Негізгі қорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:14, реферат

Описание

Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Кемелімізге келіп, етек-жеңімізді жинаған мына нұрлы таңда білегі күшті, жүрегі отты жастардың сенделіп, көше таптап бос жүргені естінің жанына тыныштық бермесі анық. Қолында табақтай бір емес, тіпті бірнеше дипломын көтеріп, күн көріс үшін көрінгенге жалданып, жаутаңдап жүргендер де жетерлік. Білім аға, көкесі мен қалтасы қалыңдардың қалтарысында қалып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды.

Работа состоит из  1 файл

Еліміз күннен.docx

— 274.70 Кб (Скачать документ)

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының мақсаты:

- тұрақты және табысты жұмыс  орындарымен қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың табысын арттыру.

Бағдарламаның міндеті:

- табысты жұмыс орындарына өзін  өзі жұмыспен қамтып жүргендерді,  жұмыссыздарды және тұрғындардың  аз қамтамасыз етілген топтарын  тарту;

- Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық  даму бағдарламасын іс жүзіне  асыру үшін кадр әлеуетін арттыру;

- әлеуметтік көмек көрсету жүйесін  жетілдіру.

Бағдарламаны жүзеге асырудың мерзімдері және кезеңдері:

- 1-кезең – 2011 (қанатқақты);

- 2-кезең – 2012-2015 жылдар;

- 3-кезең – 2016-2020 жылдар.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша. Бірінші. Әкімшілік рәсімдерді азайту және жұмыс берушінің ағымдағы қажеттілігін шұғыл түрде қанағаттандыру мақсатында 2013 жылдан бастап қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру (қайта даярлау және біліктілік арттыру) мәселесін жұмыспен қамту орталықтарына, ал бюджет бағдарламасын әкімшілендіру мәселесін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру көзделеді. Білім және ғылым министрлігі еңбек ресурстарына жұмыс берушілердің болжамды қажеттіліктеріне сәйкес ұзақ мерзімді (36 айға дейін) оқыту жөніндегі әкімші болып қалады.

Екінші. Бағдарлама қатысушыларын мемлекеттік қолдау рәсімдерін жеңілдету мақсатында жол жүруге, тұрақты  тұруға және стипендияларға жұмсалатын шығыстарды бір төлемге біріктіру арқылы оқуға берілетін материалдық көмек ретіндегі төлемге ауыстыру және олардың нақты жұмсалуына қарамастан, қатысушыларға міндетті тәртіпте төлеу ұсынылады. Бұл ретте материалдық көмектің жалпы көлемі бүгінгі сияқты, Бағдарламада көзделген жол жүруге, тұруға және стипендияларға жұмсалатын субсидияларды төлеу нормативтеріне сүйене отырып есептелетін болады.

Үшінші. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының  шеңберінде, Мемлекет басшысының тапсырмаларын  орындау үшін өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және табысы аз адамдармен қатар, жалдамалы қызметкерлерге қайта даярлаудан өту және біліктілігін арттыру мүмкіндігін беру жоспарланып отыр.

Төртінші. Бағдарлама бойынша оқуға қатысушы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда оған бағдарлама шеңберінде жеке жоспар бойынша оқуын бітіріп шығуға мүмкіндік беру көзделеді.

Бесінші. Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесінен өту жөнінде келісім-шарт жасасқан жұмыс берушілердің тізбесі  енді әкімдіктердің қаулыларымен бекітілетін болады.

 «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесі бағдарламасына басымдық беру мәселесі де кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Жастар тәжірибесі бағдарламасының басты мақсаты оқу орындарын бітіретін жастарды әлеуметтік қорғау үшін қосымша шаралар белгілеу болып табылады. Негізгі мақсат – өмірге енді ғана жолдама алған жастарға алғашқы жұмыс тәжірибесін беру арқылы еңбек рыногында бәсекелестікке бейім болуға жағдай жасау. Жастар тәжірибесіне негізінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарын және кәсіптік-техникалық білім ошақтарын тәмамдаған жастар қамтылады. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 айға белгіленген және ол барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда жүзеге асырылады.10

 

Кедейлік, жұмыссыздық – бір  қасірет. Жұмыссыздық – бүкіл  дүниежүзілік проблемалардың бірі болып  саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ  жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздар бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын жұмыссыздық ұзық уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым жоғарылайды.

Республика бойынша және оның жеке аумақтары бойынша да кедей адамдар  да, жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әре кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамдар есебінен көмек көрсету керек.

Біздің болашағымыз – жасөспірімдер, яғни біз. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі – жұмыс күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға болар еді.Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау  үшін, біздер белгілі бір шараларды  қолодануымыз керек:

  • Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашуы керек;
  • Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру;
  • Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға несие беріп, олардың өз жұмысын ашуына көмек көрсету;
  • Шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көп болып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орнына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы керек.

Сонымен, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын жүзеге

асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы  әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құру біздің міндетімізге жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Жоспар:

 

I.Кіріспе

 

II.Негізгі бөлім

  1. Жұмыссыздық түрлері
  2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейінің әр жылдық көрсеткіштері
  3. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы

 

III.Қорытынды

 

 

 

 

 

 
      

1 http://referaty-v.kz сайты

2 Мұхамедиев Б.М. және т.б.//Макроэкономика: оқу құралы – Алматы:Қазақ университеті, 2011. С.198-199.

      3http://stud24.ru сайты

4 http://freepapers.ru/110/zhmyssyzdy-mn-sebepter/56387.368748.list2.html

5Қазақстан Республикасының «Егемен Қазақстан» газетінің web-порталындағы  (http://www.egemen.kz/2012/09/15/346335/) мәліметтер.

6 Қазақстан жаңалықтары web-порталындағы (http://news.nur.kz/213896) мәліметтер.

7 Қазақстан Республикасының «Президент және халық» газетінің web-порталындағы (http://pr-hal.kz/?p=7749) мәлеметтер.

8Қазақстан жаңалықтары агенттігінің (http://newskaz.kz/society/20120912/3930518.html) мәліметтері.

9Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің web-порталындағы (http://www.soltustik.stat.kz/) мәліметтер.

10Қазақстан Республикасының «Егемен Қазақстан» газетінің web-порталындағы (http://www.egemen.kz/2012/04/21/332788/) мәліметтер.


Информация о работе Негізгі қорлар