Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 13:10, курсовая работа

Описание

Курстық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың әдістерінің теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
І бөлім. Валюталық тәуекелділіктің теориялық негіздері
1.1 Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні...........................................5
1.2 Валюталық жүйенің мәні, түрлері...................................................................8
ІІ бөлім. Валюталық тәуекелділіктер және оларды сақтаудың негізгі әдістері
2.1 Валюталық тәуекелдердің экономикалық мәні............................................14
2.2 Халықаралық валюталық нарықтар...............................................................17
ІІІ бөлім. Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу.........24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Валюталык тауекел - сактау.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

    Ағымдық валюталық тәуекелдер – бағамдары  құбылмалы валюталардың кездейсоқ еркін өзгеру тәуекелдері.

    Девальвация тәуекелі – валюта бағамының басқа  валюталармен салыстырғанда кенеттен стрестік төмендеу тәуекелі.

    Валюталық реттеу жүйесінің өзгеру тәуекелі –  валюталық түзімнің өзгеруінен болған шығын тәуекелі, яғни белгіленген валюта бағамынан құбылмалыға және керісінше өту, қандай да бір валютаның басқа валюталарға немесе валюталар себетіне қатысты бағамын белгілеу, валюталық бағамды реттеудің нарықтық әдістерін қолдануға немесе қолданудан бас тартуға өту.  

    2.2 Халықаралық валюталық нарықтар

    Халықаралық валюталық нарықтар – ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олар Лондандағы, Нью – Иорктағы, Токиодағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валютамен операциялар жүзеге асырылады.

    Аймақтық  валюталық нарықтар – белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүзеге асырылады. Оған Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары жатады.

    Ұлттық  валюталық нарықтар - ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағындағы орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиыны.

    кездерде  туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер)         

    Банкте  тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел  болуы мүмкін операциялардың ашықтығы мен оларды уақытында анықтауға  ықпал етуі тиіс. Банктердің басым  көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.

    Мұның өзінде тәуекел-менеджмент жүйесі банктің  ішкі бақылау жұмысының төмендегі  жалпы және ерекше принциптеріне сәйкес болуға тиіс:

  • тұтастай ішкі бақылау жүйесіне қатысты және банктің жұмыс тиімділігіне ықпал ететін принциптер;

    – басқару жүйесін ұйымдастыруға қатысты принциптер;

    – тәуекел факторларын басқаруға қатысты принциптер;

    – ақпаратқа қатысты принциптер;

    – электрондық ақпараттық жүйелерге қатысты принциптер.

    Қорытындыланған сапа көрсеткіштерін белгілеу үшін тәуекел-менеджменттің  ойдағыдай процесіне тән сипаттамалар анықталды, олар: ашықтық, өлшем дәлдігі, уақтылы сапалы ақпарат, әртараптандыру, дербестік, егжей-тегжей стратегиясы. Соңғы жылдары салада тәуекелдерді басқарудың арнайы механизмдері әзірленген болатын. Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (Кесте 1): 
 
 
 
 

Кесте 1- Тәуекелдерді басқару жүйесі

Тәуекелдерді  басқару жүйесінің элементтері
Операция  жүргізуден ішінара немесе толықтай бас тарту Тәуекелдерді  болжау Ысырапты материалдық өтеу
1. Сенімсіз клиенттер

мен әріптестерді анықтау.

2. Тәуекелі жоғары операциялардан бас тарту.

3. Қисынсыз ысырапқа жол бермеу.

1. Ықтимал ысыраптың барынша көп шамасын және барынша аз шамасын алдын ала есептеу.

2. Ысыраптың ықтималдығын анықтау.

3. Ықтимал  ысыраптың уақытын есептеу.

1. Сақтандыру.

2. Хеджерлеу

3. Ішкі бақылауды күшейту.

4. Тәуекелдер мониторингін енгізу

Тәуекелдерді  басқару объектілері
1. Қаржы  тәуекелі

2. Валюталық тәуекел

3. Несиетік тәуекел

4. Инвестициялық тәуекел

1. Өтімділік  тәуекелі

2. Операциялық тәуекел

  1. 1. Пайыздық тәуекел
  2. 2. Қор тәуекелі.
3.Валюталық тәуекел.

    4. Несиетік тәуекел.

    5. Инвестициялық тәуекел

 

    Қазіргі заманғы банктер тәуекелдерді басқару  жүйелерін қалыптастырғанда бірқатар қиындықтармен кездеседі. Осы проблемаларды төмендегі санаттар түрінде құрылымдарға бөлуге болады:

    1. Ұйымдастыру проблемалары: банк акционерлері тарапынан тәуекел

менеджментінің  маңызын (пайдалылыққа баса назар аударуын, шетелдік тәжірибеге қарамастан біздің тарихымызда сол немесе басқа тәуекелдердің ықпал ету салдарынан акционерлер залал шеккен дағдарыстардың болмағанын) жеткіліксіз түсіну.

  1. Кадр проблемалары: тәуекелдерді басқару саласында білікті қызметкерлердің болмауы тәуекел-менеджменттің құрылу тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, бұл жүргізілген мөлшерлік есептеулердің нақтылығы мен объективтілігіне әсер етеді.
  2. Техникалық проблемалар нақты тарихи және талдау деректерінің болмауы немесе олардың қорытындыланбауы. Біздің экономика  жағдайына бейімделген және бүкіл банк жүйесі шеңберінде  салыстырма талдау жасауға мүмкіндік беретін әдістемелердің  болмауы.

    Ұқсас мысал ретінде әлемдік тәжірибені пайдалану, сондай-ақ халықаралық стандарттарды (Базель ІІ) кезең-кезеңмен енгізу негізінде тәуекелдерді басқару жүйесін құрып пайдалануға болады. Осы жүйеде тәуекелдерді бағалау математикалық модельдерді қолдану нәтижесі емес, ол үздіксіз процесс ретінде қарастырылады. Базель ІІ-нің негізін қалаушы бағыттарының біріне сәйкес мониторинг, яғни несиетік ұйымның қаржылық жай-күйін бағалау, бақылау және болжау мақсатында оны жүйелі түрде бақылау қарастырылады. Мониторингпен қолданылу саласы, несиетік қоржын, қамтамасыз ету, тәуекелдер, лимиттер, өтімділік, нарық ортасы және т.б. қамтылады. Базель ІІ-де басқарушылық есеп тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

    Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға  алынады:

  • банк басшылығы біліктілігін, басшылық жасау және әкімшілік ету қабілетін көрсетуге тиіс;
  • банк басшылығы заңнаманы және белгіленген ішкі ережелерді, ҚР ҰБ тің және ҚҚА-тің, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын сақтауға;
  • банк басшылығы экономикалық ахуалдың өзгеруіне, банк ортасының өзгеруіне бейімделуін (тактика мен стратегияның оралымдылығын) көрсетуге тиіс;
  • банк басшылығы тиісті ішкі жұмыс ережелерінің әзірленуі және олардың орындалуы үшін толықтай жауап беруге;
  • банк басшылығы тәуекелдерді басқарудың тиісті біліктілігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлерді оқытуға;
  • банк басшылығы пайдакүнем іс-әрекеттердің кез келген көрінісі, әсіресе банкпен ерекше қатынастар байланысты тұлғаларға жеңілдікпен қарыз беруге қатысты сынға ұшырайды.

     Кредиттік тәуекелдің шығу тегі ықтимал қарыз  алушының кредит төлеу қабілеті, сондай-ақ оның өзіне алған міндеттемелерді  орындауға жауапкершілікпен қарайтыны жөніндегі толық ақпараттың болмауымен байланысты. Осы себептен кредит беруші әрқашан ысырапқа тап болуы тәуекеліне бас тігеді. Аталмыш фактор тараптарға қалыптасқан жағдайдан пайда алуға мүмкіндік береді. Кредит беруші жағдайды бағалай отырып нақты мәміле үшін кредит бойынша көтеріңкі пайыз тағайындауы мүмкін, бұл жерде қызметті сатып алушы да тәуекелге бас тігеді. Алайда қарыз алушылар өзінің кредит төлеуге қабілеттілігіне қатысты банкті алдайды, сондықтан кредиттік тәуекел қарыз берушіге ауыртпалық салады.

     Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:

  • банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдалдарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;
  • кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
  • қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

    Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен  туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

    Экономикалық  категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы  да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс). 
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел  дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. 
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.

    Мүмкін  болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың  нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

    Таза  тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік  нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл  тәуекел түрлеріне келесілер  жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).

    Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады. 
Курстық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.

    Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.

    Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.

    Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді: 
1)  ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер; 
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). 
          Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.  
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді. 
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

    Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде  бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс  төмендейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ бөлім. Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу 

    Қазынашылық бөлімшесі ағымдық валюталық  тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу мақсатында шетелдік валютаның  ұлттық валюталық бағамының өзгеруіне  ағымдық (күндізгі) болжам жасауды және тоқсан сайын Банк ағындары мен қайтымдарын жоспарлауды жүргізеді. Валюталар ағындары мен қайтымдарының жоспары қажеттілігіне орай түзетіледі.

    Валюталық тәуекелді тиімді басқару және бағалау  мақсатында Тәуекел-менеджмент бөлімшесі  Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес валюталық тәуекелге (Var) ай сайын бағалау жүргізеді және Активтер мен пассивтерді басқару комитетіне валюталық тәуекелді басқару мақсатында объективті шешімдер қабылдау үшін береді. Сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген валюталық позиция шектерінің сақталуына мониторинг жүргізу және шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар тиімділігін сараптау жүзеге асырылады.

Информация о работе Валюталық тәуекелді сараптау мен мониторинг жүргізу