Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:25, курсовая работа
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында былай деп атап көрсеткен: «Біз нені орнатқымыз келетінін, таңдап алынған мақсатқа қалай жететінімізді өзіміз білуге және түсінуге тиіспіз. Өзіміздің басты мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларды таңдап, осы жолмен ілгері басу кезінде ерік пен шыдамдылық көрсетіп, біз өзімізді жат бұрулардан, күш-қуатты, уақытты және ресурстарды өнімсіз жұмсаудан сақтандырамыз. Күшті стратегияға және нысаналылыққа ие бола отырып, біз өз жолымызда тұрған кез келген үлкен бөгеттерден ойдағыдай өте аламыз».
Кіріспе ...............................................................................................................3-4
І. Нарықтық экономиканың мәні
1.1. Нарық түсінігі және нарықтық механизмнің қалыптасуы...................5-10
1.2. Нарықтың түрлері, құрылымы................................................................10-13
1.3. Нарықтық жүйенің мәні және принциптері............................................13-16
ІІ. Қазақстан Республикасындағы постсоциалистік нарықтың қызметтері мен құрылымы, негізгі мәселелері
2.1. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы
мен дамуының мәселелері...............................................................................17-20
2.2. Нарықтық экономикалық қалыптасуы және Қазақстандық үлгісі.......20-23
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру
жолдары.............................................................................................................24-26
Қорытынды.......................................................................................................27-28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Қосымша материалдар.....................................................................................30-32
Нарықтық экономика баға мен рыноктар жүйесі арқылы жұмыс істейтін күрделі механизм секілді.
Нарықтық экономикада
өнімдер тұтынушылар арасында рынок
бағаға сәйкес төлей аларлықтай қабілеттері
мен тілектері негізінде
Нарықтық жүйе, негізінен, 5 принципке негізделеді: аяқасты реттілік, экономикалық еркіндік, бәсеке, жеке меншік, еркін бағаның құрылуы.
1. Аяқасты реттілікке кіретін элементтер:
а) өзін-өзі реттеу;
б) икемділік, өзгере беретін жағдайға қарай бейімділік;
в) рынок субъектілері арасындағы көптеген байланыстар.
Рыноктік жүйеде кәсіпорындар таза пайда алу және шығынды болдырмау ойларын басшылыққа ұстайды, сондықтан олар сатылулары тек қана таза пайда әкелетін тауарларды ғана өндіріп, шығын әкелетін тауарлардан бас тартады. Кәсіпорындар өзі өндіретін өнімдер жөніндегі таңдауларын тұтынушылардың таңдауларымен сәйкестендіріп отырады. Тұтынушылар өздеріне керекті, өрі өздері сатып алуға шамалары келетіндей тауарларға ақшаларын шығарады. Кәсіпорын өз тауарлары таза табыс әкеліп, тұтынушылар сұранысы тоқтағанға дейін тауарларын шығара береді. Сонымен қатар нарықтық жүйе шығынды кәсіпорынды шектеулі ресурстардан айырады. Бұл процесс ресурстармен қамтамасыз етушілерге де қатысты. Ресурстар өнімдеріне сұраныс бар салалар мен кәсіпорындарға жеткізіледі.
2. Рыноктың тууының алғышарты — жеке тәуелділік түрлерін түгелдей жою және адамдардың экономикалық бостандыққа ие болуы дейміз. Адам Смиттің айтуынша, оның "экономикалық адамы" өзінің жеке эгоистік мүддесін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Еркін кәсіпкерлік институты өңдірушілердің творчестволық пысықтығын және тәуекел үшін толық жауаптылықтың болуын көздейді. Нарықтық жүйеде тәуекел мен табыс проблемалары — кәсіпорын қызметінің ең басты тұжырымдамаларының бірі.
Тәуекелол — қауіп, шығын немесе зиян мүмкіндігі. "Тәуекел" деп кәсіпорындардың өз ресурстарының бір бөлігін жоғалтулары мен табысты ала алмаулары немесе белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығындар болулары деп қабылдануда.
Қазіргі замандағы нарықтық жүйе тәуекелсіз мүмкін емес. Тәуекелдің мынадай түрлері болады:
Кез келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың тілектері және оның нарықтық бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдау еркіндігі принципі бойынша бөлінеді. Өзімшілдік мүдде өршіп тұрған кезде экономика қалай өмір сүреді деген сұраққа А.Смит "көрінбес қол" деген белгілі ережесін жасап, жауап береді. "Әрбір жеке адам өз капиталдарын жұмсағанда, шығаратын өнімдерінің аса құнды болуларына тырысады. Әдетте ол қоғамдық хал-ахуалға ықпал жасауға тырыспайды, өз мүддесін ғана ойлайды... Алайда осы ойының үстінде көптеген басқа да жағдайлардағыдай, көрінбейтін қолымен өз ойында жоқ мақсатқа қарай жылжый береді. Өзінің жеке басының мүддесі үшін жанталасып, ондай әрекетті дұрыс деп ойлайды. Өйткені оны ол қоғам мүддесіне қызмет ететін ең жақсы тәсіл деп ұғады".
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып, тұтынушылар ықыласындағы өзгерістерді жеткізіп тұруға қабілетті.
3. Бәсекелі нарықтық жүйе техникалық прогресс үшін де ынталылық тудырады. Өндіріс шығынын азайтатын технологияның алғашқы қолданысы акционерлік фирмалар үшін қосымша таза табыс табудың көзі болып табылады. Оның үстіне бәсекелік нарықтық жүйе жаңа технологияның тез таралуына ықпал етерліктей жағдай тудырады. Бәсекелестер ең прогрессивті фирманың үлгісіне түсулері керек, әйтпесе олар шығынға батады немесе банкротқа ұшырайды.
Нарықтық экономикада өндіріс пен тұтынуды қадағалайтын әкімшілік бақылау жоқ. Нарықтық жүйеде бәсекелестік тетік бақылау функциясын атқарады. Нарықтық экономика жеке және қоғамдық мүдделердің теңдігін жасайды. Бәсекелік нарықтық ортаның бас пайдасын ұлғайтуды көздеген кәсіпорындар мен ресурстарды жеткізушілер, бір мезетте, әлдебір көрінбейтін қолмен бағытталынып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге ықпал тудырады.
Бәсекелестік тауар өндіріп, қызмет көрсету кезінде фирмаларды ең тиімді технологиялық процеске өтуге итермелейді. Бәсекелестік рынокта фирманың ең тиімді технологияны пайдалану жөнінен артта қалуы оның рыноктан шығуына әкеп соғады. Яғни, бәсекелестік жаңа технологияны пайдалану жөнінен кәсіпорындарды қамшылап жібереді. Мұның сыртында нарықтық жүйе шектеулі ресурстарды тиімді бөлуге көмектеседі. Бұл дегеніміз, нарықтық экономикада бәсеке тетігінің арқасында ресурстар қоғам аса мұқтаж болып отырған тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталынады. Бөлу тиімділігін болжалдау экономистердің көпшілігін мынадай ойға жетелейді: еркін рыноктың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуы кейбір жағдайларда ғана қажет болмаса, ұдайы араласуының керегі жоқ.
Бәсекелік нарықтық ортаны құру ресурстарды тиімді бөлу мен еркіндікке жеткізеді.
4. Нарықтық жүйе жағдайында
материалдық ресурстар
ІІ. Қазақстан Республикасындағы постсоциалистік нарықтың қызметтері мен құрылымы, негізгі мәселелері
2.1 Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезінде экономикаға түбірлі реформа жасау және меншіктің көп түрлілігі негізінде нарықтық қатынастар орнату үшін бірқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезінде Қазақстанда «Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақтар туралы», «Қазақ КСР-індегі шет ел инвестициялары туралы», т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика мин. құрылды, «Сыртқы экономика банкі» ашылды. Әр түрлі экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуі өзара әріптестік сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 жылы 1,5 есе өсті. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бірге адамдардың іскерлік белсенділігі артты. Бірлескен кәсіпорындар мен банктер ашыла бастады. Қазақстан да 1990-1991 жж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы нәтижесінде осы уақытқа дейін шикізат аймағы жэне арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарды енгізе отырып, дербес экономикалық өрлеу жолына түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемлекеттің экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
1) социалистік экономикадан кейінгі қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету.
Бірінші кезең (1991-92жж.) Қазақстанда социалистік экономикадан кейінгі экономикалық жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы және ішкі элеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген экономикалық саясат өрістеп кете алмады. 90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйені өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негізгі бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуіштерді енгізу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттің қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртіпті тұрақтандыру; көп отынды экономиканың негіздерін қалыптастыру; экономикада жекеше сектордың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; шаруашылық жүргізуші субъектілерге нарықтық нышандар үлгілерін енгізу; кәсіпкерлікті, шағын және орташа бизнесті дамыту; толымды нарықтық бәекені өрістету үшін жағдай жасау. Республиканың жалпы ішкі өнімі 1991 жылы ағымдағы бағамен — 85863,1 млн.сом, 1992 жылы —217689,2млн.сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы ішкі өнім ағымдағы бағамен 15 есе көбейді. Тұтыну бағасының индексі 1992 жылы 36,8%-ды құрады, мұның өзі 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе көп. Нақты бағамен жалпы ішкі өнім деңгейі 5,3%-ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы экономиканың барлық саласы бойынша өндіріс көлемі күрт азайды. Өнеркәсіптік өнімнің құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлікте 19,4%-ды құрады. Өндірістің өсуі тек алғашында ғана тіркелді. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1991 жылы 5756 АҚШ доллары 1992 ж. 5561 АҚШ доллары болды. 1992 жылы Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — "Қазақстанның егеменді жэне тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу стратегиясы" қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгіленді, олар: бәсекеге негізделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз міндеттерін орындайтын негізгі меншік нысандары (жекеше жэне мемлекеттік) үлгі алатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экон. өзін-өзі билеуі қағидатын іске асыру үшін қүқықтық жэне басқа жағдай жасау/13-48б./.
Екінші кезең (1993-94жж.) экономикалық дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу дағдарысы; кәсіпорындардың өзара борыштары 1993-1994 жж. және 1995 жылдың басында 634913 млн.теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті; 1993 жылы тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының жаңа рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы; өндірілген ұлттық табыс 1991-93 жж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді; 1990 жылдан 1994 жылға дейін тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы ішкі өнім 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көші-қоны басталды. Ол 1994 жылы теріс сальдоға жетті (-410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке-меншікті заңдастыру жағына ойысты; "рубль аймағынан" шығу және ұлттық валюта — теңгені енгізу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкімет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейін азайтуға және өндірістің құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретін қарыздардың көлемін шектеуге қосымша несиенің "бағасын ұтымды ету" талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуіне септігін тигізетін, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуі себепті банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетін барынша тиімді шаралардың бірі ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкіметі басшылық нұсқамасымен "директивалық" несиелер беру есебінен кәсіпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты; 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттің нысаналы несиелері көбінесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн.теңге (яғни бөлінген несиенің алтыдан бір бөлігі) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнімнің серпіні өндірістің шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1991 жылдың басына қарай жалпы ішкі өнімнің көлемі 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесінде таза жинақ қаражат — өндірісті тұрақтандыратын әлеуетті инвестициялар өсуге тиіс еді. Алайда, жинақ қаражат күткендегідей өсе қоймады: халықтың салымы не бары 606,9 млн. теңгеден 1673,5 млн. теңгеге дейін ғана көбейді, ал банкілердегі ағымдағы, есеп айырысу және депозиттік шоттардың қалдықтары тиісінше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейді. Сөйтіп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндірістің құлдырауын ұшықтыра түсті. Тек 1994 жылы ғана Қазақстан өз өнеркәсібінің ширегінен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргізуді талап етті, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрі нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгізудің нәтижесінде экономика дәрменсіздіктен серпіліп, макроэкономика тұрақтану үшін жағдай жасауға мүмкіндік туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кірді, ол елге дағдарысты еңсеру үшін нысаналы несие бөлді.
Үшінші кезеңде (1995-97жж.) макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай максаттарды алға қойды; нарықтық экономикалық институттарды мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту; инвестициялық және сақтандыру компанияларын; биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткізу; атаулы жалақыны шектеу; берілетін несиелерді шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн.теңгеден аспайтын) белгілеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды, рыноктер мен нарықтық кұрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 1996 жылдың қарсаңында теңгенің валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. — 1 долл. үшін 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. — 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсіптің сыртқа шығаруға бағдарланған бірқатар салаларында өндіріс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экономикалық қайта кұрулар қаржы жүгін республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке беру, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік сала мекемелерінің қызметіне жаңа экономикалық бәсекелестік қатынастарды енгізіп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері мен көлемдерін үлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негізгі қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгісіне көшу негізінде қаржыландыру жүйесін өзгертумен ұштастырыла жүргізілді, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негізгі көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 1994 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 14,1 млрд. теңге деңгейіне дейін көбейді. 1997 жылдың бас кезіндегі экономиканың жай-күйін мынадай факторлармен сипаттауға болады; іс жүзінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы босатылды немесе ырықтандырылды; негізгі заңдық актілер өзгертілді, олар реформаларды жүргізуге мүмкіндік туғызды, сыртқы экон. кызмет ырықтандырылды; нарық талаптарына сай келетін жаңа салық базасы жасалды; меншікті каржы рыногі құрылды; банк жүйесі жаңғыртылды; оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттін бағалы қағаздар рыногі құрылды; мемлеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді.
2.2 Нарықтық экономикалының қалыптасуы және Қазақстандық үлгісі
Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (жалпы бөлімінің, содан соң ерекше бөлімінің) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңның қабылдануы мен 1995 жылғы 1 наурыздан іске қосылуы заңнаманы дамытудағы ірі қадам болды. «Шаруашылық серіктестері туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Лицензиялау туралы», «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» және т.б. заңдар қабылданды. 2001 жылдың бас кезінде қабылданған «Жер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдардың зор маңызы бар. Сол арқылы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың және республикада бизнесті дамытудың қажетті құқықтық негізі шетелдік инвесторлар үшін жеткілікті екені туралы режим жасалды/15-126 б./.
Информация о работе Рынок: мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі