорындар  капиталындағы үлестерін  / пай, акциялар / меншікке  алуын  білдіреді .        

 

       Әлемдік  тәжірибеде  мемлекеттік  меншік  пен   оның  қызметтерін  жеке секторға  толық  және  жарым   жартылай  өткізіп  берудің  22 түрлі   тәсілі  бар.

        Жекешелендіру   процесі      ұзаққа  созылатын   процесс. Ал, Қазақстан  Республикасындағыдай, дәл  осындай  әсіреқарқынды   және  жалпылық  жекешелендіруді  бұрынғы  социалистік  мемлекеттің  ешбірі жүргізген  жоқ. Тіпті  дамыған  нарықтық экономикасы  бар елдердің  өзінде  жекешелендіру  процесі  жылдам іске  аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа  елдерінде 10 – 15 жыл  бойы жүрді. Түркияда  жекешелендіру  10 жылдам  астам  уақыт жүзеге  асырылуда, Чилиде  бұл процесс 1973 жылы  басталып, әлі  күнге  дейін  жалғасуда. Мексикада, Аргентинада, Бразилияда және постсоциалистік  елдердің  бәрінде  жекешелендіру  қзақ  уақытқа  созылуда.

          Қазақстан   Республикасындағы 10 жылдағы  мемлекет  қарамағынан  алу  және  жекешелендіру  процесін  төрт  кезеңге  бөліп  қарауға болады ; олардың әрқайсысының  өз 

мақсаттары  бар. Бұл процестердің  басы Қазақстанның  егеменді мемлекет  ретінде  орнығу кезеңіне  тұспа  тұс  келеді.

 

 

 

 

 

 

           1кезең. 1991- 1992 жылдар аралығын қамтиды.  Бұл  кезеңдегі жекешелендіру   процесінің  негізгі бағыты     мемлекеттік  орталықтанған   жоспарлы экономикадан  нарықтық  экономикаға  өту  үшін  жағдай  жасау  мақсатында  кең  ауқымды   реформалау  болды. Ол  кәсіпорындарды  олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе  акционерлік  меншігіне  жеңілдетілген талаптарымен  беру  және  сауда  мен қызмет  көрсету  объектілерін сату, соның  ішінде  тұрғын  үй  купондарына  сату  жолымен  жүргізілді.

              Бірінші  кезеңнің  іске асуы  нәтижесінде  6198 объект  түрлендірілді.Түрлендірілген  кәсіпорындардың  ішінде  4160- ы   кіші  жекешелендіру  (сауда –  1834, қоғамдық  тамақтандыру -535, тұрмыстық   қызмет көрсету – 1596, коммуналды  шаруашылық -1950) құрады және 2038 кәсіпорын   өнеркәсіп құрылыс, көлік, ауыл  шаруашылығы  салаларының  үлесіне  тиді. Жекешелендіру үрдісі  бәрінен де сада және тұрмыстық  қызмет көрсету саласында  белсенді жүргізілді, олардың үлес  салмағы  тиісінше жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы санының 29,6% және 25,8%-ын  құрады. Жекешелендірілген өнеркәсіп кәсіпорындарының  үлесі – 8,8 %, ауыл  шаруашылығы – 10,1%, құрылыс -5% болды. Кәсіпорындардың   23,6%-ы азаматтардың  жеке  меншігіне алынды, 8,4%-ын бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар  акционерлендірі                                                                                  2-кезең 1993-1995 жылдарды  қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы  Президентінің 1993 жылғы 5-ші  наурыздағы Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан

 

 

 

 

 

 

Республикасындағы   1993-1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан  алу мен  жекешелендірудің “ Ұлттық Бағдарламасына”  cәйкес жүзеге  асырылады.

         Жекешелендірудің  екінші  кезеңінің  негізгі  мақсаты    мемлекеттің  Республика  халқына  ұлттық мүлікті  өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке  тиесілі материалдық және  материалдық емес  активтерді  өтеусіз және өтеумен өткізіп беру жолымен қайтару процесіндегі меншік  құқықтарының  дербестенуі негізінде орталытандырылған –жоспарлы экономикадан  нарықтық  экономикаға өтуге қажетті жағдай  жасау болып еді.

          Жекешелендірудің  екінші  кезеңі  кіші  жекешелендіру   бағдарламасының аяқталуын, жаппай  жекешелендіру және жеке жобалар  бойынша жекешелендіруді  белсенді  іске  қосуды көздеді.1995 жылы жеке  жобалар бойынша кәсіпорындарды  жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның  мемлекеттік акциялар пакеті  және мүліктік  кешендері өткізілді,соның  ішінде мұнай, газ кешендері  бойынша-21, электр энергетика  бойынша  -10,көмір өнеркәсібі бойынша-1 және т.б.1995 жылы осы кәсіпорындар бойынша мәмілелер сомасы мемлекеттік бюджетке 51млрд. теңге әкелді.

            Жекешелендірудің  екінші  кезеңінің   бағдарламасы  институтционалдық  реформалардың  негізгі  бағыттарын  анықтап  берді:

         «шағын  жекешелендіру»,ол  шағын  сауда кәсіпорындарының, коммуналдық шаруашылықтардың,  тұрмыстық қызмет  көрсететіндердің  байқаулары  мен аукциондары арқылы  жүзеге  асырылады;                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

        Жұмысшылар  саны 200-ден 5000-ға  дейін  жететін  орташа  кәсіпорындарды, оның  ішінде  инвестициялық жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;

Жекешелендіру-инвестициялық  купондарын  (ЖИК)  қолданысқа  енгізу  жаппай  жекшелендіруге  барлық  тұрғындардың  қатысуын  жеңілдетуі  тиіс  еді.Қазақстанның  әрбір  азаматы  сатуға  болмайтын (Ресейдегі  сияқты)  және  тек  инвестициялық  жекешелендіру  қорларына  салу  үшін  қолданылатын  100 купоннан  (ауыл  тұрғынына 120 купоннан) алды. 

Ірі  және  бірегей  мүлік  кешендерін (жұмысшылар  саны  5000-нан  асатын  кәсіпорындар)  жеке  жобалар бойынша жекешелендіру

“Мемлекеттік  ауыл  шаруашылық  кәсіпорындарын (совхоздар)жекешелендіру”. 

Жекешелендірудің  III кезеңі  1996-1998 жылдар  аралығын  қамтыды және  Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  1996  жылғы 2-ақпандағы  №246  Қаулысымен  бекітілген. «Қазақстан  Республикасындағы  1996-1998 жылдарға  арналған  жекешелендіру мен қайта құрылымдау  Бағдарламасына» сәйкес  жүзеге  асырылды.

Үшінші  кезең  Бағдарламасының  басты  мақсаты  жекешелендіру  процесін  аяқтау  жолымен  Қазақстан  Республикасының  экономикасында  жеке  меншік  секторлардың  басымдылығына  қол  жеткізу  және  оны  бекіту  болып  еді.    

Үшінші  кезең  мемлекеттік  меншіктің  тек  ақшалай  қаражатқа  жекешелендірілуін  қарастырды  және 

мыналарды  өткізуді  көздейді ;

 

 

 

 

 

 

-мүліктік  кешен  ретінде  мемлекеттік  кәсіпорын;

-жекешелендірілуі  тұйық  технологиялық  циклді бұзбайтын  мүліктік  кешен  ретіндегі  кәсіпорынның  өндірістік  және  өндірістік  емес  бөлімшелері  мен  құрылымдық  бірліктерін;      

-кәсіпорын мүліктік , мемлекеттік  кәсіпорынды  жойған  жағдайда, тек  аукционда  ғана; 

-шаруашылық  серіктестіктердің  жарғылық  қорларындағы  мемлекеттің  акциялары  мен  үлестерін;    

 -сондай-ақ  мемлекеттің  акциялар  пакеті  мен  үлестерін  сенімдік  басқаруға  беруді:        

      -электроэнергетикалық  кешендегі;

      -мұнай-газ  және  мұнай-химия  кешеніндегі; 

      -металлургиялық  және  тау-кен  кешеніндегі;

      -көлік-коммуникация  кешеніндегі;

      -агроөнеркәсіптік  кешендегі;

      -әлеуметтік  саладағы  секторлық  салаларды.

Қазақстан  Республикасында  үшінші  кезеңде:1997ж-6777,1998ж-3073,1999ж-2318,2000ж-1724,2001ж-1056  кәсіпорын жекешелендірілді.Жекешелендіруден  түскен  ақша  қаражаттары:1997ж-56,5 млрд тг,1998ж-67,1 млрд тг,1999ж-36,6 млрд тг,2000ж-22млрд тг,2001жылдың 1-жартыжылдығында-1,1млрд тг                                                        IVкезең  1999-2000 жылдар  аралығын  қамтыды және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  1999жылғы 1-маусымдағы  №683 қаулысымен  бекітілген «1999-2000 жылдарға  арналған  жекешелендіру  және  мемлекеттік  мүлікті  басқарудың  тиімділігін  арттыру  Бағдарламасына»  сәйкес  жүзеге  асырылды.

 

 

 

 

 

 

        IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты –жекешелендіру  мен мемлекеттік мүлікті басқарудың  құқықтық  негіздерін  жетілдіру,есепке  алуды  жақсарту,

басқарудың  тиімділігін  жоғарылату  және  мемлекеттік  мүлікті  конкурстық  және  транспаранттық  негізде  жекешелендіруді  қамтамасыз  ету  еді.

Бағдарламаға  сәйкес:

-Мемлекеттік  акцияларды  иемдену  және  пайдалану  құқықтары  салалық  министрліктер  мен  ведомостволарға  өткізіп  берілді.

-«Көгілдір  фишка»  ретінде  анықталып, мемлекет  оларда  үлес  қосушы  ретінде қалдырылды.

-Мемлекеттік  мүлікті  республикалық  және  коммуналдық   деп  бөлу  жүргізілді; бұл жергілікті  бюджеттер табыстарын  жоғарылатуды  және  аймақтардың міндеттерінен шыға  отырып,жергілікті  жерлерде  инвестициялық  саясат  жүргізуді  көздейді.

        1999-2000жылдары  Мемлекеттік  мүлік  комитеті  мен  оның  облыстық  бөлімшелері  34,5 мыңнан  астам мемлекеттік меншік  объектілерін, соның ішінде  1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға  және  ресей рубльдеріне жекешелендірді;28 мыңдай  объект 1993-2000 жылдары ұлттық  валюта  енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.

             Алғашқы кезеңде жекешелендіруден  4144млн  рубль  алынған.1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215,4 млрд тг,соның  ішінде  акционерлік  қоғамдар акцияларын  сатудан 90%- тен  астамы  түсті.

    

 

 

 

 

 

        « Сонымен жекешелендіру де  өз  межесіне  жетті.Ел  не  алып, мемлекетте  не  қалғаны  да  жұрттың  көз  алдында. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік» деп ашып  айтты Президент Н Назарбаев өзінің  «Қазақстан-2030»  атты Жолдауында.

       Ендігі  міндет- осы айтылған  салаларды көтеруде  болса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Меншік түрлері