Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 20:09, реферат
Экономикалық теория дегеніміз – ресурстардың шектелген жағайында қажеттілікті қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлә, айырбастау тұтынудағы іс- әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөліктен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым және де ол инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу сияқты ірі проблемаларды қарастыратырады. Ал микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтар, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтвн тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі.
Кіріспе............................................................................................................3
I бөлім. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.....................................................................................................4
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,
объектісі мен субъектісі...........................................................4
1.2 Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер..................................................................5
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................8
II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................11
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері.............................................................11
Қорытынды.................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................15
Микроэкономиканың позитивті және нормативті деп бөлінуі микроэкономикалық теория методологиясының бастапқы буыны және алғышарты болып табылады.
Позитивті микроэкономикалық
теорияның нақты іс-
Нормативтік микроэкономикалық
бағытты жақтаушылар экономикал
Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әртүрлі құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады. Бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау барысында зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қорытынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар деп атайды. Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құрудың нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогендік айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.
Кез келген экономикалық модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан оның нақты жағдайға сәйкес келуін анықтаған кезде экономикалық әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өгермейді деп санауымыз қажет. Бұл шартты әріқарай зерттеу барысында қолданамыз (басқа көрсеткіштерді тұрақты деп қарастырғанда).
Модельдеу – экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеудің басты әдісі. Микроэкономикада модельдердің екі түрі қолданылады: оңтайландыру және тепе-теңдікке келтіру. Жеке экономикалық агенттердің әрекеттерін зерттегенде оңтайландыру модельдері қолданылады. Сондықтан негізгі түсініктер шекті сипатта болады: шекті пайдалылық, шекті өнім, шекті шығындар, шекті түсім және басқа да маржинализмнің әдістемелері қолданылады. Модельдердің екінші түрі – экономикалық агенттердің арасындағы өзара қатынастарды зерттеуде қолданылатын нарықтық тепе-теңдік модельдері. Егер өзара әрекетке түсетін күштер балансталған болса және осы балансты бұзатын ішкі импульстер болмаса, онда жүйе тепе-теңдік жағдайында тұр деп есептелінеді.
Сонымен, микроэкономикалық
теория макроэкономикалық саясатты
жүзеге асырудың негізін құрайды. Ал
макроэкономикалық саясат болса
өз кезегінде мемлекетпен
Микроэкономикада да, макроэкономикада да зерттеудің сол бір ғана құралдары қолданылады, бірақ ол ғылымдардың әрқайсысы экономикалық құбылыстар мен үрдістерді әртүрлі көзқарастарда зерттейді. Макроэкономика елдің экономикасын тұтастай зерттейді, ал микроэкономика қоғамдық өнімнің құрамы мен бөлінісін қарастырады. Экономикалық білім алу үшін экономикалық теорияның осы екі бөлімі бірдей дәрежеде құнды болып табылады.
Микроэкономика түсінігі, біріншіден, экономикалық қатынастар деңгейімен, яғни қоғамның бастапқы субъектілері – адамдардың (тұтынушылар мен өндірушілердің), үй шаруашылықтарының, кәсіпорындар мен фирмалардың экономикалық қатынастарымен анықталады; екіншіден, экономикалық жүйелердің мәнінен және олардың әрекет етуінен пайда болатын экономикалық қатынастардың мазмұнымен анықталады. Бұл нарықтық қатынастар жүйесі, олардың зерттеудің ортасында әрдайым баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке сияқты ұғымдар орын алады. Микроэкономика - бұл негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Макроэкономикалық құбылыстың негізінде микродеңгейде пайда болатын өзара байланыс жатқандықтан зерттеушілер микроэкономиканың тәсілдерін де қолданады. Микроэкономиканың басты ерекшелігі - бұл пән негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) іс-әрекеттерін, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары алға қойған мақсаттарды және оған қол жеткізу үшін қойылған шектеулерді ескере отырып, олардың өз көзқарастары тұрғысынан ең жақсы шешімдер қабылдауы болып табылады. Үй шаруашылықтары тауарларды сатып алар кездерінде тұтынудың аса тиімділігін көздейді, ал фирмалар өндіріс туралы шешім қабылдай отырып, таза табыстың мол болуына ұмтылады. Макроэкономикада талдау үрдісі экономиканы толығынан қамтиды, яғни жалпы экономикалық үрдістердің ауқымын қарастырады (жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, жалпы шығын және тағы басқа). Макроэкономика әр түрлі елдерге және әрқилы кезеңдерге байланысты жалпы табыс, баға, жұмыссыздық және тағы басқа жинақталған экономикалық көрсеткіштерді қолданады, оларды түсіндірерліктей жалпы теориялық жол табуды қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар оның зерттеу мақсаттары экономикалық құбылыстарды түсіндіру ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру, жетілдіру болып табылады. Микроэкономика жалпы экономикалық теорияның құрамдас бөлігі бола отырып өзінің пәні ретінде шаруашылық етуші субъектілердің – сатушылар мен сатып алушылардың, үй шаруашылығы мен фирмалардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасатын экономикалық қатынастарды қарастырады. Бірақ қазіргі заманғы микроэкономика нарықтық жүйені зерттейтін болғандықтан, оның қалыптасуы мен дамуы болып нарық және оның қызметтері туралы, нарықтық экономиканың үлгілері, нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымы, нарықтық механизм, оның элементтері мен тиімділігі туралы ережелер табылады. Микроэкономиканы зерттеудің басты объектілері болып баға және баға қалыптастыру үрдісі табылады. Осыған қарап қазіргі заманғы ғылыми микроэкономикалық теориялар жүйесі қалыптасады. Баға құнның ақшалай көрінісі ретінде игіліктер мен қызметтердің шығындары мен пайдалылығы есебінен қалыптасады, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың, бағалық және бағалық емес факторлардың әсерінен қалыптасады. Сондықтанда микроэкономиканың келесі тақырыптары болып баға, сұраныс және ұсыныс теориялары табылады, олар бір жағынан, бағаның, шығындар мен пайдалылықтың өзара байланысы ретінде, ал екінші жағынан, сұраныс пен ұсыныстың заңдары, факторлары мен икемділіктері ретіндегі басты мәселелерден тұрады. Микроэкономика экономикалық теорияның жалпы ғылыми әдістерін қолданады. Микроэкономика методологиясының негізгі құрамдас бөліктері болып экономикалық теориялар, экономикалық заңдар мен категориялар, экономиканың әрекет етуінің негізгі қағидалары (принциптері) табылады. Экономикалық құбылыстар диалектикалық тұрғыдан қарастырылады, яғни олардың дамуының сапалық және сандық жақтарын айқындау қажет. Жалпы алғанда, микроэкономиканың заңдылықтарын танып білу – бұл жалпыдын жекеге айналу, абстрактіліден нақты құбылысқа қозғалу. Жалпы ғылыми әдістердің негізінде микроэкономикада позитивті және нормативті талдаулар жүргізіледі. Микроэкономикалық үрдістердің теориясы құбылыстарды түсіндіру үшін қажет, тәжірибемен тексеріледі және болжамдық модельдер жасау үшін қолданылады. Микроэкономикада оптимизациялық және тепе-теңдіктік модельдер қолданылады. Бірінші модель шекті шамалар көмегімен өндірістің жеке экономикалық агенттерін зерттеу кезінде қолданылады. Тепе-теңдіктік модель өндірістің экономикалық агенттері арасындағы өзара байланысты зерттеу кезінде қолданылады. Тепе-теңдік жағдайы өндіріс факторларын талдау, экономиканы тұрақтандыру кезінде шешуші рөл атқарады. Зерттеудің дербес объектісі болып экономиканың тепе-теңдік жағдайы табылады. Нақты құбылыстар мен үрдістерді және нормативтік теорияларды салыстыру экономикалық саясаттың әртүрлі нұсқаларын ұсынуға, дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Таңдау теориялары қолданылады – бұл микроэкономика әдісінің аса маңызды ерекшеліктерінің бірі. Микроэкономика әдістемесінің ерекшеліктерін экономикалық теориядағы жекелеген мектептер мен бағыттарды айқындау арқылы ашуға болады. Неоклассикалық бағыт микроэкономикалық үрдістерді теориялық тұрғыдан дәлелдеуге негізделеді. Ол нарықтық экономиканың гүлденуі, еркін бәсекенің шарықтауы кезінде пайда болды. Оның пайда болуының нақты қажеттілігі еркін бәсекенің әрекет етуінің және экономикалық тепе-теңдік мәселелерін, сұраныс пен ұсыныстың, бағаның өзара байланысын, нарықтық шаруашылық етудің тиімділіктерін дәлелдеу мәселелерін ғылыми тұрғыда дәлелдеу болып табылады. Уақыт өте келе экономикалық құбылыстарды зерттеудің жаңа бағыттарын ұсынған маржиналистік экономикалық теория пайда болды. Бұл бағыттың мәні - объективті заңдарды зерттеуден бас тарту және шаруашылық етуші субъектілердің ой-санасын, олардың тәжірибесін талдауға көшу, экономикалық іс-әрекеттердің себептерін, адамдардың мүдделерін зерттеу болып табылады. Сондай-ақ ғылымға психологиялық факторларды зерттеу бағыты, адамның «ұтымды тәртібі» принципі, робинзон әдісі сияқты бағыттар келіп қосылды. Маржиналистік әдістің ерекшелігі шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстардың сиректілігі мен шектеулілігі принципін қолдану болып табылады. Осы бағыттар мен әдістердің барлығын неоклассиктер қолданды, яғни олар жекелеген экономикалық субъектілердің мінез-құлқы деңгейінде сұраныстың, ұсыныс пен бағаның өзара байланысын, олардың сандық өлшемін және экономикалық тепе-теңдік үлгілерін құру мәселелерін терең зерттеу үшін қолданады.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005 – 224 б.
2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Є. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 418 б.
3. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. – 640с.
4. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:Издательство НОРМА, 2002. – 572с.
5. Пиндайк Р.С., Рубинфельд Д.Л. Микроэкономика. М., 2002 г.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 г. – 832 с. (Раздел 2: Микроэкономика)
7. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006. 248 б.
8. С. Әкімбеков, А.С.
Баймұхаметова, У.А.
9. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
10. Максимова В.Ф. Микроэкономика. Учебник. М., 1996 г.
11. Микроэкономика. Под ред. Е.Б. Яковлевой – М., 1997 г.
12. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003. - 432 бет.
13. Краткий русско-казахский словарь. Гл. Ред. Р. Нургалиев. – Алматы «Қазақ энциклопедиясы». 1993.-448с.
Информация о работе Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы