Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 05:40, реферат

Описание

Бұл оқу-тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де өтті. «Менеджмент» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі бір апта (6-11 маусым) уақыт аралығын қамтыды.
Оқу-тәжірибесінің мақсаты – оқу процесі барысында алынған теориялық білімді нығайту және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе ЖОО-ң басқару органдары деңгейінде талдау жұмысының машықтарын игеру және өндірістік процестің барлық жүйесінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Оқу-тәжірибесінің негізгі міндеті болып келесілер табылады;
- Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;
- Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;
- Кафедраның оқу-әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу;
- Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту.
Бұл оқу-тәжірибесі туралы есеп 3 бөлімнен тұрады;
1-ші бөлімде оқу-тәжірибесі өткен ЖОО-на жалпы шолу, яғни ЖОО-ң тарихына, құрылымына, функцияларына сипаттама беріледі.
2-бөлімде негізгі бөлім, яғни арнайы тапсырманың орындалу барысына қатысты сұрақтар қарастырылады.
3-ші бөлімде қорытынды, яғни орындалған жұмыстың қысқаша қорытындысы жазылады.

Содержание

Кіріспе
1. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу.
2. ҚазЭУ-дің білім беру жүйесіндегі сапа менеджмент қызметінің негізгі бағыттарына сипаттама.
3. «Менеджмент» кафедрасының жалпы сипаттамасы.
4.«Менеджмент» кафедрасының кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Работа состоит из  1 файл

практикалык отчет.docx

— 112.84 Кб (Скачать документ)

Кіріспе 

      Бұл оқу-тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де өтті. «Менеджмент» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі бір апта (6-11 маусым) уақыт аралығын қамтыды.

      Оқу-тәжірибесінің  мақсаты – оқу процесі барысында  алынған теориялық білімді нығайту  және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе ЖОО-ң басқару  органдары деңгейінде талдау жұмысының  машықтарын игеру және өндірістік процестің  барлық жүйесінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік беру.

      Оқу-тәжірибесінің  негізгі міндеті болып келесілер  табылады;

  • Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;
  • Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;
  • Кафедраның оқу-әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу;
  • Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту.

      Бұл оқу-тәжірибесі туралы есеп 3 бөлімнен тұрады;

     1-ші  бөлімде оқу-тәжірибесі өткен ЖОО-на жалпы шолу, яғни ЖОО-ң тарихына, құрылымына, функцияларына сипаттама беріледі.

     2-бөлімде  негізгі бөлім, яғни арнайы тапсырманың орындалу барысына қатысты сұрақтар қарастырылады.

     3-ші  бөлімде қорытынды, яғни орындалған  жұмыстың қысқаша қорытындысы  жазылады.

  Дамыған инфрақұрылым мен кадрлар әлеуеті бар Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде білім алушыларды жан-жақты дамытуды басшылыққа алып, халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру қызметі сапсының деңгейі бойынша көшбасшы болуға ұмтылуда және оған мүмкіншілігі жеткілікті.

   Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан  Республикасындағы экономикалық университеттердің  ең негізгі және көшбасшы университеттердің  бірі болып саналады. Бұл университетте  экономика және басқару саласында  сапалы, білімді, білікті кадрларды  даярлайды. Оқыту бірнеше деңгейден  тұруы мүмкін: колледж-бакалавриат, магистратура-докторантура.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не  жалпы шолу. 

          Қазіргі Қазақ Экономикалық университеті 1963 жылдың мамыр айында Алматы қаласында Халық Шаруашылық университеті (АХШУ) деген атпен құрылған. Осы жылдары бәріне әйгілі Нархоздың негізі қаланған болатын.

      Алғашқы жылдары АХШУ жоспарлы экономика, есептік-экономикалық және қаржы-несиелік факультеттері  күндізгі және сырттай нысанда жұмыс  істеді. 1964 жылы 10 мамандық бойынша аспирантура бөлімі ашылды. 1973 жылы ЖОО орнында 330 оқытушы, 7 ғылым докторы жұмыс істеді, сонымен қатар 125 адам кандидаттық қорғады. Осы жылдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында АХШУ-ң филиалдары құрылды.

      1981-1982 жылдары института 10 мамандық бойынша10205 студент, 12-111 аспирант білім алды; 540 оқытушы, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторлары, 218 доцент пен ғылым кандидаттары, сонымен қатар ҚазССР-ң 2 еңбек сіңірген экономистері қызмет етті.

     1991 жылы Алматы Халық Шаруашылық институты Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті болып қайта құрылды.Университеттің жаңа статусы аспирантура, магистратура және докторантура секілді білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берді.

     1993 жылы 25-ақпан айында “Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университетін Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясына өзгерту туралы” (ҚазМБА) елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы шықты. 

   1994-жылдан бастап «Экономика» баспасы ашылып, біздің университтетегі және басқа да көптеген мұғалімдерге өз ғылыми жұмыстарының жарық көруіне мүмкіншілік туғызды.1996 жылы ғылыми  «КазМБА Хабаршысы» деген журналдың ең алғашқы нөмері жарыққа шықты. Және КазМБА-ның ең алғашқы магистранттары оқуларын тәмәмдады. 2000 жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 775 Қаулысымен Университетке қазақ халқының  көрнекті мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткері ең алғашқы ғалым - экономисті Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.

     2001жылғы 2 сәуірдегі Үкіметтің қаулысымен «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды, яғни негізгі акция пакеті мемлекетке тиесілі болды. 2002 жылдың 2-қазаныңда әйгілі Тұрар Рысқұловтың құрметіне университтетің алдына оның мүсінін жасап қойды және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев университетке келіп, мемлекет басшысы университтегі Қазақ – Жапон адам ресурстарын дамыту орталығының ашылуына қатысты, университет оқытушыларымен, студенттерімен кездесті. 2003 жылы ҚР Ұлттық Банкімен бірігіп, МВА программасы бойынша магистратура ашылды. Мемлекетіміздегі экономикалық ВУЗ-дардың ең негізгісі болғандықтан 2003-2004 жылдары ҚР білім және ғылым министрлігінің шешімімен кредиттік технология енгізілді. Бұдан басқа 2003 жылы қосымша әскери кафедра ашылды.

     2005-жылы  университетке сапа менеджмент  жүйесі енгізілген, ол МС ИСО 9001:2000 сай және «Русский Регистр» Ассоциациясымен сертификатталып, сонымен қатар халықаралық IQNet жүйе сертификатына сай болды. 2005-жылы ҚазЭУ–де Ресей мемлекетіндегі МГУ университетінің мұғалімдері сабақ беретін халықаралық жобалардың ең негізгісі РУДН ашылып, біздің студенттерге оқу бітірген кезде екі диплом алуға мүмкіншілігі туды. 2006-жылы басқару, экономика және қаржы факультеттерінде тек қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де оқу бөлімдері ашылды. ҚазЭУ-де 2006 жылдың мамырынан бастап, жыл сайынғы «Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми форум өтеді. Оған көптеген шетелдің ғылыми зерттеу орталықтарынан ғалымдар мен мамандар қатысады.   

    Тәжірибені  өту барысында бірінші күні ҚазЭУ-дің  құрылымымен, миссиясымен таныстым. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Уневерситеттің миссиясы – экономика  және бизнес саласында үздіксіз білім  беру жолымен осы салаларды бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етіп, олардың талаптарын қанағаттандыру.

      Осы бөлімде  Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ өзінің миссиясын жүзеге асыру  үшін тек студенттер мен мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар

сапалы  кадрларды даярлауға қажетті  оның иелігіндегі мүлікі мен құрылымына тоқталдым.

     «Тұрар  Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ құрылымына кіреді:

  • Басты ЖОО - Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ;
  • Еншілес ЖОО - – КазУЭФМТ ( Астана қ.);
  • Халықаралық бизнес-мектеп IBS;
  • ЖОО-ға дейін дайындау орталығы;
  • Экономикалық колледж (Алматы қ.);
  • Экономикалық колледждің филиалы (Талғар қ.);
  • Білімді дамыту орталығы «Талапты»;
  • Мәдениет және тәрбие орталығы;
  • «Экономика» баспасы;
  • «Еңбекші» шаруашылығы (Алматы обл.);
  • стадион және спорт кешені;
  • Тамақтану орталығы «СаМакс»;
  • Балхаш және Қапшағай демалу орындарының бір бөлктері;
  • Иссык-Куль «Carven Four Seasons» демалу орындары.

       «Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ»  басты корпусы бұл:

  • 5-факультет
  • 19-кафедра;
  • 1000 астам мұғалімдер мен ғылыми қызметкерлер;
  • 17-маманды
  • 12000 астам студенттер;
  • 25-компьютерлік класстар;
  • мультимедиялық аудитория;
  • лингафондық кабинет;
  • Интернет-видео-зал;
  • библиотекалық фонд -  1 млн. 300 мың. экз.,
  • 4-абонимент, 6-оқу залдары;
  • Ресей мемлекеттік библиотекасының вертуалдық оқу залы;
  • әскери кафедра;
  • ғылыми және теориялық тәжірибелер;
  • 7 ғылыми мамандықтар бойынша 2 докторлық диссертациялық кеңес;
  • Қазақстандық-Жапондық адами ресурстарды дамыту орталығы;
  • Университет тарихының музейі;
  • Жақсы жатақханалар;
  • «Таң-Шолпан» қонақ үйі.
 

     

     1-сурет  «Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ»  құрылымы 

     Қазіргі заманда кез келген дамыған мемлекет ең алдымен экономикасының дамуы  мен технологиялардың жаңаруынан шет  қалмауға тырысады. Сондықтан да біздің университет тек экономика саласындағы кадрларды ғана емес сонымен қатар экономика мен технологияны байланыстыру арқылы жан-жақты білікті кадрларды даярлайды.

   Жоғарыда көрсеткендей  ҚазЭУ-де бес факультет бар олар:

  • Басқару факультеті(Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Туризм, Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету сервисі, Әлеуметтік  жұмыс мамандықтары кіреді);
  • Қаржы факультеті (Қаржы мамандығы кіреді);
  • Инженерлік-экономикалық факультеті (Экология, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету, Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары кіреді);
  • Есеп және статистика факультеті (Есеп және аудит, Бағалау, Статистика мамандықтарын қамтиды);
  • Экономика факультеті (Экономика, Кеден ісі, Халықаралық қатынастар, Әлемдік экономика, Еңбекті ұйымдастыру және  нормалау мамандықтары).
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚазЭУ-дің білім беру жүйесіндегі сапа менеджмент

қызметінің  негізгі бағыттарына сипаттама. 

           ҚазЭУ-де тәжірибені өту барысында  екінші күні білім беру жүйесінің  сапа жағдайымен таныстық. Мамандығым  менеджер болғандықтан, сапа менеджментіне  көп көңіл бөлдік. ҚазЭУ-дің   басқару сапасы қандай дәрежеде  екендігін біліп, Аирова Гульнар  Магрымжанованың дәрісіне қатысып,  университет жайлы мынадай мәліметтермен  таныстық.

         Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ  сапа менеджменті жүйесінің сертификаты  – оқытушылар, қызметкерлер, университетте  білім алушылар ұжымының көп  жылғы тынымсыз еңбегінің, оқу-әдістемелік  жұмысқа инновациялық жол таба  білумен сауатты менеджмент стратегиясының  нәтижесі.

             Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ  басқару бөлігінің бірі болып  табылатын сапа менеджментінің  жүйесі білім беру қызметінің  сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, жоғары оқу орнының қызметі  мен дамуының экономикалық тұрақтылығын, барлық ресурс түрлерін ұтымды  пайдалануды, басқару шешімдері  сапасының деңгейін арттыруды,  білім беру үрдісін ұйымдастыру  саласына халықаралық практиканы  белсенді еңгізуді, дерктерді талдаудың  статистикалық әдістерінің негізінде  үрдістерді бағалаудың қуатты  жүйесін құруды, институциялық және  халықаралық аккредитацияға дайындауды  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

              Әлем білім беру жүйелерімен  біріктірілген, инновациялы білім  беруді еңгізу, ғылыми және гумаритарлық  жоспарда кең ой-өріске ие, таңдалған  мамандығы бойынша жұмысына кәсіби  дайындалған, жаңа заман талаптарына  сай маманды даярлайды. Сапа  бірден пайда болмайды. Оны жоспарлау  қажет. Білім беру сапасын жоспарлау  білім беру мекемесінің іс-әрекетін  ұзақ мерзімді бағытын жасаумен  байланысты.Қуатты стратегиялық  жоспарлау  - білім беру жүйесіндегі  кез келген мекеменің табыстылығының  ең басты факторларының бірі.

         Жинақталған тәжірибені талдау  білім сапасы саласындағы проблемелерды  шешу эволюциясының білім беру  қызметінің нәтижелерін бөлшектеп  бақылау үрдістернінен білім  беру қызметінің өміолік циклінің  барлық кезеңдерін жән жоғары  оқу орының сапаға әсер ететің  бүкіл қызмет түрлерін кешенді  қамтитын сапа менеджменті жүйелеріне  көшіруге тірелгенің көрсетті.

Информация о работе Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу