Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 14:55, реферат

Описание

Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.
Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Реферат 2.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)

Министрліктердің алға қойған мақсаты барынша аз болуы тиіс және үштен аспағаны жөн. Мақсаттардың сандық өлшемде болғаны дұрыс. Сандыө индикаторларды қалыптастыру мүмкін болмаған жағдайда олар сапалық болуы тиіс. Бұндай жағдайда мақсат нақты, айқын бақылауға, тексеруге мүмкіндік беретіндей болуы шарт. Мақсаттар жалпымемлекеттік стратегиялық жоспарға, оның басыңқылары мен қорларына, Үкіметтің реформа жөніндегі бағдарламасы мен индикативті жоспарына сәйкес белгіленеді.

Жоспардың үшінші бөлімінде министрліктің іс-әрекеттерінің басыңұы бағыттары анықталады. Басыңқылардың саны үш-бес, жекелеген ведомстволар үшін жеті болуы керек. Басыңқылар неғұрлым аз болса, стратегиялық жоспарды орындауда қолда бар қорлар мен мүмкіндіктер соғұрлым «шашылмайды».

SWOT – талдау – жоспардың төртінші бөлімін құрайды.

SWOT – ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қателер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданылады.

Күшті (ұтымды) жақтарға төмендегілер жатқызылуы мүмкін:

      салада реформалардың жеткілікті жүргізілуі және олардың нәтижелілігі;

      өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі, сыртқы ортаға тәуелділігінің төмендігі;

      шығындар мен бағалардағы артықшылықтар (бұл мүмкіндіктер де аталуы мүмкін);

      сәйкес (барабар) құқықтық және нормативтік қамтамасыз етілгендігі;

      прогрессивтік (перспективалық) технологиялар;

      күшті (ұтымды) менеджмент;

      жоғары кәсіпті министрлік аппарат және оның жақсы ұйымдастырылуы;

      ғылыми қамтамасыз етілуі және жақсы интеллектуалдық қорлар;

      жеткілікті қорлар (жер, су, қаржылық т.б.);

      жақсы әлеуметтік қызметтер (салалық, ведомстволық, т.б.).

Бастапқы кезеңнің әлсіз жақтары төмендегілерді қамтиды:

      нақты стратегиялық жоспарлардың болмауы;

      іс-әрекеттердің бірімен-бірі байланыссыз жан-жаққа бағытталуы;

      нашар реформалануы немесе реформалардың дұрыс нәтиже бермеуі;

      министрлік аппаратының нашар ұйымдастырылуы;

      нашар құқықтық кеңестік;

      ақпаратпен нашар қамтамасыз етулуі;

      нашар технологиялар;

      экологиялық мәселелердің болуы;

      іс-әрекеттердің өзара байланысының нашарлығы;

      көлік жолдары мен коммуникациялардың болмауы т.б.

Егер күшті және әлсіз жақтарды талдауда саланың ішкі факторлары қаралатын болса, онда мүмкіндіктер мен қатерлерді бағалауда сыртқы факторлар зерттеледі. Мүмкіндіктер сыртқы нарықтарда кездеспейтін, кездессе де айқын көрінбейтін белгілі бір факторлар түрінде болса, онда қатерлер сыртқы нарықтың қатерлі бәсекелестік (осы сала үшін қауіпті басқа да жағдайлар) түрінде сипатталуы мүмкін. Мысал ретінде мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

Мүмкіндіктер:

      табиғи байлықтардың болуы (жер, су, пайдалы қазбалар т.б.);

      жаңа сыртқы нарықтарды жаулап алуға жағдай жасайтын өндірістерді ұйымдастыру мүмкіншілігінің болуы;

      жаңа технологияларды игеру;

      халықаралық көлік байланыстары мен коммуникациялардың болуы;

      басқа ұйымдармен, компаниялармен көлбеу интеграция жүргізу;

      бәсекелестердің сыртқы нарықтағы әлсіздігі;

      баға мен шығындарды төмендетудегі ірі мүмкіндіктер;

      мемлекет тарапынан қолдау т.б.

Қауіп-қатерлер:

      күшті бәсекелестер тарапынан қысымның болуы;

      қорлардың жеткідліксіздігі;

      сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндіктердің болмауы;

      ішкі нарықты жоғалту қаупі т.б.

Барлық мүмкін жұп комбинациялар талданады, олардың ішінен тек стратегияны әзірлеуге ескерілетіндері зерттеледі. Мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің диалектикасын естен шығармау керек. Өйткені пайдаланылмаған мүмкіндік, оны бәсекелестер дұрыс пайдаланған жағдайда, керісінше, қауіп-қатер болып шығуы мүмкін.

Жоспардың келесі бөлімінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясы анықталады. Әлемдік тәжірибе сәтті де, сәтсіз стратегияларға бай. Кейде, бір қарағанда орындалуы мүмкін емес тәрізді стратегиялардың нәтижелі жүзеге асқандары бар, керісінше, керемет стратегиялар ұйымдаспағандықтан, іс-әрекеттердің байланыссыз жүргізілгендігінен, басшылардың жігерсіздігінен іске аспай қалғандығын айтуға болады. Дегенмен, ғылыми және практикалық тәжірибелерді зерттеп тұжырымдау бірнеше эталондық стратегияны бөліп шығаруға мүмкіндік береді:

      құнарлы өсу стратегиясы - өндірілген өнім түрлерін, салалық ерекшеліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізу;

      диверсификациялық өсу стратегиясы – қызмет жүргізу шеңберін өзгерту, өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағдарлау;

      интеграциялық өсу стратегиясы – жаңа құрылымдарды қосу және осы қызмет шеңберіндегі күшті ұйымдармен интеграция жүргізу арқылы өсу;

      шығындарды қысқарту стратегиясы.

Жоспарланған стратегия аралас болуы да мүмкін, яғни нақты жағдайға байланысты жоғарыда аталған стратегиялардың элементтерінен құрылуы мүмкін.

Жоспардың соңғы бөлімінде көзделген мақсаттарды жүзеге асыру кезеңдері мен аралық мақсаттар көрсетіледі. Аралық мақсаттар қысқа мерзімдік стратегияларға тән болғандықтан, ақырғы мақсаттармен бірдей бола бермейді. Стратегиялардың орындалуын кезеңдерге бөлу ішкі және сыртқы кезінде оқтын-оқтын орындалуын бақылап, бағалап отыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын  қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

    Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және стратегиялық болады.

    Индикативті жоспарлауға толығырақ тоқталамыз.

    Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының  қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау параметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағалы қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

    Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

1.      М.Б.Төреғожина «Экономиканы мемлекеттік реттеу. Лекциялар курсы» Алматы, «Экономика» баспасы, 2008

 

2.      Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, «Экономика» баспасы, 2010
 

3.      М.К.Байгісиев «Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу» Алматы, «Раритет» баспасы, 2010

 

6

 



Информация о работе Нарық жағдайындағы болжау мен жоспарлаудың экономикалық маңызы