Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:55, реферат

Описание

Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Реферат 2.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)


 

 

 

Кіріспе

 

Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы болжамды баға болатын баяндама ұсынады. Жапонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологияны ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгілейді.

    Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

    Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

    Жоспарлау, болжау және бағдарламалау – бүл ЭМР-дің құралдары.

    Бағдарлама – директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы

 

Кез келген қоғам, мейлі оны капиталистік дейік, мейлі социалистік дейік, өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсаттарын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін – ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізгі бағыттарын анықтау үшін қажет.

Өндірісті басқару тек қана тиімді шешімдерді таңдап, іске асыруы керек, өйткені, тиянақсыздау, қате қабылданған шешімдердің залалы, әсіресе, қазіргі кезде, өте үлкен.

Сондықтан, қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса, экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.

Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процесі болжау деп аталады. Болжау – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.

Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің (проблеманың) болашақтағы перспективасын, жай-күйін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашақтағы туралы барлық информацияны тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау. Сондықтан, болжау мәселесіне біз екі тұрғыдан: теориялық-танымдық және басқару тұрғысынан қараймыз.

Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау объектісі – қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты – экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық болжамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалық болжамның барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.

Зерттеу процесін жүргізу амалдарының қолданылуына және болашақ жай-күйдің айқындалу деңгейіне байланысты болжау, болжап көрсетудің үш формасы бар. Олар гипотеза (жалпығылымдық болжау), болжам, жоспар. Гипотеза жалпы теория деңгейіндегі ғылыми болжауды бейнелейді. Болжам, гипотезамен салыстырғанда, әлдеқайда нақты сипаттама береді, өйткені, ол сапалық қана емес, сандық өлшемдерге негізделген.

Дегенмен, болжау мен зерттеу объектісінің арасындағы байланыс қатаң, бір мағыналы болмайды.

Сондықтан болжам ықтималдық сипатта болады. Жоспар – алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.

Экономикалық болжаулар төмендегі жіктелімдерге (классификацияларға) сәйкес төрт топқа жіктеледі:

Болжау кеңістігіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалық (халық шаруашылығының); құрылымдық (салааралық және аймақаралық); экономикалық кешендер (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық т.б.) және салалық және аймақтық болжамдар.

Болжам мерзіміне байланысты: оперативті (1 айға дейін); қысқа мерзімдік (1 айдан 1 жылға дейін); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ұзақ мерзімдік (5-15-20 жылға дейін); алыс мерзімдік (20 жылдан арғы мерзімге) болжамдар.

Зерттеу объектісіне байланысты: өндірістік қатынастардыңдаму болжамы; ғылыми-техникалық прогрестік даму болжамы; халық шаруашылығы дамуының динамикасы; еңбек ресурстарының даму болжамы; табиғи ресурстарды пайдалану болжамы т.б.

Функционалдық белгісі бойынша: барлау болжамдары, нормативтік болжамдар.

Барлау болжамдары зерттеу объектісінде бұрын және қазіргі кезде қалыптасқан тенденциялар келешекте де өзгермейтіндігіне негізделген.

Нормативтік болжам алдын ала айқындалған мақсаттар негізінде жасалынады. Зерттеу объектісінің ықтимал хал-күйіне қанша мерзімде, қандай жолдармен жететіндігін анықтауға арналған.

Болжамдар жіктелуі мен болжам әдістері және керекті мәлімет алу туралы мәселеге тығыз байланысты. Болжам (жоспар) жасау ісінде жалпығылымдық әдістермен бірге болжау мен жоспарларға тән, спецификалық өзіндік әдіс-амалдар қолданылады.

Жалпығылымдық әдістер тарихи көзқарасты, кешенді көзқарасты, жүйелік көзқарасты, құрылымдық көзқарасты талап етеді.

Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалық болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде көп қолданылады.

Сыртқы белгісіне сәйкес болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістер) және математикалық әдістер.

Интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістер) екі топқа бөлінеді: дербес эксперттік баға беру және коллективтік эксперттік баға беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалық анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия құру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі жатады.

Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модеьдер құру әдістері. Бірінші топқа ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұрақсыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа құрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:

1.      Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.

2.      Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.

3.      Адрестік негізде, яғни, жоспардағы көрсеткішті орындаушыны анық нақты көрсетуі керек.

4.      Кешенді негізде, яғни, ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы шарт.

5.      Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.

6.      Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.

7.      Ақпар мен жоспарды, салалар мен аймақтардың дамуын салыстыра зерттеу үшін, көрсеткіштер бірыңғай, яғни, әр көрсеткіш бір ғана мағынада қолданылуы шарт.

Жоспар көрсеткіші дегеніміз – басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар сандық және сапалық; натуралдық және құндық; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік (директивалық) және есептік көрсеткіштер.

Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсете, тармақтық (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.

Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процестердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы т.б.).

Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін (жемдік бірлік).

Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралды-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әртүрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.

Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы т.б. көлемдер көрсетеді. Ал салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы т.б.).

Директивалық көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғары органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуын шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Жалпымемлекеттік жоспарлаудың экономиканы басқарудағы орны, маңызы туралы осы жұмыстың алғашқы бөлімдерінде көп айтылды, енді оның ғылыми-әдістемелік негіздеріне тоқталайық.

Жоспарлау ­– экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.

Экномикалық пропорциялар дегеніміз өндірістің әртүрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдық қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әртүрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну құрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.

Экономикалық пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.

Капиталистік экономикалық формацияның қалыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі арқылы және кризистер арқылы қалыптасады. Оған экономиканың даму заңдары үздіксіз ықпал етіп отырады. Тауар өндірушілер экономикалық заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге, нарықта қалыптасқан жағдайды ескереді. Оған құн заңы ықпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі арқасында экономикада пропорция жүйесі құрылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандық қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.

Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде (қоғамдық еңбектің бөлінуі тереңдеген, шаруааралық байланыстар күрделенген кезде), нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.

Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдық саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде құрылған пропорционалдық-жоспарлылық болып табылады.

Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

1.      қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;

2.      жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;

3.      материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

4.      жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық қатынастарын) анықтау т.с.с.

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

Жоспар жасау логикасы – барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төменгілер жатады:

Информация о работе Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы