Метал өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 08:26, реферат

Описание

Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын бiлдiредi, оның рөлi жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн түпкiлiктi өнiм (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсiбi) өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгiнде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикiзаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған.

Работа состоит из  1 файл

метал өдірісі туралы реферат.docx

— 46.06 Кб (Скачать документ)
 

      Тау-кен металлургия  саласын дамытудың мемлекеттiк  мақсаттарын iске асыру, мемлекеттiк  активтердi шоғырландыру және  тау-кен кенiш, металлургия салаларындағы  мемлекеттiк меншiк құнын өсiру, тау-кен кенiш активтерiнiң және  жеке сектормен әрiптестiкте қатты  пайдалы қазбаларды барлау, өндiру  және қайта өңдеуге қатысу  арқылы Қазақстан Республикасының  тау-кен металлургия саласы өнiмiнiң  бәсекеге қабiлеттiгiн өсiруге  жәрдемдесу үшiн «Тау-Кен Самұрық»  ұлттық тау-кен компаниясы акционерлiк  қоғамымен ұйымдастырылған. 
      Шетелдiк талдаушылар Қазақстанның тау-кен металлургия саласының әлеуетiн жоғары бағалайды және таяудағы 5 жылға оның серпiндi дамуын болжап отыр. Шетелдiк инвесторлар республикамен кен өндiру және кейiннен өңдеу саласында ынтымақтасу перспективаларын қарастыруда, түстi металдар өндiру және өңдеу аса қызығушылық тудырып отыр. Business Monitor International жүргiзген зерттеулерiне сәйкес «Әлемнiң алаңы бойынша 10 iрi елдерi iшiнде Қазақстан Республикасы серпiндi дамып келе жатқан тау-кен өндiру өнеркәсiбi көшбасшысы болып табылады». Түстi металдардың 29 түрiнiң, қара металдардың үш түрiнiң, қымбат бағалы металдың екi түрiнiң үлкен қорлары әзiрленiп, өндiрiлу үстiнде. Тау-кен өндiру саласы елдiң экспорттық пайдасының 30%-ын әкеледi және барлық өнеркәсiп өндiрiсiнiң 19 %-ы үшiн жауап бередi. Қазақстан мысының ағымдағы резервiн шетелдiк сарапшылар 36 млн. тонна деп бағалап отыр. ВМI зерттеулерiнде марганец кенi қоры бойынша Қазақстан әлемде екiншi орын алады (600 млн. тонна) деп атап өтiледi. Жаһандық экономикалық дағдарыс әсерiнен металл бағасының құлдырауына қарамастан ВМI талдаушылары Қазақстанның тау-кен өндiру саласында айтарлықтай өсiм болатынын болжап отыр. 2013 жылға қарай бұл нарық 2009 жылғы 2 775 млрд. теңге ($ 18,5 млрд.) салыстырғанда 4 725 млрд. теңге ($ 31,5 млрд.) сомасына бағаланатын болады. Бұдан өзге CRU Strategies Британ компаниясының бағалауы бойынша бағалардың өзгеру серпiнi мынадай түрде болжанып отыр: мыс бағасының өсуi жалғаса бередi, ол сым мен
 
 
 

кәбiлдiң  тапшылығымен және оған деген сұраныстың өсуiмен байланысты болып отыр; - қорғасын бағасы Қытай мен Үндiстандағы автомобиль өнеркәсiбiнiң дамуына қарай орынды қарқынмен жоғарылауы тиiс; - алюминий бағасы барынша тұрақты күйiнде қалмақ, алюминий саласын талдау Қазақстан энергияға арналған тарифте пайдалы жағдайда тұрғанын көрсетiп отыр; - мырышқа деген сұраныс төмендеу үстiнде, бұл металл артығымен болуына байланысты баға өсiмi ықтималдығы шектеулi. Сұрыпты прокат нарығын талдау тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерi нарықтарының толықтығы кезiнде (өндiрiс тұтынудан жылына 41,5. млн. тоннаға артық) Таяу Шығыс нарығындағы сұраныстың кемшiлiгiн (жылына 15.4 млн. тонна, сондай-ақ жергiлiктi өндiрушiлермен бәсекелестiк) айқындады және тек жеткiлiктi баға басымдығы кезiне ғана бәсекелестiк үшiн мүмкiндiк тумақ. Марганец кенi үшiн әлемдiк ауқымдағы перспектива қолайлы болып отыр, CRU сарапшылары 2007 жылы болған бағаның күрт көтерiлуiне әкелген олардың тапшылығының тағы да қайталануы екiталай деп санайды. Қазақстанның ферроқорытпа өнiмiн, атап айтқанда феррохромды дамыту бойынша зор әлеуетi бар. Шикiзаттың жоғары сапасы мен айрықша төменгi шығынды өндiрiс басымдық болып табылады және осыған орай олардың ең аз құны бағалардың кұлдырауына әкелмейтiн болады. 
      Қазiргi кезде республикада 20 миллиярд. тоннадан астам өнеркәсiптiк қалдықтар жиналған, олардың iшiнде түстi металлургия кәсiпорындарының техногендiк қалдықтары 10,1 миллиярд. тоннаны, қара металлургия қалдықтары 8,7. миллиярд. тоннаны құрайды. Жыл сайын шамамен 700 миллион тонна өнеркәсiптiк қалдықтар құралса, оның шамамен 250 миллион.тоннасы уытты болып саналады. Республикада техногендiк қалдықтардың 2 %-нан азы қайта өңделедi және кәдеге жаратылады. Экологиялық, әсiресе өндiру өнеркәсiбi, металлургия және химия өндiру кәсiпорындары шоғырланған аудандардағы жағдайды сауықтыру мақсатында қалдықтарды қайталама пайдалану жүйесiн дамыту мен түстi, қымбат бағалы және сирек кездесетiн металдарды алу бойынша ресурс үнемдейтiн және кешендi қайта өңдеу жүйесiне көшудiң маңызы зор. Техногендiк қалдықтарды толық және тиiмдi пайдалану қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша маңызды бағытқа ие.    

   Техникалық регламенттер мен халықаралық стандарттарды енгiзу 
     
  Қара металлургия 
      «АрселорМиттал Қазақстан» ақционерлiк қоғамында IS0 9001:2008 сапа менеджментi жүйесi IS0 14001 экологиялық менеджментi, OHSAS 18001 еңбектi қорғау және техникалық қауiпсiздiк жүйесi енгiзiлдi. Барлық прокат өнiмдерi ХС IS0 9000:2000 талаптарына сәйкес өндiрiледi, тиеп-түсiрiлетiн прокат өнiмiнiң меншiктi декларацияланған тауар белгiсi бар. 
     
 

 ХС IS0 9001:2000 сәйкес «Ақсу ферроқорытпа  зауыты» акционерлiк қоғамында  сапа менеджментi жүйесi енгiзiлдi. Сәйкестiк сертификатын TUV СЕRТ сертификаттау  жөнiндегi орталығы берген. 
      2009 жылдан бастап Америка мұнай институтының (АРI) аудиторларыталдау жүргiзiп, "КSР-StееI" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi сапа менеджментi жүйесiн АРI Specification Q1, ISO 9001:2008 және ISO/ТS 29001 талаптарына сәйкес келедi деп, ал барлық технологиялық тiзбек бойынша құбыр өндiрiсiн АРI 5СТ және АРI SL стандарттарына сәйкес келедi деп таныды. Сертификаттау жүргiзiлген салалар: мұнай-газ салалары үшiн жiксiз болат сызықты, сорғылы-компрессорлы және қаусырма құбырлар өндiрiсi. "КSР-StееI" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi аудит нәтижелерi бойынша АРI стандарттарының сертификаттары, сондай-ақ шығарылатын өнiмдi АРI (АРI Monogram) монограммасына енгiзу құқығын беретiн лицензия берiлдi. 
   Түстi металлургия 
      «Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сапа менеджментi жүйесi TUV СЕRТ (Германия) сертификаттау жөнiндегi халықаралық органында сертификаттаудан өттi, оны растау ретiнде TUV СЕRТ № 15 100 42189 сертификатымен TUV СЕRТ тауар белгiсiн пайдалану құқығын алды. «Қазмырыш» акционерлiк қоғамға берiлген, сертификат нөмiрi бар TUV СЕRТ тауар белгiсi «Қазмырыш» акционерлiк қоғамының сапа менеджментi жүйесiнiң ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестiгiн растайды. 
      Өндiрiстiк ерiтiндiлер мен сарқынды суларды тазалауды жетiлдiру және газдардың атмосфераға шығарылуын қысқарту экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi. «Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ISO 9001 Халықаралық сапа меңеджментi стандартына сәйкестiк сертификатын алды. 2006 жылы ISO 14001 сериялы халықаралық стандарттар мен ОHSАS 18001 ерекшелiгi бойынша сапа-менеджментi, экологиялық, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жүйесiн енгiздi. 
      «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi тазартылған мысқа жекелеген элементтер құрамын көрсете отырып, сапа сертификатын бердi, бұл деректер Қазақстан Республикасында мемлекеттiк сертификаттау жүйесi берген КСС № 0003913 сәйкестiк сертификатымен расталады. 
      Қазiргi кезде «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi 
серiктестiгi мына кәсiпорындарында ISО-9001 сапа стандарттарына 
сәйкестiкке экологиялық менеджмент жүйесiн әзiрлеу аяқталады: техникалық пайдаланудың тәртiбi, Аненск кенiшi, Солтүстiк-Жезқазған кенiшi, Жезқазған кен байыту фабрикасы, Сатпаев кен байыту фабрикасы, «Степной» кенiшi, Шығыс-Жезқазған кенiшi, Жезқазған, мыс зауыты, Жезқазған жылу-электро орталығы. 
     
 

 «Қазақстан алюминийi» акционерлiк қоғамында ISО, 9001:2000 халықаралық стандарт талаптары бойынша сертификатталған сапа менеджментi жүйесi жұмыс iстейдi. 
       «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлiк қоғамы сапа 
менеджментi жүйесi құймадағы кеуектi титан және магний өндiрiсi 
саласындағы ISO 9002 94 және АS 9100-99 халықаралық стандарттар 
талаптарына сәйкестiкке сертификатталды. 
      Бүгiнде, Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорында 56 342-ден астам стандарттау бойынша нормативтiк құжаттар бар, оған мемлекеттiк, халықаралық, ұлттық және өңiрлiк стандарттар кiредi. Мемлекеттiк стандарттар деңгейiнде 2 791 бiрлiк, олардың iшiнде халықаралық талаптарға сәйкес үйлестiрiлгендерi - 1 846 бiрлiк, бұл ретте үйлестiру пайызы - 66 %-ды құрайды 
      Металлургия және тау-кен iсiнде мемлекеттiк стандарттарды үйлестiру деңгейi шамамен 60 %, яғни бұл көрсеткiш жалпы мемлекеттiк көрсеткiшке жақындайды. 
      Индустрияландыру үдерiстерiнде техникалық реттеу құралдарын қолданудың және отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттырудың негiзгi мiндетi тиiстi әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн өнiм өндiру және менеджмент жүйесiн енгiзу және технологиялық қайта жарақтандыру үшiн жағдайлар жасау болып табылады. 
      Шетелдiк бәсекелестерден жаңа iлгерiндi технологиялар мен инновацияларды пайдалануда қалып келе жатқанымызды атап кету керек. Металлургиялық зауыттардың қолданыстағы технологиялары бойынша белгiлi пирометаллургиялық үдерiстер қоршаған ортаны ластайтын зиянды газ түрiндегi шығарындылар мен қатты қалдықтардың көп көлемiнiң болуымен сипатталады. Оған қоса, қатты қалдықтар (қолдар, шламдар т.б.) зор алаңды иелене отырып, металлургия зауыттарының аумағында жинақталады. Демек, дәстүрлi технологияларды тек металл емес қосылған құны жоғары дайын өнiмдi алуға мүмкiндiк беретiн барынша тиiмдiлiгi жоғары, экологиялық таза және қалдықсыз технологияларға ауыстыруға бағытталған зерттеулер көлемiн ұлғайту қажет.     

 Инновациялық технологиялар мен инвестициялық жобалар 
      Қазiргi кезде тау-кен металлургия компаниялары өз инвестициялық әлеуетiн сақтап, өсiру үстiнде. 
      Қара металлургия 
      Қолдағы активтердi жаңғыртуға салатын инвестициялардан басқа, компаниялар жаңа жобаларға да инвестициялар салады. Атап айтқанда, Оriel Resources жаңа хром және уран кенiштерiн дамытуда. Ақсу ферроқорытпа
 
 

зауытында (ENRC) агломерациялық цех салу жұмыстары  жүргiзiлуде. Мұнда феррохром өндiрiсiнiң  аса жаңа инновациялық технологиялары пайдаланылып, «KSP Steel» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, вакуумды болат қондырғысын орнатуда, Қазақстан нарығындағы сапалы құбырларға деген өспелi қажеттiлiктi, ескере отырып, BKV Group LLP компаниясы «Кастинг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде Retainer Маndrel Мill танымал технологиясы бойынша диаметрi 60,3 - 277,2 мм болатын құбырлардың жылына 270 мың тоннасын шығаруды жоспарлап отыр. Көрсетiлген құбырлар мұнай-газ саласында қаусырма құбырлар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн және олар мұнай мен газды айдауға қолданылмайды. Мұнай-газ құбырлары өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн жұмыс iстеп тұрған илем станы үшiн термоөңдеу учаскесiн орнату қажет. 
      «Соколов-Сарыбай тау-кен өндiрiстiк бiрлестiгi» акционерлiк қоғамы (ENRC) жылына құрамында кемiнде 90 % темiр бар қуаты 1,4 млн. тонна металданған өнiм өндiрiсiн құруды жоспарлап отыр. Болашақта осы жоба әртүрлi маркадағы арнайы болат өндiруге мүмкiндiк бередi. 
      2007 жылғы шiлдеде iске қосылған «Тараз металлургия зауыты» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi негiзгi өнiмi - ферросиликомарганец, ол қоспалы элемент болып табылады және болатты қышқылсыздандырғыш ретiнде қолданылады. Қазақстандық нарыққа жеткiзiлiмнен басқа, зауыт ферроқоспаларды Ресей мен Беларусқа экспорттайды, осы өнiмге Кореяның, Жапонияның және Тайваньнның металлургиялық компаниялары тарапынан қызығушылық бар. 
      «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы Ақтөбе ферррқорытпа зауытының жаңа цехында жоғары көмiртектi феррохром өндiрудiң инновациялық технологиялары, сондай-ақ электр жабдықтары мен автоматтандырудың жаңа жүйесi пайдаланылатын болады. Жаңа цех ферроқорытпа және электр энергиясын өндiру саласындағы соңғы техникалық жетiстiктердi есепке ала отырып, салынатын болады. Ол тұрақты токпен жұмыс iстейтiн төрт пештен және газтурбиналық электр станциясынан тұратын болады. Осы объектiнi салу және пайдалануға беру хром алуды ұлғайтуға мүмкiндiк бередi және қазiр қолданыстағы жоғары көмiртектi феррохром өндiрудi ферроқорытпа газды кәдеге жарата, ескiрген технологиялар бойынша ұқсас өндiрiстi жоя отырып, жаңа цехтарға толық көшiруге, мүмкiндiк бередi. Жобаны iске асыру өнiмнiң өзiндiк құнын 25 пайызға дейiн төмендетуге және тауарлық жоғары көмiртектi ферхром мен электр энергиясын шығаруды арттыруға мүмкiндiк бередi. Пайда болған газды кәдеге жарату қуаты 50 МВт ферроқорытпа газымен жұмыс iстейтiн жаңа электр станциясын салу есебiнен жүргiзiлетiн болады. Жоба СО2 шығарындыларының жыл сайынғы көлемiн 330,5 мың. тоннаға азайтуға және жылына 367,3 млн. кВт сағ электр энергиясын өндiруге мүмкiндiк бередi. 
      Жаңа инвестициялық технологияларды тарту және еңбек өнiмдiлiгiнiң
 

артуын  қамтамасыз ету өзектi мәселе болып  табылады. Осыған байланысты Қазақстанның темiркен кен орындарын өңдеу  үшiн Ромелт инновациялық технологиясын  қолдану неғұрлым оңтайлы және техникалық жағынан орынды болып табылады. Ромелт процесi - әлемде алғашқы өнеркәсiп ауқымында сыналған шойын қорыту үшiн кокс қолдануды болдырмайтын және дайындалмаған құрамында темiр бар шихтаны өңдеуге мүмкiндiк беретiн бiр сатылы сұйық фазалы процесс. Ромелт технологиясын меңгеру Ресейде Новолипецк металлургия комбинатының және Қазақстанда «АВ Меtalls» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (Балқаш қаласы) базасында жүргiзiлдi. Бұдан басқа, қазiргi уақытта Бирмада iрi тоннажды пештер салу жүргiзiлуде. Ромелт мына позициялар бойынша: - отынды қалпына келтiрушi ретiнде энергетикалық көмiр пайдаланылады; - алдын ала ұсақтаусыз құрамында темiрi бар шикiзаттың (кендiк, концентраттың, тозаңның, шламның) iс жүзiнде кез-келген түрiн өңдей алатын; - түстi металлургияда пайдалану үшiн шартқа сәйкес сұрыпталған өнiмдi балқыту барысында алынатын құрамында темiрi бар ұшпа металдардың (сiлтiнiң, мырыштың, қорғасынның) мөлшерi бойынша шектеулер жоқ барлық қолданыстағы әзiрлемелерден тиiмдi ерекшеленедi. Алынатын жоғары сапалы шойын бұйымдардың алуан түрлерiн құю және болат өндiруде пайдаланылуы мүмкiн, бұл машина жасау мен құрылысты дамыту үшiн қоспалы және арнайы болат шығаратын өндiрiс салуға мүмкiндiк бередi. 
      Түстi металлургия 
      «Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi мыс қорытатын және жылына қуаты 70 мың тонна катодты мыс өндiретiн электролиз зауытының құрылысын аяқтауда. Зауыт "IsaProcess" (Хstrata Technogy) технологиясы бойынша салынған. Өнiмi Ресейдiң, Еуропаның және Қытайдың нарықтарына бағдарланған. Бүгiнгi күнi «Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi - Өскеменде 40 жылдан астам қалыптасқан бiр техногендi клинкер кенорнын өңдеудi аяқтады. 700 мың тоннадан астам қалдық өңделдi және Өскеменде бiр терриконға азаяды. Қазiр «Қазмырыш» жауапкршiлiгi шектеулi серiктестiгi Риддер қаласында тағы екi техногендi кенорнына өңдеу жұмысын жүргiзуде. 
      «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлiк қоғамда қосылған құны жоғары өнiм өндiру мақсатында титан құймасы мен қорытпасын шығаратын зауыттың құрылысы жүргiзiлуде. Зауыт титан қорытпасынан жылына 12 мың тоннаға дейiн құйма және коммерциялық таза титаннан 4 мың тоннаға дейiн құйма өндiретiн болады. Мұндай өнiм әлемнiң дамыған елдерi өнеркәсiбiнiң аэроғарыш саласына қажет. 
      «Қазақстанның алюминийi» акционерлiк қоғамы жобалық қуатын 1,5 есе арттырып, Батыс Торғай бокситтi ауданының жоғары карбонатты боксит өңдеудiң өзiндiк технологиясының арқасында өнiм шығаруды ұлғайтады.
 
 

«Казэнергокабель» ақционерлiк қоғамында алюминий илемдерiнiң өндiрiсi құрылады. 
      «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» акционерлiк қоғамы Шығыс Қазақстан облысындағы «Суздаль» кенорнын игередi. Қазақстандаөнеркәсiптiк аумақта берiк кендердi өңдейтiн технология қолданылмайды. «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» акционерлiк қоғамы Қазақстанда алғаш рет берiк мышьяктi құрамында алтыны бар кендердi бактериалдық шаймалау технологиясы енгiздi. Тау-кен-металлургия кешенiнiң қуаты жылына 2 500 кг алтын өндiруге мүмкiндiк бередi. Суздаль кенорнында тау-кен-металлургия кешенiн пайдалануға беру бұрын тоқтатылған кенорнын жаңадан бағалауға және өнеркәсiптiк игеруге Қазақстанның iрi кенорындарының берiк мышьякты алтынсульфидтi кенiнiң қорын тартуға мүмкiндiк бередi. 
      Инновациялық жобалардың iске асырылуын ресурстық қамтамасыз етудi талдау. 
      Саланың басты проблемаларының бiрi ұдайы өндiрiс қарқынының пайдалы қазбалардың қорларын өтеу қарқынымен салыстырғанда артта қалу. 
      Соңғы 10 жылда темiр кенi, хромит кенi мен төмен сортты бокситтiң техногендi үйiндiлерi теңгерiмнен тыс өңдеуге тартылды. Қорларды 2 есе арттыруға мүмкiндiк беретiн хромит кендерiнiң кедей, өнеркәсiптiк емес қорларын тарту үшiн технология және тиiстi аппараттық ресiмдеу жасалды. 
      Шикiзатпен қамтамасыз өтудегi қауырт жағдайға байланысты және барлаудың басынан кендi өндiргенге дейiн 10-нан 20-шы жылға дейiн қажет екенiне байланысты салада жобалардың белгiлi бiр бөлiгi шикiзат базасын озық дамытуға бағытталған. 
      Қазақстанның қара металлургиясы темiр кенiнiң iрi қорына ие, бұл елде қара метал өндiрiсiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Баланстық қорлардың көлемi бойынша Қазақстан тәуелсiз мемлекеттер достастығында Ресей мен Украинадан кейiн үшiншi орын алады. Едәуiр қорлардан басқа, қазақстандық темiр кенiнiң басқа артықшылығы оның әжептәуiр жоғары сапасы болып табылады. Тез балқитын кендер Қазақстанның темiр кендерiнiң баланстық қорының 73,1 %-ын, баяу балқитындар - 20 % құрайды және 6,9 % байытуды қажет етпейтiн кендер болып табылады. 
      Iрi объектiлерге (темiр кенiнiң қоры 1 млрд. тоннадан астам) Қостанай облысында орналасқан Соколов, Сарыбай, Қашар және Лисаков кенорындары, Атасу кенорындар тобы жатады. 
      Ферроқорытпа. «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы шикiзат базасын толықтыру «Молодежная», «Центральная» шахталарының және «Поисковый» карьерiнiң қуаттарын арттыру, 2-шi ұсату-байыту фабрикасы және Дон кен байыту кешенiнде хромит майдасын брикеттеу фабрикасын салу есебiнен жүзеге асырылады.     
 
 

 Мыс  «Қазақмыс» Корпорациясы» жауапкершiлiгi  шектеулi серiктестiгi 2014 жылға дейiн  Бозшакөл кенорнында кен-байыту  кешенiн, сондай-ақ Нұрқазған,  Шатыркөл, Қосмұрын кенiштерiнде мыс концентраттарын шығаратын байыту фабрикаларын және мыс кенiн өндiретiн Сарыбай кенiшiн салуды көздеп отыр. Келешекте 2020 жылға дейiн Ақтоғай кенорнын игеру жоспарланып отыр. Қазақмыстың осы шикiзат жобаларын iске асыруы мыс балқыту зауыттарының кiдiрiссiз жұмысын кейiнгi 40 жыл бойы қамтамасыз етедi. 
      «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Ақтөбе облысында «Октябрьге 50 жыл» Көктау мыс-мырыш кенорнын ойдағыдай игеруде. 
      Қорғасын-мырыш. «Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi минералдық шикiзат базасын арттыру үшiн Риддер-Сокольное, Щубинское, Малеевское, Долинное, Обручевское кенорындарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу, Малеевск кенорнының «Холодная» шоғырын iске қосу қарастырылған. Одан басқа өндiрiс қалдықтарын өндiру және байыту қалдықтарынан металдарды барынша алу (қалдық қоймасының құмы, шламдар), металлургиялық қалдықтар (клинкер, мыс және қорғасын кегi, қорғасын өндiрудiң кiрпiш сынығы, су тазарту ғимаратының шламдары) көзделге. Қорғасын өндiрiсiнiң қуат жүктемесi және қосылған құны жоғары өнiм өндiру көлемiн арттыру үшiн Алайғыр-қорғасын кенорнын игеру жоспарланып отыр. 
      Алюминий. Сапалы глинозем шикiзатының қорлары таусылған жағдайларда Краснооктябрь кенорны бокситiнiң едәуiр қорын өндiрiске тарту, Батыс Торғай бокситтi ауданының жоғары карбонатты бокситiн өңдеу технологиясын енгiзу және «Қазақстан алюминийi», акционерлiк қоғамы Ақмола тобы кенорнының жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келiсiмшарттарға қол қоюы алюминий саласын одан әрi дамытуды қамтамасыз етедi. Бұдан басқа «Тау-Кен Самұрық» акционерлiк қоғамы гидрогранатты технологиялар арқылы глинозем ала отырып сапасы нашар боксит-нифель кенорнын өңдеуге тарту бойынша жұмыс жүргiзiп жатыр. 
      Марганец. Қазақстанда шамамен 600 миллион тоннаны құрайтын болжалды қорларды есепке ала отырып, актив қоры 426 миллион тоннадан астам марганецтiң 36 кенорны және 163 кен бiлiнуi бар. 
      Титан-магний. Сәтпаев кенорнындағы кенiштi игеру «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлiк қоғамының ильменит концентраттарына мұқтаждығын iшiнара қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. 
      Никель. Қазақстанда никельдiң баланстық қоры 1,8 млн. тоннаны құрайды. «Тау-Кен-Самұрық» акционерлiк қоғамы және басқа компаниялар нашар тотыққан никель-кобальт кендерiн өңдеуге қатыстыру жөнiнде инновациялық технологияларды енгiзу бойынша зерттеу жүргiзуде. 
     
 

Информация о работе Метал өндірісі