Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, диссертация
Несиелік қабілетін анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несиелік қабілеті несиелік операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несиелік қабілетін талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
І тарау. Несиелік тәуелек туралы түсінік және оны басқараудың теориялық негіздері.
Несиелік тәуекелдің экономикалық мазмұны
Несиелік тәуекелді басқару әдістері және несиелік тәуекелдің жіктелуі.
ІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқару тәжірибесі.
2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары
2.2. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау – несиелік тәуекелді азайтудың әдісі
2.3. Несиелік портфельдің сапасы және оған талдау
ІІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жетілдіру жолдары.
3.1. Проблемалық несиелер және оны азайтудың әдістері
3.2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі және оны жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
І тарау. Несиелік
тәуелек туралы түсінік және оны
басқараудың теориялық
ІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқару тәжірибесі.
2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары
2.2. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау – несиелік тәуекелді азайтудың әдісі
2.3. Несиелік портфельдің сапасы және оған талдау
ІІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жетілдіру жолдары.
3.1. Проблемалық несиелер және оны азайтудың әдістері
3.2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі және оны жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі - несиелік тәуекелін де артуына әкеліп отыр. Несиелік ұсыну барысында жіберілген кемшіліктер банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несиелік тәуекелінен сақтандырудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің несие тәуекелін төмендету мен алдын алу, оны бағалау және басқарудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несиелік қабілетін дұрыс анықтау. Несиелік қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп саналады.
Банктер несиеліклік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Екінші деңгейлі банктердің несиелік қабілетін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген кемшіліктері, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанның Екінші деңгейлі банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиеліклік операциялардан түсетін кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несиелік тәуекелі пайда болады. Тәуекел - банктің қалыптасуының ажырамас бір бөлігі. Несиелік тәуекел - банк тәуекелінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несиелік тәуекелін банктік басқару менеджментінің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несиелік тәуекел көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Екінші деңгейлі банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несиелік қабілетті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау болып келеді. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несиелік тәуекелін басқару жүйесіндегі несиелік қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен екінші деңгейлі банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несиелік қабілетін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қарыз алушының несиелік қабілетін несиелік тәуекелін басқару, оны бағалау жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау және несиеліклік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н. Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің, Э. Ридтің, В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несиелік қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың
көптеген еңбектері «несиелік тәуекел»,
«несие портфелі», және «несиелік қабілеттілік»
түсініктеріне анықтамалар
Несиелік қабілетін анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несиелік қабілеті несиелік операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несиелік қабілетін талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты екінші деңгейлі банктің несиелік тәуекелін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несиелік тәуекелін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
Зерттеу пәні банктердің несиелік тәуекелі болып табылады.
Зерттеу объектісі – «Кедентранссервис» АҚ Алматы филиалының қаржылық көрсеткіші.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан
тұратын зерттеу жұмысының
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық банктер қызметіндегі несиелік тәуекелдін басқару жүйесіндегі несиелік қабілеттілікті талдау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Диссертациялық жұмыста анықталған қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, банктегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау арқылы несиелік тәуекелдінің алдын алудың сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын нығайтып, банктік қызметтердің сапасын арттырып және банктерге деген сенімділікті қолдауға негіз бола алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі тәжірибелік нәтижелері оқу үдерісіндегі типтік және жұмыс бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ «Банк ісі», «Қаржы нарығы және делдалдары», «Валюталық операциялар» және «Банктік менеджмент» пәндерінен лекция және практикалық сабақтар өткізгенде қолданылды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялынымдары – зерттеу тақырыбы бойынша 3 беттен тұратын 2 ғылыми мақала жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 84 бет, оның ішінде 23 кесте, 6 сурет.
І тарау. Несиелік тәуекелдер түсінігі және оның мазмұны.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну мұктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түрiне көштi.
Соның ішінде тәуекел ridiskon, ridsa, италияның «risiko» және француздың тілінде «risque» қазақша «қауіп» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпты немесе бүлдірілетін нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз, қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.