Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 05:40, реферат

Описание

Бұл оқу-тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де өтті. «Менеджмент» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі бір апта (6-11 маусым) уақыт аралығын қамтыды.
Оқу-тәжірибесінің мақсаты – оқу процесі барысында алынған теориялық білімді нығайту және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе ЖОО-ң басқару органдары деңгейінде талдау жұмысының машықтарын игеру және өндірістік процестің барлық жүйесінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Оқу-тәжірибесінің негізгі міндеті болып келесілер табылады;
- Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;
- Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;
- Кафедраның оқу-әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу;
- Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту.
Бұл оқу-тәжірибесі туралы есеп 3 бөлімнен тұрады;
1-ші бөлімде оқу-тәжірибесі өткен ЖОО-на жалпы шолу, яғни ЖОО-ң тарихына, құрылымына, функцияларына сипаттама беріледі.
2-бөлімде негізгі бөлім, яғни арнайы тапсырманың орындалу барысына қатысты сұрақтар қарастырылады.
3-ші бөлімде қорытынды, яғни орындалған жұмыстың қысқаша қорытындысы жазылады.

Содержание

Кіріспе
1. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу.
2. ҚазЭУ-дің білім беру жүйесіндегі сапа менеджмент қызметінің негізгі бағыттарына сипаттама.
3. «Менеджмент» кафедрасының жалпы сипаттамасы.
4.«Менеджмент» кафедрасының кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Работа состоит из  1 файл

практикалык отчет.docx

— 112.84 Кб (Скачать документ)

     Қазіргі күннің талаптарының  өзгеруі элективті пәндер каталогын  әзірлеуде бітіруші түлектердің  жұмыс жағдайын тез бейімделуге  мүмкіндігі бар оперативтілік,  мобильділік, икемділік сияқты  талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік  беребі. Студенттерге ұсынылған  каталог менеджмент саласында  қазіргі пәндерді таңдауға мүмкіндік  береді.

   Элективті пәндерді таңдау процедурасы студенттер қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған. Бұл каталог факультет эдвайзерміен бекітілген мерзімде ұсынылған пәндерді таңдау үшін студенттерге беріледі. Осы  уақытта студенттер алдында ұсынылған  пәннің мазмұны, бағыты бойынша түсіндірмелік  жұмыс жүргізіледі, содан соң  таңдалған пән бойынша алынған  мәлімет тіркеу-офисі мен кафедраға  беріледі және өз кезегінде сапалы оқыту процесі үшін ПОӘК дайындық жүргізу басталады.

   «Менеджмент»  маманыдығының 2004ж, 2006ж. ЖМБС мен типтік бағдарламаға сәйкес Т.Рысқұлов атындағы ОӘБ кафедрамен «Менеджмент» мамандығының барлық оқу формасы бойынша студенттерге арналған оқу жұмыс жоспары әзірленді (2,3, және 4,5 жылдық оқу) және  магистранттар (1,2 жылдық оқу).  ОЖЖ құру барысында оқитындарға менеджмент саласында толық білім алуға мүмкіндік беретін логикалық байланыс ескерілді.

   Дәстүрлі  және кредиттік жүйе бойынша кадрларды  дайындау нәтижесінің салыстырмалы талдауы (МАК және бөлу) «Менеджмент» мамандығы бойынша студенттерді дайындау негізінен кредиттік жүйе бойынша жүзеге асырылатынын көрсетті. Студенттерді дәстүрлі жүйе бойынша  дайындау жалпы елеулі емес мәнді  құрайды (5 курс, 5%) сондықтан да үлгерімді  талдау мақсатқа бағытталған емес.

   Оқу жетістіктерін бақылау (жазбаша  жұмыс, тест, тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрау) бойынша жүзеге асырылады. Оқытудың кредиттік жүйесінің ережесіне  сай оқу жетістіктерін бақылау  осы ереженің 7.1.4., 7.1.5., 7.1.6.п. негізінде  жүргізіледі. Кафедрада бақылауды  жүргізудің әртүрлі әдістері қолданылады. Мысалы, семестр аралық бақылау (САБ) ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Арнайы пәндер бойынша (мемлекеттік  емтиханға шығарылатын) экзамен қабылдау  билет және ауызша формада жүзеге асырылады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     «Менеджмент»  мамандығының 3-курс студенттерінің Тұрар  Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінде өткен оқу-тәжірибесін  қорытындылайтын болсақ, студенттер осы оқу-тәжірибесі барысында бір  апта ішінде өздері білім алып жатқан университеттің тарихымен,жұмыс ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен  қатар ЖОО-да жыл сайын өтетін форумдар, ғылыми конференциялар, сайыстар және оларға қатысушылар туралы мәліметтер де студенттер назарынан тыс қалмады.

     Тәжірибе  кезінде университеттің құрылымын  және оның қандай халықаралық жобаларға  қатысатындығын біліп, олар туралы мәлімет  жинақталды. Шынында да ҚазЭУ-де оқитын студенттердің сапалы білім алуына мүмкіншілік жасағанына көз жетті. Оны осы университетте білім беретін мұғалімдердің біліктілік деңгейіне қарап-ақ айтуға болады. ҚазЭУ өз студенттеріне тек оқу, білім жағынан ғана емес, мәдениетін көтеруге де жағдай туғызған. Оған дәлел университетте жыл сайын өтетін факультет аралық жарыс « Студенттің көктемі» атты мәдени шара.

     Оқу тәжірибесі жөнінде есеп берудің  бірінші бөлім бойынша Қазақ  экономикалық университетінің тарихына тоқталып өтті. 1963 жылдың 20-тамызында  Алматы Халық Шаруашылық Институты  болып құрылған университетіміздің осы жылға дейін қандай нәтижелерге  жеткенін, дамыған мемлекеттермен білім  алмасуы да, университет құрылымы да, оқытушылардың жетістіктері жоғары жетістікке алып келді. Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан  Республикасындағы  экономикалық университеттердің ең негізгі және көшбасшы университеттердің  бірі болып саналады, сонымен қатар  университетте 5 факультет бар, оның құрамындағы мамандықтар тізімі көрсетілді.

     Екінші  бөлімде әрбір студентке берілген тапсырмалар қарастырылды.

«Менеджмент»  кафедрасының басшылығымен өткен оқу-тәжірибесінде 3-курс студенттері бірнеше топқа  бөлініп, кафедра мұғалімдері ғылыми жетекшілікке тағайындалды. Ғылыми жетекшілер өз тобының студенттеріне кафедрада  атқарылатын жұмыстар ретімен таныстырып, әрбір студентке арнайы тапсырмалар  мен оларды орындауға қажетті  ақпараттармен қамтамасыз етіп отырды.

      Арнайы  тапсырма ретінде «Персоналды басқару»  пәнінің оқу- әдістемелік кешенін құрастыру тапсырылды. Ғылыми жетекшінің нұсқауымен жоғарыда айтылған пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру 2010 жылға арналған арнайы бағдарламаға (жаңа үлгі) сай жүргізілді. Оқу-әдістемелік кешенді құрастыру барысында аталған пән бойынша дәрістер, тәжірбелік, СОӨЖ, СӨЖ жүмыстарының жоспары жасалды. Бұл жоспарда тапсырмалардың мақсаты, оны орындау бойынша әдістемелік нұсқау, бақылау нысаны, тапсырманы орындауды бағалау баллы, орындалу мерзімі және ұсынылатын әдебиеттер тізімі қамтылды.

     Бұл арнайы тапсырма студенттерге кафедраның күнделікті жұмысымен, тыныс-тіршілігімен, әрбір пәнге сәйкес дайындалатын оқу әдістемелік кешенді әзірлеу  ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік  берді.

     Тәжірибені  өту барысында студенттер өз бетімен  көп жұмыс жасап, жинаған мәліметтерді қалай сұрыптауын үйреніп, керектілерін есеп берулеріне қосты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

  1. www.kazeu.kz
  2. www.google.kz.
  3. «ҚазЭУ хабаршысы» №6, 2006 жыл
  4. «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» туралы студенттерді оқуға шақыруға арналған жарнамалық ақпарат

Информация о работе Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу