Метал өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 08:26, реферат

Описание

Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын бiлдiредi, оның рөлi жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн түпкiлiктi өнiм (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсiбi) өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгiнде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикiзаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған.

Работа состоит из  1 файл

метал өдірісі туралы реферат.docx

— 46.06 Кб (Скачать документ)
  

      Тау-кен-металлургия  саласы ел экономикасының стратегиялық  саласын бiлдiредi, оның рөлi жоғары  технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн  түпкiлiктi өнiм (машина жасау, құрылыс  индустриясы, авиациялық, ғарыш және  қорғаныс өнеркәсiбi) өндiрiсiн шикiзатпен  қамтамасыз ету болып табылады. Бүгiнде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикiзаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негiзгi мiндетi жоғары технологиялық өнiм өндiрiсiнiң өсiмi мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, iшкi нарық қажеттiлiгiн қанағаттандыруды да қамтамасыз ететiн, қосылған құны жоғары өнiмдi шығарумен байланысты металлургия өнеркәсiбiнiң жаңа қайта өңдеу өндiрiстерiн кезең-кезеңмен құру болу тиiс. 
      Елдiң тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттiк саясат iрi кәсiпорындардың негiзгi (базалық) өндiрiсiн ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсiпорындарының базалық металдар негiзiнде жоғары қайта бөлудiң түпкi өнiмiн жасауға бағытталатын болады. 
      Қазақстан Республикасында әзiрленiп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Бағдарламада ел iшiнде минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеудi қамтамасыз ету үшiн кен және концентраттар экспортының үлесiн төмендетудi ынталандыру бойынша кешендi шаралар қарастырылған.     

 Тау-кен-металлургия  саласы — елiмiздiң өнеркәсiбiнiң  барынша серпiндi дамып келе жатқан  секторы, Қазақстанның маңызды  құрамдас бөлiгi. Ол Қазақстанның  барынша бәсекеге қабiлеттi саласының  бiрi бола отырып, 2009 жылдың қорытындысы  бойынша тау-кен металлургия саласы  елдiң 16,9 % өнеркәсiп өнiмiн шығарды,  оның экспорттың жалпы көлемiндегi үлесi 19,6 % ды құрайды. Салада шамамен негiзгi қызмет персоналы ретiнде 164,5 мың адам жұмыс iстейдi. 2008 жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия саласы кәсiпорындарының негiзгi құралдарының құны 2,2 трлн. астам теңгенi немесе елдегi барлық негiзгi құралдардың 17 %-ын құраған. 2003 жылдан бастап 2009 жылды қоса алғанда салада негiзгi құралдар құны шамамен 2,7 есеге өскен. Осы кезден бастап металл көздердi өндiру көлемi шамамен 3,5 есеге өскен. 
      Таяудағы бес жыл iшiнде тау-кен металлургия саласы жобаларына салынатын инвестициялар көлемi 2 трлн. теңгенi ($ 13 млрд. астам) құрауы
 
 

тиiс. Индустрияландыру бағдарламасын iске-асыру шеңберiнде  бұл салада 16 мың тұрақты жұмыс  орнын құру болжанып отыр. 
      2003-2009 жылдары сапа кәсiпорындарының негiзгi капиталына салынған инвестициялар 1,42 трлн. теңгенi  құрады, олардың негiзгi үлесi түстi металдар өндiрiсiне (42 %) тиесiлi. 
       Металлургия өнеркәсiбiнiң үлесiне өңдеушi өнеркәсiп көлемiнiң 35 %-дан астамы тиесiлi. Қазақстанда әлемдiк хром кенi қорының 30 %-ы, марганец кенiнiң 25 %-ы, темiр кенiнiң 10 %-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдiк қордың тиiсiнше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнiң арасында хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды, вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды, бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темiр кенi 15 %-ды құрайды. Қазiргi кезде Қазақстан титан өндiрiсi бойынша әлемде 3-орынды, мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темiр кенi - 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденедi. 
      Қара металлургия өнiмi өндiрiсi көлемi (өндiрушi және өңдеушi өнеркәсiп) 2003 жылғы 264,7 млрд. теңгеден 2009 жылғы 579 млрд. теңгеге дейiн, ал түстi металлургия (өндiрушi және өңдеушi өнеркәсiп) тиiсiнше 290,1 млрд. теңгеден 796,6 млрд. теңгеге дейiн ұлғайды. Түстi металлургияда кен өндiру серпiнi бiр қалыпты емес. Алюмминий (2003 жылғы 4,7 млн. тоннадан, 2009 жылғы 5,1 млн. тоннаға дейiн) және қорғасын-мырыш (тиiсiнше 6,4 млн. тоннадан 7,1 млн. тонна дейiн) кендерiн өндiру ұлғайды. Дегенмен, қаралып отырған кезеңде мыс (2003 жылғы 34,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 31,2 млн. тоннаға дейiн) және мыс-мырыш кендерiн (тиiсiнше 6,2 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейiн) өндiру төмендеген. Қара металлургия өндiрiсiнiң серпiнi шойын өндiрiсi көлемiнiң 2003-2009 жылдар iшiнде 4,1 млн. тоннадан 2,9 млн. тоннаға дейiн, шикi болаттың 5,1 млн. тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейiн және тегiс прокаттың тиiсiнше 3,8 млн. тоннадан 3 млн. тоннаға дейiн төмендегенiн көрсетедi. Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде көмiртектi электрлiк болат өндiрiсiнiң көлемi 0,2-ден 0,5 млн. тоннаға дейiн, құрылысқа арналған шыбықтар 0-ден 97,2 мың тоннаға дейiн және құбыр өнiмi тиiсiнше 65,3 -тен 150,2 мың тоннаға дейiн өскенi байқалады.
 
 
 
 
 
 

1-кесте.  Қара және түстi металлургия өндiрiсiнiң  динамикасы

Көрсеткiштiң  атауы 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
Қара  металлургия, млрд. теңге 264,7 365,5 387,4 374,0 558,9 844,2 579,0
Темiр  кенiн өндiру,млрд. теңге 40,7 85,4 111,5 93,4 117,2 179,0 135,4
Қара  металлургияда темiр кенiн өндiру үлесi, % 15,4 23,4 28,8 25,0 21,0 21,2 23,4
Қара  металлургия өнiмдерiн-өндiру, млрд. теңге 224,0 280,1 275,9 280,6 441,7 665,2 443,7
Қара  металлургиядағы өңдеудiң үлесi, % 84,6 76,6 71,2 75,0 79,0 78,8 76,6
Түстi металлургия, млрд. теңге 284,7 377,5 487,3 846,6 904,1 886,2 796,6
Түстi метал кендерiн өндiру, млрд. теңге 55,8 70,1 90,4 138,5 187,0 240,5 204,2
Түстi металлургиядағы кен өндiрудiң  үлесi, % 19,2 18,0 18,2 16,1 20,0 25,0 25,6
Түстi металдарды өндiру, млрд. теңге 228,9 307,4 396,9 708,1 717,1 645,7 592,4
Түстi металлургиядағы өңдеудiң үлесi, % 80,8 82,0 81,8 83,9 80,0 75,0 78,0
 

      Металлургия  саласының негiзiн кендердi өндiру  және оларды одан әрi өңдеу  құрайды. 1-кестеде көрсетiлгендей  негiзгi көлем қара және түстi металлургияда  металл кендердi өңдеуге келедi. Бұл ретте құндық көрсеткiштерде  қара және түстi металдарды ендiру  және өңдеудiң оң өсу динамикасы  байқалады. 
      Сонымен бiрге қара металлургияда өңдеу үлесiнiң 2003 жылы 34,6 % -дан2009 жылы 76,6 %-ға дейiн бiртiндеп төмендегенiн, темiр кендерiн өндiру
 
 

үлесiнiң  тиiсiнше 15,4 %-дан 23,4 %-ға дейiн өскенiн  атап өту қажет. Осыған ұқсас жағдай түстi металлургияда да байқалады. Қайта өңдеудiң үлесi 2003 жылғы 80,8 %-дан 2009 жылы 78 %-ға дейiн төмендедi.

2-кесте.  Тау-кен металлургия саласы өндiрiсiнiң  нақты көлемi индексiнiң динамикасы

Көрсеткiштiң  атауы 2003 ж 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 ж 2009 ж
Алдағы  жылға қарай өнеркәсiп өнiмiнiң  ФКИ, % 109,1 110,4 104,8 107,2 105,0 102,1 101,7
Алдағы  жылға қарай отын-энергетикалық  пайдалы, қазбаларды өндiруден басқа, кен өндiрушi ФКИ, % 108,9 102,5 91,5 111,7 99,6 99,3 99,7
Металлургия өнеркәсiбiнiң ФКИ және дайын металл бұйымдарын өндiру, алдағы жылға қарай, % 101,0 104,6 94,1 106,8 103,8 96,2 94,3
 

      Тау-кен-металлургия  саласының өнiмдерiн өндiрудiң  нақты көлемiнiң индексiн талдау  тұрақсыз динамиканы көрсетедi (2-кесте). Өндiрушi және қайта өңдеушi секторда  да 2005, 2007-2009 жылдары саланың өндiру  көлемiнiң табиғи көрсеткiштерiнiң  құлдырауы байқалды. 
 
 
 
 
 

3-кесте.  Дайын металл бұйымдарын өндiру  динамикасы, мың тонна

Көрсеткiштiң  атауы 2003 ж 2004 ж 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж 2008 ж. 2009 ж.
Жиналатын құрылыс металконструкциялары 83,1 89,8 106,3 111,3 121,6 128,0 77,0
Электрлiк  қыздырусыз орталық жылытуға арналған кара металдан жасалған радиаторлар 0,3 0,1 0,2 0,2 0,2 0,6 0,5
Диiрмендерге  арналған, құйылған ұсақтаушы шарлар және ұқсас бұйымдар 44,5 37,3 84,8 75,4 92,8 101,4 91,2
Қара  металдан немесе алюминийден жасалған резервуарлар, цистерналар, бактер мен  ыдыстар, мың дана 2,1 1,1 1,6 2,6 5,4 3,1 2,4
Орталық жылыту қазандары, мың дана 4,1 1,7 2,2 2,8 2,5 2,9 2,4
Қара  металдан жасалған цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистрлер, жәшiктер және кез-келген заттарға арналған (газдан басқа) ыдыстар, мың дана 160 137 56 288 298 267 292
Қымбат  бағалы емес металдан жасалған корончатты тығындар және бiтеуiштер, қалпақшалар  мен қақпақшалар, мың дана.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
153 48 2,7 236 41 1,4 326 10 6,6
Қара  металдан жасалған раковиналар мен  жуғыштар, мың 7,5 22,1 25,5 54,6 69,2 53,5 56,1
  

      Дайын метал  бұйымдарын өндiрудiң табиғи көлемiнiң  динамикасы (3-кесте) орталық жылыту  қазандарын жасауды қоспағанда, барлық өнiм түрлерi дерлiк көлемiнiң  өсуiн көрсетедi. 
      Тұтастай алғанда металлургия саласы өндiрiсi көлемiнiң серпiнiн талдау кен өндiрiсiнiң, концентраттар мен бастапқы металдар өндiрiсiнiң елеулi үлесi-кезiнде қосылған құны жоғары шығарылатын өнiм тiзбесiнiң өте ауқымсыз екенiн көрсетiп отыр. Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласы негiзiнен экспортқа бағдарланған, оның өнiмiнiң 20%-нан азы iшкi нарыққа түседi. Өндiрiс құрылымында шикiзат тауарлары басым, содан соң ғана шетелдерде қайта өңделедi. 
      Қазiргi кезде сала өнiмiнiң экспорты шамамен 1 248,4 млрд. теңгенi ($ 8,5 млрд.), импорт шамамен 875,8 млрд. теңгенi ($ 6 млрд.) құрайды, оның $ 5,3 млрд. сәл астамы жоғары қайта бөлу өнiмдерiнiң үлесiне тиесiлi. 2009 жылы сала өнiмiнiң экспорты үлесiне экспорттың жалпы көлемiнiң 19,6 %-ы, сала өнiмi импортының үлесiне 20,9 % тиесiлi болды.

4-кесте.  Елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiндегi тау-кен металлургия саласының  үлесi

Көрсеткiш  атауы 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
Елдiң  ЖIӨ, млрд. теңге 4 611 5 870 7 590 10 213 12 849 16 052 16 100
Өнеркәсiп  өнiмiнiң көлемi, млрд. теңге 2 836 3 867 5 253 6 509 7 815 10 196 8 925
Саланың өндiрiс көлемi, млрд. теңге 578 787 935 1 324 1 610 1 932 1 511
Елдiң IЖӨ-дегi сала үлесi, % 12,5 13,4 12,3 13,0 12,5 12,0 9,4
ӨӨК сала үлесi, % 20,4 20,4 17,8 20,3 20,6 19,0 16,9
Тауарлар  экспорты, млрд. теңге 1 933 2 733 3 700 4 823 5 852 8 563 6 371
Тауарлар  импорты, млрд. теңге 1 257 1 738 2 305 2 985 4 014 4 558 4 190
Сала  өнiмiнiң экспорты, млрд. теңге 511 712 813 1 070 1 349 1 754 1 248
Сала  өнiмiнiң импорты, млрд. теңге 158 244 366 423 571 810 875
Экспорттағы сала үлесi, % 26,5 26,1 22,0 22,2 23,1 20,5 19,6
Импорттағы  сала үлесi, % 12,6 14,0 15,9 14,2 14,2 17,8 20,9
Сала  өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi сала өнiмiнiң экспорты үлесi, % 88,4 90,5 86,9 80,8 83,8 90,8 82,6
Сала  өндiрiсiнiң жалпы көлемiндегi сала өнiмiнiң импорты үлесi, % 27,4 31,0 39,2 32,0 35,5 41,9 57,9

Информация о работе Метал өндірісі