Метал өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 08:26, реферат

Описание

Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын бiлдiредi, оның рөлi жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн түпкiлiктi өнiм (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсiбi) өндiрiсiн шикiзатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгiнде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикiзаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған.

Работа состоит из  1 файл

метал өдірісі туралы реферат.docx

— 46.06 Кб (Скачать документ)

 Алтын  өндiру. Мемлекеттiк теңгерiммен 293 объектiде  алтын қоры есепке алынды. (235 - негiзгi, 48 - шашыранды кенорындары  және 10 объектi - техногендi минералдық  түзiлiмдер) Қазақстан алтынының  теңгерiмдiк қоры 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2,2 мың тоннаны құрады. 
      Түстi металлургияға арналған шикiзаттың нақты қоры олардың таяудағы 25-40 жыл бойы азды-көптi тұрақты жұмысын қамтамасыз етедi. 
      Сирекметал. Қазақстанда сирек металдар түстi металдарды өндiру кезiнде жол-жөнекей өндiрiледi. Катодты мыс өндiру кезiнде рений, глинозем өндiру кезiнде галлий. Индийдi, таллийдi, селендi қорғасын өндiрiсiнiң тозаңынан, теллурды - қара қорғасынды тазартып сiлтiлi қорытпа алады. Риддер металлургия алаңында құрамында қорғасын бар концентраттарды өңдеу кезiнде кадмий мен таллий алады. «Қазатомөнеркәсiп» акционерлiк қоғамында тантал, бериллий, ниобий және молибден, «Қазниобий» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде ниобий, «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлiк қоғамында ванадий. Лантаноид тобының сирек кездесетiн элементтерiн «Ертiс сирек кездесетiн компаниясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде алады. 
      Қазақстанда сирек кездесетiн металдарды өндiруге Қостанай облысындағы Құндыбай кенорны, ал сирек металдарды өндiруге Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орны неғұрлым перспективалы болып табылады. 
      «Тау-Кен-Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлiк қоғамы Жоғарғы Қайрақты iрi вольфрам-молибден кен орнының базасында вольфрам және молибден концентраттары мен вольфрам өнiмiн өндiрiсiн құру мәселесiн талқылауда. Қазақстанда вольфрам өнiмiн шығару болаттың жеке түрлерiн өндiрудi дамытуға түрткi болады. 
      Iрi компаниялардан басқа, жер қойнауын пайдаланушылардың орта және шағын түстi және қара металдар кен орындарын кендер немесе концентраттар шығара отырып, шикiзат базасын дамытуға инвестиция салу жөнiнде жұмыс жүргiзiп жатқанын атап өту қажет. Кәсiпорындардың шикiзат базасын дамытуға салған инвестицияларының жалпы сомасы 450 млрд. астам теңгенi құрайды («Нова-цинк» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «Шалқия» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «Темiртау электр металлургия зауыты» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, «АиК» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi және басқалары).    

Инновациялық  технологиялар мен  инвестициялық жобалар      Қара металлургия 
      Ғимараттар мен имараттардың тозуы (кен байыту фабрикасының пассив бөлiгi) металлургия саласының кәсiпорындарында 40-70 %-ды құрайды. 
      «АрселорМиттал Темiртау» акционерлiк қоғамы (пайдалану 50 жыл)     
 
 

Негiзгi қорлар екi жылу электр орталығы, автокөлiк цехы және көмiр байыту фабрикалары ұсынған балқыту агрегаттарымен, коксхимия батареяларымен, 5 прокат цехындағы прокат стандарымен, аглоцехпен және қосалқы қызметтермен берiлген. Негiзгi жабдықтардың орташа амортизациясы 75%-дан аспайды. Павлодар металлургия зауыты «Кастинг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Павлодар филиалы экспортқа жеткiзiлетiн шаршы дайындама шығара отырып металлургия өндiрiсiн бастады. Кәсiпорын жаңа, негiзгi қорлардың амортизациясы 15-20 %-дан аспайды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында негiзгi технологиялық жабдықтардың, яғни № 11, 25, 26 электр доға пештерiнiң тозуы 5-тен 10 %-ға, 15, 16, 39, 71 - 15 - 20 %, 13, 17, 21 - 25 - 40 %, 12, 14, 22, 23, 24 - 70 дейiн және одан көп пайызды құрайды. 
      Түстi металлургия 
      «Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi кәсiпорындарында тау-кен-байыту өндiрiсi бойынша негiзгi қорлардың тозуы бастапқы құнының 32 %-ын, металлургия өндiрiсi бойынша 44 %-ды құрайды. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi кәсiпорындарында таукен-байыту жабдықтарының тозуы, 42 %-ды, металлургия жабдықтары - 48%-ды құрайды. «Қазақстан алюминийi» акционерлiк қоғамында (глинозем өндiру) металлургия және тау-кен-байыту өндiрiстерiнiң негiзгi құралдарының тозуы 70 %-ды құрайды.

5-кесте.  Тау-кен кешендi кәсiпорындарының  технологиялық 
жабдықтарының жағдайы

Кәсiпорын Тозу, %
«Қазақмыс»  корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi 40%
«Қазмырыш»  жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi 36%
«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлiк  қоғамы 26%
«Соколов-Сарыбай  тау-кен өндiрiстiк бiрлестiгi» акционерлiк  қоғамы 36%
«Қазақстан  алюминийi» акционерлiк қоғамы 70%
«Өскемен  титан магний комбинаты» акционерлiк  қоғамы 15%
 

     

Жоспар

1.Тау кен өндірісі туралы

2.Техникалық регламенттер мен халықаралық стандарттарды енгiзу 
3.Инновациялық технологиялар мен инвестициялық жобалар

4.Инновациялық технологиялар мен инвестициялық жобалар

Информация о работе Метал өндірісі