Несиелік тәекелдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 21:43, диссертация

Описание

Несиелік қабілетін анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несиелік қабілеті несиелік операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несиелік қабілетін талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Содержание

І тарау. Несиелік тәуелек туралы түсінік және оны басқараудың теориялық негіздері.
Несиелік тәуекелдің экономикалық мазмұны
Несиелік тәуекелді басқару әдістері және несиелік тәуекелдің жіктелуі.

ІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқару тәжірибесі.
2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары
2.2. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау – несиелік тәуекелді азайтудың әдісі
2.3. Несиелік портфельдің сапасы және оған талдау

ІІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жетілдіру жолдары.
3.1. Проблемалық несиелер және оны азайтудың әдістері
3.2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі және оны жетілдіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Диссертация ффффф.docx

— 381.72 Кб (Скачать документ)

Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық  және баланстан тыс операцияларын  жүргізу барысында пайда болуы  мүмкін.

Несиелік тәуекелді басқару  – оны минимизациялау процесі  болғандығтан осы процестің міндеттері:

  1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ағпаратының алғышартынын бірі сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуңа қажетті шығындарға да көңіл бөле отарып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
  2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандықсипатта анықтау нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенциалды шығындар көлемін бағалауға көмектеседі.
  3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескеруге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының алдына алуына бағытталуы тиіс.
  4. Несиелік тәуекелді басқарудың тиімділігін басқару. Несиелік тәуекелді басқару бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесі әр дайым бақылануы тиіс. Бақылау болжамдалған көрсеткіштерден тәуеклдің ауытқу себебін табуға және талдауға көмектеседі. Тәуекел мөлшері және көлемі уақыт сайнн өзгеріп отыратындықтан бақылау немсиелік қатынас кезеңіндегі клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмекткседі.

Несиелік тәуекелді басқару  екі бағытта жүргізіледі:

1. несиелік операция технологиясын  басқару;

2. несиелік тәуекелді  басқару.

Несиелік операциялар  технологиясын басқару несиелік саясатты ендіру негізінде ұсыныстарды  дайындау бойынша ұйымдық процесс, яғни банктің берген әр несиесіне  кезеңмен дайындалған басқару саясаты  жүргізілуі тиіс.

Несиелік тәуекелді басқаруда  нақты несие мен байланысты: несиелік қабілетті талдау, мүмкін шығындарға резерв құру, несиелік портфелді әртараптандыру, т.б.

Несиелік тәуекелді басқару  мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді:

- ссудалық портфель сапасы;

- несиелік тәуекелді төмендету;

- тәуекелді алдын ала  байқау, мөлшері мен салдарын  анықтау; 

-тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша шараларды дайындау және өткізу.

Несиелік тәуекелді кезең  бойынша басқару жүйесі;

- тәуекел мазмұнын және  оның пайда болуын анықтау;

- тәуекел деңгейін бағалауға  қажетті ақпараттар көлемін және  көзін анықтау;

- тәуекелді өткізу ықтималдығын  бағалау әдісін таңдау;

- тәуекелді сақтандыру  әдісін дайындау және таңдау;

- тәуекелді басқару нәтижесін  талдау.

     Әр жүйе  белгілі бір элеметтер жиынтығынан  тұратындықтан несиелік тәуекелді  басқару жүйесі де белгілі бір элементтерден тұрады.

     Осы аталған  несиелік тәуекелді басқару элементтерінің  маңыздылары ақпараттық жүйе, клиенттің  несиелік қабілеті, несиелендіру  процесін және саясатын анықтау,  дұрыс құжаттама жасау. 

Тәукелді басқару кезінде  әрбір несиелік бөлім мына шараларды  жүргізуі тиіс:

  1. тәуекелді мөлшерлеу;
  2. тәуекел мөлшерін анықтау;
  3. тәуекелді бақылау;
  4. мониторинг.

Тәуекелді мөлшерлеу –  лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз стратегиясына сәйкес қабылдайтын  тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Несиелік саясат банктің барлық қызметін ашық көрсетеді. Сондықтан несиелік саясатта несиелік портфель несиені саралаудан, несиеге  баға белгілеуден, тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.

Тәуекел мөлшерін анықтау  нақты оепрцияның тәуекел мөлшерін есептеуге негізделеді ( бір қарыз  алушының несиелік қабілеті ).

Тәуекелді бақылау менеджерлер  мен акционерлердің де міндеті болып  табылады, яғни олар оперативті басқаруды  жүзеге асырады. Жалпы бақылаудың міндеті  жоғары дәрежелі мамандардың болуы, кадрлардың біліктілігі, осы мақсаттарды  жүзеге асыруда тиімді жұмыс уақытын  белгілеу.

Банкте тәуелсіз бақылау  механизмінің болуы, ал оның мәні шешім  қабылдау және несие портфелінің  құрамын анықтау,келісім жасау  болып табылады.

Басқару бақылауының (управленческий контроль) элементі:

- несиелік аудит мамандандырылуы,  несиелік шешім қабылдау тіуелсіз  жүргізілуі, жалпы несиелік портфелдің  сапалы болуы;

- несиелік ақпараттық  басқару жүйесі (НАБЖ) нақты несие  бойынша мониторинг жүргізуге  және несие портфелінің сапасын  басқару үшін несиелік бөлім  қызметкерлеріне нақты және оперативті  ақпаратты беуі тиіс;

- қаражат қозғалысын бақылау,  яғни барлық ресмилік орындалғанға  дейін авторизация процесі біткеннен  кейін қарыз алушының ақшаны  алуы.

Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және әрдайым бақылау мен бағалау. Несиелік мониторинг – клиенттің несиелік қабілетіне тұрақты бақылау және тексеру. Мониторинг несиелік талдау, әшкә және сыртқы аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алшының несиелік қабілетін бағалау және талдау, күмәнді несиелерді қалпына келтіру, қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайда жүргізіледі.

Несиелік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесінің бірі – несиелік тәуекелді бағалау. Сондықтан несиелік тәуекелді бағалау өзара байланысты фаторлдадың тәуекелге әсер ететін, бағалау әдістері мен критерлер  жиынтығынан тұрады. Өзара байланысты факторлар несиенің қамтамасыз етілуі, несие мәмілесінің сипаты, қарыз  алушының қаржылық тұрақтылығы.

Неcиелік тәуекелді бағалауға әсер ететін критерийлерді толығымен ашып көрсетейік. «Несиенің қамтамасыз етілуі» клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жеткіліктілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асыратындығын ( бағасы,мерзімі,сақтау шарты) көрсетеді.

«Несие мәмілесінің сипаты»  несие келісімінің негізділігі  мен нақтылығымен көрінеді, бұл өз кезегінде несиенің мақсатқа сәйкес болуымен, оның мерзімділігімен, несие  сомасымен қайтарымдылық және өтеу шартымен сипатталады. Ақша ағымының жағдайы  мен қаржылық коэффицентін есептеуге  негізделген.

 «Қарыз алушының қаржылық  тұрақтылығы» клиенттің қаржылық  жағдайын бағалау,яғни уақытылы  банкроттықтан сақтануға көмектеседі.  Мұның негізгі критерийі неиселік  қабілет капиталдың жеткіліктілігі, репутация,  басқару сапасы.

Жалпы несиелік тәуекелді  басқаруға екі тұрғыдан келу қажет:

    • нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару;
    • несиелік қоржынның тәуекелін басқару.

Қарыз алушының несиелік тәуекелін  басқару банктегі несиелік үдерісті ұйымдастыру шегінде жүзеге асыралады.

Портфельдік  несиелік тәуекел  бұл қарыз алушының банк алдындағы  несиеге қатысты міндеттемесін  орындау нәтижесінде туындайды.

Несиелік тәуекелді бағалау  сапалық және сандық талдаулар тұрғысынан іске асады. Сапалық талдау бұл несиелік тәуекелдің пайда болуы аумағын  немесе ықпал ететін факторларды  және тәуекелді анықтауда пайдаланылатын ақпарат көздерін талдауды қамтиды.

Сапалық талдау әсіресе банктің  несиелік қоржынының сапасын талдау негізінде жасалады. Сандық талдау бұл несиелік тәуекелдің дәрежесін  формалау, яғни сандық тұрғыдан анықтау  мақсатында жүзеге асады. 

Тәуекелді басқару - бұл өзіне: тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері  мен әсерін анықтауды, олардың алдын  алу немесе олармен байланысты залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды  дайындау мен жүзеге асыруды біріктіретін үрдіс.Осылайша, несиелік үрдіс пен  оны жүзеге асырумен байланысты несие  тәуекелі, екінші деңгейлі банктердің несиелеу жүйесі бағытталған әсер ету объектілері болып табылады. Қалыптасқан банктік тәжірибеде несие операцияларын жүзеге асыру және несие тәуекелін басқару бойынша бірнеше әдістер мен тәсілдемелер қолданылады (1-сурет)


 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Несие операцияларын және несие тәуекелін басқару

бойынша қолданылатын тәсілдемелер (шаралар)

Бұл жерде, несиелеу жүйесі несиелік қатынастарды ұйымдастырудың басты буыны деп айтуға болады. Жалпы несие тәуекелін басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару және несиелік портфельдің тәуекелін басқару тұрғысынан деп есептейміз.

Банктің несие тәуекелі сыртқы ортамен қатар ішкі орта факторларына да тәуелді, сол себепті біреуіне ғана кеңірек көңіл бөліп (әдетте, сыртқы факторлар әсерінен болатын тәуекелдер қауіпті саналады), екіншісіне үстіртін қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі тәуекелдің  шағын көрінген элементтері, ертеңгі күні басқарылмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, несие қабілеттілікті анықтау әдістері мен әдістемелерінің әр түрін зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субьектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс. Яғни, банктің несие тәуекелін басқару, бірінші кезекте жөнімен дайындалған нормативті құжаттарға тәуелді болса, екінші кезекте банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты болады.

Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын  мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері  және сыртқы кредиторлар тұлғаларына  байланысты несиелеу нормативтерін  қоса алғанда дұрыстығын айту қажет. Жылжымайтын мүлікке бағаның  тез өсуін және ипотекалық несиелеу және құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі  ала отырып,  несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және банктің инвестициялық қызметі бойынша  пруденциалдық нормативтерді  күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын  ЕДБ–ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік  тәуекелдерінің өрістеуі барысында  іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл  олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты  сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне  алып келді .

Қазақстанда қаржы дағдарысының нәтижесінде банк секторының өтімділігі төмендеп, оның экономиканы несиелеу белсенділігі тежеле түсті. Төмендегі 4-кестеде келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, несиелеудің жоғары қарқыны 2008-2008 жылдарға сәйкес келеді, бұл жылдары өсім 68,9% және 95,7 % құраған. 2008 жылы  ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстаннның банк жүйесінің құрылымдық проблемаларына әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары болуымен түйінделген 2009 жылы несиелеу (өсім 48,0%) 2008 жылмен салыстырғанда 2-есе шамасында азайса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 4,2% артқанын көруге болады. Ал 2011жыл нәтижесі несиелеу көлемінде айтарлықтай өзгеріс болмағанын көрсетті.

Кесте 1 - Банктік сектордағы несие портфелінің көлемі және өсімі, 2008-2011 жж.

Атауы

01.01.06

жыл

01.01.07

жыл

01.01.08

жыл

01.01.09

жыл

01.01.10

жыл

01.01.11

жыл

Несие портфелі, млрд теңге

1 813,4

3 062,0

5 991,8

8 868,3

9244,54

9558,9

Өсім, өткен кезеңге %-бен (оң жақ шкала)

66,8

68,9

95,7

48,0

4,2

4,3

Ескерту – 2008-2011 жж. Қазақстандағы  екінші деңгейлі банк секторындағы несие  портфелінің көлемі.


 

Бұл ретте, жылжымайтын мүлік  пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне  банк ресурстарының есебінен белгілі  бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын  кәсіпкерлік субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік  нарығындағы тұрақсыздық және бағаның  өзгеруі, іскерлік белсенділігінің  төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып  алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті . Қазақстанның банк жүйесіндегі  төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы  күмәнді және үмітсіз) несиелердің  деңгейі бірыңғай несиелерді есепке алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті параметрлерінен төмен, бұл ретте әрі қарай өсу үрдісі байқалды, бұл жаһандық өтімділік тапшылығының және жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның жағымсыз өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Несие банктің негізгі қызмет түрі болып табыс әкелуімен қатар, банк үшін тәуекелі де жоғары екені белгілі. ЕДБ-ң несие портфелінде мерзімі өткен берешектері күннен-күнге артып отырғанын  көруімізге болады. Екінші деңгейлі банктердің несие тәуекелдерін басқару жөніндегі тәжірибесінің аздығы және несие портфелінің басым бөлігінің доллармен толығуы, трансшекаралық несиелер мен бағалар тұрақтамауы несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектердің өсуін арттырды.

Информация о работе Несиелік тәекелдік