Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 20:09, реферат

Описание

Экономикалық теория дегеніміз – ресурстардың шектелген жағайында қажеттілікті қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлә, айырбастау тұтынудағы іс- әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөліктен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым және де ол инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу сияқты ірі проблемаларды қарастыратырады. Ал микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтар, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтвн тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3

I бөлім. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.....................................................................................................4
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,
объектісі мен субъектісі...........................................................4
1.2 Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер..................................................................5
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................8

II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................11
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері.............................................................11

Қорытынды.................................................................................................12

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................15

Работа состоит из  1 файл

микроэкономика проект.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

                                       

                   Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Жоба паспорты

 

Жоба такырыбы: Микроэкономика дегеніміз не? Және оның        методологиясы.

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

                                                                       Орындаған: 121 топ «Экономика»

                                                                       Сейдахмет Акбар, Сансызбаева Назерке,

                                                                       Мукаметкали Айгерим, Жазылбек Арайлым,

                                                                      Утепбергенова Гулимай

                                                                       Тексерген: Бильдебаева Айгуль Баққожаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Алматы 2013

 

                                                              Мазмұны

 

 

Кіріспе............................................................................................................3

 

I бөлім. Микроэкономика  экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.....................................................................................................4

1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,

 объектісі мен субъектісі...........................................................4

1.2 Микроэкономикалық  базалық түсініктер: қажеттіліктер,  ресурстар, игіліктер..................................................................5

1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................8

 

II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................11

2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері.............................................................11

 

Қорытынды.................................................................................................12

 

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            КІРІСПЕ

 

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Микроэкономика пәні және оның методологиясы».

Экономикалық теория дегеніміз – ресурстардың шектелген  жағайында қажеттілікті қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың  материалдық игіліктер мен қызметтерді  өндіру, бөлә, айырбастау тұтынудағы іс- әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөліктен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым және де ол инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу сияқты ірі проблемаларды қарастыратырады. Ал микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтар, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтвн тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі.

Микроэкономика пәні – жалпы экономикалық теорияның бір бөлімі бола тұра, оның негізгі базалық курсы болып есептеледі. Ал микроэкономикаға анықтама беретін болсақ, оның негізгі бірнеше мағынасы бар. Микроэкономика қызықты және динамикалық, әрі пайдалы пән екендігі барлығына мәлім. «Микро» деген қосымша сөз қазақ тілінде шағын деп аударылады. Яғни, микроэкономикалық теория жеке дербес эсономикалық субъектілердің нарықтағы қабылдайтын шешімдерін, оған әсер ететін объективті және субъективті факторларды зерттейді. Микроэкономикалық теорияны меңгеру болашақ экономистер үшін өте маңызды роль атқарады және ол оңай іс емес. Микроэкономиканың басты пәні – нарық және нарықтық механизм, сонымен қатар оның құрамдас бөліктері – сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.

Соңғы жылдары микроэкономикада ойындар теориясы, бәсекедегі стратегия, нарықтағы белгісіздік пен ақпараттың ролі, нарықтағы билігі бар фирмалардың бағалары қалыптасуына анализ жасау сияқты тақырыптар өзекті роль атқарады. Микроэкономиканы әлемде болып жатқан мәселелерді түсіну үшін және практикада сол мәселелер жөнінде шешім қабылдауға көмектеседі.

Курстық жұмыстың  басты мақсаты - жалпы экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде микроэкономиканың  пәні мен құрылымын ашу, сатушылар  мен сатып алушылар, үй шаруашылығы  мен фирмалар сияқты микроэкономика субъектілерінің экономикалық қарым-қатынастар жүйесін дәл көрсету. Микроэкономиканың басты пәні – нарық және нарықтық механизм, сонымен қатар оның құрамдас бөліктері – сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке. Олардың мәнін қоғамдағы экономикалық жүйелердің ерекшеліктеріне байланысты ашу.

Курстық жұмыстың міндеті  жоспарда берілген барлық тақырыптар мен категорияларды толығымен ашу  және айқындап көрсету болып табылады.

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан қосымшалардан  тұрады.  тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші бөлімінде микроэкономика пәні, оның зерттеу объектілері мен субъектілері қарастырылады. Ал екінші бөлімде микроэкономиканың зерттеу әдістері және талдау методологиясы, микроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісі мен өндірістік мүмкіндіктер қисығы қарастырылады. Және де соңғы, үшінші бөлімде, ресурстардың шектеулігі, экономикалық тандау мен үнемдеу сияқты өзекті мәселелер туралы жазылған.

Курстық жұмыстың тақырыбы нағыз теориялық болғандықтан, жалпы  экономикалық оқулықтар мен әдебиеттерден құрылған. Қолданылған әдебиеттердің толық тізімі жұмыстың соңында келтірілген.

I бөлім. Микроэкономика  экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.

 

1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі

Микроэкономикалық теорияның  зерттейтін негізгі проблемаларын қарастыру үшін ең алдымен экономикалық теория ғылымына қысқаша шолу жасауымыз қажет. Өйткені экономикалық теория екі негізгі бөлімге – микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.

Экономикалық теория дегеніміз – бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық  емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы. Міне осы анықтамадан байқап отырғанымыздай, экономикалық теорияға екі негізгі проблема тән және ол соларды шешумен айналысады, яғни олар – 1) ресурстардың шектеулілігі және 2) адамдардың шексіз қажеттіліктері. Міне осы іргелі проблемалар микроэкономикаға да, макроэкономикаға да ортақ болып табылады, бірақ олар әртүрлі деңгейде шешіліп, әр қырынан зерттеледі. Микроэкономика ғылымы осы проблемаларды жекелеген экономикалық субъектілердің дербес шешім қабылдауларына сәйкес шешеді. Макроэкономика болса аталған проблемаларды ұлттық экономика шеңберінде шешуге ұмтылып, экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық теорияның негізгі құрамдас бөлігі. Мысалы, микроэкономиканы – «бір тал ағаш» десек, онда макроэкономиканы – «біртұтас орман» деп қарастырсақ болады.

Микроэкономика жекелеген  игіліктердің бағаларын, яғни салыстырмалы бағаларды зерттейді, ал макроэкономика болса бағалардың абсолютті деңгейін зерттейді.

Қазіргі микроэкономикаға бірнеше анықтама беруге болады.

Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

Микроэкономика – бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.

Микроэкономика – бұл шешімдер қабылдау ғылымы.

Микроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:

  • белгілі бір игіліктердің бағасы, олардың көлемі және тұтынылуы;
  • жекелеген нарықтардың жағдайы;
  • альтернативтік (балама) мақсаттарға байланысты ресурстарды тиімді бөлу.

Микроэкономиканың зерттеу пәні болып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар, экономикалық таңдау жағдайында жекелеген экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешімдер қабылдауы табылады.

Микроэкономиканың негіздерін австриялық (маржинализм бағытының) мектептің негізгі өкілдері К. Менгер, Ф. Визер, Э. Бем-Баверк және неоклассикалық теорияның негізгі өкілдері А. Маршалл, А. Пигу, сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж. Хикс, американдық экономист Дж. Б. Кларк, итальяндық экономист В. Парето, швейцар экономисі Л. Вальрас және басқа да экономистер қалады және қалыптастырды.

Адамдардың іс-әрекеті  белгілі бір нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына  тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, норомасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар және олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді. Әрине, нақты нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен же нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескермесе болмайды.

Микроэкономикалық талдаудың  қазіргі уақытта зерттеу объектісі  кеңейе түсті.

Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері болып жекелеген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері, елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ, экономиканың тұтас саласы да табылады.

 

 

  1.2.Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер

Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілеіді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланыста болады. (1.4.)Бұдан мынадай экономикалық проблемалар туындайды.

«Қажеттілік» бойынша  – не өндіреміз?

«Ресурстар мен технология»  бойынша – қалай өндіреміз?

«Өнімдер мен қлданулар» бойынша – кім үшін өндіреміз?

Экономикалық теорияның негізгі  сұрақтары мыналар болып табылады:

Не өндіреміз? – бұл  қажеттіліктер бойынша берілген экономикалық жүйеде белгілі бір  уақыт кезеңінде және қандай мөлшерде, мүмкін болаты тауар немесе қызмет түрінің қайсысы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе.

Қалай өндіреміз? – бұл  өндірілуі мүмкін тауардың немесе қызмет түрінің тандап алынған нұсқалары  ресурстардың қанадй қисынымен және қандай технологияны пайдалану арқылы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе.

Кім үшін өндіреміз? – бұл тандап алынған тауар немесе қызмет кімге арналып шығарылалы, олыр қалай бөлінеді және оны кім сатып алуы тиіс деген мәселе.

Қажеттіліктер – бұл  микроэкономикада басты термин болып  табылады және экономикалық субъектілерге  белгілі бір экономиклық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер немесе басқа сөздермен айтқанда адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушілігінен туындайтын мұқтаждықтар.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде қажеттіліктерді екіге  бөледі: бірінші және екінші қажеттіліктер.

Бірінші қажеттілік өз табиғатында  физиологиялық болып табылады және де, әдетте, тұрмыста пайда болады. Бұған  адамның тамаққа, суға, киімге деген қажеттіліктері жатады.

Екінші қажеттіліктің  табиғаты психологиялық. Олар негізінен  адамның интелектуалдық және рухани қызметімен байланысты. Екінші қажеттіліктерге  білімге, өнерге, ойын-сауыққа қажеттілігі  жатады.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер  – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып  алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық қажеттіліктер жүйесінен - өндірістік, қоғамдық және жеке қажеттіліктер бөлінеді. Жеке қажеттіліктерді олардың даму деңгейі бойынша қарапайым денелік және жоғарғы(әлеуметті) қажеттіліктер болып жіктеліп, адамзат қоғамының даму деңгейімен түсіндіріледі. Олардың көлемі, құрылымы, саны қоғам мәдениетінің жалпы жағдайымен анықталады.

Тұлғаның, адамның қажеттіліктері – жеке қажеттіліктер болып табылады:

  • өзінің икемділігі мен мойындауына дәл болатындай жанына жайлы жұмыс табу:
  • өндіріс сипатына сай болатын ыңғайлы, нақтылы дәрежеде қолайлы жағдайда жұмыс жасау;
  • өнертапқыштық, спорт, туризммен айналысу үшін оқуға мүмкіндіктің болуы, өзінің білімін тұрақты көтере білуі;
  • жақсы жалақы таба білу.

Информация о работе Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы