Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 20:09, реферат

Описание

Экономикалық теория дегеніміз – ресурстардың шектелген жағайында қажеттілікті қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлә, айырбастау тұтынудағы іс- әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөліктен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым және де ол инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу сияқты ірі проблемаларды қарастыратырады. Ал микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтар, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтвн тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3

I бөлім. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.....................................................................................................4
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,
объектісі мен субъектісі...........................................................4
1.2 Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер..................................................................5
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................8

II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................11
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері.............................................................11

Қорытынды.................................................................................................12

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................15

Работа состоит из  1 файл

микроэкономика проект.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

Әрине, адам ой-мақсатын тек қана оның негізгі материалдық

қажеттілікпен шектеуге болмайды. Оның талап-тілегі әр түрлі, сондықтан атақты американдық социал экономисі Абрахам Маслоу арнайы қажеттілік пирамидасын ұсынған, онда барлық адамның әр түрлі қажеттіліктері мен ой-мақсаттары бейнеленген.

А. Маслоу қажеттіліктерді  бес категорияға бөледі:

1. Физиологиялық қажеттілік  өмір сүру үшін қажет. Бұған  тамақ, су, баспана, демалу жатады.

2. Қауіпсіздік, қорғану  және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне  қоршаған орта тарапынан болатын  физикалық және психологиялық  қауіп-қатерден қорғану қажеттіліг, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін.

3. Әлеуметтік қажеттілік  – бұл бір нәрсеге немесе  біреулерге қатыстылық сезімі, махаббат, достыққа тұтыныс: сондай мүддені  көзжей отырып адамдармен араласу,  әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық сезімдері.

4. Құрметтеуге қажеттілігіне  өзін-өзі құрметтеу, жеке басының  жетістіктері, біліктілігі, басқа  біреулердің өзін құрметтеуі, қолдауы  жатады.

5. Өзін-өзі құрметтеу  қажеттілігі - өзінің потенциалды  мүмкіндігі нжеке басының өсіп  жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.

Игіліктер – бұл қажеттіліктерді  қанағаттандыратын құралдар. А. Маршалл  игілікті – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын қаланған зат  деп анықтайды. Жан Батист Сэй  игілікті – бізде бар және де біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын заттар деп қарастырады. Адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын заттардың қасиеті, оны әлі де оны игілік қылмайды. Осы фактты зерттеуге көп көңіл бөлген австриялық мектептің өкілі Карл Менгер болды. Сондықтан адам белгілі бір заттың оның қажеттілігін қанағаттандыратындығын білуі қжет, сонда ғана ол игілік болып табылады.

Игіліктің жіктелімі:

  • экономикалық  және  экономикалық емес игіліктер
  • өндірістік және тұтынушылық
  • жеке және қоғамдық.

Біздің қаттілігімізге байланысты шектелген игіліктер  экономикалық болып табылады. Бірақ біздің қажеттілігімізбен салыстырғанда шектелмеген көлемде болатын игіліктер бар(мысалы, ауа). Олар еркін немесе экономикалық емес игіліктер днп аталады.

Өндірілетін және тұтынылатын  игіліктер немесе тікелей және жанама игіліктер. Кейде оларды төменгі және жлғарғы ретті игіліктер деп те атайды. Тұтынылатын тауарлар адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыруға арналған. Олар соңғы тауарлар мен қызметтер болып табылады. Өндірілетін игіліктер - өндірістік процесте қолданылатын ресурстар(станоктар, машиналар, ғимараттар, құрал-жабдықтар, жер, кәсіби дағдылар және квалификация).

Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктерге мысал ретінде: ұлттық қауіпсіздік, заңдар жиынтығы, қоғамдық тәртіп, немесе, заматтардың  барлығысы, бірі қалмастан қолданылатын игіліктер болып табылады. Жеке игіліктер, тек қана ол үші н ақша төлегендерге пайдалануға беріледі. Мысалы: метрода жол жүру, кинотеатрға бару, студенттік асханада түскі ас – күнделікті ақшаға сатып алуға болатын әр түрлі жеке игіліктер.

Тауар немесе қызмет дегеніміз  – бұл нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық  және материалдық емес игіліктер.

Экономикалық игіліктер  заттар  (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан  айырмашылығы:

1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы  бір мезгілде болады 

2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға  болмайды.

Мұндай қажеттіліктер тікелей  адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына  қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.

  • Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).
  • Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын  екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

  • Тауарды кім сатып алады –  жеке адам немесе фирма.
  • Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.

Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа  уақыттық экономикалық игіліктерге  бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащпен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.

Ресурстар – қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру тиіс экономикалық игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері  немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер.

Экономикалық ресурстар: табиғи  ресурстар және материалдық  ресурстарға бөлінеді.

Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.

Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.

Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.  Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.

Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты  динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді.  Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу  маңызды мәселе болып табылады.

Ресурстардың шектеулігі – бұл барлық экономикалық қажеттіліктерді  бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігініңкөрсеткіші.

 

 

   1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар.

өндірістік  мүмкіндіктер қисығы.

Ресурстардың шектеулілігіне байланысты экономикалық тандау деген мәселе туындайды. Экономикалық тандау проблемасы – бұл берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандырылу мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқаулардың ішінен ең дұрысын және жақсысын тандау.адамның, фирманың және тұтастай қоғамның алдында не, қалай, кім үшін өндіретінін,және де шектелген ресурстарды пайдалану сияқты проблемалар пайда болады. Экономика осы проблемаларды жай ғана қарастырмай, шешуне тырысады. Осыдан экономикалық рационалдылық деген ұғым туындайды.

Экономикалық рационалдылық  немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз  – бұл рационалды субъектінің  өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде максималды нәтижелілікке  жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау іс-әрекеті.

Ресурстардың шектеулілігіне байланысты тағы бір мәселе туындайды  ло үнемдеу мәселесі болып табылады. Үнемдеу мәселесі – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс  ойластырып және шектеп жұмсалуынан туындайтын мәселелер.

 

Игіліктердің шектеулігін  және балама тәсілдердің ішінен тандап алу қажеттілігін ескере отырып, кез  келген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда төмендегідей қортындылар шығаруға болады. Белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы, 30 теңгеге 1 литр сүтті сатып алу үшін бір бөлке наннан бас тартуға тура келеді немесе темір құймадан гайка жасайтын болсақ. онда осы дайындамадан болт жасай алмайды.

Көп жағдайларда тандау мүмкіндіктері екі варианттан көп  болады. экономикалық субъект әрбір  баламалық нұсқаларда қолданылатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде ең жоғарғы деңгейде болатын баламалық нұсқаны тандап алады.

Баламалы (альтернативті) шығындар – бұл жіберіп алынған  немесе қолдана алмаған мүмкіндіктер шығындары. Бір өнімді өндіру барыысында құрбан болған немесе тандауға ие болмаған, сол өнімді өндірудің құнымен  өлшенген шығындар. Балама шығынның кәдімгі өндірістік шығыннан айырмашылығын көре аламыз(1.5)

Экономикалық тандау кезінде балама шығындарды есептеу  микроэкономикалық талдаудың маңызды  принциптерінің бірі болып табылады. Альтернативті шығындарды өндіріс  мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге боладжы. өндірістік мүмкіндіктер қисығы – бұл екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игілік өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері өте көп болады.

 

 

 

      А


                А игілігі                            В . N


     (мың дана)

 

 С


. D 

E

  Б игілігі (мың т.)


 

 

Осы суреке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы станок өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы май өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды.

 

       II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі

2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері

Микроэкономикалық талдау нақты бір методологиялық негіздерге сүйенеді. Методология – ғылыми тану мен зерттеудің құралдары мен принциптері, талдау түсінудің әдістері.

Микроэкономикалық теория мынадай методологиялық қағидаларға  сүйенеді:

  • шектелген экономикалық ресурстар тандау немесе тапшылық проблемасын туғызады;
  • микроэконмикалық құбылыстар себеп-салдары байланыстардан тұрады;
  • адамдардың іс-әрекеттерін, қабылдайтын шешімдерін алдын-ала анықтау мүмкін емес, бірақ олар туралы болжау жасауға болады;
  • логиканың көмегімен болжауларға сүйене отырып, әр түрлі тұжырымдамалар жасалады;
  • жасалған тұжырымдар практиканың көмегімен тексеріледі.

Жекелеген экономикалық субъектілердің тәртіптері мен мінез-құлықтарын түсіндірудің бағыттарына байланысты микроэкономикалық теория позитивті  және нормативті микроэкономика болып  бөлінеді.

Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.

Нормативті  микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады. Тағы бір мысал: «Барлық жерде бірдей көлемде оқудың төлемақысы көбейсе, абитуриенттер саны азаяды» деген тұжырымды позитивті талдау сипаттаса, ал нормативті талдау осы жағдайға мынадай тұжырым жасайды: «Университеттерде білім алушы студенттер санының көп болуы үшін оқудың төлемақысын қысқарту керек». Бір сөзбен айқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл тұжырымды нормативті микроэкономикаға жатқызамыз. Экономистер арасындағы көптеген нақты келіспеушіліктер талқылауға негізделген нормативті әдіспен, саясатпен байланысты. Экономистер экономикалық модельдер мен теорияларды, олардың құрамдас элементтерін қалыптастыруға тырысады. Ең көп келіспеушіліктер біздің қоғамның қандай болуы керектігі жайлы әртүрлі көзқарастар мен баламалы талқылаулар төңірегінде туындайды. Баламалы талқылаулар мен нормативті тұжырымдар экономикалық саясаттың жүзеге асырылу барысында пайда болады.

Информация о работе Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы