Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:55, реферат
Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.
1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының мақсаттарының жүйесін қалыптастыру (логиканың негізгі пункті);
2. базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;
3. қоғамның қор көлемін, қаржылық мүмкіндіктерін анықтау;
4. жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерін көлемі мен құрылымын анықтау;
5. қоғамның қорлары мен қажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
6. жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау қағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымның жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылыми нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдайларды елемеумен және жоспарлауды жағымсыздықпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сыйыспайды.
2. Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан құрылуы тиіс.
3. Жалпымемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтың мүдделерінің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.
4. Жетекші салаларды белгілеу арқылы экономикада тиімді үйлесімділікті (сандық қатынастарды) қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басыңқыларды белгілеу –бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. \
5. Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жасқан тұрады. Біріншісі – жоспардың методологиясының (әдістемесінің), көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштердің бірлігі, екіншісі – материалдық (әр деңгейдің өзіндік қорларының көлемінің анықтылығы) бірлігі. Жоспарлардың кешенді болуы кез келген деңгейдің (аудан, сала, республика) жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.
Біз тек жоспарлаудың негізгі қағидаларына ғана тоқталып өттік. Жоспарлау методологиясына, сонымен қатар, жоспар жасау әдістері де кіреді. Жоспарлау әдісі жоспардың бөлімін, көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын техникалық есептеулер мен амал-тәсілдердің жиынтығын білдіреді.
Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалық анализ (талдау), нормативтік, баланстық, экономикалық-математикалық, бағдарламалық-мақсаттық т.б. әдістер.
Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономиалық даму деңгейін, пайдаланылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардың орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстеу мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, т.б. статистикалық талдау әдістері қолданылады.
Экономика дамуы жоспарының барлық көрсеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдық және шикізат ресурстарының қажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтері пайдаланады.
Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыруүшін қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлық пропорцияларды құру құралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың қалыптасқан жүйесі қолданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдық, еңбек ресурстары, құндық баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.
Қарапайым материалдық баланс
Қор | Көрсеткіш | Тұтыну | Көрсеткіш |
1. Жыл басындағы қалдық |
| 1. Өндірісте тұтыну көлемі |
|
2. Өндіру |
| 2. Күрделі құрылыста тұтыну |
|
3. Импорт |
| 3. Халыққа сату қоры |
|
4. Басқа көздері |
| 4. Экспорт |
|
|
| 5. Резервтер қорын толықтыру |
|
|
| 6. Жылдың аяғындағы қалдық |
|
Барлығы |
| Барлығы |
|
Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы және маман кадрларымен қамтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.
Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалық пропорциялар құрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халықтың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.
Жоспардың экономикалық тиімділік тұрғысынан оңтайлы нұсқасын анықтау үшін экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық модельдері құрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралық өнім өндіру және тұтыну балансының моделі, т.б.
Сызықтық бағдарламалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.
Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі экономикадағы құбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзқарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың – шикізат беретін, отын, энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салаға әртүрлі қызмет көрсететін (тасымал, байланыс, т.б.) салалардың даму көрсеткіштерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан, алға қойған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар әзірлегенде қолданылады. Бағдарламаларда алға қойған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі. Кез келген ірі бағдарлама бірнеше кіші бағдарламалардан тұрады. Бұл бағдарламалардың өзіндік маңызы болады, өзіндік экономикалық тиімді жолдары көрсетіледі.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізгі, ең көкейкесті ғылыми‑техникалық, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден – сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден – кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумақтық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, қазіргі кезде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардың маңызы зор болып отыр.
Индикативті жоспарлау – жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді, басыңқыларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың бірқалыпты дамуын, оның құрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
1. республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
2. нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейі жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
3. әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау және реттеу әдістерін пайдалану;
4. аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету.
Индикативті жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері индикативті және реттегіштер түрінде беріледі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторлары ел экономикасында қалыптасқан тенденцияларды, конъюнктуралық, құрылымдық өзгерістерді, қаржылық жағдайды, халықтың өмір сүру деңгейін, экологиялық көріністерді сипаттайды. Негізгі индикаторлар экономика мен әлеуметтік сфераны мемлекеттік реттеу саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға негіз болып саналады.
Экономикалық реттегіштер жүйесі натуралдық, құндық және нормативтік көрсеткіштер кешенінен тұрады. Олардың көмегімен үкімет индикативті жоспарда көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикаға әсер етеді. Олар төменде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады:
1. жекелеген қызмет түрлерін, жекелеген өнімдерді экспорттау және импорттауды лицензиялау;
2. әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарға мемлекет қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өнім (қызмет) көлемін өндіруді тапсыру (мемлекеттік тапсырыс);
3. мемлекеттік бағдарламаларды, ғылыми-техникалық прогрестің басыңқы бағыттарын жүзеге асыруға және жекелеген салаларды, аумақтар мен кәсіпорындарды қолдауға қажетті орталықтандырылған қаржылық, валюталық, несиелік қорлар көлемі;
4. орталықтандырылған күрделі қаржы (инвестициялар) көлемі мен осы қаржыны пайдалану арқылы салынатын маңызды құрылыс объектілерінің тізімі және шет елдерден тартылатын инвестиция көлемі мен олардың көмегімен жүзеге асырылатын жобалардың тізімі;
5. салық мөлшерлемесінің, несие пайызының, кедендік алымдар мен басқа да салымдардың мөлшерлері;
6. мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру мен экономиканы реформалау жағдайларын анықтайтын көрсеткіштер;
7. әлеуметтік мәселелерді шешу және халықты әлеуметтік қорғау шаралары.
Әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-, аумақтық, салалық деңгейді қамтиды.
Республика Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына жариялаған «Қазақстан – 2030» Жолдауы – жоспарлы стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлттық экономика дамуының ұзақ мерзімге арналған мақсаттарын, мәселелерін, басыңқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезеңдері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар, азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерін анықтауда.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттігі әзірлеген «Министрліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» (1997 жылдың мамыр айы) сәйкес стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. саланың ағымдағы жай-күйіне баға беру;
2. жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмыстардың мақсатын анықтау;
3. басыңқылар;
4. SWOT – мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5. мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6. стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері немесе аралық мақсаттар.
Жоспардың бірінші бөлімінде бастама (старттық) кезеңге және саланың реформалануына баға беріледі. Бастапқы жай-күйді әлемдік стандарттармен, ТМД елдерінің, дамыған және дамушы елдердің көрсеткіштерімен салыстыру қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жай-күйді бағалау саланың (министрліктің) алдында тұрған бірінші кезектегі мәселелерді де қамтуы керек.
Информация о работе Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы