Өнім сапасын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 17:48, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

Кіріспе 3
1 Өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы 5
1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері 10
2 Сапаны басқаруды талдау
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім
сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде 12
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау 17
3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға
арналған шаралар және оның экономикалық және
әлеуметтік тиімділігі 24
Қорытынды 28
Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

сапасын жоғарлауын басқарудың негізгі  

                      тетіктерінің ретінде

 

 

Қазақстан  1996  жылы  қаңтар  айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ  бақылаушы  статусын  алған  болатын.

Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі  мен  өнім  сапасын  арттыру  мәселесі  неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға  мүше  болу   Қазақстанның  әлемдік экономикалық кеңістікке  интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық  кәсіпорындарды  олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің  төмендігіне байланысты үлкен мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік  тәжірибеге  өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және  нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия  және  сауда  министрлігі  қадағалап  отыр.  Бұл  министрлік  2003-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.

Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық  даму  стратегиясын»  жүзеге асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы кезге дейін  қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету  жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық  тәжірибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын  дамыту  жолымен  жүзеге  асырылады.

Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау  болып  табылады.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және  енгізу  процесі  елеулі  назар  аударуға  тұрады.

Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген  әлемдік  тәжірибесі  олардың  тиімділігін  растады.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық фирма мен компания өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар, халықаралық  танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін  қазірдің  өзінде  сезініп отыр.

Халықаралық деңгейде сапаға деген талаптар ИСО-9000 атты сериясымен анықталған. ИСО-9000 халықаралық стандарт сериясының алғашқы  редакциясы  1980  жылдардың  соңында  шықты  және халықаралық стандарттаудың жаңа деңгейге шыққанын көрсетті. Бұл стандарттар басқару сферасының өндірістік процесіне еніп, сапаны қамтамасыз ету жүйесіне нақты талаптарын қойды, сапа жүйесін сертификаттаудың  негізін  салды.

Жоғары сапалы өнім шығарудың кепілдіктерінің бірі ─  сертификаттау болып табылады. Сертификаттаудың негізгі мақсаты ─ адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін  қорғау.

Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі  үшін  қауіпсіз,  сапасы  да  сұраныс  деңгейінде  болуы  тиіс.

Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық   қамтамасыз   етеді.

Өнімді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау /импорттық  өнімдерге  де/  бекітілген.

Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне  сай  болуы  керек.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүесінде сертификаттау  мына  принциптерге  жүргізіледі:

                  өнім  туралы  мәліметтің  дұрыстығын  қамтамасыз  ету;

                  өндіруші  мен  тұтынушының  тәуелсіздігі;

                  сынақтың  кәсіби  түрде  өтуі;

                  шетелдік  өтініш  берушілерге  қысым  жасамау;

                  сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік серификаттың уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі  ақпарат;

                  сертификаттау жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану, т.б.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін 70%–ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қаупі деп есептелетін өнімнің үлесі 85%–дай болады, сондықтан  сертификаттау  жұмысының  маңызы әрі қарай да өсе береді.

Стандарт ─ бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келусушілік негізінде  әзірленетін  және  танылған  органдардың  бекітетін нормативтік  құжаты. Бұл  жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге  бағытталады.

Республикада  қолданылып  жүрген  стандарттық  жүйе құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделері және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік- техникалық  базасы  ретінде   қызмет  етеді.

Мемлекеттік  стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілген сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды   қамтамасыз  етеді.

Стандарттау ─ бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соң,  стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап    әдістемелерді    нормативтік    құжаттарға    тағайындап    қояды.

Стандарттаудың басты міндеті ─ халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талапттарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынандай нормативтік құжаттар бар:

                  Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);

                  Салалық стандарттар (ССТ);

                  Техникалық жағдайлар (ТЖ);

                  Кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;

                  Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.

 

                              

 

 

 

                 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау

 

 

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамымен 2004 жылы 9388 тонна кондитерлік өнім өндіріліп, оның құны 178805 мың теңге әрекеттегі бағада және 1580187 мың теңге салыстырмалы бағада құрады. Өткен жылдың көрсеткіштері осы көрсеткіштерінің 99,7 %-ын құрайды. Әрекеттегі бағаның өсімі 266612 мың теңге. Кондитерлік өнімнің өндіріс өсуінің жоғары қарқыны өткізу нарығының кеңеюі, өнімге сұраныстың өсуі, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының жақсаруы, соның ішінде сапа деңгейінің жоғарылауы арқылы жеткізілді.

Кәсіпорын маркетингтік стратегиясының мақсаты ─  әдемі орауышта сапалы тауар шығару және қалыпты бағамен оның өткізуін қамтамасыз ету. Сондықтан кәсіпорында 14 адамнан тұратын маркетингтік жүйесі енгізілді. Үлкен ассортименттің болуы нарықтың анықталаған аумағының халықтың әртүрлі талғамдарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Нарық шетелден келіп жатқан әртүрлі кондитерлік  өнімдерге  қанық  және  нарықта  жоғары  бәсекелік болғандықтан, кәсіпорын маркетингтік жұмыстарын жалғастырып,  сапа  жүйесіне  көп  көңіл  бөлуде.

 

Біз қарастырып отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштер төмендегі 1 кестеде көрсетілген.  Өткізілген өнімнен түскен табыс 2003 жылы 511078 мың теңге, ал 2004 жылы 795512  мың теңгені құрап, 284434 мың теңгеге ұлғайды. Өткізілген өнімнің құны 2003 жылы 421861 мың теңгені құрады, 2004 жылы осы көрсеткіш 614756 мың теңгеге тең болды.  Жалпы табыстың көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 912895 мың теңгеге өсті. Кезең шығындары 2003 жылы 42636 мың теңгеге, ал 2004 жылы 120771 мың теңгеге тең болды. Кезең шығындарын алып тастағандағы негізгі қызметтен түскен табыс 13404 мың теңгеге ұлғайды. Таза табыстың 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 12743 мың теңгеге өсіп отырғанын көріп отырмыз.

 

1-кесте. «Баян Сұлу» АҚ-ның 2003-2004 ж.ж. негізгі қаржылық-шаруашылық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер атауы

2003ж, мың тг

2004ж, мың тг

Ауытқу

Өткізілген дайын өнім көлемі

511078

795512

284434

Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны

421861

614756

192895

Жалпы табыс

89217

180756

91539

Кезең шығындары

42636

120771

78135

с.і.:

 

 

 

Жалпы және әкімшілік шығындар

32760

34647

1887

Өткізу шығындары

1688

83986

82298

Пайыз шығындары

8188

2138

-6050

Негізгі қызметтен түскен табыс

46581

59985

13404

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

1296

1353

57

Салыққа дейінгі негізгі қызмет табысы

47877

61338

13461

Корпоративтік табыс салығы

14363

18402

4039

Салықтан кейінгі негізгі қызмет табысы

33514

42936

9422

Таза табыс

28605

41348

12743

 

 

 

 

 

«Баян Сұлу» фабрикасындағы өсім (активтердің ұлғаюы) кәсіпорын қызметінің кеңеюін көрсетіп отыр. 

 

3-кесте «Баян Сұлу» АҚ-ның кірістер мен шығыстары

Көрсеткіштер

2003

2004

Ауытқу

Өткізуден түскен табыс, барлығы:

1535390

1682056

110%

с.і:Кондитерлік өнімдер

1529644

1663164

109%

Шығындар

1435349

1559916

109%

Жөндеу жұмыстары

34788

41233

119%

Амортизация

23764

25263

108%

Еңбекақы

116561

133668

115%

с.і: сапаны ынталандыруға кеткен шығындар,%

15

20

5%

Таза табыс

100041

122140

122%

Информация о работе Өнім сапасын басқару