Тұлғааралық қарым-қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 08:43, реферат

Описание

Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк.........................................................................4
1.1. Қарым-қатынас функциялары .............................................................6
1.2. Тұлғааралық қарым-қатынас................................................................6
2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы.................................................................9
2.1. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.................................................12
2.2. Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зеттеулер.....................13
Қорытынды............................................................................................................17
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................18

Работа состоит из  1 файл

реферат Тул.катынас.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

 

Жоспар.

      Кіріспе...........................................................................................................3

1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк.........................................................................4

      1.1. Қарым-қатынас функциялары .............................................................6

    1.2. Тұлғааралық қарым-қатынас................................................................6 

2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы.................................................................9

     2.1. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.................................................12 

     2.2. Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зеттеулер.....................13 

Қорытынды............................................................................................................17

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе. 

      Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік  мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге  қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.

      Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында  білім беру жүйесінің басты міндеті  – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.

      Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
  1. Қарым –  қатынас туралы түсiнiк.

       

      Адам  қоғамда өзiн қоршаған адамдар  тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.

        Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң  рухани, материалды даму деңгейiмiздiң  қандай дәрежеге көтерiлгенiн  бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.

        Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық  өлшемдерi бар қоғам.

        Микро және макроортаның кездесетiн  жерi, олардың өзара әрекеттесетiн  шек – бұл кiшi топ, онда  бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.

        Қарым-қатынас психологиясы мынандай  құбылыстарды зерттейдi; адамдардың  бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру,  ұйымшылдық немесе жанжалдық,  бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық  қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

        Қарым-қатынас тарихи алғашқы  форма болып табылады оның  негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

        Адамдар түрлі әлеуметтiк топтардың  құрамына кіреді. Адам бір уақытта  белгілі жұмыспен айналыса алады,  спорт клубының мүшесі бола  алады, қоғамдық қызметтер атқара  алады, саяси өмірге араласа  алады және сонымен қатар отбасындағы  әке мен шеше міндеттерін де атқара алады. Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады.

        Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл  бiр-бiрiне уақыт аралата әсер  етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу. Мұндай әрекетте екi адамның немесе бiрiккен әлеуметтiк топтың қарым-қатынасын айтамыз.

        Қарым-қатынас туралы ұғым:

       1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi.

       2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен  жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу.

        Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың  көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді  ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары [5]

        Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар:

        Тұлға диспозициясы – бұл әрекеттiң  белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi.

        Өмiр салты – бұл адамдардың  тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары  типтiк болып табылатын өмiр  сүру формасы.

        Әлеуметтiк институт – бұл  адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары.

        Фактiлiк қатынас. Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс.

        Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк. Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi.

        Өркениет Еңбек бөлiнiсiмен қоғамдық өмiрмен әлеуметтiк топта жiктелiнудiң пайда болумен өнеркәсiптi тұтынумен таратуды рационализациялау материалдық өндiрiске ғылымның өмiрiмiздiң барлық салаларына құқықтық нормалардың енумен адамдардың мiнез-құлқын және олардың өзара қатынастарын нормативтiк құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi.

        Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында  өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа барамыз, бiр ортақ iстi орындаймыз. Кез-келген жағдайда бiз адамен қалсақ та қалмасақ та қарым-қатынасқа түсемiз яғни ата-аналарымызбен, құрдастарымызбен және т.б. Осылайша бiз бiреулердiң жақсы екенiне бейтарап қараймыз , ал бiреулерiн жек көрiп қараймыз. Егер өзiмiздi бақылап көрсек бiздер мынан байқауымызға болады. Өзге адамдармен қатынаса отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынас тәжiрибесi арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады. Ол:

        Микроорта – микроортадағы қарым-қатынастың  арқасында бiздiң әрқайсымыз анағұрлым  кең әлемдi танып нымен қарым-қатынас  жасайды басқаша айтқанда макроортаның  әсерiн сезiнедi.

        Макроорта - өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңдары, қоғамдық нормалары және басқа да осындай жетiстiктерi бар қоғам.

        Бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтiп  жатқан шағын топ.

        Микро және макроорта тоғысатын  орын, олар әрекеттесетiн шет болып  табылады.

        Макроортаның өзiне тән көрiнiстерi.

        Алдыңғы және қазiргi ұрпақ бiлiмi  мен тәжiрибелерiн адам, дәл осы  шағын топтарда отбасында, көшеде  т.б. өзiнiң микроортасында меңгередi. Тұлға қоғаммен тiкелей емес  өзiнiң арласатын ортасы ғана  әрекеттседi.

       -микроорта: отбасы, мектеп, көше, өндiрiс  және т.б.

       -шағын топ: тiкелей қарым-қатынас.

       -макроорта: өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы.  
 
 

    1. Қарым-қатынас  функциялары.
 

        Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас  көп функциялы. Қарым-қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге  болады.

       1. Прогматикалық функция – адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.

       2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы  функциясы - бұл адамдық тұлға  ретiнде дамуы және қалыптасу  процесiнде танылады. Шындығында  үлкен мен қарым-қатынас жасамай  болмайды.

       3. Растау функциясы – бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады.

       4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру  және қолдау функциялары. Кез-келген  адамдардың қарым-қатынасы өзге  адамдарды бағалаумен және белгiлi  бiр жақсы немесе жаман эмоцияналды  қатынастарды орнатумен, байланысты  тiптi адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады.

       5. Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы.  – бұл маңыздылардың бiрi. Өз-өзiмен  жүргiзiлген диалогтың негiзiнде  бiз белгiлi бiр шешiмдер қабылдап  маңызды әрекеттерге барамыз.  Мұндай iшкi қарым-қатынасты адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады. 
 

      
    1. Тұлғааралық  қатынаc.
 

        Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған.

      Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген  психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

      Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға  болады:

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас