Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 05:40, реферат

Описание

Бұл оқу-тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де өтті. «Менеджмент» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі бір апта (6-11 маусым) уақыт аралығын қамтыды.
Оқу-тәжірибесінің мақсаты – оқу процесі барысында алынған теориялық білімді нығайту және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе ЖОО-ң басқару органдары деңгейінде талдау жұмысының машықтарын игеру және өндірістік процестің барлық жүйесінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Оқу-тәжірибесінің негізгі міндеті болып келесілер табылады;
- Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;
- Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;
- Кафедраның оқу-әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу;
- Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту.
Бұл оқу-тәжірибесі туралы есеп 3 бөлімнен тұрады;
1-ші бөлімде оқу-тәжірибесі өткен ЖОО-на жалпы шолу, яғни ЖОО-ң тарихына, құрылымына, функцияларына сипаттама беріледі.
2-бөлімде негізгі бөлім, яғни арнайы тапсырманың орындалу барысына қатысты сұрақтар қарастырылады.
3-ші бөлімде қорытынды, яғни орындалған жұмыстың қысқаша қорытындысы жазылады.

Содержание

Кіріспе
1. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу.
2. ҚазЭУ-дің білім беру жүйесіндегі сапа менеджмент қызметінің негізгі бағыттарына сипаттама.
3. «Менеджмент» кафедрасының жалпы сипаттамасы.
4.«Менеджмент» кафедрасының кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Работа состоит из  1 файл

практикалык отчет.docx

— 112.84 Кб (Скачать документ)

         Білімге ықпал ететін, ықшамдылықты, жаңа тарихи кезең ақиқатына  барабар жауап бере алатын  және экономика дамуының сұраныстарына  сәйкестікті талап ететін қоғамдық  қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістер     Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ   дамуының негізгі стратегиялық  міндеттері мен тұжырымдамалық  қағыдаларын жасақтауға мүмкіндік  береді.

          Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ   негізгі стратегиялық міндеттері:

  • Білім мен ғылымның инновациялық технологияларының егізінде   білім беру ортасын құру және жітілдіру;
  • Жеке өмірі мен қызметте жоғары жетістіктерге жетуге қабілетті мамандармен, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлармен өңірді қамтамасыз ету;
  • Қ.Р мен өңірдің білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени әлеуетін сақтау, көбейту.
 

     Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ  негізгі  тұжырымдамалық    қағидалары:

    • Нарықтық экономика жағдайында тұрақты үдемелі даму траекториясы арқылы университет қызметінің сапалық деңгейін көтеру;
    • Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді,инновациялық қызметті дамытып, терңдету;
    • Университетте халықаралық деңгейде мәдени білімді орта құру. Оған Жылсайынғы өткізілетін «Рысқұлов оқуларын» жатқызуға болады;
    • Білім мәртебесін, ойды еркін айтуды, идеяларды, білім алушыларды табысқа жеткізетін жол ашатын шығармашылақ қабілетті ардақтайтын қолайлы университет ішкілі орта құру. Қазіргі кезде осыған сай  біздің университетте «Жастар кәсіподағы» қызмет атқарады.
    • Озат өндіріс ұйымдарымен, үздік академиялық және білім беру мекемелерімен, орталықтармен тұрақты да өнімді байланыс орнату;
    • Университетте корпаративтік мәдениет жасақтау.

                                            Басшылық үдерістер

 

 

2-сурет.  Универсиет үдерістерінің өзара  байланысы.

   3. «Менеджмент» кафедрасының жалпы  сипаттамасы. 

   «Менеджмент»  кафедрасы «Басқару» факультетінің  негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі  болып табылады, және оқулық, әдістемелік  және ғылыми-зерттеу қызметін, ғылыми-педагогикалық  кадрларды дайындау және біліктілікті көтеруімен айналысады. Кафедра «Басқару» факультетінің деканына бағынады.

   Кафедра жас экономика мамандығы бойынша мамандарды, яғни 050507 «Менеджмент» (бакалавры) бойынша мамандар, 6N0507 «Менеджмент» мамандығы бойынша магистрлерді дайындайды.

   Кафедра ішінде аспирантура да бар. Кафедраның қызметі нақты пәннің мемлекеттік  білім беру стандартына сай терең  теориялық білімі мен мықты кәсіби тәжірибелік дайындығы бар мамандарды дайындауға бағытталған.   Бұл  стандарт республикалық конкурсқа  қатысумен кафедрамен қайтадан әзірленді  және 2006ж. Аяғында ҚР БҒМ бекітілген. 

           Кафедраның негізгі пәндері: Менеджмент теориясы мен тәжірибесі, Қазіргі заман менеджменті, Өндірістік менеджмент, Бизнес-жоспарлау, Басқару шешімдерін әзірлеу, Стратегиялық менеджмент, Дағдарысқа қарсы басқару, Қазақстан жкономикасын басқару негіздері, Шағын және орта бизнес менеджменті, Персоналды басқару, Инновациялық менеджмент және т.б.

   Кафедраның  құрамында профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар қызмет атқарады, сонымен қатар доктаранттар мен аспиранттар, ізденушілер бар.

   Кафедра өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүргізіп отырады.

   Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау үшін және соған сәйкес шешім қабылдау үшін барлық профессорлық-оқытушылық құрам қатысатын кафедра мәжілісі өткізіледі (екі аптада бір реттен кем емес).

   Кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының мазмұны ұйымдастыру  қызметі көрсетілген құжаттама  жүргізеді. Іс құжаттары мен номенклатурасы университет ректорымен бекітілген іс жүргізу шартына сәйкес жүргізіледі.

   Кафедра оқытудың барлық түрлері бойынша  оқытушылық сапасын әрдайым тұрақты  түрде жетілдіре отырып, келесідей  негізгі функцияларды орындайды:

  - мемстандарт негізінде ғылымның, техниканың, экономиканың, мәдениеттің  соңғы жетістіктері мен даму  ерекшеліктерінің соңғы жетістіктерін  көрсететін, сонымен қатар мамандарды  дайындау ерекшеліктері мен аймақтық  жағдайды ескеретін  типтік  оқу жұмыс жоспары мен оқу  бағдарламаларын, силлабустарды  (ПОӘК) әзірлейді; мамандарды теориялық  және кәсіби дайындауда фундаменталды  ғылым мәнін жоғарылатуда пәнаралық  логикалық байланысты, оқытудың  гуманитарлығын қамтамасыз етеді; 

  - студенттердің шығармашылық қабілеті  мен білімін нығайтудың тиімді  формасы ретінде өзіндік, зертханалық,  ОСӨЖ, семинар, тәжірибелік сабақтарды  белсендендіру мен оқытудың басты  формасы ретінде  дәрістің  теориялық деңгейін жоғарылатуды  үздіксіз қамтамасыз ету; 

  - кейс-әдіс, ситуациялық тапсырмаларды  шешу, «іскерлік ойындарды» қолдану  арқылы оқытудың қазіргі әдістерін  енгізеді;

  - өндірістік және зерттеу қызметінің  нақты шартарына сай дипломдық  және курстық жұмыстармен жетекшілік  жүргізеді, курстық емтихандар  өткізіп, олардың нәтижелерін  кафедра мәжілісінде қарастырады,  бақылаудық аралық және студенттердің  білімін тесттік бағалау  жүйесін  енгізеді;

  - кафедрада оқытылатын пәндерді  кешенді әдістемелік қамтуды  жүзеге асырады; оқу сабақтарының  барлық түрлерін жүргізу бойынша   оқулықтар, оқу құралдарын дайындау, сонымен қатар оқытудың белсенді  әдістері мен формаларын, қазіргі  оқу техникалары мен зертханалық  құралдарды қолдану; - аспиранттарды  дайындау, ғылыми-педагогикалық кадрлар  біліктілігін жоғарылатуды жүзеге  асырады, тәжірибелі оқытушылардың  тәжірибе алмасу, бастауыш оқытушыларға  педагогикалық шеберлікті дамытуға  көмектеседі, кафедра мүшелеріне (университет басшылығының тапсырмасы  бойынша) немесе басқа да ізденушілерге  ұсынылатын диссертацияларды қарастырады; 

              Басқару органдары мен экономика  салаларымен байланысты нығайту  мен кеңейту бойынша жұмыстар  жүргізеді. Атап айтқанда:

  - студенттерде кәсіби машықтармен,  еңбекті ұйымдастыру және басқарудың  айқын әдістерін үйрену, ұйымдастырушылық  қызмет  тәжірибесімен алмасу  мақсатында  кәсіпорындармен, мекемелермен, мемлекеттік басқару органдарымен  біріккен қызмет түрлерін дамытып  отырады;

  - студенттер алдында жетекші ғалымдармен  кафедраның профессорлық-оқытушылық  құрамының сөз сөйлеулерін ұйымдастырады,  сонымен қатар кафедраның ПОҚ  БАҚ тұрақты түрде шығын отырады. (газеттегі мақалалар мен теледидар).

  - басқарудың мемлекеттік және  жергілікті органдарымен бірге  болашақ мамандардың жұмысқа  орналасуы жөніндегі мәселелерді  шешіп отырады;

  - мамандардың біліктілігін арттыру  бойынша іс-шараларға қатысып  отырады, белгіленген тәртіп бойынша  кафедра профиліне сәйкес кадрларды  дайындау мен біліктілігін жоғарылату  бойынша курстар мен семинарлар  ұйымдастырады. 

            Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады:

  - кафедра профиліне сай әлеуметтік-экономикалық мәселелер, маңызды теориялық зерттеулер бойынша ғылыми зерттулер жүргізу, сонымен қатар мамандарды дайындау сапалылығын арттыру мақсатында жоғарғы мектеп педагогика мәселесі;

  - басылымға шығару немесе оны тәжірибеге енгізуді ұсыну мақсатында аяқталған ғылыми зерттеу жұмыс нәтижелерін талқылау;

  - докторанттар, аспиранттар мен ізденушілердің диссертациялық зерттеулерін орындауды ұйымдастыру;

  - ғылыми – зерттеу мекемелері мен ұйымдарымен басқа да ЖОО шығармашылық әріптестік бойынша келісім шарт жағдайында қарастырлған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.

         Студенттер мен абитуренттер контингентін қалыптастыру үшін жұмыс істейтін жастар мен оқитындар арасында профориентациялық жұмыс жүргізу және ұйымдастыруға қатысу.

         Бекітілген тәртіп бойынша шетел оқу орындарының кафедраларымен оқу және әдістемелік қызмет, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әріптестік қызметті жүзеге асырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4.«Менеджмент»  кафедрасының кредиттік  жүйесі  бойынша оқу процесін ұйымдастыру 

   «Менеджмент»  кафедрасында  Т.Рыскулов атындағы ҚазЭУ әзірленген оқытудың кредиттік  жүйесінің ережесі мен тәртібі  бар. (14.09.06ж. № 2 хаттама, 04.10.06ж. № 3  хаттама,  11.10.06ж. № 4 хаттама,  19.06.07 №15 хаттама). Кафедра мәжілісінде оқытудың кредиттік  жүйесінің мәні зерделенді, студенттердің  білімін бағалау (аралық және ағымдағы бақылауды жүргізу), білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарын әзірлеу, оқитындардың білімін бағалау, жазғы семестрді  ұйымдастыру деген сияқты ереже  сұрақтары жан жақты талқыланды. «Менеджмент» кафедрасында оқытудың кредиттік  жүйесін енгізу толықтай Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де кретиттік жүйе Ережесінің процедурасына сәйкес келеді.

   Кафедра мәжілісінің  2008ж. 25 тамызындағы  № 1 хаттамасында оқытудың кредиттік  жүйесін енгізу процедурасына сәйкес кафедрада оқытылатын пәндер бойынша  оқу әдістемелік кешен, силлабустар  мен оқытушыларға арналған оқу жұмыс  бағдарламасын әзірлеу, аралық бақылау  өткізу, баға қою саясаты жөнінде  мәселелер қарастырылды (оқытушылардың  өзіндік жұмыстарын, глоссарий, дәрістің тақырыптық жоспары, СӨЖ және ОСӨЖ өткізу және тапсыру кестесі. 

   «Менеджмент»  кафедрасында «Менеджмент» мамандығы бойынша ЖМБС сәйкес 2004, 2006 ж. 2008-2009, 2010 оқу жылына оқытылатын пәндер бойынша силлабустар әзірленді. Силлабустарды әзірлеу барысында аралас пәндер бойынша қайталануға жол берілген жоқ.

   Есепті  жыл барысында «Менеджмент» кафедрасының ПОҚ – мен 1және 2 жартыжылдыққа  барлық оқытылатын пәндер бойынша (бакалавр, магистартура) ПОӘК әзірленіп, бекітілді. Кафедраның оқу процесіне дайындығын тексеруде университеттің сапа және мониторинг бөлімінің талаптарына  сай кафедраның бакалавриат және магистратура бойынша оқытылатын барлық пәндерден толық ПОӘК дайын екендігі көрсетілді. 

   «Менеджмент»  кафедрасында университеттің ОӘБ мен  берілген ПОӘК жаңа құрылымына сәйкес кафедрада 2009-2010 оқу жылында қазақ және орыс тілдерінде келесідей пәндер бойынша ПОӘК әзірленді:

  1. Менеджмент теориясы мен тәжірибесі
  2. Менеджмент
  3. Персонал еңбегін ұйымдастыру
  4. Еңбек ресурстарын басқару
  5. Өндірістік менеджмент
  6. Персоналды басқару
  7. Әлеуметтік сфера мен саладағы менеджмент
  8. Басқару шешімдерін әзірлеу
  9. Бизнес-жоспарлау
  10. Экономикалық қауіпсіздік
  11. Уақытты басқару
  12. Салыстырмалы менеджмент
  13. Бизнесті ұйымдастыру
  14. Іскерлік қарым қатынас этикасы
  15. Экономиканы аймақтық басқару
  16. Қазақстан экономикасын басқару
  17. Корпоративтік менеджмент
  18. Ұйымдағы көшбасшылық.

        Элективті пәндер каталогы әзірленді. Қазіргі нарықтық экономика талаптарына сай «Менеджмент» кафедрасында «Менеджмент» мамандығының студенттеріне арналған тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және қазіргі күннің талаптарын қамтитын  «Салыстырмалы менеджмент», «Бизнес жоспарлау», «Уақытты басқару», «Ұйымдағы көшбасшылық», «Корпоративтік менеджмент» пәндерінен тұратын элективті пәндер каталогы әзірленді.

Информация о работе Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу