Несиелік тәекелдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, диссертация

Описание

Несиелік қабілетін анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несиелік қабілеті несиелік операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несиелік қабілетін талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Содержание

І тарау. Несиелік тәуелек туралы түсінік және оны басқараудың теориялық негіздері.
Несиелік тәуекелдің экономикалық мазмұны
Несиелік тәуекелді басқару әдістері және несиелік тәуекелдің жіктелуі.

ІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқару тәжірибесі.
2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары
2.2. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау – несиелік тәуекелді азайтудың әдісі
2.3. Несиелік портфельдің сапасы және оған талдау

ІІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жетілдіру жолдары.
3.1. Проблемалық несиелер және оны азайтудың әдістері
3.2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі және оны жетілдіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диссертация ффффф.docx

— 381.72 Кб (Скачать документ)

Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқарудың теориялық және практикалық  маңыздылығының  ЕДБ үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылар үшін де мәні зор. ЕДБ мен қатар пайдаланушылар үшін де несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару екі субьект арасындағы сенімсіздіктің жойылуына, төлемсіздік, несие қабілетсіздік сияқты факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Несие портфеліне жасалған талдау оның сапасының нашарлауына баға өзгерістерінің жайсыздығын, кәсіпорындардың күйзелісін, тұрғындардың әлеуметтік факторларын  алға тартады.

Несие тәуекелін туындататын факторлардың бірі пайыз мөлшерлемелеріндегі өзгерістер немесе дұрыс есептелмеген пайыз мөлшерлемесі. Банктер өз қызметі барысында барлық уақытта пайыз мөлшерлемелерін ырықтандыра алмайды, себебі оған көптеген ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлардың да әсері бар. Атаулы жағдайларда ғана банктер, мысалы несие портфелін теңдестірп қаржыландыру саясатын жүргізулері мүмкін.

Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі  несиелер мен инвестициялардың деңгейіне, меншікті қаражаттар мен қарызға  алынған қаражаттардың арақатынасына, депозиттік салымдардың көлемі мен  бағасындағы өзгерістерге, қайтақаржыландыру, есептік т.с.с. пайыздар өзгерісіне тәуелді болады, өйткені, еркін пайыздық мөлшерлеме режимінде де ақша-несие  мекемелері пайыздық мөлшерлеменің  қолайлы деңгейде сақталуын бақылауға  тиіс. Кез келген жағдайда банктің  пайыздық мөлшерлемелер тәуекелінің  бөлігін клиентке аудару мүмкіндігі болады. Алайда «басқыншылық» деп  аталатын осындай саясаттың орындылығын  анықтағанда екі ой-пікірді басшылыққа алу қажет.

Біріншісі – қазақстандық нарықтағы бәсекенің қарқынына  қатысты. Егер клиентке банкті ауыстыру қиынға түссе, онда пайыздық мөлшерлемелердің түсуін күткенде несиелер бойынша межеленген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді, ал пайыздық мөлшерлеменің өсуі күтілгенде –  мерзімді салымдар мен депозиттер бойынша  тіркелген пайыздық мөлшерлеме белгіленеді. Екіншісі – пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелінің көбірек бөлігін  қарыз алушыға аудара отырып, банк оның төлеуге қабілетсіз етуі және осының салдарынан анағұрлым көп жоғалтуы да мүмкін. Өнеркәсіптік және сауда кәсіпорындарымен салыстырғанда банк мекемелерінің осы тәуекел түрін басқару мүмкіндіктері көбірек.

Ережеге сәйкес, банктегі несие  портфелінің және актив сапасының  нашарлауынан пайыздық мөлшерлеменің  өзгеру тәуекеліне анализ жасауды қажет  етеді, дәлірек несие тәуекелі пайыз  тәуекелінің пайда болуына алып келеді. 

ҚР-ның екінші деңгейлі банктеріндегі  2009-2011 жж. аралығындағы өткізілген шығыс және табыс көрсеткіштерінің анализі бойынша банк секторындағы табыс көрсеткішінің өсуіне қарамастан, екінші деңгейлі банктерде проценттік СПРЭД-тің көрсеткіші төмендегенін көруге болады, бұл пайыздық тәуекелдің пайда болғанын білдіреді.

 

 

                  2- сурет. Сыйақы төлеумен байланысты табыс пен міндеттеме

                                   әкелетін активтердің өзара   қатынасы.

 

 

2009 жылдың 1-ші сәуірінен бастап 2011 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі аралықта табыс әкелетін активтердің 6579955 млн. тенге- ден 13333516 млн.теңгеге дейін өскені байқалады, бұл 202,6 % құрады. Активтер мөлшерінің өсуі табиғи түрмен міндеттемелердің өсуіне әкеледі, шығысты қажет ететін міндеттемелер 6135973 млн.тенгеден 11830053 млн.теңгеге дейін өсті, бұл 198,8 % құрады.

Сыйақы алумен байланысты табыс осы жыл аралығында 317926 млн.теңгеден 126979 млн.теңгеге дейін  өсті, бұл 397,3 %  құрады. Бұл әрине  жағымды нәтиже болып табылады, себебі табыстың өсуі банк активтерінің жұмыс  жасап жатқанын және пайда әкелетінін көрсетеді. Бұл сыйақы төлеумен байланысты шығысқа да қатысты, осы уақыт аралығындағы өсу – 487,3 % құрады. Сонымен қатар банктің таза табысы осы жыл аралығында 287,9 % өскені байқалады.

 

 

 

3-сурет. Табыс пен шығыс көрсеткіштері, ҚР ЕДБ сыйақы

мөлшерлемесіне  байланысты таза табыс

 

Мәліметтердегі көрсеткіштердің  өсуіне қарамастан, банк шығындарының (487, 3%) көрсеткіші табыстан (397% ) басым  екенін көрсетеді, бұл соңында банктің  таза табысына әсер етті, банктің табысты  жұмыс атқаруында ол шамамен 400% құрауы тиіс еді. Бірақ біздің байқауымыз бойынша  таза табыс көрсеткішінің өсуі бар  болғаны 287, 9% құрайтынын көремiз.

 

 

4-сурет. ҚР ЕДБ орташа  пайыздық маржа мен пайыздық  СПРЭД-тің                            көрсеткіштерінің өзгеруі

 

Осы уақыт аралығында 2009-2011 жж. пайыздық маржа көрсеткіштерінің жоғарлағаны байқалады, пайыздық маржа 2,18%-3,86% дейін өсті, бұл банктің жағымды нәтижені көрсеткенін білдіреді. Пайыздық СПРЭД көрсеткіштерінде керісінше жыл басында (01сәуір 2009жыл) – 1,99% құраған болатын, сосын 2010 жылы 2,62 %-ке дейін өсті, 2011 жылы 3,03% көрсетті, бірақ 01 қаңтар 2011 жылы 2,29% төмендегенін байқауға болады.

Қазақстан Республикасының  екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне жасаған анализі бойынша, банктерге  несиелік тәуекелді және пайыз мөлшерлемесінің  өзгеру тәуекелін басқару бойынша  практикада  тәуекел–менеджмент саласын  жетілдіру керектігін көрсетеді.Банктерде  несиелік тәуекел деңгейінің жоғарлауы  пайыз тәуекелінің жоғарлауына  алып келеді, нәтижесінде залал шегу және табыстың төмендеуі пайда болады, ал бұл өз кезегінде пайыздық маржаның төмендеуін көрсетеді.

Екiншi деңгейлі банктердегі пайыздық маржаны корреляция - регрессиялық әдiстi қолдану арқылы активтердiң арасындағы өзара байланысты айқындауға мүмкiндiк беретiн,табыс әкелетін, міндеттемелер мен шығыс талап ететін, банктің пайыздық табыстары мен шығыстарын, меншікті капиталы мен Қазақстан республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің пайыздық маржасына әсер ететін жоғарыда көрсетiлген барлық факторларын бағалаудың экономика-математикалық үлгiсi ұсынылады.

Қос корреляциялы матрицаның коэффициенттерiне жасалған талдауда пайыздық  маржаның мынадай көрсеткіштермен  тығыз байланыста екенін көрсетеді:

    • табыс әкелетін активтермен, (ryx1= 0, 79);
    • сыйақы төлеумен байланысты мiндеттемелермен, (ryx2 = 0, 72);
    • сыйақы алумен байланысты табыстармен (ryx3 = 0, 76) ;
    • сыйақы төлеумен байланысты шығындармен, (ryx4 = 0, 59);
    • және кері меншiктi капиталмен аз ғана корреляцияланған(ryx5 = - 0, 19);

    Табыс әкелетін активтерден пайыздық маржаның тәуелдiлiгiнiң регрессиясының теңдеуi; мiндеттемелер, төлеуге қатысты сыйақы берулер; табыстар алуға қатысты сыйақы берулер; шығындар төлеуге қатысты сыйақы берулер мен меншiктi капиталды келесi түрде жазып алуға болады:

у= 0, 021 - 049 х1 - 013 х2 + 0, 085165 х3 - 081 х4 – 0,040 х5.

 

2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары

Шет елде клиенттердердің  несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге  келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтықанықтамаларда  жариялайды.

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қарытынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне 67% - ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы фаторлар үлесі тиеді.

(2-кесте)      

Несиелеу барысындағы  банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар 

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс  бағалау 

21%

Кредиторлығ қарызды қайтаруын  талап етуі

11%

Алдын ала ескерту белгісіне  кеш көңіл бөлу және операциялық  бағалаудың әлсіздігі

18%

 

Жұмыссыздық/ Отбасы мәселелері

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының  нашарлығы

5%

Ұрлық/Алдау

4%


Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себепкер болатын сыртқы факторлар қатарына бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдік қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Қарыз алушының сәтсіздікке  ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдын-ала мерзім ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын  созуын өтінуі (екінші реет мерзімі  ұзартылғаннан кейін несие проблемалық  несиелер қатарына жатқызылады.) және басқа ларды жатқызуға болады.

Несиелерді қамтамасыз ету  құнына, барлық несиелік құжаттардың  дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел кластарына жіктейді:

  • ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
  • ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;
  • шектеулі тәуекелі бар несиелер
  • ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандарты емес несиелер);

Әр тәуекел класстарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

 

 

2.2 Клиенттің несиелік  қабілетін анықтау 

Қарыз алушының несиелік қабілетті  бұл екінші деңгейлі банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген  мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел  факторлардың іс-әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиенің берілуі алдын ала ықпал  ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.

Қарыз алушының несие  қабілеті – қарыз алушының алған  несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін  бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара  алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан  да банк клиентке несие беруге шешім  қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш  банк өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несие  қабілетіне талдау жасау барысында  мынандай факторлар есепке алынады:

  • Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
  • Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
  • Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
  • Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың актуальдылығы болып банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілетінің әдістемелерін жаңарту қажет.
  • Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.
  • Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезеңдермен шешу қажет:
  • Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды сұрақтарды қарастыру;
  • Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
  • Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістерін қарастыру;
  • Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
  • Шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз  алушының несиелік қабілеті анықтау  әдістерене де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті- бұл екінші деңгейлі банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.

Несиелеу процесі белгіленген  мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел  факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтанда, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйтену ақылы несиелік қәбілетті оқып үйренуге жагдай жасайды.

Қарыз алушының несиелік қәбілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айрысу қәбілеті.Қарыз  алушының несиелік қабілетінің оның төлем қабілетінің бір айырмашылығы онда өткен кезеңдегі немесе қандыйда бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды,ал жақын перспективадағы  қарызды өтеу қабілетін болжайды.Өткен  уақыттардағы қарыз алушының төлем  қабілетсіздігінің дәрежесі кленттің несиелік қабілетін бағалау барысында  иек тартатын ең бір формальді көсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса,онда банкке уақыттағы төлемдерді бір рет кешіктірілуі,клиеттің несиелік қабілеттсіздігі туралы қортынды үшін негіз болып табылмайды.Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.  
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты несиемен байланысты қарапайым тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. 
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік опетацияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық бантік тәжітибе қарыз аушының несиелік қабілетінің мынадай критерйлерін бөліп қарайды; қарыз алушының міндеттемесі, қаражатты қарызғы алу міндеттемесі, ағымдағы қызметі барысыда қарызды  өтеу үшін қажетті қаражаты табу қабілеті, капиталы, несиенің қамтамассыз етілуі, несиелік мәмле жасалатын жағдай, бақлау. 
Қарыз алушының міндеттемесі деп оның заңды тұлғағ ретіндегі беделі және менеджерлердің беделі, қарызды қайтаруға жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктік несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі. 
Қарыз длушының заңды тұлғағ ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, эканомикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткішткеге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің іскерлік әлеміндігі беделіне тұрады.Менеджерлердің беделі олардың кәсіби жарамдылығына , моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына,оның басқаратын құрлымымен банк арасындағы қарым-қатнастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Информация о работе Несиелік тәекелдік