Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың териялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 23:51, курсовая работа

Описание

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1.Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың теориялық негіздері.
1.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны .........................................
1.2. Нарық жагдайында өндірісте франчайзинті дамыту ерекшеліктері
2.Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
2.1. Қазақстанда франчайзингтің даму жағдайы
2.2.Қазақстандағы франчайзингтін ассоциясы қызметі.
3.Өндірісте франчайзингтін жүйені дамыту жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 58.77 Кб (Скачать документ)

2.2.

Франчайзинг

Франчайзингтің халақаралық Ассоциациясы келесі анықтамаларды ұсынады:  
Жеңілдікті кәсіпкерлік – бұл франчайзермен кәсіпорын – операторларының арасындағы келісімді өзара қатрым – қатынас, ноу -хау және оқыту сияқты облыстарды қолдауға міндетті немесе франчайзинг шеңберінде ұсынады. Сонымен бірге оператор сауда маркасын және технологияны пайдала отырып өз жұмысын жүргізеді және капиталдың белгілі бір бөлігін өз қаражаты есебінде инвестирлейді.  
ҚР азаматтық кодексіне сәйке кешенді кәсіпкерлі лицензия – бұл келісім, ол келісім бойынша бір жақ екінші жаққа марапат үшін басты кешен құқығын соның ішінде, лицензиар фирмасының атауын пайдалануға және коммерциялық ақпаратты сақтауға құқылы. Сонымен қатар басты құқықтың (тауарлы белгі, қызмет көрсету белгісі, потент және т.б.), келісім шартта қарастырылған лицензияттың кәсіпкерлік қызметін пайдалану үшін құқылы.

Франчайзинг нарығының субъектілері

  • тауарлы марканың, қызмет ету белгісінің, фирмалық стильдің ноу – хау және т.б. құқық иеленушілері (франчайзинг);
  • тауарлы марканың, қызмет ету белгісінің, фирмалық стильдің ноу – хау және т.б. пайдаланушылар (франчайзи);
  • қаржылық ұйымдар: бюджеттік қаржыларды және несиелік ресурстарды қамтамасыз ету;
  • консалтингті компаниялар: құқықты және бухгалтерлік кеңес берулер, ақпаратты қызмет, методикалық қызмет, маркетингті қызмет көрсетулер, ұйымдастырушылық қызмет көрсетулері;
  • заңды компаниялар: франчайзерлердің құқығын және мүдделерін қорғау, франчайзилердің мүдделерімен құқығын қорғау, қаржылық ұйымдардың құқығын және мүдделерін қорғау.

Франчанзингті қолданушылар франчайзилар үшін артықшылықтары

  • бизнес ашу алдында мамандандырылған оқыту бағдарламалары және франчайзи өткізетін басқару жүйесін дамыту үшін бағдарламалар бойынша франчайзилерді даярлау;
  • капитал салудың аздығы өз ісіңді ашумен салыстырғанда, жарнамаға деген шығындардың азаюы;
  • инвестицияны қайтару периодының аздығы;
  • франчайзердің тауарлы белгісін және репутациясын пайдалану, нарықта белгілі өнімді ұсыну мүмкіндігі;
  • франчайзер жағынан техникалық және басқарушылық қолдауды алу мүмкіндігі;
  • бизнес – процестердің және істелген технологиялардың пайдаланылуы;
  • кәсіпкерлік тәуекелдің төмендігі;
  • бизнес жүргізуде аймақтық шектеуді анық территориялды шектеу, ал бұл осыған ұқсас франшызаларды пайдаланушылар жағынан бәсекелестік мүмкіндігін алып тастайды.

Құқық иеленуші франшызалардың франчайзингтегі артықшылықтары

  • кәсіпорын жүйесінің кеңеюі, франчайзер тауар белгісінің қарамағында жұмыс істейтін, капитал үшін аз шығындармен минималды тәуекелмен;
  • жаңа нарықта тез кеңею және жұмыс істеп тұрған нарықта позицияның қатаюы;
  • бизнестің дамуы үшін қосымша қаржыларды өзіне қарату;
  • франчайзиден қосымша төлемдер алу, көрсетілетін қызметті жетілдіру және қолдау үшін.

Республикада алғашқы жоба Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясы және АТФ банкпен - «Франчайзинг Қазақстанда» жобасы таратылуда. Берілген франчайзингтерді қаржыландыру бағдарламасы шағын және орта бизнес ортасын жаулап алуға негізделген. Оның маңызы дамыған және тәжірибесі бар кәсіпкерлерге көмектесу және өз потенциалын озық технологиялар пайдалану көмегі арқылы кеңейту. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ҚОРЫТЫНДЫ 

   Қызмет  көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы мен даму болашағына байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:

  1. Франчайзинг бүкіл әлем деңгейінде кеңінен таралған, әсіресе Қытай, АҚШ, Жапония, Канада, Германия, Франция және Бразилия елдерінің компаниялары осы салада көшбасшылар болып табылады. Франчайзингті қолданудың шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар франчайзингтік қатынастардың Қазақстандағы даму тенденциялары мен ерекшеліктерін зерттеу негізінде өзіндік бизнесті ұйымдастыруда франчайзингтік технологиялар белсенді пайдаланылатын сала – қызмет көрсету саласы екендігі айқындалды.

   Диссертациялық  зерттеуде әр түрлі ғылыми тұжырымдамалар мен пікірлерді зерделеу нәтижесінде, «франчайзинг» түсінігіне толық  талдау жасалды. Осы талдау негізінде  автор зерттеу мәселесіне қатысты  өзіндік көзқарасы тұрғысынан франчайзингті  – келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу  технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта  сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық  беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны ретінде анықтады.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше нысаны франчайзинг жан-жақты және күрделі үрдіс, сондықтан зерттеудің нәтижесінде франчайзингтің түрлері, нысандары, нарық саласы мен ауқымы, әдістері, келісімнің ұзақтығы мен қызмет көрсету көлемі сияқты көптеген белгілері топтастырылып, толық жіктемесі жасалды. Ұсынылған жіктеме бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік моделінің жалпы даму шеңберіндегі қолданыста бар жіктемелік критерилерді толықтыруға және олардың жаңа көрсеткіштерін енгізуге мүмкіндік берді.
  2. Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіненді.
  3. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы франчайзингтің қазіргі даму жағдайы, отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика салаларындағы үлес салмағы анықталды. Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 6,8 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, еліміздегі франчайзингтік бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады. Осы мәліметтерге сәйкес франчайзингтік бизнестің Қазақстандағы қарқынды даму салалары, сублицензиялық сипаты, шетелдік франчайзерлер санының басым болуы сияқты негізгі ерекшеліктері айқындалып, оларды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерліктің осы нысанының кластерлік бағдарлама тұрғысынан келешектегі даму бағыттары дамытылды.
  4. Алматы қаласы мейрамхана қызметін тұтынушылардың талғамы мен қалауын зерттеу нәтижесінде мейрамхананы таңдаудағы басты факторлар тағамдардың дәмдік қасиеттері мен бағасы және қызмет көрсету сапасының деңгейі екені анықталды. Сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындардың мамандарына жүргізілген зертеулер нәтижелері қоғамдық тамақтандырудағы франчайзингтік кәсіпорындардың мақсаттарын іске асыруына кедергі болатын қаржы қаражаттардың жетіспеушілігі, мекемені жалға алу шарттары, заңның тұрақсыздығы, салықтардың жоғары болуы, несие беру шарттары сияқты факторлар айқындалы. Жүргізілген маркетингтік зерттеулер франчайзингтік компанияларды осы ақпараттармен қамтамасыз етіп, соның нәтижесінде олар нақты басқару-ұйымдастырушылық шешімдер қабылдап, қажетті маркетингтік шаралар әзірледі.
  5. Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзингтік жүйені қолдану арқылы өз қызметтерін жандандыру мен нарықта дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын айқындау үшін баға берілді. Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны белгілі болы.
  6. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франчайзинг негізінде қызмет ету механизмі осы үлгі шеңберінде қолданылатын жағдайлар мен үрдістер тізбектілігімен айқындалады. Зерттеу барысында кәсіпорынның франчайзинг механизмінің негізгі құрамдастары анықталып, оның қоғамдық тамақтандыру саласындағы таралу келешегін қарастыру барысында оңтайлы ұйымдастырылған құрылымының маңыздылығы тұжырымдалды.
  7. Франчайзингтік кәсіпорындардың қызметін талдау және бағалау нәтижесінде оның дамуына қажетті маркетингтік стратегия әзірленді. «РосИнтер Алматы» компаниясының негізгі көрсеткіштерін пайдалану арқылы жасалған «БКГ» матрицасының ұсыныстары осы кәсіпорынның нарықтағы үлесін ұлғайтуға бағытталды, SWOT- талдаудың негізгі қорытындылары ескеріліп, қолданыс тапты.
  8. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзинг механизмін қолдануды ынталандыру мақсатында отандық франчайзерлерді корпоративтік табыс салығынан, ал франчайзилерді жер және мүлік салығынан босату қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге франчайзингтік қатынастарды реттеу мақсатында «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңның атауын «Франчайзинг туралы» деп ауыстыру және мазмұнын қайта қарау ұсынылды. Франчайзингтік қатынастарды жан жақты зерттеу барысында кәсіпкерліктің бұл түрі еліміздің экономикалық жағдайының өсуіне, кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының қалыптасу мен дамуына жағымды ықпал етуі мен жоғары тиімділігі дәйектелінді.

Информация о работе Нарық жағдайында франчайзингтік жүйені дамытудың териялық негіздері