Рынок: мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 07:25, курсовая работа

Описание

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында былай деп атап көрсеткен: «Біз нені орнатқымыз келетінін, таңдап алынған мақсатқа қалай жететінімізді өзіміз білуге және түсінуге тиіспіз. Өзіміздің басты мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларды таңдап, осы жолмен ілгері басу кезінде ерік пен шыдамдылық көрсетіп, біз өзімізді жат бұрулардан, күш-қуатты, уақытты және ресурстарды өнімсіз жұмсаудан сақтандырамыз. Күшті стратегияға және нысаналылыққа ие бола отырып, біз өз жолымызда тұрған кез келген үлкен бөгеттерден ойдағыдай өте аламыз».

Содержание

Кіріспе ...............................................................................................................3-4
І. Нарықтық экономиканың мәні
1.1. Нарық түсінігі және нарықтық механизмнің қалыптасуы...................5-10
1.2. Нарықтың түрлері, құрылымы................................................................10-13
1.3. Нарықтық жүйенің мәні және принциптері............................................13-16

ІІ. Қазақстан Республикасындағы постсоциалистік нарықтың қызметтері мен құрылымы, негізгі мәселелері
2.1. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы
мен дамуының мәселелері...............................................................................17-20
2.2. Нарықтық экономикалық қалыптасуы және Қазақстандық үлгісі.......20-23
2.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру
жолдары.............................................................................................................24-26
Қорытынды.......................................................................................................27-28
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Қосымша материалдар.....................................................................................30-32

Работа состоит из  1 файл

Оспанова Зере.doc

— 238.50 Кб (Скачать документ)

«Табиғи  монополиялар туралы», «Бәсекелестік және  монополистік  қызметіт шектеу туралы заңдардың» жүзеге асырылуына  маңызды  мән берілуде, олардың негізгі мақсаты – республикада  рынокты реттеу, еркін бәсекелестікті, кәсіпкерлікті  ынталандыру және  тұтынушылардың мүдделерін қорғау.  

1997 жылдың бас кезі  нарыққа өту жолындағы Қазақстанның аграрлық секторында жаңа әлеуметтік-құқықтық нысандардың бой көтеруі түбегейлі өзгеріс кезеңі болып табылады. Тап осы кезде шаруашылық жүргізудің әлеуметтік жүйесінен нарықтық жүйеге көшудің алғашқы сатысы аяқталды. Республика бойынша 1991 жылдың 1 қаңтарына 2183 мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорыны болса, 1997 жылдың 1 қаңтарына олардың саны 77-ге дейін қысқарды. Бұл кезеңде барлығы 2106 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, яғни олардың жалпы санының 96,64%-ы жекешелендірілді, ал қалған бөлік мемлекет қолында қалды, бұл – тәжірибе стансалары, тұқымдық, жаңа сорттарды сынаушы шаруашылықтар, сондай-ақ басқа басқа да ғылыми мекемелер. 

        Қазақстан Республикасының экономикасы  сапалы, жаңа кезең деңгейіне  аяқ басты. Алда тұрған келеулі  де, күрделі әлеуметтік өзгерістерді шаруашылық жүргізудің қалыптасқан экономикалық тетіктерін жан-жақты зерттеп, кемшіліктерін анықтап, жетілдіру жолымен ғана іске асыруға болады. Шаруашылық жүргізу жүйесі элементтерінің өзара байланыссыз, үйлесімсіз қызмет етуі аграрлық сектор тиімділігін төмендетеді.     Ауылшаруашылық кәсіпорындарының дамуы еңбек ұжымдарының шаруашылық іс-әрекетін ынталандыру нысандарының күрделі жүйесін туғызатын белгілі бір өндірістік қатынастар жүйесімен анықталады. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының, оның шаруашылық топ телімдерінің қызмет етуі мен дамуында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің маңызы зор.        

Қазіргі таңда шаруашылық жүргізу тетіктері деген ұғымдарға  қатысты әлеуметтік қөзқарастар  қалыптасқан. Біздің әлеуметтік қөзқарасымыз бойынша, экономикалық тетіктер экономикалық заңдар талаптарына сәйкес жүзеге асыру  бағыттарын түсіну арқылы қоғамның тарихи дамуының әрбір кезеңінде қайта қаралып, жаңадан қалыптастырылуы мүмкін. Аталған экономикалық заңдар адамның қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұны мемлекеттік, ұжымдық және жеке адам мүдделері ескеріле отырып, шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің қызмет етуіне мүмкіндік жасайтын қозғаушы күштің қалыптасуы деп түсінуге болады.     Шаруашылық жүргізу тетіктері деп, бүкіл мемлекеттік тетігінің ортақ мақсатқа ықпал жасайтын, оған жатуге итермелеп, қызмет атқаратын бірыңғай ірі  қозғаушы күшке айналуын айтады. 

Шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетіктері шаруашылық жүргізу тетіктерінің құрамдас бөлігі. Оларды өндірістік қатынастар жүйесі шеңберінде қарастыру қажет. Экономикалық теория тұрғысынан, әлеуметтік өндірістік қатынастар – бұл материалды құндылықтар өндірісі, оларды үйлестіру, айырбастау, тұтыну барысында адамдар арысында қалыптасып отыратын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Сонымен бірге, олар кез-келген өндіріс тәсілінің қажетті шарты.  

Шаруашылық жүргізу  тетіктерін жетілдіру өздігінен емес, өнім өндірісін барынша көбейту құралы ретінде маңызды іс болып есептелінеді. Олай болса, шаруашылықты жүргізу тетіктерінің қызмет құрылымын мына түрде сипаттаған жөн:   

- ұйымдастыру экономикалық  тектіктер – бұл шаруашылық  жүргізу тетіктерінің негізгі және бастапқы буыны болып табылады (иелік ету құқықтарының әдістері мен жүзеге асыру тетіктері, материалдық ынталандыру, өндірісті басқару мен ұйымдастыру, жауапкершілік, т. б.) және құқықтық, моральдық эстетикалық мөлшерлер шеңберінде материалдық игіліктердің өндірісі, айырбас пен үлестіру, тұтыну қатынастарының жүйесін реттейді;        

- құқықтық тетіктер (әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, саяси құықтар)  – ол меншіктің түрлерін және  азаматтардың негізгі құқықтары  мен еркінділігін заң жүзінде бекітеді;       

-   әлеуметтік тетіктер (еңбек пен денсаулықты қорғау, әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік  қамсыздандыру, т. б.) – ол жеке  тұлғаның дамуы мен әлеуметтік  теңдікті қамтамасыз ететін және  адамдар қажеттілігін қанағаттандыру  бойынша экономикалық қызмет нәтижелерінің жүзеге асырылуын реттейді.      

        Қазақстан экономикасының әлеуметтік ерекшеліктері. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикамызда әртүрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес. 

        Қазақстанның әртүрлі аудандары  мен аймақтарындағы халық шаруашылығында  қалыптасқан құрылымдарының негізгі  ерекшеліктері қандай?  

Өндіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар.  Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина құрылысы және металл өндеу, химия өнеркәсібі дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабынан сай келмейді. Өндірілетін жалпы өнімнің 7% ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі.  Шығыс аймақтары өздерінің табиғат және ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және т. б. салалары басым. Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібтерінің дамуы ерекше көзге түседі.    

        Оңтүстік аймақтарында республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60%, тері өндірісінің 40 орналасқан.

Ауыл шаруашылығы. Қазақстанда егін және мал шаруашылығын дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар – құнарлы қара топырақты  солтүстікте  және сұр топырақты  оңтүстікте жер алаңдары.  Республикамыз бидай өндіру мен оны сатуда бұрыны КСРО-да екінші Ресейден кейін орын алатын. Бидай өндіретін ірі аймақтар – республикамыздың солтүстік облыстары. Бүкіл егіс алқабының шамамен 62% осы облыстардың үлесіне тиеді. Қазақстан қой мен ешкінің саны бойынша бұрынғы одақтас республикалардың ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тығыз қоныстанған, еңбек ресурстары жеткілікті Оңтүстік Қазақстан облысы мал саны бойынша артта қалушылығ байқалады. Солтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Сондықтан бұл әлеуметтік айырмашылық табиғат пен ауа-райының ерекшелігінен ғана емес, сонымен қатар, түптеп кегенде халық шаруашылығы құрылымының едәуір айырмашылықтарынан туындап жатыр. Бұл жағдайда Солтүстік аймақта Павлодар /село тұрғындары – 37/, Онтүстікте Алматы облыстарын / Алматы қаласын есептемегенде, мұнда село халқы 75 процент / атап айтқан жөн. Павлодар облысындағы бұл ерекшелік – Павлодар – Екібастұз ірі териториялық өндірістік кешенінің қалыптасуына, ал Алматы облысындағы өнеркәсіптің негізінен – Алматы қаласында орналасуына тікелей байланысты/7-542 б./.   

Қорыта айтқанда, Қазақстанның халық шаруашылығындағы қалыптасқан салалық құрылым – біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы Одақтың бірыңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде «бәрін бір өзі шешу» зардабын тигізгендігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдырдың ортасында 73 жыл бойы құрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, республика индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3 проценттің төңірегінде. Мұның өзі халықтың қажетін 40-50 процент қана қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз – небары 20-30 процентке сәйкес келеді. Бұл әлеуметтік көрсеткіш нақты түрде берілген.

Оның үстіне, шикізат  пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен  төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінше жоғарылатылғандықтан баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар  салдарынан әлеуметтік жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, республика территориясындағы өнеркәсіптің басым үлесі, яғни 93% республика қажеттерін елей бермейтін бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды.     Ауыл шаруашылығы өндірісінің өндірушілері қоғамның әлеуметтік экономикалық өмірінің басқа субъектілерімен, әсіресе нарықтық қатынастағы әріптестерімен бірдей жағдайда емес. Олар бір-бірінен алыс жатқандықтан ақпарат жетіспеушілігін сезінеді.

 

 

2. 3  Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру жолдары

 

        Өнім сапасын арттыру әрбір кең кәсіпорындарының, цехының немесе өндірістік аймағының ең маңызды міндеті болып табылады.     Кең өнеркәсібі кәсіпорыны пайдалы қазбаларды өндірумен қатар нақтылы көлемде тау жыныстарында өндіреді. Бұл тау жаныстары пайдалы қазбалар кендерін ашуға және дайындауға бағытталған жер асты жұмыстарының жиынтығын орындау нәтижесінде шығады. Сондықтан пайдалы қазбаның сапасы тек қана табиғи мәнімен анықталмайды, сонымен қатар өндіруші технологиялық сызбаның ерекшелігімен анықталады.    Пайдалы қазбалар қорының таусылуы және оның құрамындағы қажетті коспалардың азаюы кен кәсіпорыны жұмысының экономикалық тиімділігінің күрт төмендеуіне әкеледі. Қара және түсті металдар кенін өндіруді және қайта өндеуді басқарудын тиімді технологиялық процесін және әдісін құру облысында жеткен маңызды жетістіктерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін кен орындарын барлаудан кен ағымдарын оперативті басқаруға дейінгі кең массасының сапасын басқарудың кешенді үздіксіз динамикалық жүйе ретіндегі  ғылыми негізі және методологиясы қалыптасырылмаған.   Біздің зерттеуімізде кен орындарының және металдарды алуды бағалаудың көп кезеңді геометризациялау негізінде кең массасының сапасын басқару жүйесін жасаудың негізгі бағыттары анықталды.     Басқарудың негізгі объектісі ретінде жалпы кен орындары, оның аймақтары және қалыптасатын кен ағымдары қарастырылды.     Жасалған таулық-геометриялық модельдер негізінде ұзақ мерзімдік, ағымдық және оперативтік интервалдардағы басқару қызметі жасалды, рудалық массалардың сапасын басқаруда уақыт және кеңістіктің өзара байланысы қамтамасыз етілді.          Сапаны басқару кезінде тек пайдалы қоспалардың құрамын есепке алу жеткіліксіз. Көптеген кен кәсіпорындарының қайта өндеу процесінің тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларына руданың минералдық құрамы, олардың физика-механикалық сипаты, зиянды қоспаларының мөлшері және т. б. жатады.             Сапаны басқарудың жалпы міндетіне руданы орташаландыру міндеті енгізіледі. Және сапаны басқару сияқты сапаны орташаландыруға да ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін рудаларды өндіруді ұйымдастыру бойынша іс-шаралары енеді.            Сапаны басқарудың жалпы жүйесіндегі әрбір звеноның қызметі алдыңғы звеноның қызметіне тәуелді болады және соңғы звеноның жұмысын анықтап береді. Сондықтан сапаны басқару жүйесінің жұмыстары жалпы алғанда жер қойнауындағы кен сапаның өзгеруімен, қолданылатын жүйенің құрылымы және параметрлерімен, сонымен қатар өндірілетін минералдық шикізатты қайта өндеудің негізгі процесіне қойылатын талаптарымен анықталады.             Руданың сапасын басқару оперативті – смена ішінде немесе тәуліктерде (оперативтік басқару) немесе үлкен уақыт аралығында (перспективтік басқару) орындалуы мүмкін. Алынған пайдалы қазбалардың сапалы құрамын перспективтік басқару сәйкес уақыт кезеңінде кен жұмыстары жоспарлаумен жүзеге асады. Сапаны оперативті басқару мен көліктерінің жұмыстарын оперативті басқарумен шешіледі, сонымен қатар кең байыту және металлургиялық кәсіпорындардың технологиялық тізбектеріндегі арнайы орталықтандырылған құрылғыларда пайдалы қазбалардың кезекті жүрілетін ағымы кезінде де анықталады.     Қайта өндеуге жіберілген кен ағымының сапалы құрамының біртексіздігі  кен сапасының өзгермелігіне, жеке ағымдардан жалпы руда ағымының қалыптасу ерекшеліктеріне, орташаландыру шалаларының нәтижелеріне, сонымен бірге қайта өңдеудің аралық технологиялық процестеріне мысалы, бөлшектеу, сорттау және т. б. байланысты.        Экономикалық егемендік жарияланғанымен, нарықтық экономика негізгі тетіктерін – қаржы, несие, баға жүйесін, ақша айналымын, алтын және валюта қорларын, сыртқы экономикалық қатынастарды және басқа да басқару тетіктерін республика жағдайына сәйкес әлі де болса жете қолдана алмай отырмыз.             Мұның өзі ең алдымен егемендік, меншік, табиғат байлығына иелік ету және өндіріс салаларын республика халықтарының саяси-әлеуметтік мүдделеріне бағыттау мәселелеріне қатысты. Бұл ретте республика экономикасында өндіріс құрылымын жақсарту қажеттілігі туындайтыны заңды мәселе. Экономикада өндіріс құрылымын халықтың мүддесіне сәйкес қайта құрмайынша болық егемендікке қол жетпейді.       Нарықтық қарым-қатынасқа көшу қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Нарықтық қатынасты қалыптасыруды өндіру, тұтыну, бөлу пропорцияларын реттеп отыруға баға және қаржы тетіктері арқылы жүргізіледі. Өндіруші мен өндеуші өндірісті өркендетуге ынталандыра баға деңгейімен реттеледі.         Қолданылып жүрген бағалар жүйесі көп жағдайда өнім өндірушілердің шығыны негізінде құрылып, сұраным мен оны қанағаттандыруды ара қатынас толық ескермейді. Қазіргі кезде сұраным толық қанағаттандырылмай, өнім тапшылығына айқын сезіліп, өнім шығару бәсекесі қалыптаспай тұрғанда бағаның шығын негізінде пайда үшін бір жақты көтерілуі баға шиеленісін шешкен жоқ, қайта күшейте түсті. Өндіруші өндіріс пен өндеуші өндіріс өнімдерінің баға деңгейі арасындағы қайшылықтар, яғни шикізат өндіру салаларындағы бағаның тиімсіздігі Қазақстан экономикасына орасан нұқсан келтіруде. Нарықтық экономикада баға деңгейі нарықтық қатынас негізінде қалыптасады. Өндірістің барлық салаларында еңбек тиімділігі тең болуы шарт  және оны республиканың егемендігі негізінде жүзеге асыруға болады. Еліміздің байлығын ұқыпты пайдалану әрбір кәсіпорынның, жалпы өндірістің басты мүддесі болуға тиісті. Осы мүддеге жету жолына жалпы халықтың ынта болуы керек. Кәсіпорындарды, жеке еңбек жымдарын және адамдарды осы мақсатқа ынталандыру, экономикалық тәсілдері кеңінен қолданып, баға тетігін пайдалану, салық мөлшерін қысқарту, жеңілдетілген несие, қаржы беру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар табиғат байлығын ұқыпты пайдалану жауапкершілігін арттыру да қарастырылады; орынсыз шығынға, ысыралқы жол бергені үшін айып төлеу, табиғат қорын пайдаланғаны үшін төленетін төлемдер, айналадағы ортаны ластағаны үшін төлемдер, айып төлеу белгіленеді.          

        Нарық қатынасына өту кезеңінде:  егемендік, меншік, баға, табиғат  байлығын пайдалану, өндірістік  бизнес тиімділігін арттырып, экономиканы  тұйықтан шығаруға және реформаны  елеулі түрде жетелдетуге әсер  етеді. Меншік пен бағаның теориялық  негіздерін зерттеу – экономикалық егемендікке жету үшін, республика экономикасының өндіріс құрылымының тиімділігін арттыру үшін қажет.          Еліміздің егемен мемлекет болып, жеке экономикалық саясатты жүзеге асыруына байланысты құн және баға жүйесін жүзеге асырып жатқан мемлекеттік реформалар бағдарламасы жаңаша шешімдерді талап етеді. Осы уақытқа дейін ғылымның өзі елімізде өндірілген өнімдердің құн заңына сәйкес баға қойып, онан талқан пайданы халық игілігіне таратудың көздерін терең ашуға бағытталмаған/15-54 б./.   

        Әлеуметтік-экономикалық  дамуда, оның жолын салуда, деңгейлерін есептеп шығаруда – жалпы  экономикалық  талдаудың маңызы зор.

1991 жылы  тәуелсіздік   алған кезінде Республиканың   экономикалық  тұжырымдамасы   болған  жоқ, оның экономикасы   беталды дамыды,  соның салдарынан Қазақстан терең дағдарыста болып отыр деген сөздер жиі айтылған.

Ең алдымен нарықтық экономикаға өту – ұзақ, күрделі және қарама – қайшы үдеріс  екенін  ескеру керек. Дүниежүзілік  тәжірибе  бүкіл шаруашылық  жүйесін түбегейлі  қайта  құруға  байланысты  әлеуметтік – экономикалық  реформалар өндіріс  деңгейінің, халықтың  тұрмыс  деңгейінің  елеулі төмендеуіне әкеліп соғатынын дәлелдейді.

Міне, осындай мәселелерді  қарастыра келіп, нарық және оның алғышарттары мен құрылымын зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, мынадай тұжырымға келдім: нарық қатынасына өту кезеңінде: егемендік, меншік, баға, табиғат байлығын пайдалану, өндірістік бизнес тиімділігін арттырып, экономиканы тұйықтан шығаруға және реформаны елеулі түрде жетелдетуге әсер етеді.

Меншік пен бағаның  теориялық негіздерін зерттеу –  экономикалық егемендікке жету үшін, республика экономикасының өндіріс  құрылымының тиімділігін арттыру  үшін қажет.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

Рынок — тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі-жақты байланыс; тауар-ақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдық-құқықтық нормалардың, құрылымдардың және т.б. сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтық. Рынок — ол сатып алу-сату қатынастарының бірден-бір жүйесі, оның құрылымдық элементтеріболып: тауарлардың, капиталдардың, жұмысшы күшінің, құнды қағаздардың, идеялардың, ақпараттардың және т.б. рыноктары саналады. Рынок — нарықтық экономиканың негізі.

Рынок — ол жеке тауарлар мен қызметтерді көрсетіп, сатып алушылар (сұраным ұсынушылар) мен сатушыларды (дайындап жеткізушілерді) ұштастыратын құрал немесе тетік. Кейбір рыноктар жергілікті ауқымда, ал кейбіреулері халықаралық немесе ұлттық сипатта болады. Олардың кейбіреулерінде сұраным ұсынушылар мен дайындап берушілер арасында тікелей байланыс болады. Ал кейбіреулерінде сатушы мен сатып алушы өзара тікелей байланыста болмайды, олар бірін-бірі ешуақта көрмейді және білмейді.

 Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және  оларды  ақшаның  көмегімен айырбастау процесінде туындайтын  экономикалық  қарым – қатынастардың  жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

        Нарық – бұл тауарлар мен қызметтердің айырбасталу процесіндегі қалыптасатын экономикалық, әлеуметтік және саяси  қатынастардың жиынтығы. Нарық – жеке заңдардың әсерінен дамитын және өндірістің жүргізілу барысына әсер ететін, бөлек дара категория ретінде жүреді.  Нарық – жеке заңдардың  әсерінен дамитын және өндірістің  жүргізілу барысына әсер ететін, бөлек  дара категория ретінде жүреді. Нарық: өндіріс, бөлініс, тұтыну элементтерімен тығыз байланыста дамитын, ұдайы өндірістің бөлінбейтін бөлігі болып табылады».

        Сонымен қатар, нарықты аумақтық өзіндік белгілеріне сәйкес былайша белгілеуге болады: белгілі бір аймақтың нарығы, салааралық бірлестіктер нарығы және әлемдік нарық. Нарықтың тағы бір құрылымын анықтайтын белгі – нарықтық  қатынастардың кемеліне  келу деңгейі, яғни  дамыған . Нарық санымен қатар әр қоғамда енгізіліп, әрекет етіп отырған заңдылыққа  сәйкестігі жағынан ашық ресми және  жасырын «көлеңкелі» нарық  болып ішінара бөлінеді.

        Қазақстанның  экономикалық даму  ерекшеліктері  әрбір дәуір  оқиғаларының  ықпалымен  тарихшылар мен экономистер  еңбектерінде  әр қырынан  қарастырылып келді. Елімізде  экономикалық   ой – пікірдің  пайда болуы мен қалыптасу тарихына, қызмет етуі мен оның қоғамдағы рөлі экономист – тарихшылардың, кеңестік ғалымдар мен бүгінгі бірқатар  зерттеушілердің  еңбектерінде талданылды. Ғылымының  әр түрлі қырларынан жазылған бұл зерттеулер мен еңбектер ұлттың рухани  мұрасын игеріп, еліміздің экономикалық  ойлау жүйесін  қалыптастыруға  теория жүзінен үлкен еңбек сіңірді.

Қазіргі таңда шаруашылық жүргізу тетіктері деген ұғымдарға қатысты әлеуметтік қөзқарастар қалыптасқан. Біздің әлеуметтік қөзқарасымыз бойынша, экономикалық тетіктер экономикалық заңдар талаптарына сәйкес жүзеге асыру бағыттарын түсіну арқылы қоғамның тарихи дамуының әрбір кезеңінде қайта қаралып, жаңадан қалыптастырылуы мүмкін. Аталған экономикалық заңдар адамның қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұны, мемлекеттік, ұжымдық және жеке адам мүдделері ескеріле отырып, шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің қызмет етуіне мүмкіндік жасайтын қозғаушы күштің қалыптасуы деп түсінуге болады.     Шаруашылық жүргізу тетіктері деп, бүкіл мемлекеттік тетігінің ортақ мақсатқа ықпал жасайтын, оған жатуге итермелеп, қызмет атқаратын бірыңғай ірі  қозғаушы күшке айналуын айтады. 

Информация о работе Рынок: мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі