Тұлғааралық қарым-қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 08:43, реферат

Описание

Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк.........................................................................4
1.1. Қарым-қатынас функциялары .............................................................6
1.2. Тұлғааралық қарым-қатынас................................................................6
2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы.................................................................9
2.1. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.................................................12
2.2. Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зеттеулер.....................13
Қорытынды............................................................................................................17
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................18

Работа состоит из  1 файл

реферат Тул.катынас.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

      2.1. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері 

      Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.

        Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың  екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне  ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.

      Сондықтан  қазіргі  психологияда  тұлғааралық  қатынас  сипатын  бағалауға  бағытталған  психодиагностикалық  құралдардың  көптеген  түрлері  бар.

        Практикалық  психолог  тұлғааралық   қатынас  мәселесімен  жұмыс   жасағанда  түрлі  негізде   құрылған  психодиагностикалық   әдістемелер  жүйесіне  бағдарланады.  Ол  жекеленгенде  былай  жіктелуі  мүмкін:

      а)  обьект  негізінде  (топтар арасындағы  қатынас,   ішкі  топтардың процестері,  диадалық  қатынастардың диагностикасы);

      б)  зерттеу  шешетін  міндеттер  негізінде  (топтың  ұйымшылдығын,  сәйкестігін  және  т.б.  анықтау);

      в) қолданылған  әдістемелердің  құрылымдық  ерекшеліктері  негізінде (сауалнамалар,   проективті  әдістемелер,  социометрия және  т.б.);

      г)  тұлғааралық  қатынасты  диагностикалаудың  бастапқы  есептеуі  негізінде  (субьективті  қалаулар  әдістемесі,  қарым-қатынасқа  қатысушылардың  жеке  мінездемесін   анықтау  әдістемесі,  тұлғааралық  қатынастың  субьективті  бейнеленуін  зерттеу  әдістемесі  және  т.б.)  
 
 
 

      
    1.  Тұлғааралық  қарым-қатынаста жүргізілген зерттеулер.
 

      Зерттеушілердің көпшілігі сөйлеу саласы ақпаратты  жеткізу үшін қолданылса, бейвербалды  сала тұлғааралық қарым-қатынастарды талқылау үшін, сезім күйлерін білдіру үшін, ал кейбір жағдайларда сөз арқылы хабар жеткізудің орнына да қолданылатыны туралы пікірді жақтайды. В.А.Лабунская өзінің еңбегінде бейвербалды қарым-қатынастың атқаратын қызметі туралы мәселені жан-жақты қарастырып, вербалды қарым-қатынас түрінің тұлғааралық қатынастар тұрғысынан көп функционалды екенін және оның бірқатар маңызды қызметтерін де атап көрсетеді. Оқытушылар үшін бейвербалды қарым-қатынастардың оқыту үдерісінде алатын орны ерекше. Назар аударатын бір мәселе, әдетте, педагогтың мән бермеуіне қарамастан, бейвербалды қарым-қатынас тәсілдері әрдайым оқу-тәрбие үдерісінде тиісті деңгейде қамтылып отырады.

      Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының  мiндетi – адам бойындағы жақсы  қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк студенттерді тәрбиелеу. Ал дәстүрлі педагогикада жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытушы студентті объекті ретінде қабылдап келсе, қазіргі таңда тек субъекті ретінде мән беруді басшылыққа алуда.

      Студент субъекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі  көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзі  анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі  реттеу және т.с.с. үдерістердің мәні мен  маңызын ұғына білсе, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай туындайды..

      Студенттің  қатынас жасау типтерін зерттеген  еңбектерді қарастыра отырып, студенттердің  қарым-қатынас жасау қабілетін  үш түрге бөліп қарастыруға болатындығын Л.А.Перовская, Ю.М.Лотман, М.И.Рыданов  және Б.Ф.Ломовтардың еңбектерінен көреміз:

      1) Жалғыздыққа бейім өзімен-өзі  жүретін студент. Оны айналасындағы құрдастарымен қарым-қатынас жалықтырады. Ол өзімен-өзі жалғыз қалғанда немесе өзі ұнататын ісімен айналысқанда ғана өзін жайлы сезінеді.

      2) Жұптасқан қарым-қатынас түріне  бейім студент. Оның жанында сенімді досы немесе құрбысы болуы қажет. Ол доссыз немесе құрбысыз толыққанды өмірді сезіне алмайды.

      3) Топтық, ұжымдасқан қарым-қатынас  түріне бейім студенттер. Мұндай ұжымдасқан немесе бейімділіктеріне қарай топтасқан студенттерден дұрыс бағыттағы салауатты қарым-қатынастағы ұжымдар да, сондай-ақ, қоғамдағы жағымсыз әрекеттерге баратын топтар да қалыптасуы мүмкін.

      Оқыту үдерісінде топ ұжымын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас орнату – күрделі және жауапты үдеріс. Бұл тұрғыдан, ең бастысы – адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою қажет. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни олар: әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылықтар шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да, оқытушы мен студенттің арасында субъективті қатынасты қалыптастырады.

      Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысындағы  негізгі жұмыс бағыты -  студенттердің  адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде студенттердің іс-әрекеті мен қылықтарынан адамгершілік қатынасты байқауға болады. Олай болса, біздің түсінігімізше, оқытушылар мен студенттердің басқа адамға деген қатынасын – гуманизм; өз-өзіне деген қатынасын – қадір-қасиет; еңбекке деген қатынасын – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық; ұжымға деген қатынасын – ұжымшылдық; Отанға деген қатынасын – отансүйгіштік, патриотизм; табиғатқа қатынасын – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті деп ұйғарамыз.

      Оқыту үдерісінде қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары – педагогика және психология ғылымдарының ең күрделі мәселелерінің бірі. Педагогикалық қызметте қарым-қатынас барысында кез келген кедергіні жеңуге қарым-қатынас жасаудың дұрыс тәсілдерін таңдау, дәлірек айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс стилін таңдау мол мүмкіндіктер береді. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас стилі – әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория. Ол қоғамның және тәрбиешінің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын сипаттайды. Қарым-қатынас стилі арқылы бірқатар ерекшеліктер бейнеленеді: педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, педагог пен студенттер арасында қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынастың сипаты, педагогтың шығармашылық дербестігі және студенттер ұжымының ерекшеліктері. Ал студенттермен қарым-қатынасты ұтымды ұйымдастыруда педагогикалық стильді дұрыс таңдап алу педагогтың жұмыс ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшеліктер арқылы қарым-қатынастың екі түрін ажыратуға болады:

      1. Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас барысында әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешіліп, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен қоғамдық қатынастар жүзеге асырылады.

      2. Жеке-бағдарлы қарым-қатынас – белгілі бір бірлескен әрекеттерге бағытталған іскерлік қарым-қатынас.

      Екінші  бөлім «Оқыту үдерісінде тұлғааралық  қарым-қатынастарды қалыптастырудың жолдары» деп аталды. Бұл бөлімде оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мазмұны, әдістемесі және оның нәтижесі баяндалды.

      Аталған мәселелерді зерттеу өз кезегінде  өте өзекті және күрделі болып  табылады. Мәселенің күрделілігі  және оған деген жаңаша көзқарастар  зерттеушіден тәжірибелік-зерттеу  жұмыстарының бағдарламасын құруды талап етеді. Осыған орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері мен эмпирикалық болжамдары айқындалды.

      Тәжірибелік-зерттеу  кезеңінің мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, оны жүзеге асырудың қазіргі талаптарға сай әдістемелік негізін жасау және оның ұтымдылығын тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу.

      Зерттеу жұмысының жалпы ғылыми болжамын нақтылау мақсатында бірқатар тәжірибелік-эмпирикалық  болжамдар жасалды:

      Бірінші эмпирикалық болжам – оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі дайындалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастардың жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізуге болады.

      Екінші  эмпирикалық болжам – оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.

      Үшінші  эмпирикалық болжам – оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары ұсынылса, онда коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы жүзеге асады.

      Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде тұлғааралық  қарым-қатынастарды қалыптастырудың  педагогикалық шарттарын айқындау үшін жоғары оқу орындарында тұлғааралық  қарым-қатынасты қалыптастыруға байланысты элективті курсты енгізудің қажеттігі  анықталды. Себебі тұлғааралық қарым-қатынас туралы тақырыпшалар психологиялық, әлеуметтік психологиялық және педагогикалық оқу құралдарында болғанымен, «Тұлғааралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы оқыту үдерісіне енгізілмеген. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысының барысында «Тұлғааралық қарым-қатынастар» атты элективті курстың бағдарламасы құрылды .

        Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру барысында шарттардың жүйесі, мақсаты және оның формалары анықталды.

      Тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру туралы теориялық тұжырымдамалар мен мәселені шешу тұрғысындағы әдістемелік ұсыныстар практикалық сипаттағы дәлелділікті талап етеді.

      Жүргізілген зерттеудің нәтижелері оқытушылардың  басым көпшілігі (әдетте бұл еңбек өтілі көп тәжірибелі оқытушылар) сабақ барысында белгілі бір қимылдарды пайдалануды алдын ала жоспарлайтынын көрсетті. Көптеген оқытушылардың сабаққа бөгде адамдар қатысқан кезде топпен қарым-қатынас жасауда өздерін сенімсіз сезінетіні, кей кезде өктемдіктің белгілері байқалатыны анықталды. Студенттердің оқуға қарым-қатынасына тәлімгерлердің ықпалын күшейту қажет екендігін түсіндіруге болады. Нәтижесінде кейбір тәлімгерлер өздерінің академиялық топ ұжымын біріктіріп, ұйымдастыру қызметін тиісті дәрежеде атқармайды. Мұның себебі тәлімгерлердің бірқатарының психологиялық-педагогикалық шеберлікті тиісті дәрежеде меңгермеуі болып табылады. Бұл жерде тәлімгерлердің педагогикалық-психологиялық даярлығының теориялық деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар оларда топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыратын педагогқа тән практикалық дағдылар мен шеберлігін, болашақ мұғалімдер арасында өзара тығыз байланыс пен ұжымдық қарым-қатынастарды нығайтатын жан-жақты ойластырылған педагогикалық жалпыға міндетті оқу жүйесінің қажеттігі айқын болып отыр.

      Оқытушылар  мен студенттердің тұлғааралық  қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі оқытушының өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар  пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы студенттерге зор ықпал ете алуымен байланысты. Осыған орай, студент оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.

      Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты  қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды. 

      Жаңа  ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық  күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске асатыны белгілі. Осындай қабілеттердің дамып, қалыптасуына жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісі шешуші рөл атқарады.

      Қазіргі жоғары оқу орындарының оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз ете отырып, студенттердің өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасап, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі тиіс. Студент өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырушы ретінде ұсынылған білім мазмұны нұсқаларын таңдау құқығын және өзінің өмірі мен қоршаған орта сапасын арттыру үшін оларды қолдану тәсілдерін пайдалануға ерікті. Сонда ғана оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастардың қалыптасуына жол ашылады.

      Әрине, алдағы уақытта осы бағытта педагогикалық  үдерісте тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру әлі де болса өзекті мәселелер қатарынан көрініс табады деп ойлаймыз.

      Сонымен қорыта келгенде, баланың жеке тұлға  ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне психологиялық  диагностиканың қосар үлесі орасан зор. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас