Өнім сапасын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 17:48, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

Кіріспе 3
1 Өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары
1.1 Өнім сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы 5
1.2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері 10
2 Сапаны басқаруды талдау
2.1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өнім
сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде 12
2.2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау 17
3 Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға
арналған шаралар және оның экономикалық және
әлеуметтік тиімділігі 24
Қорытынды 28
Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

 

3-кестенің мәліметтері біз қарастырып отырған кәсіпорынның кондитерлік өнімдердің сапасы жақсарғанын көрсетіп отыр. Егер 2003 жылы өткізілген кондитерлік өнімнің көлемінен түскен табыс 1529644 мың теңге болса, ол көрсеткіш 2004 жылы 1663164 мың теңгеге тең болды. Жөндеу жұмыстарына кеткен шығындардың көлемі 2004 жылы 2003 жылиен салыстырғанда 119%-ға өскен. Бұл метериалдық-техникалық базаның бұзылған кемшіліктерден құтылуға мүмкіндік береді. Ал амортизацияның көлемінің 108%-ға  өсуі ескірген течнологиядан бас тартып, жаңа, жақсартылған техниканы сатып алуына мүмкіндіктің туғанын көрсетеді. Мұның бәрі өнімнің сапасына оң әсерін тигізеді. Еңбекақының көлемінің өсуі тек сапаның жоғарлауымен ғана емес, сонымен қатар инфляция үрдісі мен бағаның өсуімен де байланысты. Бірақ сапаны ынталандыруға кеткен шығынның 15%-дан 20%ға дейін өсуі кондитерлік өнімнің сапасы мен оны ынталандыру әдісі арасындағы тығыз байланыстың бар екенін көрсетеді. «Баян Сұлу» акционерлік қоғамның жұмысшыларын материалдық ынталандыру жүйесі негізінде өнім сапасын жоғарылауға ғана емес, ол сонымен бірге  жоғары нәтижеге жетуіне бағыттайды. Осылардың есебінен таза табыстың көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 109%-ға ұлғайған.

         

  Өнім сапасын өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін дәлелденген рекомендация және әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар нарықтық жағдайға сәйкес келмейді.

Республиканың     кәсіпорындарда қолданылатын кондитерлік өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі (1-сурет):

─ Стандартпен және нормативтік-техникалық   құжаттамамен орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды қамтамасыз ету;

─ Өнім сапасын жақсартудағы ғылыми-техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;

─ Өндірістің жаңа тиімді техникаларын құру; өнеркәсіптік негізде өндірісті ұйымдастыру;

─ Кондитерлік өнім сапасын және оның есебін болжау;

─ Материалдық-техникалық базаны құру;

Заңдық-құқықтық қамсыздандыру;

Өнім және жұмыс сапасын бақылау;

Жоғары сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру;

Кондитерлік өнімнің тауарлық өңдеу, сақтау және тасымалдау.        

                         Кондитерлік өнімдердің сапасы

 

                                           Өндіріс стадиясы      

 

Өндіріс ресурстары                                 Өндіріс технологиясы

                  ↓                                                                  ↓

Өндіріс құралдарының                     Санитарлық-гигиеналық   шаралар

            сапасы                                                               ↓ 

                  ↓                                                      Әлеуметтік шаралар

         Еңбек сапасы                                                       ↓

                  ↓                                                     Сапаны экономикалық  

                                                                                     ынталандыру        

                                                              ↓

                         Тауарлық өңдеу және өткізу стадиясы

                    ↓

  Фабрикалық лаборатория          →                  Сақтау          →

  

   Транспорттау                             →           Зауыттық лаборатория  →

 

                                       Экономикалық қарым-қатынастар

 

 

Сапаны    бақылау

 

      Стандарттау және сертификаттау

                          жүйесі

 

  Баға қалыптасу мен кредиттеу жүйесі

             

    Ақау үшін экономикалық жауапкершілік

                               жүйесі

                      

1-сурет. Кәсіпорында кондитерлік өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.

 

 

 

 

 

 

2-кесте «Баян Сұлу» АҚ-ның ассортименттегі өндіріс бойынша мәліметтер

Өнімдер атауы

 

2003 жыл

үлес салмағы нат       ақш

2004 жыл

үлес салмағы нат       ақш

үлес салмағы өсуі  азаюы

көлемі тн   

сомма мың тг

орт. баға мың тг

көлемі тн

сомма мың тг

орт. баға мың тг

карамель глазирленген

644

110455

171,51

6,84    7,26

646

125890

194,9

6,88   7,04

2      15435

карамель глазирленбеген

2835

488621

138,07

37,59  3212

3522

556839

158,1

37,52  31,14

17    68218

кәмпиттер

глазирленген

1206

323075

267,89

12,81  21,21

1557

453778

291,1

16,59  25,38

351  130703

глазирленбеген

1755

273130

155,63

18,64   17,95

1538

287272

186,8

16,38  16,07

─217   14142

барлығы:

2961

596205

201,35

31,45  39,19

3095

741050

239,4

32,97  41,45

134  144845

мармелад

101

19796

196

1,07     1,30

101

21332

211,2

1,08   1,19

0        1536

ирис

326

57645

176,83

3,46   3,79

400

80830

202,1

4,26   4,52

14      23185

драже

121

17685

146,16

1,29     1,16

145

26080

1798

1,54   1,46

24       8365

 

печенье

675

71010

105,2

7,17   4,67

626

83946

134,1

6,67   4,69

─49   12936

вафли

168

268045

158,19

12,92 17,62

145,19

276134

184,7

15,92 15,44

─192   8089

шоколад

4

1800

450

0,04   0,12

3

1545

515

0,03    0,09

─1       ─255

 

торттар

1

247

247

0,01    0,02

1

249

249

0,01    0,01

0                 2

 

барлығы:

9415

1521393

161,59

100

9388

1788005

190

100

-27   266612

 

 

2-кестенің мәліметтері бойынша біз «Баян Сұлу» фабрикасының ассортименті кең екенін көріп отырмыз. Көлемі бойынша үлесі көп мұндағы карамельдер, кәмпиттер және печенье алып жатыр. Ал шоколад пен торттың үлестері аз болып тұр.

Глазирленген карамель өнімі бойынша талдау жасайтын болсақ, 2003 жылы оның орташа бағасы 171,51 мың теңге болған, ал 2004 жылы осы көрсеткіш 194,9 мың теңгеге тең болып тұр. Оның орташа бағасы 23,39 мың  теңгеге  өсіп  тұрғанын көріп отырмыз. Оның бағасының өсуі өнім сапасына байланысты болып отыр, яғни өнім сапасына жұмсалған шығындардың әсерінен өнім сапасы жоғарлап, кейін оның бағасы да өсіп тұр. Енді глазирленген карамельдің көлеміне келетін болсақ, 2003 жылы оны 644 тонна көлемде өндірген болса, 2004 жылы бұл өнімді 646 тонна көлемде өндірді. Глазирленген карамельдің өндіру көлемі екі жылмен салыстырғанда 2 тоннаға артық болып тұр. Бұл өсімнің өзі де өнім сапасының жоғарлауына байланысты. Яғни, глазирленген карамельге орташа баға өскенімен тұтынушылардың сұранысы азайып тұрған жоқ, керісінше ол көбейіп тұр. Мұның өзі өнім сапасының жоғарлауы халықтың сұранысын тудырып отыр. Осыған байланысты кәсіпорынның  глазирленген карамель бойынша жалпы түсімі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 15435 мың теңгеге артып отыр. Қалған  өнімдерге  талдау жасасақ, ұқсас жағдай байқалады. Қорытындылай  келсек,  кәсіпорын  өнім  сапасын жоғарлату арқылы жоғары түсімді алып, өз бәсеке қабілеттілік позициясын  нығайта  алатынына  көз  жеткізе  аламыз.

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

           Кәсіпорындағы өнім сапасын жоғарлатуға  

       арналған шаралар және оның экономикалық     

           және әлеуметтік тиімділігі

                   

 

Соңғы  кездерге  дейін  кәсіпорындарда сапа мәселесін  шешу  кезінде нарықтылық  қажеттілік  есепке  алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге  бағытталды. Сапаны  басқару мәселелерімен  техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемшіліктер,  оларды  талдау  және  себептерін  талдау  кіреді.

Сапасы төмен өнім өндірісінің негізгі факторлары мыналар:  көптеген шаруашылықтарда қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы; өндірістің ескірген технологиясы; орындаушылардың білім деңгейінің төмендігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.

Сапасы төмен өнім өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады.

 

Өз курстық жұмысымда мен сапа жүйесіне арналған «Сапа» бағдарламасының  кейбір  баптарын  келтіргім  отыр.

Республикалық «Сапа» бағдарламасы  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 қаулысына сәйкес әзірленген.

«Сапа» бағдарламасы отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекелесу қабілетін арттыру саласындағы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының және өзге де ұйымдар мен кәсіпорындарының  қызметтердің  негізгі  бағыттарын  анқтайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу және тауарладың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің сапасын жоғарлату болып табылады. Оны іске асырудың  негізгі  бағыттары:

Сапа саласындағы мемлекеттік басқару республикада нормативтік құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық-билік ету әдістерін ұтымды үйлестіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс, бұл, әсіресе  елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  үшін  маңызды.

Сапа саласында мемлекеттік басқарудың экономикалық нысандары, ұсынылған шығарылатын өнімдердің  және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін ынталандыру, өндірушілер мен сатушылардың сапасыз өнімдерді сатуға және шығарылуына экономикалық  жауапкершілігін  арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Сапа саласындағы заңнама нормаларын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілердің қатаң орындалуын мемлекеттік қадағалау органдары өздерінің өкілеттілігіне сәйкес бақылайды.

Ұйымдастырушылық-билік ету нысандары өнімдердің сапасын арттыру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сапа саласы мен тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің тұтыну қасиеттері туралы халықтың ақпарат алуын арттыруға мемлекеттік басқару органдарының, олардың өкілеттілігіне сәйкес қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бәсекелесу қабілеті мен өнім сапасы проблемаларын шешудегі табысқа жетудің міндетті шарты ─ талдамалардың техникалық деңгейін арттыру, жаңа материалдарды, озық технологияларды қолдану, өнімдер орамасының әрленімдерін жақсарту.

Тауарлар сапасын бақылау және сынау әдістерін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу талап етуде.

Сапа проблемаларын шешудегі табыстың міндетті шарты ─ практикалық жұмыста өнімдердің сапасын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалануға қабілетті, жоғары білікті мамандардың болуы болып табылады.

Сонымен, өнім сапасын жоғарлату  сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шашімін табуы тиіс деп санаймын:

─ отандық тауар өндірушілер өнімнің  сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

─ сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда Жапония және Еуропа  мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін жүзеге асыру;

─ тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапаның талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;

─ өндірістік саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелердің ортақ жүйесін құру;

─ құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;

─ отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;

─ өнімнің сапасын жоғарлатуда және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

─ өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;

─ инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

 

 

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауылшаруашылық өнімнің сапасын басқару экономикалық өсудің, табыс табудың, кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі. Бірақ осыған қарамастан, өнімнің сапасын жоғарылату мәселесіне аз көңіл бөлінеді, өйткені өнім өндірушілер негізінен оның көлемінің ұлғаюына бағытталады.

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Өнімнің  сапасын  басқару  ─  сапа  талаптарын  қанағаттандыру,  оның  ішінде  жобалау – конструкторлық  және  өзара  шарттық  талаптарға сай  келуі  үшін  пайдаланатын  әдістер  мен  қызметтер  жиынтығы.

Информация о работе Өнім сапасын басқару