Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың териялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 23:51, курсовая работа

Описание

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1.Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны .........................................
1.2. Нарық жагдайында өндірісте франчайзинті дамыту ерекшеліктері
2.Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
2.1. Қазақстанда франчайзингтің даму жағдайы
2.2.Қазақстандағы франчайзингтін ассоциясы қызметі.
3.Өндірісте франчайзингтін жүйені дамыту жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 58.77 Кб (Скачать документ)

   -Инновацияларды  өндіріс қызметіне енгізу үрдісін  жеделдету;

   -Кәсіпорын  қызметіне жаңа ойлар мен өнімдерін  енгізу

   Мемлекеттік бюджетті толықтыру. Франчайзингтің отан-дық  баламалары сауда мен халыққа  қызмет көрсету салаларын-да пайда  болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің  экономи-калық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне  қарамастан, қазақстандық жағдайларға  бейімделу қабілетінің негізінде  өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материал-дық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшелік-терін ескеретінін  экономика салаларының қажеттілігіне  сәйкес пайда болуда.

   Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады:

   Біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг  қарқынды даму үстінде болса, ал батыс  елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде  «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге  болады.

   Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының  сублицензия-лық сипаты, халықаралық  франчайзерлердің қазақстандық нарыққа  әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері  арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчай-зерлері  «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca Cola» сусындар өндірісі, «Mango»  киім дүкендері.

   Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар  саны басым, Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б.

   Жоғарыда  аталған ерекшеліктерді бағалау  барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі  болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда  отандық кәсіпкерлердің де өзіндік  үлесі болатыны анық. Соны-мен бірге  еліміздегі ірі шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың  дамымауы оның басты кемшіліктерінің  бірі болып тұр. Бұл кемшіліктердің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарлама-сында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернентегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу

   Франчайзингтің  мынадай түрлері болады:

   1. Франчайзерлердің дистрибьюторы  ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.

   2. Франчайзердің өндіретін өнімге  қолданатын технология-ны пайдаланып, тауардың маркалық аталуын пайдалану  өндірістік франчайзинг деп аталады.

  1. Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсету-ге болатын мүмкіншілікті пайдалану іскерлік франчайзинг деп аталады.

   Франчайзингтің  көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:

   а) аймақтық франчайзинг;

   б) дамушы франчайзинг.

   Жоғарыда  көрсетілген франчайзингтің басқа  франчайзинг түрлерінен айырмашылығы франчайзинг келісімшарттың ұзақ-тығымен, қарым-қатынастардың деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзерден көмек сұрайды.

   Халықаралық франчайзингілік ассоциация өз мүшелері арасында банкроттарды өте аз мөлшерде тіркейді, франчайзинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді. 

    Франчайзингтік  қарым-қатынастардың  терминологиясы 

Термин Анықтама
1 Франчайзинг Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда  маркасын, технология, «ноухоу» өнімдерін  және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі  төлемақыға беретін екі тарап  арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын  нарықтық өзара қарым-қатынас жүйесі.
2 Франчайз Құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы келісімде ескерілетін құқықтар. 
3 Франчайзи Арнайы келісімде  анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.
4 Франчайзер Өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын.
5 Франчайзингтік  шарты Франчайзи мен  франчайзер арасындағы заң және құжат.
6 Франчайзингтік  өнім және сауда маркасы Бұл франчайзердің  франчайзи фирмаға пайдалалануға  беретін құқықтары, өнім және сауда  маркасы
7 Бизнестің Франчайзингтік моделі Франчайзер  пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда маркасына  ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім.
8 Бөлшек Франчайзинг Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын  басқа фирмаға (франчайзи) беруі.
9 Франчайз сатылымы бойынша қызмет Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру  және оларға франчайзингтік операциялар  құқығын беретін лицензия сату жүргізу  мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын  фирма немесе жеке агенттер.
10 Мультифранчайзи Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден  тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың  жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне  таратқанда пайда болады. 
 
 
 
 
 

2. Франчайзингтік қатынастар  жүйесін талдау

      Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін  қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен  жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзинг  келісім XIX ғасырда тігін машинасын  өндіретін компания мен оның диллері  арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік  соғыстан кейін франчайзинг принциптері  фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда  және қонақ үй кешені саласында кең  қолданыла бастады.

      Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану  құқығын береді. Франчайзинг жаңадан  бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен  оның жұмысшылары жинақталған үлкен  тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік  береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы  кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай  жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу  қажет.

      Франчайзингтік  қатынастың 3 типі бар:

  1. Франчайзер - өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
  2. Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын  франчайзиға береді.
  3. Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.

     Маркетингтік  көмектің мәні – бұл франчайзи  тарапынан франчайзердің жақсы  танылған және айтарлықтай кең ауқымды  тұтынушылары бар сауда маркасы  мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

     Франчайзингтік  қарым – қатынастардың  жүйесі 

 

      Франчайзингтік  қатынастардың негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін жатқызу шарт. Франчайзингтің құнына ең алдымен франчайзи франчайзердің  сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, «ноу-хау» және т.б. пайдалану құқығын  алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде егер франчайзер жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл жағдайда франчайзингтік төлем жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады. Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге кететін шығындарды көтереді. Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді.

      Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып  табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген  аумақта ғана әрекет ете алады.Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг  ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім  түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе  осы бағтта іске асырылуда, бірақ  өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған  мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер  үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда  бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті  қолдауға бағытталған мемлекеттік  саясат ұтымды факторлар бола алар еді.

      Шағын бизнестің негізін қалаудың төртінші жолы – бір отбасы мүшелерінің  күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп  жатқан отбасылық бизнес. Отбасылық  бизнестің көбісі – шабын, бірақ  отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға  айналып, отбасылық болып қала беретін  мысалдары да іс жүзінде аз кездеспейді.

      Кез келген отбасылық бизнес – бұл  отбасы мен бизнестің симбюзы. Отбасының  мақсаты – балаларды тәрбиелеу  және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің  мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін толықтырып отырады, бірақ ұрыс-керіс жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ сол кешігіп келген қызметші өз отбасының мүшесі болса, онда бұл проблематикалық жағдайға айналады.

      Отбасылық бизнестің басты артықшылығы  – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық  байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен  дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік  нормалар, тұтынушылар үшін тікелей  жауапкершілік – отбасылық бизнестің  негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық бизнестің  тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен  салыстырғанда жұмысшыларға қарау  деңгейінің жоғарылығы жатады.

      Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері  бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға  болады:

    1. толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
    2. Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.
    3. Отбасы тарапынан басқарылмайтын бизнес.
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1. Қазақстанда франчайзингтің даму жағдайы

«Дока-хлеб», «Дока-пицца» фирмалары ретінде  Қазақстан-да, «Макдональдс» және «Пицца-хат» ресторандары Ресейде, ал Пекинде «Кентукки  Франд Чикен» және «Холидейс-Иннс»  фирмаларының филиалдары ретінде франчайзинг  пайда болады. Бизнестің басқа  компаниямен әріптестік қатынаста  бола отырып, табыс табу жолы қиындайды. Белсенділігімен, өзінділігімен, шынайылығымен  көзге көрінетін кәсіпкерлер  үшін бұл үрдіс ауыр тиеді. Сондықтан  франчайзингтегі өзара келісімді  қалыптастыру өте қиын жұмыс. Қазақстандағы  көптеген кәсіпкерлер Шығыстың рухында  тәрбиеленгендіктен, бұл үрдіс одан да қиынға түседі. Әсіресе, елдің қылмыс деңгейінің жоғарылығы және экономикалық жағдайының нашарлығы республика кәсіпкерлеріне шын және шынайы қарым-қатынас құруға мүмкіндік бермейді. Өйткені франчай-зинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық  және ассоциациялық мазмұнды қажет  етеді.

   Франчайзингілік жұмыс жасау үшін төмендегідей қадам-дарды  жасаған дұрыс:

   - белгілі нарықтық кеңістіктегі  бәсекенің деңгейін анықтап талдау;

   - тауардың ерекшелігін табу;

   - сұраныс пен ұсынысты анықтау;

   - нарықтың сыйымдылығын нақты  белгілеу;

   - инвесторлар түрінде франчайзерлердің  тарту мүмкін-шілігі.

   Осыларға  жауап тапқан кезде ғана франчайзер де, сол сияқты франчиза да келісімшартқа  отыруға болады. Франчайзинг жаңа техниканы пайдалануға, бухгалтерлік қызметтерді көрсетуге, жүкті тасымалдауда және тағы сол сияқты жұмыстарда өте  ыңғайлы болып табылады. АҚШ-та франчайзинг, әсіресе, сауданы, көпшілікті тамақтандыруда, ұйымдастыру мәселелерінде тиімді болып есептеледі.

   Егер  де франчайзер тауардың жабдықтаушысы  болса, онда франчайзи ұсынатын негізгі  жеңілдіктер:

   - күшті жарнама

   - қоғамдық мойындау 

   - бастапқы кезеңде үйрету, көмектесу

Информация о работе Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың териялық негіздері